Белгілі бір халықтың құндылықтар өлшемін құрайтын іргелі категориялар



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата06.10.2022
өлшемі326.44 Kb.
#462099
  1   2   3   4   5
Аңдатпа Шормақова АБ



АҢДАТПА 
Белгілі бір халықтың құндылықтар өлшемін құрайтын іргелі категориялар 
мен ұғымдарды күнделікті қолданыстағы сөздердің коммуникативтік, танымдық 
мазмұнынан табуға болады. Тілді адаммен, оның танымымен, ойлауымен және 
рухани-тәжірибелік қызметімен тығыз байланыста зерттеу ХХ ғасыр аяғы мен 
ХХІ ғасыр басындағы лингвистика ғылымының басым бағыты болып табылады. 
Соның барысында, ғаламның ұлттық бейнесін қалыптастыруда белгілі бір ортада 
өмір сүріп, тұрмыс кешетін халықтың географиялық, климаттық, табиғи өмір 
сүру жағдайлары, ата кәсіп, салт-дәстүр ерекшелігінің маңызды рөл 
атқаратынын байқауға болады. Көшпенді мәдениет өкілдері ретінде сайын 
далада өмір кешкен қазақ жұртына етене таныс өсімдіктер әлемі қазақ халқының 
тұрмысы мен жүріп өткен жолынан мол деректер беретіндіктен, қазақ тіліндегі 
өсімдік атауларын ғылыми-танымдық жағынан ғана емес, аналогия, ботаника, 
халықтық білім (таным) тұрғысынан да кешенді танудың мәні зор. Осымен 
байланысты қазақ тіл білімінде өсімдік атауларын тіл қазынасының кең 
ауқымды, аймақтық қолданыс аясында қарастырған зерттеулер мен бай тілдік 
деректер жинақталған лексикографиялық еңбектер өсімдік әлемінің ұлттық 
болмысын тілмен сабақтас қарастыратын лингвомәдени танымдық зерттеулерге 
негіз бола алады. 
Бүгінгі тіл білімі ғылымында антропоөзектік бағыт үстемдік алып, адам 
факторына жете мән беріліп отырғаны белгілі. Бұрынғы дәстүрлі зерттеулерде 
тілдің құрылымы мен жүйесіне негізделген қызметіне мән берілсе, қазіргі 
антропоөзектік бағыттағы зерттеулерде тілде таңбаланған рухани-танымдық 
ақпаратқа сүйеніп, адамның ғасырлар бойы қалыптасқан әрекеті мен күнделікті 
тәжірибесін тіл арқылы тануға назар аударылады. Антропоөзектік парадигманың 
басты ұстанымы – тіл тұтынушының танымдық (когнитивтік) және қарым-
қатынас (коммуникативтік) қызметін біртұтастықта анықтау. Бұндай 
зерттеулерде ұлттық сананың тілдегі бейнесі, сайып келгенде, қазіргі қазақ 
қоғамында тіл арқылы ұлттық сананың рухани өзегін жаңғыртуға бағытталған 
заман талаптарына сәйкестенеді. Тіл қызметін сол тілді тұтынушының жан-
жақты қызметі мен болмысынан тыс қарау мүмкін емес. Бұл қызмет тілдің 
ұжымдағы коммуникативтік қызметімен ғана шектелмейді. Себебі сол ұйымды 
ұйыстырушы, біріктіруші, тұтастырушы және жаңа ұрпаққа ұластырушы да – тіл 
қызметі. Яғни тілдік ұжымда тіл коммуникативтік-прагматикалық қызметпен 
қатар танымдық, құжаттық (кумулятивтік) т.б. қызметтер де атқарады. 
Мемлекеттік мәртебеге ие тілде бұл қызметтер ерекше сипатта көрініс табуы 
тиіс. Олай болса қазақ тілінің жан-жақты қоғамдық, әлеуметтік қызметін 
негіздейтін, айқындайтын, дәлелдейтін, жандандыратын, жаңғыртатын арқауын 
анықтауды мақсат ететін жаңаша сипаттағы антрополингвистикалық бағыттың 
қазақ тіл білімінде өріс алуы – қоғамдық қажеттілік. 
Елбасының рухани-әлеуметтік бағдарлы «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру» атты мақаласында: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – 
сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа 
айналуы оп-оңай... Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық 


дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен 
озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра 
білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол 
адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі 
полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл 
– тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін 
үйлесімді 
сабақтастыратын 
ұлт 
жадының 
тұғырнамасы» 
– 
деген 
тұжырымдамасы әр халықтың тілінде астарланған тарихы мен мәдениетін, жүріп 
өткен жолын ашып, таратып, түсіндіру тілдің ғана еншісінде екенін дәлелдейді.
Тәуелсіздік кезеңінің тыныс-тіршілігі қоғамның тек саяси, әлеуметтік, 
экономикалық құрылымына ғана жаңа қарқын әкеліп қоймай, егемен елдің 
мүддесіне сай ұлт санасының да жаңғырып, ұлттық құндылықтар деректелген 
халықтың биік рухының, бай руханиятының негізі мен өзегі ретіндегі тілдің де 
қоғамдағы мәні мен қызметі жанданып, оны зерттеудің жаңа деңгейге 
көтерілуіне ықпал етуде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет