79
байланысты болса, екінші тобының семантиаклық мағыналары сол табиғаттағы
əр қилы көріністердің бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл себептен
іштей екі салаға бөлінеді, бір тобы еліктеуіш сөздер деп, екінші саласы
бейнелеуіш сөздер деп аталады.
Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен
заттардың бір-біріне қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды,
сондай-ақ жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын əр түрлі
дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі түсініктер
ретінде қабылдаудан
болған жəне сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді
айтамыз. Мысалы: мылтық тарс етті, қарға қарқ етті деген сөйлемдерді алсақ,
ондағы тарс деген сөз имылтықтың атылуынан туған дыбыстың атын білдірсе,
қарқ деген сөз қарғаның дыбыстау мүшесінен шыққан дыбыстың атын
білдіреді. Демек бұл екі сөзге де жанды жəне жансыз заттардан шыққан
дыбыстар негіз болған.
Еліктеуіш сөздер дегеніміз-өзіне тəн лексика-семантикалық мағынасы
морфологиялық тұлға-тұрпаты бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне
де көптік, тəуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын, сөйлемде
əрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын жəне бастапқы түбірлерінен
жұрнақтар арқылы туынды есімдер жəне етістіктер жасалатын сөздер.
Бейнелеуіш
сөздер
табиғатта
кездесетін
белгілі-белгілі
емес,
құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің
аттарын
білдіреді. Мысалы: Ырғалып қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті деген
сөйлемдерді алайық. Мұндағы қарқ деген сөз қарғаның дауыстауынан естілген
дыбыстың атын аңғартатыны, соған сəйкес еліктеуіш сөз сол түсініктің атын
аңғартатыны, яғни атауы болатыны белгілі. Ал осы салалас сөйлемнің екінші
жартысындағы салп деген сөз дыбысты емес, қарғаның аузынан ірімшіктің
жерге қарай түсіп бара жатқан ятүскен кезіндегі көрініс елесін, сол көріністің
бейнесін білдіреді. Екінші бір мысал алайық: Кенеттен шыққан дауысқа
Ботакөз «ə»деуге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады дегендегі кілт
жəне жалт деген сөздер де қалай тоқтағандықтың жəне
қалай қарағандықтың
бейнесін көрсетеді.
Сөйтіп, бейнелеуіш сөздер деп табиғаттағы құбылыстар мен заттардың
жəне неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сыр-сипаттары мен əрекет-
қимылдарын көру қабілеті арқылы қабылданған бейне көріністердің
атауларын, яғни атаулары ретінде қызмет ететін сөздерді айтамыз.
Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктерін сөз еткенде, үш түрлі
мəселе ескерілуге тиісті: 1) Дыбыстық құрамы, 2) Буын жігі, 3) Айтылу ырғағы.
Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамында, демек олардың дыбыстарының
тіркесуінде белгілі бір ізге түсіп қалыптасқан əрі орнықты, əрі жүйелі заң бар
деуге болады. Оған еліктеу сөздердің мысалы мынадай үлгілері айғақ.
1. Арс, борс, гүрс, дүрс, мырс, тарс, тырс
2. Борт, бырт, күрт, кірт, морт, сарт, сырт, шарт
3. Жап, жып, лап, лып, сап, сып, тап, топ, шап
4. Барқ, бырқ, жарқ, зырқ, зірк, күрк, қорқ, ірк
5. Аңқ, еңк, дүңк, діңк, күңк, қаңқ, қоңқ, саңқ
6. Былқ, кілк, қолқ, қылқ, солқ, селк
7. Балп, болп, былп, елп, жылп, жалп, желп
80
8. Жамп, күмп, томп, қомп, сымп, тымп
9. Даң, дұң, тың, таң, құң, маң, шаң, шұң, шың
10. Ар, быр, дар, дір, күр, қыр, сыр, шар, қор.
Бұл үлгілерде көрсетілген еліктеу сөздер əрине негізгі түбір форма.
Бұлардан басқа да формалар да бар. Мысалы: гу, ду, зу, тарп, тырп, ызың,
былш, қалш, ыз, тыз, пыс, тыс тəрізді сөздер сан жағынан аз болғанымен де
көптеген туынды сөздердің жасалуына негіз болған.
Еліктеу сөздер сыртқы морфологиялық құрылысына қарай жалаң да,
күрделі де болады. Жалаң еліктеу сөздер негізгі жəне туынды болып екі салаға
бөлінеді. Негізгі еліктеу сөздер деп айналадағы табиғат құбылыстарын
құлақпен есту арқылы қабылданған дыбыстардан жəне көзбен көру арқылы
қабылданған елес - көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің
атаулары демек сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет
ететін түбір сөздерді айтамыз. Мұндай негізгі еліктеу сөздер практикалық
тұрғыдан алғанда, қазіргі кезде тиісті морфологиялық бөлшектерге
сараланбайтын бір тұтас тұлға сияқтанып келеді. Оларға жоғарыдан
көрсетілген формалар жəне олардан өзге де бір алуан формалар жатады.
Мысалы: ар, ыр, ырс, борс, былқ, дүңк, гүрс, морт, мырс, мүлт, мыңқ, саңқ,
сыңқ жəне т.б. Туынды еліктеу сөздер деп негізгі еліктеу сөздерден жəне басқа
атуыш сөздерден тиісті жұрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздерді айтамыз.
Мысалы: алшаң, арбаң, арсалаң, ағараң, болпаң, дікең, елпең, жалтаң, ирелең,
көлбең, кірбең, қоржаң, қызараң, қылмаң, салбаң, салтаң, сылтаң, тарбаң,
ыржаң. Сөйтіп, туынды еліктеу сөздер түбір еліктеу сөздерден де, өзге атауыш
сөздерден де жасалады.
Туынды еліктеуіш сөздер жасайтын жұрнақтар мыналар: 1)-ың, -ің, -аң, -
ең жұрнағы. Мысалы: арсаң, ырсың, борсың, борпаң, кілтің, мырсың, қалтаң,
қорсаң. 1) -лаң, -лең, -алаң, -елең жұрнақтары кейбір етістіктерге жалғанып ,
туынды еліктеу сөздер жасайды. Мыс, бұралаң, иірелең, созалаң, шұбалаң, т.б.
Күрделі еліктеу сөз деп жалаң
еліктеу сөздердің я негізгі, я туынды
формаларының не қайталануы не қосарлануы арқылы жасалған түрлерін
айтамыз. Күрделі еліктеу сөздер компоненттерінің формаларына қарай оларды
мынадай негізгі төрт топқа бөлуге болады:
1. Арс - арс, быж - быж, гүр - гүр, дір - дір.
2. Арс - ұрс, шарт - шұрт, шалп - шұлп.
3. Арбаң - арбаң, алшаң - алшаң, ербең - ербең.
4. Арбаң - ербең, арбаң - тарбаң, адыраң - едірең.
Еліктеу сөздерден өзге сөз таптарына тəн басқа да жаңа сөздер жасалады.
Мысалы: тарсыл - дүрсіл, күрсіл сияқты зат есімдер -ыл, -іл жұрнағы арқылы
тарс, дүрс, күрс деген еліктеу сөздерден жасалған.
Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметін сөз еткенде, екі түрлі мəселе
баяндалуға тиісті: Оның бірі - еліктеу сөздердің өздерінен басқа қандай
сөздермен тіркесетіні екіншісі - еліктеу сөздердің сөйлемде қандай мүше болып
қызмет атқаратын. Ал бұл екі мəселе жайында айтылатын қағидалар мыналар:1)
Еліктеу сөздің жалаң түрі мен күрделі түрінің қай-қайсысы болса да, өздеріне
тəн атау формада тұрғанда кейбір жағдайда ғана болмаса, тек етістіктермен
тікелей тіркеседі. Бірақ еліктеу сөздер етістік атаулының бəріне бірдей тіркесе
бермейді. Оның жалаң түрі де, қосарланған түрі де
өзге етістіктермен таңдап
81
тіркессе де ет көмекші етістігімен еркін тіркесе береді. Мысалы: Боқай
келіншегінің сөзіне мыңқ етпеді.
2) Еліктеу сөздер толық мағыналы дербес етістіктердің бəрімен де бірдей
тіркесе
бермейді.
Олардың
ішінен
тек
өздерінің
мағыналарына
орайласатындарымен ғана еркін тіркеседі. Мыс: Абай селк етіп, жалт қарады.
3) Еліктеу сөздер етістіктерден өзге сөздермен некен - саяқтап ғана
тіркеседі де, сын есім, үстеу, шылау сияқты сөз таптарымен тіпті тіркеспейді.
Мысалы: Күңгірт сөйлеген шаңда-шұң дауыс шықты.
4) Еліктеу сөздердің сөйлемде қандай мүше қызметін атқаруы олардың
өздерінен басқа қандай сөздерге тіркесуімен байланысты. Ө:йткені шаң-шұң
дауыс сияқты сарт-сұрт төбелес болды да қалды дегендердегідей, зат
есімдермен тіркесіп орын жағынан олардан бұрын
тұрып қолданылатын шаң-
шұң, сарт-сұрт тəрізді еліктеу сөз анықтауыш болады. Ал еліктеу сөздер
негізінде етістіктермен тіркесетіндіктен олардың негізгі синтаксистік қызметі
сын қимыл пысықтауыш екені күмəнсіз. Дербес мағыналары бар негізгі
етістіктермен тіркескенде, еліктеу сөздер қимыл мен іс əрекеттің сын сипатын
білдіреді де, əрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Атшы жігіт мырс-
мырс күледі. Ет көмекші етістігімен тіркесетін еліктеу сөздер қашан да болсын
құранды мүшенің құрамына енеді де, тұтасымен тұрып бір күрделі мүше
болады. Мысалы: Сергей Петрович елең етті.
Достарыңызбен бөлісу: