Берілген суреттер бойынша не білесіздер? Тозаңдану дегеніміз



Дата13.12.2023
өлшемі4.41 Mb.
#486442
Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңданудың түрлері (өздігінен тозаңдану, жел, бунақденелілер, су, құстар арқылы айқас тозаңдану және қолдан тозаңдандыру).

Айқас және өздігінен тозаңдану

  • айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау

Берілген суреттер бойынша не білесіздер?

Тозаңдану дегеніміз

  • аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі.

Тозаңдану маңызы

  • тозаңданудан кейін ұрықтану жүреді

Өздігінен тозаңдану

  • бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі.
  • Бидай
  • Картофель
  • Қызанақ
  • Зығыр
  • Мысалдар:
  • Шегіргүл

Айқас тозаңдану

  • бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі.

Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану

Өсімдіктердің бунақденелілер арқылы тозаңдануға бейімделуі.

  • Хош иісті
  • Лалагүл
  • Күнбағыс
  • Жиренше
  • Алма ағаштары
  • Мысалы:
  • Итмұрын
  • Жоңышқа

Жел арқылы айқас тозаңдану

Жел арқылы тозаңдануға бейімделуі

  • Аталық жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады.
  • Тозаңдар таралуға бейім.
  • Аналық аузы қауырсын тәрізді үлпілдеп, тозаңды тез қабылдайды.
  • Тозаңдары өте майда, жеңіл, көп болады.
  • Жүгері
  • Қайың
  • Қараағаш
  • Қант қызылшасы
  • Мысалы:
  • Қарабидай

Тозаңданудың өзге түрлері

  • Кейбір су өсімдіктерінің тозаңдары сумен таралады.
  • Валиснерия

Су астында тозаңданатын өсімдік

  • Роголистник
  • Тропикте гүлдер ең кішкентай құс колибри арқылы тозаңданады.
  • Африка мен Азиядағы кейбір өсімдіктер және баобаб жарқанаттар арқылы тозаңданады.
  • Баобаб
  • Австралияның кішкене ғана қалталы жануары кускус —банксияны тозаңдандырады.
  • Ұрықтану – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.
  • Ұрықтану тозаңданудан кейін жүреді.
  • Аналық аузына түскен тозаң аналықтан жабысқақ сұйықтық бөлінгенде жіңішке түтікше шығарып өнеді.Тозаң түтікшесі ұзарып, аналықтың жатынына жетеді.
  • Жатын қуысында көпжасушалы тұқым бүршігі (бірден бірнеше мыңға дейін) бар. Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен тұқым, жатынынан жеміс дамиды.
  • Михаил Сергеевич Навашин
  • (1896-1973)
  • Сен білесің бе,
  • табиғат таңғажайыптарын
  • Гүлдейтін өсімдіктердің ең ірісі шығыс Азияда өсетін Раффлезия гүлі, оның гүлінің диаметрі 1м-ге жетеді, ал салмағы- 6-7 кг болады екен. Оны(сасыған өлік) деп те атайды,шіріген ет тәрізді исі жәндіктерді өзіне тартады.
  • Ең сирек гүлдейтін-Пуйя
  • раймондии.
  • Ол 150 жылдан кейін бір-ақ гүлдейді.
  • Тұқымын жерге тастаған соң тіршілігі тоқтайды екен.
  • Библис - жыртқыш өсімдіктердің бір түрі. Желім болу арқылы жәндіктерді еліктіреді. Бөлінген желімге жәндіктер ғана емес сонымен қатар бақа, тіптен құстарда ілініп, жем болады.
  • Австралия елінің тұрғындары осы желімді скотч жасауға пайдаланады.
  • Венерина мухоловка – Жапырағының айналасын қалың тікендеп қаптаған. Әр жапырақта
  • 15-20 тікен бар. Ал жапырақ ортасында 3 ұзын қылшық болады. Жәндік не басқа жануарды
  • бұл жапырақ қызықтырмай қоймас. Егер жапыраққа бір нәрсе ілінсе жабылған жапырақ 30 минуттан кейде бірнеше күнге дейін ашылмайды.
  • Дарлингтония - туысқа жататын жалғыз түр.
  • Калифорнияның батпақты аймақтарында өседі.
  • Жыртқыш өсімдік жапырағы шабуылға дайын тұрған кобра жыланына ұқсайды. Иісі арқылы өзіне жәндіктерді еліктіріп, оларды қорек қылады.
  • Зертханалық жұмыс № 15
  • Мақсаты : Бунақденелілер және жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің өздеріне тән ерекшелігін анықтау. Байқағыштықты дамыту.
  • Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын гүлдердің құрылысы.
  • 1.Гүлдің сыртқы белгілерін сипатта
  • 2.Гүлдің тозаңы қандай болады?
  • 3.Бунақденелілерді гүлдің қай бөлігі еліктіреді?
  • Жел арқылы айқас тозаңданатын гүлдердің құрылысы
  • Қайыңның ,теректің гүлдері еліктіре ала ма?
  • Тозаң туралы не айтасың?
  • Мұндай гүлдер хош иіс шығара ала ма?
  • Қорытынды:


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет