Байтасов Абдолла — 1900 жылы Қостанай округінің Бақбаққара ауданында туған. Білімді. «Жас алаш», “Жаз қайрат” газеттерінің белсенді авторы. Ағарту, сауат ашу, әр ғылымның саласындағы кітаптар жөнінде мақалалар жазған. Саяси экономия қақында пікір қозғаған. Бірімжанов Ғазымбек— 1896 жылы Қостанай округнің Торғай ауданында туған. Жоғары білімді мал дәрігері. Мемлекеттік сауда басқармасында, істеген. Юрист Ахмет Бірімжановтың інісі. Юсупов Ахметсафа — 1894 жыл Қостанай округінің Бақбаққара ауданында туған. «Еңбекші қазақ» газетінің әдеби қызметкері. Осы адамның тарихы жұмбақ. А. Ювупов — М. Дулатовтың бажасы. Жақсы араласқан. Ж. Аймауытовпен бірге Торғайдағы аштарға мал айдап барып, сонымен қоса жауапқа тартылған. Үш-төрт жыл жазаға да кесілген. Бір түсініксіз тұсы, А. Юсуповке «НКВД-ның жасырын тыңшысы: Дер кезінде хабар бермегені үшін ату жазасына кесілді» деген айып тағылған. Біз, анық деректі білмегендіктен де, А. Юсуповты ақтаудан да, қаралаудан да аулақпыз. Себебі НКВД-ның үкімі орындалып кетті. Екіншіден: ол ешқандай куәгерлер сөзін мақұлдамаған. Яғни, мұның өзі де жоғарыдағы айыптардың өтірік екенін дәлелдейді. Әйпесе осынша қылмысты біле тұрып, тыңшы ретіндегі міндетін орындамау мүмкін емес. Eндi тергеу барысында бұрын басқа қандай заңсыздықтар жiберiлгенiне көз жiберейiк. Қазақ ССР Жоғары сотының анықтамасынан: «Жоғарыдағыларға қоса осы iс бойынша қылмысты тергеу кодексiнiң ережесi өрескел бұзылған: қылмысты iс қозғау туралы тиiстi қаулы қабылданбастан-ақ, тергеу жүргiзiлген және ол тек қана айыптау әрекетiн көздеген. Барлық айып тағылғандарды прокурордың санкциясынсыз және соған лайық дәлелдi негiздерi жоқ бола тұра түгелдей тұтқынға алған. Барлық адамдарға тағылған айып қылмысты iстер жөнiндегi заңға сүйенбестен-ақ жүргiзiлген. Тергеу бiр жылдан аса уақытқа созылса да, алдынала тергеу мен айыпкерлердi арнайы күзетпен түрмеде ұстау туралы кесiмдi мерзiм ұзартылмады. Тергеу барысында контреволюциялық ұйымның болғаны туралы: оның программасы, уставы, iс-әрекет мақсматы және оны жүзеге асыруға нықты шаралары жөнiнде ешқандай да обьективтi деректер анықталмады. Тергеу аяқталғаннан кейiн оның материалдары айыпкерлерге таныстырылмады және олар өздерiн қорғау құқысынан айырылды. Iс осы қалпымен және айыптау қорытындысы шығарылмастан, сотқа қатысы жоқ мекемелердiң қарамағына жiберiлдi, ал олар сол бойынша «сырттай үкiм шығарды». Осындай жағдайда Байтұрсынов және басқа да адамдар заңсыз түрде қылмысты iске тартылып, жазықсыз жазаланды. Жоғарыдағы баяндаған жайдың негiзiнде Қазақ ССР қылмысты iстер кодексiнiң 375 статьясын жетекшiлiкке алып, Қазақ ССР Жоғары сотының қылмысты iстер жөнiндегi коллегиясы мынаны анықтады... » Соттың ол анықтамасынаң мазмұны бәрiмiзге белгiлi. Сол шешiмнiң арқасында «он төрттiң iсi» ақталып, әлеуметтiк әдiлеттiлiк орнады. Қоғамдық өмiрiмiздегi үлкен салтанатқа, рухани оқиғаға айналды. Ал, СССР Халық Комиссарлары Советiнiң жанындағы ОГПУ-дың коллегиясының 1930 жылы 4 апрельдегi қаулысы бойынша: Байтұрсынов Ахмет, Дулатов Мер – Якуб, Есполов Мырза - Ғазы, Әдiлов Дiнмұхамед (Дiнше), Аймауытов Жүсiпбек, Болғанбаев Хайретдин, Бiрiмжанов Ғазыбек, Ғаббасов Халел, Юсупов Ахмед-Сафа. 1921 жылы Орынбор қаласында контреволюциялық ұйым құрып, Орта Азиядағы пантюркистiк ұйымның бастығы Валидовпен байланыс жасағаны үшiн; Далаға барып қарулы көтерiлiс ұйымдастыру туралы жиналыс өткiзгенi және далаға сiңiп кетуге дайындалғаны үшiн; 1927 жылы ВКП(б) Қазақ өлкелiк комитетiнiң сектетары Голощекинге қастандық әрекет жасауға тырысқаны үшiн; Юсупов А. С. – ОГПУ-дiң құпия тыңшысы бола тұра, Бiрiмжановтың Валидовке кеткенiн хабарламағаны үшiн;
РСФСР қылмысты iстер кодексiнiң
58 статьясының 2, 4, 8, 11, 13 тармағы бойынша: Ату жазасына кесiлдi. - Жұмабаев Мағжан, Омаров Елдос, Битiлеуов Дамолла - «Алқа» атты жасырын, ұлтшыл үйiрме құрғаны үшiн; – РСФСР қылмысты iстер кодексiнiң 58 статьясының 4, 11, тармағына сәйкес – Жазаның ең ауыр түрiне кесiлiп, ол жаза 10 жыл концентрациялық лагерьде өтеу туралы үкiммен алмастырылды. Атуға бұйырылған төрт адамның – Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Мырзағазы Есполовтың, Қазымбек Бiрiмжановтың iсi 1931 жылы 13 январьда қайта қаралып, ең ауыр жаза түрмемен алмастырылды. Олар он жылға бас еркiнен айырылды. Ал, Халел Ғаббасов, Жүсiпбек Аймауытов, Дiнмұхамед Әдiлов, Хайретдин Болғанбаев, Юсупов Ахмед – Сафа атылып кеттi. 1920 жылы 3 июндегi ВЦИК президиумының указы бойынша оларға жасалған кешiрiм де сол күйi ескерiлмей қалды. Отызыншы жылдардағы саяси сахнадағы ойынның шиеленiстi, тартысты болғаны сондай, заң ережесi, адамгершiлiк нормасы, партиямен өкiмет қаулылары аяқ астында тапталып, жаппай жазалауға ұласты. Кiмдi кім жеңдi – мәселе осыған келiп тiрелдi. Өкiнiшке орай, бұл «қара дауылдың» алғашқы аласапыраны едi.
Ү
“Он төрттің ісіне” қатысты адамдардың бұдан кейінгі тағдыры әрқалай “қалыптасты”. Бірақ олардың барлығы да өз өмірлерін түриеде аяқтады. Мағжан Жұмабаев пен Ахмет Байтұрсынов Беломор-Каналда айдауда болып, Қызыл Крест қоғамының көмегімен 1934 – 1935 жылдары Алматыға қайтып оралды. Арада екі жыл өтісімен, 1937 жылы қарашада Ахмет Байтұрсынов НКВД-ның Алматы облыстық басқармасы коллегиясының шешімімен қамаққа алынады. “Қайда апарасыңдар” деген әйелі Бадрисаның сұрағына жылдам қимылдайтын, аласа бойлы қара жігіт: “О дүниеге” деп жауап беріпті. Қандай сұрқиялық десеңізші. “Жылтыр қараның” бұл сөзіне қарағанда, А. Байтұрсыновқа алдын ала үкім шығарылып қойылған. 25 ноябрь күні “үштіктің” қаулысы қабылданды да, екінші рет ату жазасына кесілді.
Он үш күннен кейін, яғни, 1937 жылы 8 декабрь күні үкім орындалды.
Тағылған айып мынадай: «Байтұрсынов 1921 жылы Орынбор қаласында Валидовпен байланыс жасап, жасырын контрреволюциялық ұйым ашты, қылмысты жазасын өтеп келгеннен кейін, 1937 жылы Алматы қаласында әшкереленген тағы бір контрревболюциялық түрік халық партиясының белсенді мүшесі Ғ. Қабдалиевамен байланыс жа-сағаны үшін айыпталды».
Саып келгенде, мұның барлығы жалған жала боп шықты.
Жоғары соттың анықтамасынан: «Байтұрсынов өзін қылмыстымын деп есептемеді. Қазақ ағарту институтының председателі ретінде Совет өкіметінің кейбір шараларының жүзеге асырылуына, қарсы пікір айтқанымен, қандай да бір контрреволюциялық партиямен байланыс жасамағанын мәлімдеді. Оның ішінде, қазақ әрпін латын қарпіне көшіру мәселесі жөнінде көзқарас алшақтығы болды.
Бұдан әрі ол мынаны баяндады: 1937 жылы мұның пәтеріне бейтаныс әйел келіп, Жапонияға байланысты қайдағы бір саяси ісі үшін күйеуінің түрмеге қамалғанын хабарлайды. Бұл әйелге: өзінің саяси іспен айналыспайтынын, егер де Жапонияның Совет өкіметімен соғысқысы келсе, оны қзақтардан сұрамайтынын айтады.
Ал Ғ. Қабдалиева өз сөзінде: күйеуі Әбікеевпен бірге қылмысты жауапкершілікке тартылған Қисаевтың ұсынысы бойынша, ақыл-кеңес сұрау үшін Байтұрсыновқа келген. Соңғы адам (Байтұрсынов) оған: ондай істен шеттеп кеткенін, бұл жөнінде ешқандай да жөн-жоба көрсете алматынын білдіреді.
Бұдан өзге, Байтұрсынов контрреволюциялық ұйыммен байланыс жасады-мыс дейтіндей дәлелді айғақ жоқ».
Тергеуші адам оны кінәлайтындай иненің жасуындай себеп те іздеместен және ол жөнінде сұрақ-жауап та алмаған. Ғ. Қабдалиева деген азаматша қайдан пайда болды? Шынымен, тағдырдың тезіне ұшырап, жары үшін жанталаса әділдік - іздеген әйел ме? Әлде Ахмет Байтұрсыновты арандату үшін қасақана онымен кездесугі барған адам ба? Мұндай күдікті сұрақтардың қойылуы заңды да еді. Алайда, осы мақала “Өркен” газетінде жарияланысымен, актриса Римма Қабдалиева маған хабарласып, өзінің осы басылымда айтылған Ғайнижамал Қабдалиеваның қызы екендігін, анасымен жолығуымды өтінді. Жетпістен асқан кейуананың әңгімесін тыңдап отырып, төбе құйқам шымырлады.
Шындығында да, Ғайнижамал Қабдалиева Ахмет Байтұрсыновқа 1935 жылы күйеуі Дайыр Әбікеевтің өтініші бойынша жолығып, тура жоғарыдағы сөзді айтқан боп шықты. Әбікеев Дайыр - партия қызметкері. 1932 жылы Алматы Облыстық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі боп тұрған кезде: “Біз қазақтың бас көтерер азаматымыз. Мына аштармен бірге өлуіміз керек, не оларды аштықтан арашалап алайық»,— дегені үшін сотталған. Алматы түрмесінде жатқанда, Ахмет Байтұрсыновтың түрмеден оралғанын естіп, ақыл-кеңес сұратыпты. Ал Қисаев дегенді Ғ. Қабдалиева мүлдем білмейтін болып шықты, яғни, ол тергеушілердің қолдан жасаған өтірік куәсы екені анық. Жұмыстан, оқудан қуылған Ғ. Қабдалиеваны 1937 жылы Жаркентте жүргенде тұтқындап, августа Алматыға алып келеді. Ұрып-соғып,әбден жәбірлеген соң (ондағы Ғ. Қибдалиеваның көргенін айтып жеткізу мүмкін емес), он жылға соттап, Сібірге жібереді. 1947 жылы шығарады, бірақ 1949 жылы қайтадан қамалып, жер аударылады.
Содан І*54 жылы ғана бостандыққа шығады. 1960 жылы ғана ақталады. Күйеуі — Әбікеев Дайыр Қиыр Шығыстағы лагерьде қайтыс болады.
Міне, Ахмет Байтұрсыновтың астыртын байланысшысы «пантюркист” ұлтшыл әйелдің тағдыры осындай.
Қазақ ССР Жоғары сотының анықтамасы: “Алматы облыстық НКВД -үштігінің 1937 жклғы 25 ноябрьдегі қаулысы бұзылсын және іс-қимылында қылмыстық әрекеттердің жоқтығына байланысты Ахмет, Байтұрсыновқа қатысты тергеу ісі тоқтатылсын.
Қазақ ССР Прокурорының наразылығықанағаттандырылсын.
Председателі — Т. К. Айтмұхамбетов.
Коллегия мүшелері — В. Л. Грабарник. К. Т. Кенжебаев.
4 ноябрь, 1988 жыл”.
Араға елу жыл салып барып, ақиқат ашылды.
Праволық социалистік мемлекеттің Соты да ең бірінші сол қоғамның ең басты байлығы — Адамның азаматтық мүддесін қорғауы — тосын да төтенше оқиға емес, күнделікті парызы болуға керек. Себебі: тарихымыздағы «ақ таңдақтар» мен «қара дақтар» әлі де толық жойылып біткен жоқ. Бұл тілектің осы «он төрттің ісіндегі» кейбір азаматтардың тағдырына тікелей қатысы бар.
Ақиқаттың есігінің енді кең ашылатынына сенгіміз келеді.
Саяси Бас басқарма – арандатудың, қысым мен қудалаудың, жазалаудың тұрақты мемлекеттiк құралына айналды. Зорлық–зомбылық көрсету арқылы адамды азаптап, қорлау үшiн құрылған бұл мекеме сол өкiметтiң шешiмдерiн саяси және азаматтық қылмыс деп тауып, арандатуға пайдаланды. Мұндай тәсiлдi «Мұхаметжан Тынышбаев бастатқан «астыртын ұлтшыл – контрреволюциялық ұйымның» iсiн тергеу барысында аса әккiлiкпен қолданып, оларға:
«Орта Азиядағы басмашылардың қозғалысына жетекшiлiк жасап, сондай қозғалысты Қазақстанда да ұйымдастыруға әрекеттенгенi сөйтiп кеңес өкiметiн құлатуды алдына мақсат етiп қойғаны толық әшкерелендi» - деген айып тағылуы сондай заңсыздық әрекеттiң бiрi едi.
Қазақ ұлтының мемлекет қайраткерлерiне мұндай айып тағу арқылы Мемлекеттiң Саяси Басқарма Бүкiлресейлiк Орталық Комитеттiң 1919 жылғы көкек айының 4 күнi қабылдаған және оны Бүкiл Ресейлiк Орталық Атқару комитетiнiң Президиумы бекiткен:
«Алашорда» ‡кiметiнiң бұрынғы мүшелерi кеңес қызметiне тартылсын және оларды өткендегi iс–әрекетi үшiн қудалауға үзiлдi-кесiлдi тиым салынады» деген қарарын бұзды.
Мұның астары да түсiнiктi едi. Дiнмұхамед Әдiловтiң жеке басына қатысты қозғалған қылмысты «Алашорда» үкiметiнiң мүшелерiне әкеп байланыстыруында асқан зымияндық жатты. Сырт көзге кеңес өкiметiнiң жоғарыдағы қаулысын сақтағансып, шын мәнiнде, түрме iшiндегi тергеуде жауапқа тартылушыларға бұрынғы қайраткерлерлiк қызметiн айып ретiнде тақты және оны қалайда дәлелдеуге тырысты.
Өкiнiшке орай бұл уәжге олар құлақ аспады, оған пәрменi де жетпейтiн, пәйнегi де шыдамай тергеушiлердiң ықпалында кеткен, ақыры өзi де арандап тынған жалақорлар мен жалтақтар да әдiлетсiздiктiң үстемдiк құруына септiгiн тигiздi. Түрме iшiне жiберiлген тыңшылар жауапқа тартылғандардың әрбiр сөзiн қағыс қалдырмай қожайындарына жеткiзiп отырды. Солардың сыпсыма өсектерiнiң негiзiнде айып қорытындысы әзiрленiп, сұрақ қойылды. Тiкелей «Алашорда» үкiметiне қатысы жоқ, жай ғана желеумен жауапқа тартылғандардың арасында «салпаңқұлақтардың» кiрiп кетуi әбден мүмкiн. Тергеуге жетпiстен астам адамның алынуы да күдiк келтiредi. Олар бiр – бiрiн жақсы да тани бермейтiн. Сондай-ақ, «үштiктiң» қарамағына көшкендерге қинаудың қандай да болсын түрлерiн қолдануға еркiндiк берiлген арнайы жарлық та бар болатын. Сол үшiн әрбiр түрменiң iшiнен ыстық, суық камералар жасақталды. Мұны «ұлы құрбандықтарға» да қолданғаны күдiк тудырмайды. Оған ОГПУ-дiң Мәскеудегi Шығыс бөлiмiнiң бастығы Дьяковқа Орта Азия бөлiмiнiң бастығы Каруцкий мен Шығыс бөлiмшесiнiң бастығы Круковскийдiң:
«Сiздiң жарлығыңызға байланысты Байғасқиннiң сұрақ - жауабының көшiрмесiн жолдап отырмыз.
Сұрақ кезiнде Байғасқин бұрынғы берген жауаптарына жаңадан ештеңе қосқан жоқ, тек Әнуар Паша мен Заки Уәлиди Түркiстанға сәтi түсiп жорық жасай қалған жағдайда алашордашылардың жергiлiктi тұрғындарды көтерiлiске дайындауға талпынғанын дәлелдейтiн дерек қана назар аударады.
Байғасқин бiзге: алашордашылардың кеңес өкiметiне қарсы әрекеттерiне өзiнiң қатыспағандығын, өйткенi олардың бұған сенбегенiн, ал өзiнiң алдыңғы екi куәлiгiндегi деректердi бұған Байтасовтың айтқандығын мәлiмдедi.
Бiздiң парықтауымызша, Байғасқиннiң өзiне сенiмсiздiкпен қарады дегенi, өтiрiк. Ол өзiмдi әшкерелеп аламын ба деп жалтарып отыр, шындығына келсек, ол алашордашылардың арасында ерекше сенiмге ие болып келдi және қазiр де сенiмдi адам саналады. Сондықтан да бiз: оның алашордашылардың арасындағы беделдi орынын түрмедегi басқа тұтқындардың жауабы арқылы, соның iшiнде Байтасов арқылы анықтауға болады, алынған мәлiметтерге сүйене отырып Байғасқинға қысым жасауға мүмкiндiк туады – деп есептеймiз.
Қазақ интеллигенттерiн қинауды күшейту туралы сiздiң жарлығыңыз басшылыққа алынды және интеллигенттердiң сөздерiн жеткiзiп отыру үшiн әзiрше үш тыңшы - «Қалам»( «Перо»), «Нияз», «Дальше» - олардың арасына кiргiзiлдi. Өзге тыңшыларды тартуға дайындықтар жүргiзiлiп жатыр.
Ескерте кетерiмiз, «Шағыр» Шымкенттегi тұрақты қызмет орынына жүрiп кеттi, тазарту кезiнде партия қатарынан шығарылды. Байғасқиннiң сұрақ-жауабын жiберiп отырмыз» деген мәлiметi толық дәлел.
Бұған «ұлы құрбандарға» қарсы ұрып – соғу, қинау, арандату әрекеттерiнiң барынша кеңiнен әрi қаталдықпен қолданылғаны анық байқалады. Мұның егжей-тегжейiн баяндау дербес тақырыптың арқауы. Қармаққа кiм iлiндi, қандай қиянатқа жол берiлдi, «Қалам» мен «Нияз», «Дальше» дегендер кiмдер едi, «үндеместердiң» мағлұматы тергеу барысына қалай әсер еттi? Бұл – жауапсыз қалатын сұрақтар емес. Жауап берiледi де. Тек адамгершiлiктен аттамас үшiн, кiнәсiз ұрпақтардың бетiне шiркеу түсiрмеу мақсатында әзiрше бұл мәселенi қалтарыста қалдыра тұруды санадық. Сенiммен, кепiлдiк бере айтылатын бiр сөз – алаштың ардагерлерi:
Қинамайды түрмесiне жапқаны,
Қинамайды атқаны,
Қинайды тек өз итiмнiң,
Балағымнан қапқаны, -
деп Ақаң – Ахмет Байтұрсынов айтқандай, түрменi де, қинауды да, ату жазасын да салқындылықпен қабылдап, қасқайып қарсы тұрып, рухын тiк ұстады.
Достарыңызбен бөлісу: |