Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Құлшылық құпиясы немесе Құраннан үзік бір сыр



бет1/6
Дата19.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#147995
  1   2   3   4   5   6


Байтасов Тоқберген Кескір ұлы.

Құлшылық құпиясы немесе Құраннан үзік

бір сыр

2-ші кітап

Алматы-2007 жыл
Егер біреуге білімсіз діни ұйғарым берілсе, оны берген адам күнакәр саналады. Егер біреу жақын адамына шындықты біле тұра жалған ақыл айтса, оның әлгі жақынына үлкен зиян тигізгені. Алла алдында мақтанарлық күрес түрі-бас кесер басшылар мен қысым жасаушыларға қарата айтылған ақиқат. Мұхаммет пайғамбар өсиеті (х-796,37/2)
Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын !

Бұл кітапшаны Құраннан үзік бір сыр деп атап, қазіргі таңда қазақ жерінде «Қазақпын», азаматпын, деп етегін жауып есі кірген ұл қыздарымызды, өткен өмірге тарихқа бей жай қарай алмайтын, көк жиекті көріп өскен ұлағатты ақсақалдарымызға ой тастау мақсатымен осы шағын шығармалармен жаратушымыздың асыл сөздерін талқылауға ортаға салуды жөн көрдім. «Халық айтса қалып айтпайды» деген асыл дәстүр белгісін ырым еттім. Неге үзік сыр? Сырдың сынын өміріңмен қиыстырып, жалғауын өзіңізге бердім оқырман. Жаратушымыздың түсірген, жаратқан әрбәр нәрсенің алты жағы болса, сол нәрсенің тегінде яғни көрінбейтін құпия белгісінде ғайыптық сипатының 3 түрі және түсі (рең) болуы шарт! Себебі әрбір жаратылыс тегі жұппен тақтан парымен болады. Қандайда бір нәрсенің түрленуі тақтан басталып, жұпқа айналып кеңістіктен орнын тауып отырады. Сол көрінбейтін кеңістік өлшемді ғайып, тылсым немесе «эфирлік» «ақирет» заңдылығы деп аталады. Қай уақытта да білімге құштар пенденің болмысты болжап, ғайыптан хабар алуға жан құмарлығының болуы заңдылық. Алла тағала жаратылыстан солай жоспар беріп қойған. Тек ол жоспар заманына қарай өзгеріске түсіп, немесе ғылымы ашылып отырады. Қазақ халқының қазіргі таңда, сол ғайыпты болжауға құмарлығы яғни жан тәбеті (кармасы) ашылды. Сондықтан болар дін танушы да көп, дінді танытам деуші де көп, әр түрлі пікір таластар айтылып та жазылып та жатыр. Әркім өз білгенін істеп те жатыр да, ешбір кедергі жоқ, кәдімгі майдан, сөз соғысы. Құранға жүгінсек екі түрлі дін соғысы бар. Бірі жеңіл бірі ауыр. Жеңілі бір елді халықты қаруланып басып алып, еріксіз мәжбүрлеп, өз таным нанымын діндік дәстүрін енгізу болса, екіншісі; үгіттеу, насихаттау арқылы жеке пенделерді сол жердегі халықа, дін ақиқатын ерекше белгілер арқылы көрсетіп, білім ғылыммен ұштастырып, өмір сүру ерекшелігін қалыптастырып, салтқа дәстүрге айналдыру керек. Әрине бұл ауыр соғыс аталып, ұзақ жылдарды, төзімділікті, қажыр, қайратты және ғылым, білімді әсіресе философиялық, ой таным шешендік мектебін қалыптастыруды меңгеруді қажет етеді. Сондықтанда мылтықсыз сөз майданы болып есептеледі. Себебі өз туысыңмен қандасыңмен жақыныңмен ақыл-оймен, сабырмен соғысуды қажет етеді. Қазіргі таңда қазақ елінде жүріп жатқан осы мылтықсыз сөз, ақпарат майданы. Заманына сай түрлі ақпараттық сөз әскерлері де бар. Бұл майданның негізгі қаруы қалам және ақпараттық көрсетілім, басылым мекемелері. Әрине шындық қашанда арта, ақыл алда ортада ой жүреді. Ой төрешісі білім болса, негізі ғылым болу шарт! Ғылымның екі көрнісі сипаты бар бірінші сипат; түп негізі атасы –ілім, екіші өнімі-білім. Әрбір адам баласына ортақ қазына кітаптар болып табылады. Сол кітапттарды негізге алу үшін де дәлел керек. Қасиетті кітаптардағы білім көзі нақтылық шындық білім көзі болып, өмір сүру барысында қоршаған ортаға байланысты алып жатқан, үйреніп жатқан біліміміз күмәнді білім болу шарт. Себебі ол үнемі түрленіп өзгеріске түсіп отыру керек. Егер алған біліміміз жеткілікті бәрін білемін деген білімділігіне күмәнсіз елде, қоғамда қашанда азғындыққа, күнәнің ықпалына түсіп жер бетінен жоғалып отыратыны тарихтан мәлім. Ал алған білімді мүлде жоққа шығарсақ онда адамзат дамуы тоқталмақ. Сол екі араның төрешесі толықтық, анықтық білім болу шарт. Яғни біздің өмір сүру барысында қателіктерге ескерту және заман өзгерісіне байланысты түзетулер келіп, әрбір пенденің шабыт атты қасиет көздері арқылы, заманына сай дәлелдері түсіп отыру керек. Енді бар құпияда талас та осы түсетін, оқылатын дәлелдерде жатыр. Сол дәлелдер тегі шежіре тарих болып қалыптасып, әр халықтың өмір сүрген ортасындағы дәстүрлік ерекшелігі болып, нәтиже көрнісі қылығы сол дәлел айтушы пенденің білімі болмақ. Әуелі өзіңді таны, тіліңді ұқ, ата-анаңды құрметте, жан жағыңа қарап салыстыр, сонда мені де танисың деп тұр сырлы әлем. Көре алмассың көместі, бірақ ғылыммен анықтап, біліммен сезесің, тек ғайып болмысыма ақылың-ойың жетпейді- деп ескертеді Алла тағала. Кезінде Әл-Фараби, Низами, Фердауси, Архимет, Сократ, Ұлықбек, т.б ғалымдар ірге тасын іліммен құйып, біліммен қабырғасын қалап, «Сандыбат» атты алты жақты сарайлар тұрғызып қабырғаларын ғылым құпиясымен өрнектеп, бос жерлерін толтырып, жөндеп күтіп ұстауды ұрпақтарға аманат еткен. Білім сарайдан көкке көтерілер есікті салу үшін, кілтін жаратушымыздың ескертуімен, пайғамбарымыздың сілтеуімен, аманатқа қиянат жасамай тапсыра білген Арыстан баба болса, Әзіреті Сұлтан Құл қожа Ахмет атты түркі ұлы халқының мақтанышына айналып, сол сатыны көкпен жалғап, Ақсақ Темір көреген деген атпен әлемде аты қалған қолбасшы, басына теңдесі жоқ ескерткіш мұра салып, басын иіп тағзым еткен. Әулие бабамыздың мұрасына, салған ізіне түсінбек түгіл, зерделеп таныспай-ақ, мешіттерде, құзырлы орындарда айтуды былай қойсын, сол әулие бастарында көркем бейнеге түсіріп, осы уақытқа дейін алданып келгенімізді дәлелдеп жатыр кейбір дін танушы топтар. Яғни олардың пікірлерінше; Яссауи бабамыздан бастап қателесіп, Аллаға серік қосып, дінде жалған сөйлеп, құлшылықта қателесіп келіппіз. Оған енді егемендік алып есімізді жинап, қайта арап тілін оқып барып, көзіміз жетіп, немесе олар жеткізбек болып жатыр екен. Тарихта да қателіктер болып ғасырлар бойы адасып келіппіз. Сонда да адасқан халыққа, қасиетті кітапта берген уәдесін жаратушымыз өзгертіп, сәжде жасап, намаз оқумен ғана шектелетін, арапша оқып арапша ойлана білетін, ислам мемлекеттеріне бермеген орасан зор байлықты, бейбітшілік өмірді, қазақ халқына неге сыйлапты Алла тағала? Осындай ой пікірді тек мешіттермен құзырлы орындарда еститін болсақ, енді ол бейне таспаларға сол әулие бастарында түсіріліп, қарапайым халыққа Құраннан олар үшін түсініксіз сұрақтарды қойып, жауабын өздері қолма қол шешіп беріп жатқан дін танытушыларда таңсық емес. Ал шындығында солай ма екен? Қандай да болсын істің немесе сөздің қоршаған ортада тарихта белгісі, ізі болады. Жер бетін кезіп көрсеңіз, жамандықтың белгісінен апаттардан қалған керемет құрлыстары болып, қандай халық екенін тек аңыздар арқылы білсек, ал жақсы адамның міндетті түрде ұрпағы жалғасып, тілі ғұрпы сақталып, артында жасаған істері аңызға айналып, өзінің де киесінен белгі қалып отыратыны ақиқат. Ондай адамдарды Алланың досы «Әулие және әмби» - деп атайды да құрмет көрсетіп, қай ел болмасын мақтаныш тұтатыны даусыз. Ал біздің халыққа жол көрсетуге бұйырылған пенделерімізге ерекше қазақ тарихында бұрын соңды кездеспеген індет тымауы пайда болды. Атқамінерлеріміз орыстан жұқтырған «Европа» тымауымен ауырса, дін танытушыларымыз «Арап» кеселіне шалдықты. Бірақ «Әулие аттаған оңбас» деген қазақта сөз қалған. Сол бауырларымыздың болашақта Алла тағаланың қаһарына ұшырап, бірін-бірі жаулап, соғысып болашақ ұрпақтарына зияны тимесін деп. надандықпен адамдықтың арасы бір-ақ қадам екенін ескертуді жөн көріп, енді сол дін танушы қандастарыма, көкейлеріне қонымды болу үшін, өздерінің меңгерген тәсілімен, бірақ әдейілеп, бір саусағымды бүгіп, кейде бір аятпен ғана түсіндіріп, кейде аятты да жалпы көрсетпей жасыра отырып, негізгі есептерін тығып қойып, өздері шешшін деп, қасиетті кітаптан бір үзік сыр тастадым алдарыңа ағайын! Аталар батасымен ат қойып, аянменен жол салып «Ақиқат бастауы» деген екі кітапты көптеген оқымыстыларға, дін танушы мамандарға, теледидар майталмандарына ұсынған едім. Мақтау сұрап жүрмегендігімді де айттым, түсінбедіме әлде мен түсіндіре алмадым ба? Кемшілгін тапсын, жетпейтінін айтсын, талқыға көпшілікке салсын, деп шабыт та іздеп бардым. Сол іздегенімді сендерден, аруаққа қарсы дін танушылар, және көкірегі соқыр әкімдер арасынан таптым. Енді ұрыста тұрыс болмас. Тарихқа түкіріп, жаратушымыз түсірген асыл сөздерді арзан ақшаға айырбастап, пәтуа жасап, халықты ұйытып жатқандардың надан екенін дәлелдемекке бел будым.Өмірден өткен даналардан, өсіп келе жатқан және артағы ғұлама болар балалардан, кешірім сұрай отырып; Алладан рақым, пайғамбардан шапағат, аруақтардан көмек сұрап, бүкіл аруаққа, қазақ дәстүріне қарсы дін ғұламларынан бастап, жан емшілерін (психолг),арап танушылар, теологтар, тәпсіршілер, сопы тақуалар т.б келіңдер, халық алдында таразыға түсейік демекпін ағайын. Менің білгенім «Сәни дәптер», көргенім, оқығаным Құраннан дәлел, және аруақтар арқылы алған аян. Қолымда қазақша Құраным, ұраным ақ жол! Шартым Халифа Алтай атамызды арап тілінің маманы екенін мойындау. Болмаса арап тілінің маманы екендігіне сол араптарды мойындатқан дәлел құжаты болу шарт! Екінші шартым төрешілікке барлық саладан ғалымдарды және сөз қадірін меңгерген алымдарды қойып, таразысы халық болып, қояр дүниеміз әрбір сүрелерді жиынтықтап, ғылымен бөліп, 16 қырлы 10 қабырғалы білім сарайын тұрғызып, сызықтық жүйесін сызып, фәни жалғаннан көрнісін тауып, ахирет қақпасынан өте біліп, болмыстық болжамдық бейнесін ғылымен сәйкестендіріп көрсетіп, қазіргі танымал ғылым жүйелерімен айқындап, түйіспейтін жерін Құран аяттары есептер жүйесімен көрсету болсын. Әрине танымал болған ғылымен қасиетті кітаптардың аяттары сәйкес келмейтін жерлері көп, сондықтан құпия сызықтық белгісін көрсете білу шарт. Бос сөзді дін танушы қауым әуре болмай-ақ қойсын. Әрбір айтылған, әсіресе жазылған сөздің де болашақ ұрпақ алдында жауабы бар! Судың да сұрауы бар екенін ескерейік!

Құлшылық танымы

Құлшылық деп, Алланың берген нығметтерін өз әлінше шамасына қарай,тіршілік ізгі істерді, шаруашылық қыймылдарды меңгеріп, ұлт ерекшелігіне, дін ұстамына қарай берілген парыз ғибадаттарды шамасына қарай орындау болып табылса, ал күнделікті өмірде біреуге байланысты, тек сол пенденің үкімімен ғана өмір сүруді бұйырған адамды пендені «құлдықта» жүр деп атайды. Яғни белгілі міндет жүктелген өздігінше басқа тірлік істеуге жоқ пендені айтамыз. Ал Аллаға құл болу деген ұғымды құлшылық ету сөз мағанасымен біріктіріп дін танушылар намаз оқу деп түсіндіреді. Енді құран аяттарына жүгініп зерделесек; «Көктер мен жердегі әркім Аллаға ғана құл болып келеді.» (Мариям-93) Демек адам жанынына байланысты тіршілік көктеде жерде де жаны бар әр кімдер құл деп аталады. Алла тағала бүкіл нәрселерді адамзат үшін жаратып, ішіп жеп, өсіп өну үшін бірін бірі жақсы көріп, ұрпақ өсіріп, жақсы жаманды айырсын деп, әр түрлі жамандық тудыратын қарама қайшылық нәрселерді қоса жаратқан. Жақсымен жаманды түсініп, білу үшін де соғыстар, апатар жіберіп сынап тұрады. Ол тепе теңдік заңы болып әрбір жартылған нәрсенің 2 жұптан белгісі бар екенін ескерткен Рағыд сүресінде. «Сондай пәк Алла, барлық нәрсені жұп-жұбымен жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және білмегендерінен болсын.» (Ясин-36) Демек жаратылыс нәрсесінің де, жанды мақұлықтардыңда, әр пенденің де көрінбейтін, көмес және көрінетін де жұптары бар. Сол сияқты Құран аяттарының да, ілімнің де білімнің де осындай жұптары бар. Әрбір жұп пардан яғни 3-белгіден яғни 6 белгіден тұрады. Онда Құранда жұп және 12 белгісі бар. Енді жұптықтың екінші қозғалыс, қуаттық сипаты екі жұп 4 түрлі сипаттан тұратын болса, онда жалпы сипаттық сандық болмыстық сипатамасы да сондай болуы болу шарт. 2х2=4 4х4 (түр,рең) =16 белгіге тұрақтайды. Демек барлық жанды нәрсенің негізгі 16 қозғалыс жаратылыс сипаты болса, онда құлшылықтың да бекітілген 4 түрі екіден жұбы барлығы 16 болу шарт. Енді айқындық белгісіне қарай өзіміз көріп, сезіп жүрген нәрселер сипатымен көрінетін яғни білінетін 2жұп, көрінбейтін яки білінбейтін 2 жұп бар деп ұқсақ, бір біріне қандай тәуелділікте, тіршілікте қатынаста болуын анықтауды ғылым деп атап, сол іс жүзінде айқын болғанын білім дейміз. Ал барлық жанды жаратылыс саны2х3=6х3=18х1000= 18000 ғалам болып, 18, 180 сандары тұрақты баған болып ғылымда «сорос» яғни қайталану саны болып табылады. Ал сол ғалам қайда деп ойлайсыз әрине. Негізгі нәрселік, жерлік жаратылыс басы екі болып, көктік сыры үшке айналып, қозғалысқа түссе, сол бес қуаттан 2 сипат бөлініп шығып оны жаратушымыз 10-ға көбейтіп, дәрежелеп отырады. Сол ғаламның кіші (микро) көрнісі адамның жанында ақылмен бейнеленіп 2-менмен адамзаттың бүтін ғалам саны 20 болмақ. Сол 20-ның 18 ғаламы бар және 25 сипатқа еге болған ішкі қасиеті болмақ. Әрбір жаратылған нәрсенің өлшемі шамасы болу шартты болса сөздің әрбір ұғымның істің, құлшылықтың өлшемі шамасы бар. Өлшем құпия заңдылық сандар әлемі. Өмірдің заңдылығың дамуы да сол құпияның көптігінде. Адамзатқа берілген басты қасиет осы өлшем шамасын анықтап ажыратып іске айналдыра білу болып табылады. Неғұрлым өлшем бірлігін дамытып, соған байланысты құралдар ойлап табу ғылым мақсаты. Адам баласы үшін құпия нәрсе азайса, өмір тоқтап аза бастайды. Теңдік заңы бұзылады. Яғни адамзат баласы ұзақ уақыт дәлелденген бір ғылыммен өмір сүріп ғайыпқа болжам жасап, сәйкестендіріп дамытып отырмаса, аза бастайтынын көп ғұламалар ескертіп кеткен кезінде. Заман өзгерді деп байбалам саламыз да, бірақ ғылымды сол мыңдаған жыл қалпында өзгеріссіз пайдаланамыз. Ал одан бері тілдік таңбалық, үндестік белгілеріміздің өсіп кеткендігіне мән бере қоймаймыз. Демек жанның талабы да соған сай өскенін білмейміз. Сол құпияны оймен немесе біліммен анықтау мүмкін емес. Оны тек ақылмен болжап, ойға тоқып ғылым болып жүйелеп отыру керек. Ал жанның даму заңдылық құпиясын өз ақылымызбен немесе ойымызбен анықтай алмаймыз, себебі ақыл адам білімімен ғана шектелген, өлшемді қуат оған үнемі сыртан қосымша азық беріп отырмаса өспейді. Сондықтанда жаратушымыз ғайыптан хабар беретін қасиетті кітаптарды түсіріп, үнемі танымал болған ғылыммен салыстырып және тарихтан үлгі алуды ескерткен де ал ілімінің құпиясын заманына қарай толықтыру үшін үнемі өз іштерімізден елшілер арқылы түсіндіріп отырады. Демек салтық дін ұстанымыз ақыл азығының өрісі. Ал егер діннен ата бабаларымыз қателессе, неге әлі кезге дейін мазарлары құламай әлем халқын таң қалдырып, халыққа шапағаты тиіп, ұрпақтары әлемде теңдесі жоқ жерге қазынаға ие болып жатыр? Сонда жаратушымыздың әлемдерге көрсетіп қойған теріс белгісі болғаны ма? Олай деп ойлаудың өзі Құдайды әділетсіз, сотаушы емес деп дінен шығуға болады. Сондықтан білінген анық болған, тарихта айқындалған себептердің, нәрселердің 4 жұбын толық анықтап өлшеп, сызып көре алмасақ онда әлі білім толық емес. Енді сол айқындалған нәрселер, бірінсіз бірі тіршілік қатынасын жүргізе алмайтын болып, өзінше түрлене алмаса, онда бәрі бір заңдылыққа бағынатыны ақиқат! Енді балаңызға ер жеткенше әрбір іс қыймылына бағдар беріп, немесе өзіңіз бір мекеме басшысы болып, әрбір іске өзіңіз араласып, қадағалап белгілі бір өнім шығарып көріңіз, немесе бірін біріне қадағалатып, ара жік қатынас тәртібін заңын бекітіп, белгілі бір жұмысты соған жауапты пендеден сұрап, қателігін қалай түзейтініне дейін алдын ала дайындап жоспармен бекітіп, біріне бірін себеп қылып, айлығын беріп, жетпесін толықтырып отырған дұрыспа? Қайсысы ақылға лайық? Алла тағаланың күнделікті мені ұмытпасын деп, ең болмаса қарапайым түрде танысын деп, біздерге түсірген білім сипаты. Қарапайым патшалықтың дәлелі. Сондай істерді ара қатынастарды жүйелеп, бірін бірі басқару үшін, көрінбейтін (көмес) елшілерді де (мизанды) әділетті тұрыңдар деп түсірген және ұдайы өзгерістерге ұшыратып, түсіріп отырады.. Әлем атты патшалықтың теңдігі бұзылмас үшін, құпиясын ғылым дамыған сайын есептеп ашып, соған өмір заңдылықтарын сәйкестендірсеңдер, бақытты өмір сүресіңдер деп, кітаптар(ақылдар) түсіріп, соны түсіндіруге өз араларымыздан пайғамбарлар тағайындап, кейінен қателіктерді түзейтін елшілер болатынын ескерткен. Бірақ бәрінің 4 жұп болатынын біле білмейміз. «МИ» сөзі үндестік дыбыс заңдылығы. «ЗАҢ» өлшем қағидасы. Аң белгілі бір тылсым жүйесіне тәуелділікте қылықпен өмір сүру ерекшелігімен айқындалатын хайуан түрі болып табылады. Демек ақыл-ойдың дамуы дыбыс заңдылығына тәуелді, онда әр елдің ұлтың дыбыс заңдылығы бар ол «СӨЗ-дің үндестік» ерекшелігі. Сондықтан адам баласы бір текті болып, біліммен, оймен болжап, өмір сүру қажеттілігін заң шығарып, бәрін қамту мүмкін емес. Даму заңдылығын сақтап, алдын ала болатын өзгеріп тұратын замана құбылысына бейімделіп, өздігінен адамзаттың рухани дамуы тіптен мүмкін емес. Қарапайым ғана мысал, 50 жылдан кейін болатын, заман өзгерісіне табиғат құбылысына, бесіктегі балаңызды бейімдеп, тәрбие тәлім беріп көріңіз немесе соған байланысты алдын ала қалыптастыру үшін заң шығарып көріңіз. Мүмкін де емес. Өзі сөйлемесе, тіліне, көкейіне сөзде сала алмайсыз. Немесе компазитор қылып шығара аласыз ба? Заң сол уақыттағы болып жатқан өзгеріс заңдылығына бағыну немесе жаманшылықтарды шектеп, зиянды құбылыстарға қарсылық шаралары болып табылады. Сондықтан да қоғам және адамзат даму үшін, ұлтық тілге, жынысына байланысты көрінбейтін елшілер жіберіп, қоршаған ортаға заманға сәйкестендіріп заңдарды жетілдіруді жаратушымыз үйретіп отырады. Оған дәлел көрінетін сипатына жататын қоғам қайраткерлері, ақындар, өнер адамдары, ғалымдар,көріпкел қасиетті адамдар,емшілер т.б ерекше адамдар жатса, енді тағыда, әрбір пендені сөйлетіп, көргізіп, ой салып тұратын көмес тек түсіңде әр түрлі сипатта бейнеленетін елшілер қызметі. Енді тағы осыған екі жұп болу керек емеспе? Құранан іздеп табу, түсіну жолын көрсетеміз алда әлі. Құлдың да екі сипаты бар, ерікті және еріксіз. Фәни жалғандағы құлдар, біздер белгілі уақыт ішінде еріктіміз. Ішіп жеу, ойнап күлу, дүние табу немесе ұрпақ өсіру т.б ерінсең, жалқаулансаң істемей-ақ қой, өз еркіңде. Ал ақиреттен, тылсымнан келген елші, төбеміздегі тұратын еріксіз құл. Себебі қателіктерді түзеуге, немесе міндетті бір қасиетті меңгертуге жаратқаннан үкім, жұмыс алған. Ол тапсмырмаларды орындату, орындатпау тағы ерікті құлға байланысты. Бірақ ол жартқаның негізгі құлдары бізге қарағанда ерікті, себебі күнделікті ішіп жем т.б ыстық суық, дүниеге біздердей тәуелділік жоқ. Адамзатты заттық сипаттан қуаттық, жарықтық сипаттағы өмірге тәрбиелеп және өзіне орынбасар етіп белгілі бір істерді жүргізу үшін жер, су, көк элементерін адам жанына сіңіру үшін бір жағдайдан келесі жағдайға өткізіп отырады. Яғни төменгі періштеліктен, жоғары періштелік дәрежеге жету үшін міндетті түрде үш кезеңнен өту шартты үкім. Сондықтан тозақ қақпасынан өту әрбір адамзатқа міндетті қағида. Судың да сұрауы бар деген сөз сонан қалған. Қош, енді сізге фани жалғаннан өту міндетті болса, өткеннен кейін міндетті түрде еріксіз құлға айналасыз. Қайта ол өмірге сәби болып туыласыз, бірақ періште болып емес, белгілі ісіңізге қарай түрленуге, тазаруға содан кейін жаңа өмірге яғни ата-баба артынан сапқа тұрасыз. «Атаңа не істесең алдыңа сол келер» деген дана қазақ. Ол Алла тағаланың бізден бұрын жаратып дайындап қойған білімі. Жер әлем өзгергенше еріксіз құл болып қалуыңызда ғажап емес онда да тозақта. Тозақ дегеніміз діншілер айтқандай отқа жану емес сондай қиналу сатыларынан өтетін азапты тіршілік егесі болу. А егер сіз өзіңізді тежеп, Алла тағалаға мойын ұсынып, берген кеңшілігінен несібе алып, (аянмен) өзіңізді ізгілікті тек жаратқанның бұрығымен жүретін, құдайдан қорқатын еріксіз құлға айналдыра білсеңіз, ахирет қақпасынан өтіп, белгілі бір жұмыс алып, ерікті болып, сол белгіленген шек ішіндегі ізгілікті шапағат етуші көмекші құлға айналасыз. Жалпы жаратушымыздан есту, көру, ойлау қасиеттерін беріп, жаратқан пендесінің бәрі құл болып табылады. Себебі бәрін жүргізіп тұрған жан бар, ол тек Рабымыздан. Құл сөзі- қасиетті кітаптарда тек жанға байланысты айтылған, соған тоқталғанымыз абзал болар. Алдағы уақытта тағы жаңылыспау үшін. Енді құлшылық сөзі Алла тағаланың сол ортаға, тілге, заманға, қасиетке сәйкес берілген жоспарды шамасына, ден саулығына қарай атқару болып табылады. Құлшылық жасаудың жер әлемінде 4 түрі 2 жұп болып бекітілген. Тәурат Құран бір жұп болып, ортасын толтырып тұру үшін Зәбур мен Інжіл бір жұп болар. Бірақ 4 кітап біріктірсе, жер бетінің бүкіл өмір сүру заңдылығын қамтиды. Құранның ерекшелігі сол кітаптардағы белгілер тек құпия түрде үгіт болып түсірілген, қамтылған. Тек дінге нану, нанбау, илану жағынан ғана кәпір мұсылман болып бөлінеді. Сондықтан мұсылман да кәпір бола алса, християн да құлшылық ізгі ісімен мұсылман аталмақ. Ислам дінінде құлшылық ету парыз етілген амалын, намаз деп атаймыз. Ол да орындалу тәсілімен 4 түрге бөлінген. Жалпы иманның бір белгісі, бұлжымас қағидасы, барлық жақсылықта, жаманшылықта тек бір Алладан деп қабылдау шарт. Ал Алла «бір» деп сандық мағынасымен ұқсақ қателесуді туындатады. Себебі «1» десек демек оның алдында «0» тұруы керек ал нөлсіз тағы өлшенбейді. Аятта Алла жалғыз деп ескерткен демек сандар басы Алла! Ал нағыз Алланы тану төрт кітапты біріктіріп жер бетіндегі қуаттық дәрежелерді ғылым арқылы түсіне білуді айтамыз. «БІР» сөзі Алла тағаланың адамзатты «бірлеу» заңдылығы яғни тозақпен жәннаты басқару патшалық қағидасы. Сондықтан да ақылмен тап деген, Алла тағаланың сынағы ислам танушыларға. Негізгі адамға қызмет жасайтын 19 бірлік періштесі бар, қосындысы 10 болатындай бірлеу қағидасые меңгеру шарт. Бұл заңдылықты аманат немесе дін дейміз. Дегенмен Құранды мұқият оқыған адамға түсінікті бола бастайды. Себебі бәрі жанға және өмір сүретін ортаға тәуелділікте үндестік заңдылығы мен тілге байланыстылық ереже, қатаң сақталған қасиетті кітапта!

Құл туралы әл қиса

Кезінде аталарымыз ауыз-екі жеткен уақиға қисаларды «Әл –қиса» деп атаған. Әлқиса Ибрагим пайғамбарымыз, кезінде ораза ұстап, тек келген қонақпен ғана ауыз ашатын болған. Бірде осындай кезекті ораза кезінде үйге адам бас сұқпай қалып, ашыға бастағасын, сол кенттен бір жасы үлкен кісіні қонаққа шақырады. Жайласып отырғаннан соң, пайғамбарымыз жөн сұрасып, наным сенімін сұрайды. Сонда әлгі кісі Құдайға сенбейтінін айтып, ешқандай дінді керек етпейтінін ескертеді. Ашуға жеңдірген пайғамбар, дінсіз пендемен дастарқандас болмайтынын айтып, әлгі кісіні үйден шығарып жібереді. Бір уақытта Алладан аян келіп; «Менің 70 жыл асыраған пендемді бір мезетке болса да, үйіңе сыйғызбадың!» деген ескерту алыпты. Содан ұялған пайғамбарымыз, әлгі кісіні ертеңіне іздеп тауып алып, кешірім сұрап, өтініш айтып, қайта қонақ қылып сыйлайды. Тамаққа тойып, көңілі көтерілген қонақ, «Енді түсіндірші өткендегіңді» деп өтініш айтады. Амал жоқтан өтірік айта алмайтын пайғамбарымыз болған жағдайды баян етеді. Сонда әлгі кісі; «Егер сенің құдайың солай бұйырса, онда әділ құдай екен, менде сенің дініңді қабылдадым» деп мұсылман болған екен деген сөз қалған. Қазақта ораза намаз тоқтықта деп айтқан сөз де бар. Сондықтан құлшылық туралы аяттарға зер салсақ, мұсылман жаратылыс тегін біліп, өзінің қалай жаратылғанын және жаратушының жалғыз екендігін түсінген пенде болса, ал кәпір сол жаратылыс заңдылығынан бей хабар,өлім туралы ойламайтын, ақирет өмірін түсінбейтін және арсыздық, адамгершілікке жат істемен шұғылданған пендені айтады. Демек бар ұлтың немесе діннің өз кәпірі мен мұсылманы бар. Тегіміз маймылдан немесе табиғат жаратты, бомаса құдай үшеу.т.б ұғымдарды ұстанатын пенделер кәпірлер. Алла тағаланың хақтығын, жаратушының растығын мойындау білу, текті тану мұсылмандық белгі. Тек әрбір халықтың ұлтың құлшылық ету ерекшелігі болу керек екендігін ғана түсіну қиынның қиыны.



Құлшылық құпиясы

Жаратылыс тегі сөз болып, 18 мың ғаламды «БОЛ» деген сөзбен тербетіп тербеп тұрса, құлшылық негізі де сол ұлтың сөз жүйесін меңгеру, яғни тербеліс тегін үнді дыбысқа, дыбысты таңбалар арқылы сөзге, сөзді сөйлемге айналдырамыз жанға жазу арқылы адамзат түсінігі дамып отырады. Сондықтан құлшылықты тек намаз оқу деп ойласақ, онда бүкіл пайғамбарлар намаз оқыған. Дәуіт пайғамбар құлшылық намазы өнерді меңгеріп қоршаған ортаның үнін сырын шабытпен түсіну болып және әнге өлеңмен ақыл, насихатқа айналдыра білсе , Ғайса пайғамбар құлшылығы немесе намазы; тылсым сөзін көре біліп, хабар алып сол арқылы халыққа ем шипа көрсетіп, рухтың үнін сөзге айналдырып жеткізіп, сөз ғылымын меңгеріп, және пенделер арасындағы тіршілік, ара қатынас заңдылығын сақтауды, адамгершілік қағидаларды үйрету болса, Сүлеймен пайғамбар намазы; үндестік заңын қалыптастырып, ғылым білімді іске, шаруашылық амалдарына айналдыру болып және табиғат үнін ажыратып, жан-жануармен адамдар қатынасын сыйластығын қалыптастыру болса, тек Мұхаммед пайғамбарымыздың үмбеттеріне осы түсірілген кітаптардың бәрін меңгеріп, адамгершілік қағидаларды бүкіл тіршілік тынысына айналдырып, қайрымды қауымдарды қалыптастырып және бес уақыт сәжде жасау, құранды меңгеру арқылы ғайыптан келетін дауысыз үнді, дауысты дыбысқа сөзге айналдыру арқылы, уахиларды естуге негізделген және сол арқылы қалған берілгендер кітаптарға жалғаным ғылым, білімді, ақыл –ойды дамытуға намаздар амалдармен біріктіруді яғни тура жолды табуды міндеттелген.. Енді құран аяттарына жүгінсек: «Сол уақытта үйді адам баласы үшін бейбітшілік орны етіп жасадық. Ыбырайымның орнынан намаз қылып алыңдар. Және Ыбырайым, Ысмайыл екеуінен: «Үйімді (Қағбаны) тәуап етушілер, ғибадатқа отырушылар және рукуғ, сәжде қылушылар үшін тап-таза ұстаңдар» деп уәде алғанбыз». (Бақара-125). Құранда аят сөздерін ауыстырушы жоқ деп ескерткен. Яғни мейлі аяттар қай тілге аударылса да сөз орында тұру шарт, болмаса есеп өзгеріп аят ғылымы ашылмайды. Енді реттік орнымен сөз мәндеріне тоқталсақ. Намаз қылып алу үшін; 1-ші тәуап ету, (қазақта тәу ету депте атайды) яғни Нұр іздеу, нұр алу болып түсініп, ол тек жаратушымыздың ерекше құпия белгілерінде болады. Меккеде 3 үлкен белгісі бар. «Сафа, Мәруа» және «Қағба тасы» деп аталады. (Физикалық сызықтық бейнесі мен қасиеттік сызықтық бейнесі бар.) Енді осы белгілердің ислам елдерінде және жер жүзінде ұқсас кіші белгілері болуы шарт.(Рағыт сүресінде ескертілген) Егер жаратушымыздың үкіміне жүгінсек; «Сондай пәк Алла, барлық нәрсені жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері жұп-жұбымен өндірген және тағы білмегендерінен болсын» (Ясин-36). Демек әрбір жаратылыс нәрсесінің екі жұбы болып және оның тағы 6- түрі болу шартты үкім. Тылсым көрінбейтін жаратылыс егелері де білмегендер тобына жатады да оларда жұп заңдылығын сақтайды. Сондықтанда аятта; «Байқаңдар Алла есепшілердің ең жүйрігі» деп ескерткен. (Әнғам-62)

2-ші Ғибадатқа отыру- Қиналған пенделерге қол ұшын созып сәуле беру, немесе тіл жәрдемі, қайрымдылық істер, емшілік және медтина (дәрігерлік істер) да жатады. Адамзатқа тән және әрбір ұлтқа тән өз ара тіршілік ету өмір сүру адамгершілік қағидасы мен қайрымдылық істері болып немесе салт дәстүрі деп атаймыз..



3-ші Ракуғ жасау- тізерлеп құлшылық жасау. ( Осы сөз ұғымы дұрыс түсіндірілмей біріңғай сәжденің ішіне кіргізіп жіберген.) Тізерлеп құлшылық жасау Алла тағаланың жіберген елшілерінің алдында әулиелер басында киелі белгілерде (яғни жаннат есіктерінде (шапағатшылар) құранмен зікір айтып содан кейін Алладан тілек тілеп, жалбарыну амалдарының бір түрі болып табылады. Сол сияқты бақилық, ақиреттік болған туғандарына, ата-анасына дін қандастарына еліне т.б қиыншылық сынақтардан жәрдем сұрау амалдары болып табылады. Ракуғ жасау негізінен Забурліктердің намазы болып, ал әр елдің ерекшелік намаздарымен біріктіруді сол елдің ішінен түсірілген елші жолбасшылары қалыптастырған. Сондықтанда жаратушымыз аятта; «Сондай қарсы болғандар: « Оған Раббынан бір мұғижа неге келмейді?»- дейді. Шын мәнінде сен ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар.» (Рағыд-7) деп қатаң ескерткен. Демек әр елге мұғижа немесе ерекше хикметтер (терең білім) арқылы дәлелдейтін өз іштерінен ерекше қасиетті адамдар болады. Сол арқылы құран аяттарын түсіндіріп салт-дәстүр етіп қалыптастырған адам баласын әулие атап жол басшы болып есептеледі. Және олардан артында қалдырған еңбектері құран аяттарын түсіндірген кітабы болу шарт. Сондықтанда әр ел өз жолбасшысын білу сол ізбен жүру міндетті болып, сол қағиданы шариғат амалдары немесе тура жолға апарар із деп атайды. «Жаратушымыз әр халықтың өліктерге құрметін намаздың бір амалы етіп бекіткен. «Жаназа намазы» деп қалған ішкі амалдар содан туындайды. «Әке балаға бодау төлеу» деп те аталады аятта. Ахиретке иман келтіру, өліктерге құрмет көрсету рәсімінің қаншалықты жаратушы үкімдерінің орындалу дәрежесіне тәуелді болмақ. Ал жаратушы үкімі тек жазылған кітаптар арқылы ғана түсті деп тұжырымдама жасау надандықтың белгісі. Аятта Алла үкімі үнемі жер мен көктің ортасына уахи болып түсіп тұрады-деп ескерткен. Сол үкімдерді іске асырушыларды елшілер деп атайды. Демек ракуғ амалдары кеңітіліп және өзгерістерге ұшырап отыру шарт. Сол амалдардың бірі зікір болып табылады. Зікір тек тізерлеп отырып айтылады. Түрегеліп немесе көпшілік болып өлең қылып айтудан жынмен байланыс болып, сыртқы өрістің бұзылуына әкеліп соқтырады. Сәжде, намаз оқу уақытында тек имам болған бір-ақ адам құран сүрелерін аяттарының арасын үзбей, бөлмей оқуы (биссимилланы, әминді айтпай) сәждемен зікір айту деп аталады. Алдағы басылымдарда нақты ғылыммен дәлелдер келтіреміз.

4-ші Сәжде жасау- басты жерге иіп Алла тағала бұйырған сөздерді айтып жалбарыну болып табылады. Жалпы оны ислам дін танушылары намаз деп алып, бүкіл намаз амалдарын сәждеден іздеп, өздері де адасып халықты да адастырып жатыр. Сол сәжденің ішінде тағы 4 амал бар, ол орындау ережесі пайғамбарымыздың сүннеті болып табылады. Тек намаздардың 4 амалын орындап барып : Ыбырайымның орнынан алыңдар(қажылық) деп ескеркен. Тағы қажылықта осы 4 амалды қайтадан орындайды. Ал сосын зейнеті қалай алатынын екінші кітапта жазғанмын. Осы аят енді қалған сүрелердегі құлшылық жасаудың, шариғат істерінің, есеп жүйесінің анықтауыш аяты болып саналады. Намаз сөзі жалпы құлшылықтың барлық шартын қамтитын амалдар болып табылады. Ислам дінінің ерекшелігі сонда бүкіл үш кітаптағы намаз амалдарымен қосып барып, 4-ші амал сәжде жасау арқылы біріктіріп, төрт кітапқа және бүкіл пайғамбарларға, періштелерге, елшілерге иман келтіу, тек ислам дінінің амалы болып табылады. Бізге құлақ үйренгелі соншалықты намаз деген тек жайнамаз болып, көз алдымызға елестеп, бес уақыт сәжде жасасаң, жәннатқа жетіп баратындай көрінеді. Енді Құранға жүгінсек; «намаз оқу», «намаз орындау», «намазды толық орындау» болып түсіндіріледі. Намаз оқу уақытпен өлшенсе, ал «намаз орындау» мезгілге маусымға тәуелді. Аятта; «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді (аян, уахи арқылы елшілерге) толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» (Мәйда-68) Сондықтанда әуелі алдыңғы 3 амалды орындау шарт, сонда ғана жалпы сәждең түгелденер. Сәжде жасау есту, көру, ойлау нәтижесінен тұжырым (түсінікті қалыптастыру) ғылымы. Ол үшін алдыңғы үш ғылымнан белгі алып, сәжде ерікті түрде жасалу шарт. Алланың ерекше белгілерін мойындамай, өлетініңе көз жеткізбей, ойды түзеу мүмкін емес. Ойды түзеу үшін Алланың дәлелдерін көре білу қажет. Сол дәлелдің бар екенін естімесең қалай көрем деген ниет пайда болады? Сәждеге жығылып, намаз оқушы болсаң бәрін түсінесің деп ұғындыру, пара беріп баласын оқуға түсіріп кейін содан керемет маман шығарам деген ата-ананың тірлігіне ұқсамай ма? Екінші жағынан Құдайдан қорықпағандар ісі. «Құдайдан қорқу-білімділіктің белгісі, өзіңе-өзің қайран қалу надандықтың нышаны.» ( 609-шы пайғамбар өсиеті) Ал енді 4 амалды түгендемей ғылымын меңгермей, қажылыққа баруда дұрыс емес. Себебі төртеу түгел болмай бәрібір төбеден қажылық зейнеті келмейді, жүрекке енбейді. Енді кімге сенеміз Құранға ма әлде дін танытушыларға ма? Аятта; «Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ кім Аллаға , ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге жақсы көре отырып, мал сарып қылса, әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және сөғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі тақуалар.» (Бақара-177). Енді осы аятты мұқият зерделеген адам баласына бүкіл ислам мемлекттерінің құлшылық қағидасын көруге болады. «Жүздеріңді (Бетті бұру) шығысқа, батысқа жөнелту» деп Меккелік араптардан басқа ислам мемлекеттерінің сәжде, намаз оқу тәсілі болып табылады. Сондықтан Меккеліктерден басқаға тек жүзіңді батысқа қаратып, намаз оқып қана игілік таба алмайсың деп ескертеді. Енді «әрі намазды толық орындап зекет берсе» деген сөзден бастап араптарға түскен үкім. Себебі; «Осылайша сендерді орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә болуларың, сондай-ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін. Қарап тұрған қыбылаңды, теріс бағынатын біреулерден пайғамбарға ілесетін кісілерді білуге істеген едік. Әрине бұл, Алла, тура жолға салғандардан басқаға қиынырақ. Алла имандарыңды жоймайды. Күдіксіз Алла, адам баласына өте жұмсақ ерекше мейрімді.» (Бақара-149). Тура жолға салынғандар сол қыбылаға теріс бағынатын елдердің,таудың екінші бетіндегі елдердің ішінен шығатынын ескерткен. Араптарға қарама қарсы қағбаның теріс жағындағы елдер кім? Егерде аяттардағы сөздердің орнын ауыстырушы жоқ деген үкімді бағдарға алсақ, онда жоғарғыдағы 177 аяттың сөз орындарын белгілесек: «(1.)Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту игілік емес,(2.) бірақ кім Аллаға, (3.)ақирет күніне,(4.) періштелерге, (Алла достарына, сүйікті құлдарына)(5.)кітаптарға, (6.) пайғамбарларға иман келтірсе және (7.) жақындарына, (8.) жетімдерге, (9.) міскіндерге, (10.) жолда қалғандарға,(тозақтық туысқандарына) (11.) қайыршыларға және (12.) құл азат етуге жақсы көре отырып, мал сарып қылса (13.) әрі намазды (сәждені) толық орындап (14.) зекет берсе, (15.) өз ара байласқан уәдесін орындаушы, (16. ) таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар» (177) Тура жолдың қағидасы шарты 16 белгіден тұрады екен. 12 шартты орындау арқылы сәждеменен толық намаз болып есептеледі. Құлщылықтың негізгі баспалдағы Құран бойынша 45 санын береді. (Болашақ басылымда есеп жүйесін береміз.) Ал сәжде Құраннан 32 орынды белгілесе 32-45=12 белгіні көрсетеді. Сондықтан да екі түрлі сынақты беріп қойған ислам елдеріне. 13-ші белгіге дейін түркі халқына ал төртеуді түгелдеп отыру, негізінен соғыс, қиыншылықтар арқылы сынау арап тектес елдерге берілген. Алла жолында мал сарып қылу түркі халқына міндетті болса, сәждені ғана орындап сабырлық сақтау арап елдеріне міндетті. Ал бәрін біріктіре білу ғана тура жолды тапқан елдің үлесінде. Иманды адам баласы өзіне шақырып келтіре алмайды оны тек Алла тағала саупты еңбегіңе қарай ғана береді. Екінің бірі кітаптарды түсініп оқып немесе ақирет заңдылығын ұғынуы сол сияқты пайғамбарлар мысалдарынан үлгі алып, шариғат ісін меңгеруі мүмкін емес, сондықтан қыбыласы батысқа шығысқа қараған елдер үшін 12 шартты толық орындау арқылы ғана сәждемен (намаз оқумен) толық намаз болып есептеледі. Ал арап халқын орта топ қылып тек кітапқа пайғамбарға куә етіп жеңілдік беріп бес уақыт сәжде жасап, зекет беріп, уәдесін орындаушы және қиыншылықта сабыр етуші болса шыншылдар деп атаған. Ал тақуалықтың төрт түрі дәрежесі болып, жоғарғыдағы аят шарттарын толық орындау бір дәрежесі болып есептеледі. Қалған үш дәрежесі осы шарттарды орындау арқылы ғана белгісі тек шариғатта қалыптасады. Осы шарттарды салт дәстүрмен біріктіріп 13 сатыға бөліп шариғат амалдарын өзге киелі кітап намаздарымен біріктіріп әдет-ғұрып, салт-дәстүр қылып бекітіп, дәлелдеп жол көрсетіп, жазып кеткен бірден-бір әулие Әзіреті Сұлтан Құл Қожа Ахмет бабамыз. Түркі әлеміндегі бүкіл сопылық немесе тарихатшы атанғандар сол еңбектің жырым –жырым көшірмесімен аннан мыннан құранда дәлелі жоқ, ойдан, жолдан қосқан амалдар жинағы. Негізінен адамдардың несібелері тең деген үкімді назарға алсақ, бар құпия хаждың ішкі амалдарында тұр. Тек өкінішке орай дін танытушылар жыл борйына орындауға тиісті Хажды өмірінде бір ақ рет онда да парыз болмаған тек қажылық деп түсіндіреді. Алдағы басылымда хаж амалдарының толық есебін сандық мәнімен есебін шығарамыз. Егер әрбір намаз амалдары саналмаса және білімі өлшенбесе дәлелге айналмайтынын естен шығармаңыз.

«Негізінде «Сафа, Мәруа» Алланың белгілерінен. Сонда кім хаж немесе ғұмыра орындаса , ол екеуін де тауап етудің оқасы жоқ. Кімде- кім артықша хайыр істесе, Алла шүкіршілікті қадырлаушы, толық білуші» «Негізінен біз ап-ашық үкімдерді әрі тура жолды кітапта адамдарға баян еткеннен кейін жасырғандар, соларға лағнет етеді әрі барлық лағнет етушілер лағнет етеді» (Бақара- 158,159.) Шүкірлік амалдар әрбір берілген нығметің себетбіне рахмет айтып белгілі рәсімдер жасауды белгілейді. Сондықтан аянмен берілетін тура жолыңды көрсететін және пайғамбарларға түсірілген ашық, өсиеттерін орында артықша хайыр жаса, тауап ет зиратта мені есіңе ал (зікір), бұл сендерге ашық үкім деп ескертіп отыр. Егерде сіздің құрметті оқушым солақай діндарлардан жәбір көріп жүрсеңіз, қуанасыз әрине, дәлел бар деп. Сабыр сақтаңыз бәрібір түсінбейді. «Екі түйе сүйкенсе арасында шыбын өлер» «Саңырау естігенінен жазбайды» деген атамыз қазақ. «Надандардан жерге қашып кірдім» деген әулие бабамыз. Оның да болашақта есебін, жан ғылымын баян етеміз. Мүмкін сол кезде ғалымдар Құранның құдірет, құпиясын мойындап арашаға келер деген үміттемін. Әр заманның өзіне сай наданы болар.Қарама кайшылық даму заңдылығы. «Тыныш жатқан бүркітті, түлен түртіп үркітті» деген күйгенде аталарымыз.. Қазақтың килі қазынасы әруақтарға діншілер тарпынан тас лақтырылып, жалғанға шығаруда әрине болашақта жауабының әрбір қарсы пендесіне лағнет болып түуі сөзсіз. Арада өз ұясын бұзғанға жазасын береді. Бүкіл ес заңдылығы «Бақара» сүресіиен берілсе орап белгілесек; «Арақаб» болып әр елдің өз ұясы, үйі болатынын ескертеді. Ұя бұзарлық қылық басқа бұзық бәдеуи елінен қазақ халқына білімен ілімге Алла тарапынан келген сынақ деп түсініңіз. Тек пайғамбарымыздың мына өсиетін естен шығармаңыз. «Шындап келгенде, Алла тағала жаман адам арқылы да мұсылманшылықты күшейтуге қабілетті» (хад-193) Енді осы толық бес амалдың(қажылықпен қосып) әрқайсысы ішкі төрт амалдардан тұрса тағы сопылықтың сыртқы екі амалы қосылып, 7 амалдан тұратын шариғат қағидасы шығады. Жеті көктік белгіні алу заңдылығы. Яғни Тәурат, Забур, Інжіл,Құран болып, әр кітаптан берілген құлшылық амалдар жиынтығын намаз қылып барып, Ыбрайым орнынан үлесімізді алуымыз керек. Яғни төрт кітапқа иман келтіреміз немесе төрт амалдардың басын қосып, қасиетке айналдыру шат. Оның бір аты «Мөр» болар. Ол да төбеге бөрік болып киілер. Төбеде тұратынды қазақта «Жар» деп атайды. Кейде жалқаулығы ұстағанда «Мойным жар бермей жүр» деп айтады. Мойын жар беру үшін мойынға бұршақ салып, әулие басынан құдайға жалынған. Сол жардың сызықтық бейнесі төрт қырлы мұнара (пирамида). Оның да төрт қана дәрежесі бар. Асыра сілтеуге болмайды себебі бесінші мұнараны құлатып тастаған Алла тағала. Беске жету ғайыптық белгі әуелі қырықтың қырқасына шығу шарт. Неге Қағба алдында шаш алдырады? Ғылымы қандай? Әрине бұл амалдар арап халқына оңай, себебі жылына бір рет ғұмыра қажылық орындауға яғни кіші қажылықпен аруақтарға зияратауға болады және бәрі қастарында, зираттауға тыйым салып, Алланың жолынан тосатын, дін ғұламасыда жоқ, асыра сілтейтін әкімдеріде жоқ, оған салық төлететін үкіметі де дінен бөлінбейді. Дінге куәлік беріп салық төлетіп, құжаттар арқылы әкімдерге бағындыру, ойлана білмейтін сөз астарына мән жүгіртпейтін, дінді мақтанышқа айналдырған ақымақтарға Алла тағала тарапынан берілген сынақ. «Кейбіреулерге жаза берер алдында, бар есікті ашып қоямын» деп ескерткен аятта. Қазақ халқы біз қалай шығамыз осы сынақтан? Шешімі бар ағайын, сол үшін құранның қазақшасын өзіміз оқиық, түсінейік, сосын түсіндірейік туысқандарымызға жол таппай жүргендерге. Құдайға шүкір білім сауатымыз араптан әлде қайда артық. Алла ешқандай нәрсені босқа ермек ойыншық етіп босқа бірін-бірі алдау үшін жаратпайды да ғасырлар бойы адастырмайды, ОЛ ерекше мейрімді! ОЛ тек ақыл жұмсағандарға ғана түсінікті. Жауабын Құраннан ғана табамыз. Ол сондай Алла есепщілердің ең жүйрігі, сақ болыңыз дінді танытушы ағайын! «Бұл (Құран) кентердің анасы Меккеліктерді, маңындағы адамдарды үгіттеуің үшін Біз саған түсірген өзінен бұрынғыны растаушы құтты бір Кітап. Сондай ақиретке сенгендер, бұған сенеді де, олар намаздарына сақтық істейді.» (Әнғам-92) Арап елі үшін үгіт болса Құран насихатын меңгеру құпия болып намаздарға сақ болуды ескерткен. Біріңғай араптар құсап оқудың ғана соңына түспеңдер Бізді тыңдаңдар дейді. «Атадан ұл болып туса еді, ата жолын қуса еді» дегендей нағыз қазақ болсаңыз қазак тілінің де, салтының да құдіретін ұғындырайық, діндар қауымға және адасып жүрген дін қандастарымызға тек қана сабырлықпен, ашумен емес ағайын бауырлар. Ақиқат іспен ғана айқын болар. Шариғат шектеусіз жол емес, әр елдің құранды түсіну шамасына байланысты жол басшылар арқылы ар-ұяттан, әдеп пен әдетке айналдырылған дәстүр деген көкке көтерілетін Алланың жібі. Яғни ілімен білімді алатын қағида тарихтан тағлым алар із. Тек бір ғана халықтың ізінен емес аталарымыздың іздегенін іздесек қана тура жолды табарамыз ақиқат. Оған дәлел аятта; «Әй мүміндер! Кітап берілгендердің бір бөліміне бой ұсынсаңдар, сендерді иман келтіргеннен кейін қарсылыққа қайтарады.» (Әли Ғымыран -100) Тек қана арапқа немесе түрік еліне бой ұсынып ізінен еру қарама қарсылыққа адасуға апарып соқтырады. Бір елге беріп қойған Алланың ерекшелік нығметіне қол сұқанды доғарғанымыз абзал болар. Алланың үкімі өзгермейді өзгертуге болмайды!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет