Бесоба ауылдық кітапханасы
Бесоба ауылдық кітапханасы ОКЖ-нің баланстық есебіндегі кітапхана ғимаратында орналасқан. Жалпы көлемі- 23 кв.м
1972 – жылы 31 мамырдағы мәдениет бөлімінің №29 бұйрығы негізінде Киров ауылы советіне қарасты №4 бөлімшедегі Бесоба ауылында кітапхана ашылды. Бесоба ауылындағы 4-кластық бастауыш мектептің ғимаратында орналасқан.
1972 жылдың 1 маусымынан Орал қаласындағы Крупская атындағы облыстық кітапханадан жылдық курсын аяқтап шыққан Батырова Ағилаш жұмысқа қабылданды. (мәдениет бөлімінің 1972 жылғы 30 мамыр №29 бұйрық пр.3).
1972 жылдан бастап Бахтиярова Раушан Жұмағалиқызы Бесоба ауылдық кітапханасында кітапханашы қызметін жалғастырды.
1974 жылы Раушан кітапхана саласында зор еңбегі үшін Чапаев аудандық мәдениет бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
1976 жылы Чапаев ауданы комсомол мүшесі болып жастар арасында насихат жұмыс жүргізіп Бахтиярова Раушан үлгілі еңбек еткені үшін бағаланып, «Орал өңірі» газетіне шығарды.
Ауданның мәдени өмірі «Біздің де науқан» Мал азығын дайындау кезінде дала қостарында КПСС орталық комитетінің май, ноябрь пленумдарының шешімдерін жүзеге асыру барысы туралы үгіт насихат жұмыстарын жүргізген жұмыстағы еңбегін еленіп, Чапай аудандық мәдениет бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Бесоба кітапханасында түрлі тақырыптарды қамтитын кітап көрмелері шығарылды. Атап айтап болсақ: «Менің елім Қазақстан», «Нұр Отан болашақтың партиясы», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Ақжайық ауданының қаламгерлері», «Қазақстан болашағы қазақ тілінде», «Мемлекеттік тіл елдің айнасы», «Желбіре жеңіс жалауы», «Табиғат ел байлығы», «Денсаулығыңды қорғай біл», «Ертегілер әлемі», «Кітапхана қасиетті шаңырақ», «Жаңа кітаптар». Газет қиындыларының тақырыптық папкілері жинақталған. Д.А.Қонаевтың 65-жылдығына, ел президентінің 2007 жылғы Қазақстан халқына жолдауы. «Тіл тазалығы, ой тазалығы», «Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ» - деген тақырыпта кітапханада көпшілік шаралардың фотолары жапсырылған альбомдар, газет мақалаларының жиынтығы папкалар сақталған. Сонымен қатар кітапхана ауылдағы басқа да қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.
2006 – жылғы Бесоба елді-мекеніне ұзақ жылдар мәдениет саласына жемісті еңбек етіп, ауылымыздың көркеюіне үлес қосқаны үшін Алғабас ауылы әкімінің Алғыс хатына ие болды. Әдеби шаралар қатысушылар мен тыңдаушылардың көрермендердің бастарын біріктіріп, насихаттаудың тығыз орталығы кітапхана болып табылады.
Жазғы демалыс кезінде бастауыш сынып оқушыларымен «Ертегілер еліне саяхат», «Сен білесің бе?» ертеңгілік «Табиғат туған үйіміз», «Денсаулық зор байлық» т.б. танымдық ойын өткізіп отырады. «Кітапхана мәдениет пен білім орталығы» жастармен кездесу, «Ауылдың болашағы – жас ұрпақтың қолында» дөңгелек үстел, «Мамандығым мақтанышым» кездесу кеші, «Туған өлкем неткен көркем» пікір алмасу, «Ақыл – ойдың айдыны» т.б. әдеби кештер өткізілді. Ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсету жұмыстың әдісі мен түрлерін жетілдіру мақсатында «Бір ауылдан түлеп шыққан жастар едік» сұхбат кешін өткізді. Ауылдық кітапхана – ауыл интеллигенциясын, зейнеткерлерді, көп балалы отбасы, балалар және жасөспірімдерді біріктіретін рухани қарым-қатынас, өзара түсінік орталығына айналуы тиіс. Ауыл алтын бесік. Небір дарабоз таланттар, дарындар, данышпандар мен даналар, көсемдер мен кемеңгерлер, әділдіктің қара қылын қақ жарған билер мен от тілді шешендер ауылда дүниеге келіп, қасиетті топырақта кіндік қаны тамды. Ауылда туып, ауылда өскен бүгінгі елімізде белгілі адамдарды жалпы оқырман қауымға насихаттау – кітапханашылардың міндеті.
Кітапхана - рухани байлық ұлы ғұламалардың жазып қалдырған мәңгілік ескерткіш жинақталған білім ордасы рухани байлықты насихаттауда кітап оқуға шақырады мақсат еткен мәдени іс-шаралар кітапханада жыл бойына үзіліссіз жалғасын тауып келеді.
Кітапхана мектеппен тығыз қарым-қатынаста. Кітапханада өткен шаралардың бәрінде мектеп оқушылары қатысады. Жазушы М.Әуезовтың шығармашылығын насихаттауда әдеби кештер ұйымдастырып, Абай күндерін атап өтуде кітапхананың дәстүріне айналған.
Қазақ тіліндегі әдеби кітаптармен қамту жылдан жылға жасқарып келеді. 2007 жылы Раушан Бахтиярова Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Алғыс хатымен марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |