Беттерінше шыгармашылыќпен жїмыс Істеу /сЗлану, табу/ ќзбілет-терін дамыту мјселесін басты чысаиа етіп алєан дїрыс


Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологиялық ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы



бет3/11
Дата20.05.2022
өлшемі215.5 Kb.
#458272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
kur -bastauysh-synyptarda-oqushylarga-qazaq-tilinin-morfologijalyq-zhuyesin-oqytu-26

2.2. Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологиялық ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы.
Тілдің ойлау және қарым – қатынас құралы ретінде қолданылуы оның морфологиялық жүйесінде болатын өзгерістерге тікелей байланысты. Адамның сөздік қоры қаншама бай болса да, егер ол өзі білетін сол сөздерді бір-бірімен байланыстырып қолдана алмаса,білгенінің бәрі босқа қалар еді. Сөзден сөз тудырып, оларды жалғаулар арқылы бір – бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлем ішінде әрқайсысын орын – орына қою үшін көптеген морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап айтқанда, олар мынылар:

  1. сөз құрамы;

  2. сөздердің жасау жолдары;

  3. жалғаулардың жалғану тәртібі;

  4. сөз таптары және олардың қызметі;

  5. әрбір сөз табына жататын сөздердің түрлену және өзгеруі,т.б.

Оқушылар қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен кейінгі сыныптарда (6-7 сыныптар) тереңірек танысатыны белгілі. Бірақ бұл жүйеден қарапайым мағлұматы жоқ бала бастауыш сыныптарда меңгеруге тиісті сөйлеу және жазу дағдыларын мүлде игере алмас еді. Сөзге қосылатын тиісті қосымшаны дұрыс қоса алмаған оқушы қалай сауатты жазбақ? Немесе заттың атын білдіретін сөзбен сол заттың сынын, қимылын білдіретін сөздердің бір – бірімен байланысу тәртібінен хабарсыз бала қалайшы дұрыс сөйлем құрап, өз ойын анық жеткізе алады?! Ал сөйлеу дағдысы дамымаған баланың ойлау қабілетінің дамуында да тежелеу болатыны белгілі. Демек, бастауыш сыныптарда тілдің морфолгоиялық жүйесінен мағлұмат беру ісі тек жеке пәндік тұрғыдан ғана маңызды емес, бұл – осы сыныптардығы оқыту процесінің табысты болуының кепілі. Бастауыш сыныптарда берілетін морфолгиялық білім мазмұнын дәл анықтаудың күрделелігі мынады:

      • егер оқушылардың психо – физиологиялық мүмкіндіктерін ескермей, берілетін теориялық ұғымдардың көлемі көбейтіп жіберсек, оқыту ісін ауырлатып алар едік. Әрі бұл таза теориялық мағлұматтардың меңгертуге айналып, басты мақсат балалардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдысын қалыптастыру мақсаты кейінге ығыстырылар еді;

      • керісінше, оқушылардың іс жүзілік дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөліп, берілетін теориялық білімнің көлемнің ықшамдауға тырыссақ, онда балардың сөйлеу және жазу дағдысының дамуына нұқсан келер еді. Себебі тілдегі заңдылықтардың меңгермей тұрып, дұрыс сөйлеу немесе дұрыс жаза білу мүмкін емес.

Демек, бастауыш сынып тілдің морфологиялық жүйесінен берілетін теориялық мағлұматтар мен іс жүзілік дағдылардың үйлесімін дәл табу қажет. Әрі бұл үйлесіміндәл табу қажет. Әрі бұл үйлесімнің әр сыныптағы морфологиялық ұғымдардан кейін оқытылатын «Сөйлем» тарауындағы тақырыптарға да сай келіп отыруы талап етілуі тиіс.
Бадарлама бойынша тілдің морфологиялық жүйе 2 – сыныптан бастап оқытыла бастайды. Бұл сыныпта оқушылыр сөздердің семантикалық – грамматикалық топтарынан яғни сөз таптарына алғашқы мағлұматтар ала бастайды. Сөз топтары терминдік тұрғыдан ажыратпағанымен, 2-сынып оқушылары «Кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді», «Бас әріппен жазылатын сөздерді», «Не істеді? неғылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздерді», «Қандай? қай? сұрақтарына жауап береді», «Қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздерді» олардың анықтамаларымен бірге оқып үйренуге тиісті. Сонымен қатар әр топтағы сөздердің қайсысына қандай сұрақ қойылатынын біліп, оның себебін түсінулері қажет.Сондай – ақ заттың қимылын, сынын, санын білдіретін сөздермен тіркестіріп сөйлем құрай білу дағдыларын да меңгеруге міндетті. Егер оқушылар бұл соңғы дағдыдан меңгермесе, кейінгі «Сөйлем» тарауындағы мағлұматтарды дұрыс игере алмайды. Тағы бір айта кететін мәселе,2- сыныпқа тілдің морфологиялық жүйесін оқыту барысында оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу және жазу дағдыларын жетілдіруге емлелік заңдылықтарын (мысалы, заттың атын білдіретін сөздерді жекеше түрден көпше түрге айландыру кезіндегі, не болмаса «Қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөзде» тақырыбын өткен кездегі,т.б.) меңгертуге барынша көңіл бөлу қажеттігі ескерілген.
3 – сынып оқушылар ана тіліндегі сөздердің құрама туралы алғашқы түсінік алады. Дыбыстан сөз құрап, олардан сөйлем жасап, оқу мен жазудың меңгеріп қалған балалар енді әлгі сөздердің дайын күйіндегі сөйлем құрамына ене алмайтынын түсінеді.Сөздердің өзгермейтін бөлігін «түбір» деп, ал сөйлем құрамына енер кезде қосылатын бөліктерін «қосымша» деп атайтынын біледі «Негізгі түбір», «қосымша сөз» яғни туынды түбір туралы мағлұмат алады. Сөз тудырушы немесе сөзбен сөзді байланыстырушы болу қызметіне сай қосымшалардың жұрнақ және жалғау болып бөлінетінін ұғынады. Қосымшалардың түбір сөзге дұрыс жалғап жазу емлесін меңгере бастайды.
Оқушылар бұл сыныпта өздері күнде қолданып жүрген сөздер құрамының сөйлеу, жазу кезінде өзгеріп тұратыны саналы түрде оқып үйренуге кіріседі.Сондай – ақ бастауыш сынып оқушылары 3 сыныптан бастап тілдегі сөз таптары туралы да (олардың ғылыми терминдік атаулары,т.б.) кең мағлұматтар алады. Атап айтқанда, «Зат есім», «Сын есім», «Етістік» сияқты сөз таптарының негізгі және туынды түрлерін, болымсыз етістіктерді септік және реттік сан есімдерді бір – бірінен ажыратып, күнделікті өмірде пайдалана білуге тиіс. Олар мұндай мағлұматтарды осының алдындағы «Сөз құрама» тарауынан алған білімдеріне сүйене отырып меңгере алады. Бұған қоса «Сөз таптары» тарауын оқу барысында оқушылар жалақы есім мен жалпы есімнің бір – бірінен өзгешілігін, зат есімнің жекеше, көпше түрлерін, олардың тәуелденуін толық меңгере бастайды. Яғни «Сөз құрамы» тарауында өздері жұрнақ, жалғау деп бөлген қосымшалардың ары қарай да жіктеле беретінін ұғына түседі. Мысалы:





Тағы бір айтатын нәрсе: бұл класта оқушы сын есімнің, сан есімнің, етістіктің зат есіммен байланысып айтылуы туралы жан-жақты мағлұмат алып, оны іс жүзінде саналы түрде білуі қажет. Егер олар мұндай дағдыны меңгермесе, кейінгі «Сөйлем» тарауында оқылатын сөйлем мүшелері, олардың өзара байданысы, бастауыш пен баяндауыштың арасындағы емле ережелері туралы берілетін білімді толық түсінуі қиын. Бастауыш сынып оқушыларының грамматикалық ұғымдарды оқып үйрену кезінде жіберетін қателерінің бірі дәл осы сөз таптары мен сөйлем мүшелері категоорияларын бір-бірімен шатастырып алуында жатыр. Олар бастауыш пен зат есім, баяндауыш пен етістік, анықтауыш пен сан есім арасында ешқандай айырмашылқ жоқ – бірдей ұғым деп қабылдайды. Осының салдарынан, сөйлем мүшелерінің өзара байланысына қатысты емлелік ережелерді түсінбей, шатастырып алады. Сондықтан оқушыға есімдер мен сөйлем мүшелерінің ерекшеліктерін ұғындыруға ерекше көңіл бөлу қажет.


4 – сыныпта оқытылатын морфологиялық ұғымдардың мазмұны әрі күрделене түседі. Бұл сыныпта оқушылар қазақ тіліндегі «Біріккен сөздерді», «Қос сөздерді», «Қысқарған сөздерді» және олардың анықтамаларын, түрлерін, жазылу ерекшеліктерін оқып үйренеді. Әсіресе, «Сөз таптары» тарауында берілетн морфологиялық ұғымдардың мазмұны мен сипаты өте күрделі. Оқушылар осы кезеңде қазақ тіліндегі сөздердің байданысуның ең көп тараған тәсілі – септік жалғауларымен танысады. Септіктің атаулары мен сұрақтарын, зат есімнің жекеше және көпше түрлерінің септелуін төртінші класс оқушыларына барынша толық меңгертудің маңызы зор. Себебі атау сөздердің қалай септелетін толық білмесе, кейін тәуелдік жалғаулы сөздерді, жіктеу есімдігінде де дұрыс септей алмайды. Ал мұнда білім олардың жүйесінде сөйлей білуі мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуы үшін қажет. 4-сыныпта оқытылатын тағы бір жаңа ұғым – зат есім мен етістіктің жіктелуі. Бұл ұғымдар оқушылар осы сыныптан басталатын,танысатын сөз таптарының жаңа түрі – «Есімдік», «Жіктеу есімдіктер» тақырыптарын оқытумен тығыз байланысты меңгертіледі.
Көріп отырғанымыздай, бастауыш мектептің 4 – сынып оқушылары қазақ тіліндегі жалғауларды бір-бірінен ажырата алатын дәрежеде мағлұмат алады екен:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет