Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Өнімді өткізуді қалай талдауға болады?
2.Өнімдерді өткізуді талдаудың қайнар көздері қандай?
3.Өнім ассортиментін қалай талдайды?
8 тақырып: Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау
Дәріс сұрақтары
1.Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау.
2.Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау.
3.Негізгі құралдар пайдалануды талдау.
4.Материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуді талдау.
1. Еңбек ақы қорын талдаудың негізгі мақсаты – кәсіпорындағы еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді бағалау, еңбек өнімділігінің жекеленген көрсеткішін анықтау, еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың резервтерін айқындау және өнімнің еңбек сыйымдылығын анықтау болып табылады.
Еңбекақы шығындарының құрамына кәсіпорынның өндірістік персоналының еңбекақысына кеткен, соның ішінде өндірістік нәтижелері үшін жұмысшыларға, басшыларға, мамандарға және басқа да қызметкерлерге төленетін сыйақылар шығындары, сондай-ақ егізгі қызметке қатысты тізімдік емес құрамдағы жұмысшылардың еңбекақысына кеткен шығындар кіреді.
Еңбекақы шығындарын талдаудағы мақсат еңбекақы қорын пайдаланудың неізділігі мен дұрыстығының дәрежесін анықтау, еңбекақы бойынша өндірістік емес шығындарды анықтау, еңбекақы шығындарының өнімнің өзіндік құнына тигізетін әсерін анықтаудан тұрады.
Еңбекақы шығындарын талдау үшін ақпарат көзі болып бизнес-жоспар мәліметтері, №5-з « Кәсіпорын өнімін ( жұмыс,қызмет ) өндіру және өткізу шығындары туралы мәліметтер» формасының мәліметтері, №1-т «Қызмет түрлері бойынша жұмысшылардың саны мен еңбекақысы бойынша мәліметтер» формасының мәліметері қызмет етеді. Сонымен қатар, талдау үшін бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері тартылады.
Ал кәсіпорынның барлық өндірістік персоналы мен жұмысшылардың жекелеген категорияларының еңбекақы қорын талдауды нақты ( абсолютті ) ауытқуды анықтаудан бастау керек. Осы мақсатта есептік кезеңде іс жүзінде есептелген еңбекақы сомасын еңбекақының жоспарлы қорымен және өткенн кезеңдегі сәйкес мәліметтермен салыстыру керек.
Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі жұмысшылардың іс жүзіндегі саны мен жоспарлық қажеттілік бойынша салыстырып анықтайды. Жұмысшылардың біліктілік деңгейі олардың жұмыс стажынан, білімдерінен, кәсіптік шеберліктерінен тәуелді .
Жұмыс күшінің қозғалысын сипаттау үшін бірнеше көрсеткіштер қолданылады. Жұмысшыларды жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, кадрлар ағыны және ұйымдағы персонал құрамының тұрақтылық коэффиценттері есептеледі. Ұйымды толықтай еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету еңбек өнімділігінің артуына, өндірісті ұйымдастырудың жаңа жолдарын табуға мүмкіндік береді. Егер ұйым өз қызметін кеңейтіп, өндірістік қуатын арттыратын болса, қосымша еңбек ресурстарына қажеттілік туады.
Қосымша жұмыс орындарын құру есебінен өнім шығаруды көбейту резервін оны бір жұмысшының іс жүзіндегі орта жылдық өнімділігіне көбейту арқылы табады.
2.Еңбек ресурстарын пайдаланудың толықтығы бір адамның жұмыс істеген күндері мен сағаттарының саны және жұмыс уақытының қорын пайдалану деңгейі арқылы анықтайды. Жұмыс уақытының қоры жұмысшылардың санынан, бір жұмысшының бір жылдағы жұмыс істеген күнінің санынан, және жұмыс күнінің орташа ұзақтығынан тәуелді .
Жұмыс уақытының жоғалтулары әртүрлі себептерден болуы мүмкін. Мұндай жоғалтуларты азайту өнім өндірісін көбейту резерві ретінде саналады.
Еңбек өнімділігінің деңгейін бағалау үшін жалпылаушы, жекелеген және қосымша көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Жалпылама көрсеткіштерге бір жұмысшының ортажылдық, ортакүндік және ортасағаттық өнім өндірімі, сонымен қоса, құндық өлшемдегі жұмысшының ортажылдық өнім өндірімі жатады. Жекелеген көрсеткіштер-белгілі бір өнім бірлігін шығаруға кеткен уақыт шығындары және бір адам – күндегі немесе адам – сағаттағы өнім шығару шығындары. Көмекші көрсеткіштер уақыт бірлігіне орындалған жұмыстар көлемінің шығындарын сипаттайды.
Еңбек өнімділігінің жалпылама көрсеткіші – бір жұмысшының орта жылдық өнім өндірімі. Оның шамасы жұмысшы өндірімінен ғана емес, еңбек күнінің ұзақтығы мен істелген жұмыс күндерінің мөлшерінен де тәуелді. Бұл көрсеткішке бірнеше факторлар әсер етеді: ортасағаттық өнім өндірімі мен жалпы жұмысшылар тізіміндегі сол өнімді шығаруға қатысқан жұмысшылардың үлес саны.
Факторлардың әсері жалпы өнім көлеміне және ортажылдық өнім шығымы мөлшеріне де қатысты. Еңбек өнімділігін өсіру резервтеріне жұмыс уақытының жоғалтуларын болдырмау, өндіріс қарқының арттыру, еңбек шығындарын азайту жатады .
Ортасағаттық өндірімнің өсу резервін жұмыс күнінің жоспарлы ұзақтығына көбейте отырып, ортакүндік өндірімнің өсіру резервін табуға болады.
Өнім шығымын өсіру резервін анықтау үшін ортасағаттық өнім өндірімінің мүмкін болатын өсімін барлық жұмысшылардың жұмыс уақытының жоспарланған қорына көбейтеді.
Нарықтық экономика шарттарында еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды бағалауға персоналдық рентабельділік көрсеткіші қолданылады.
Еңбек сыйымдылығы - өндірілген өнімнің барлық көлеміне немесе бір бірлігіне кеткен жұмыс уақытының шығындары.
Өнім бірлігінің еңбек сыйымдылығы өнім түрін дайындауға кеткен жұмыс уақытының қорының өндіріс көлемінің қатынасына тең.
Өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету – еңбек өнімділігін арттырудың маңызды факторы. Еңбек өнімділігінің өсімі өнімнің еңбек сыйымдылығын азайту есебінен болады.
Еңбек сыйымдылығының өзгеруі мен ортасағаттық өндірім арасында тәуелділік бар. Сондықтан, өнімнің еңбек сыйымдылығы өзгерсе, ортасағаттық өндірімнің өсу темптері анықталады.
3. Негізгі құралдарды талдаудың мақсаты - негізгі құралдар көрсеткіштерінің динамикасын, олардың деңгейі бойынша жоспардың орындалуын зерттеу, шаруашылық аралық салыстырулар жүргізу.
Талдау үшін мәліметтердің қайнар көздері: кәсіпорынның бизнес-жоспары, техникалық даму жоспары, кәсіпорынның есептік бухгалтерлік балансы, балансқа қосымша, өндірістік қуаттылық балансы, негізгі құралдарды қайта бағалау туралы мәліметтер, негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкалары, жобалық-сметалық, техникалық құжаттар және басқа да құжаттар.
Негізгі қорлар кәсіпорынның негізгі капиталының жалпы сомасында негізгі үлес салмақты алады. Олардың санынан, құнынан, техникалық деңгейінен, пайдалану тиімділігінен кәсәпорын қызметінің соңғы нәтижесі тәуелді болады: өнімдерді өндіру, оның өзіндік құны, табыс, рентабельділік, қаржылық қағдайының тұрақтылығы.
Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін жалпылама сипаттау үшін рентабельділік (пайданың негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құнына қатынасы), қор қайтарымы (өндірілген немесе сатылған өнімдердің қосылған құн салығы, акциздер шегерілгеннен кейінгі құнының негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құнына қатынасы), қор сыйымдылығы (қор қайтарымына кері көрсеткіш), өнімдердің өсімінің бір теңгесіне үлестік капиталдық салулар көрсеткіштері жатады. Сонымен қатар негізгі қорлардың қатысты үнемі есептеледі:
, (1)
мұндағы, ОПФ , ОПФ- базистік және есеп жылдарындағы негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құны; IВП - өнімдерді өндіру көлемінің индексі.
Қорлардың орта жылдық құнын есептеуде тек меншікті қорлар ғана емес, жалға алынған негізгі құралдар да есептеледі және консервациядағы, резервтегі және жалға берілген қорлар жатпайды.
Жеке көрсеткіштер машиналардың, жабдықтардың, өндірістік алаңдардың жеке түрлерін сипаттауда қолданылады, мысалы, бір сменадағы жабдықтардың бірлігіне табиғи бейнеде өнімдердің орташа шығыарылымы, 1 м өндірістік алаңға өнімдерді шығару және т.б.
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың ең жалпылауыш көрсеткіші қор рентабельділігі болып табылады. Оның деңгейі қор қайтарымынан ғана емес, өнімнің рентабельділігінен де тәуелді болады. Бұл көрсеткіштердің өзара байланысын келесідей түрде көрсетуге болады:
Rопф =немесе
Rопф =, (2)
мұндағы, Rопф- негізгі өндірістік қорлардың рентабельділігі; П- өнімдерді сатудан табыс; ОПФ - негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құны; ВП және РП - өндірілген немесе сатылған өнімдердің сәйкес құны; ФО – қор қайтарымы; R, R - өндірілген немесе сатылған өнімдердің рентабельділігі. [10]
Негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымына әсер ететін бірінші деңгейдегі факторлар негізгі өндірістік қорлардың жалпы сомасындағы қорлардың белсенді бөлігінің үлесінің өзгеруі, және қорлардың белсенді бөлігінің қор қайтарымының өзгерісі болып табылады:
ФО = УД. (3)
Қорлардың белсенді бөлігінің қор қайтарымы тікелей оның құрылымынан, жұмыс уақытынан және орта сағаттық өндіруден тәуелді.
Талдау үшін келесі факторлық модель қолданылады:
. (4)
Қорлардың рентабельділігінің деңгейіне қор қайтарымының өзгеруіне факторлардың әсері i- ші фактор есебінен қор қайтарымының нақты өсімін өнімдердің рентабельділігінің жоспарлы деңгейіне көбейту арқылы анықталады.
Негізгі өндірістік қорлардың тиімді пайдаланылуының жеке көрсеткіштерін талдаудан кейін машиналар мен жабдықтардың жеке түрлерін пайдаланудың дережесі талданады.
Жабдықтардың жұмысын талдау оның санын, жұмыс уақытын және қуаттылығын пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер жүйесіне негізделеді.
Жабдықтардың қолда бары және орнатылған (экспуатацияға берілген), өндірісте нақты қолданылып жүргендері, жөндеудегі және модернизациядағы және резервтегі болып бөлінеді.
Өндіріске жабдықтарды тарту дәрежесін сипаттау үшін келесідей көрсеткіштерді есептейді:
нақты бар жабдықтардың паркін қолдану коэффициенті:
Кн = Пайдаланылған жабдықтар саны / Нақты бар жабдықтар саны;
орнатылған жабдықтардың паркін пайдалану коэффициенті:
Ку = Пайдаланылған жабдықтар саны / Орнатылған жабдықтар саны;
Жабдықтарды орнатудың деңгейін сипаттау үшін оның жұмыс уақытының балансы зерттеледі. Оларға келесілер жатады:
уақыттың календарлық қоры – жабдықтар жұмысының максимальді мүмкін уақыты (есепті кезеңдегі календарлық күндер саны 24 сағатқа және орнатылған жабдықтардың бірлік санына көбейтіледі);
уақыттың режимдік қоры – (орнатылған жабдықтардың бірлік саны есепті кезеңдегі календарлық күндеріне және күнделікті жұмыс сағатына көбейтіледі);
жоспарлық қор – жоспар бойынша жабдықтардың жұмыс уақыты. Режимдік уақыттан жабдықтардың жоспарлы жөндеуі мен модернизацияда болуымен ерекшеленеді;
іс жүзіндегі қор – жұмыс уақытының іс жүзіндегі қоры.
Жабдықтардың жұмыс уақытын пайдалануды талдауды сипаттау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:
уақыттың календарлық қорын пайдалану коэффициенті:
Кк.ф. = Тф / Тк; (5)
уақыттың режимдік қорын пайдалану коэффициенті:
Кр.ф. = Тф / Тр; (6)
уақыттың жоспарлы қорын пайдалану коэффициені:
Кп.ф. = Тф / Тп; (7)
календарлық қорда тұрып қалулардың үлес салмағы:
УДпр = ПР / Тк, (8)
мұндағы, Тф, Тк , Тр , Тп- жабдықтардың жұмыс уақытының сәйкес іс жүзіндегі, жоспарлық, режимдік және календарлық қорлары; ПР- жабдықтардың тұрып қалуы.
Талдаудың соңында өнімдер өндіруді және қор қайтарымын жақсартудың резервтерін есептейді. Оларға орнатылмаған жабдықтарды іске қосу, ауыстыру және модернизациялау толық күндік және ішкі сменалық тоқтап қалуларды қысқарту, сменалық коэффициентті жоғарылату, ғылыми-техникалық прогрестің шараларын енгізу.
4. Материалдық қорларды талдаудың қайнар көздері болып шикізаттар мен материалдарды жеткізудің келісім шарттары, материалдық қорлардың түсуі, шығындалуы және қалдықтары бойынша талдамалық бухгалтерлік есептің деректері, бухгалтерлік баланс табылады.
Материалдық қорларды пайдалануды талдаудың негізгі мақсаттары өндіріс көлемін қажетті материалдық қорлармен жабдықтау деңгейін анықтау, материалдық қорларды пайдаланудың тиімділік деңгейін бағалау, материалдық қорларды үнемдеудің ішкіөндірістік резервтерін айқындау болып табылады. Үздіксіз өндірістік үрдіс үшін материалдық қорларға қажеттілікті қамтамасыз етудің қайнар көздерін анықтап алған дұрыс. Олар ішкі және сыртқы болады. Сыртқы қайнар көздерге келісім шарттар бойынша жабдықтаушылардан келіп түскен материалдық қорлар, ал ішкі қайнар көздерге шикізат қалдықтарын азайту, шикізатты екінші рет пайдалану және үнемдеу жатады. Ұйымның материалдық қорлармен қамтамасыз етілуін талдаған кезде материалдық жабдықтау бөлімі жоспарларының сапасы тексеріледі.
Материалдардың мөлшерінен (З), материалдар мен шикізаттың қалдықтарынан (Ост), материал қалдықтарынан (Отх), өнім бірлігіндегі шикізат шығынының үлесінен (УР) өндіріс көлемінің өзгеруі анықталады. Бұл көрсеткіштердің әсерін келесі формуламен есептейді.
(9)
Материалдық қорлардың пайдалану тиімділігін сипаттау үшін жалпылама және жеке көрсеткіштердің жүйесі қолданылады. Жалпылама көрсеткіштерге материалдық шығындардың 1 теңгесіне пайда, материалқайтымдылығы, материалсыйымдылығы, өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындардың үлестік салмағы, материалдарды пайдалану коэффициенті жатады.
Материалқайтымдылығы өндірілген өнім құнын материалдық шығындар сомасына бөлу арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш өнідірілген өнімнің әрбір теңгесінен тұтынылған материалдардың қайтысын сипаттайды.
Өнімнің материалсыйымдылығы – материалдық шығындардың өндірілген өнім құнының қатынасына тең. Өнімнің бір бірлігіне кеткен материал мөлшерін білдіреді.
Өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындардың үлестік салмағы материалдық шығындардың өндірілген өнімнің толық өзіндік құнына қатынасына тең. Бұл көрсеткіштің динамикасы өнімнің материалсыйымдылығының өзгеруін сипаттайды.
Материалдық шығындардың коэффициенті іс жүзіндегі материалдық шығындардың жоспарлы өнім қатынасы арқылы анықталады. Ол өндіріс кезіндегі материалдардың үнемді пайдалануын көрсетеді. Егер коэффициент 1-ден көп болса, материалдардың артық шығындалғанын, ал егер 1-ден аз болса, материалдық қорлардың үнемді пайдаланылғанын көрсетеді.
Материалсыйымдылығының жеке көрсеткіштері материалдардың жекелеген түрлерінің тиімді пайдалануын сипаттау үшін қолданылады. Үлестік материалсыйымдылығы құндық мөлшерде және табиғи бейнеде есептелуі мүмкін.
Материалсыйымдылығы материалқайтымдылығы сияқты шығарылған өнім көлемінен және материалдық шығын сомасынан тәуелді. Жалпы өнім көлемі (ТП) шығарылған өнім санынан (VBП), оның құрылымынан (Уdi) және босату бағалары деңгейінен (ЦП) тәуелді түрде өзгереді. Материалдық шығындардың (МЗ) сомасы өндірілген өнім көлемінен, оның құрылымынан, өнім бірлігіне материадар шығынынан (УР), материал құнынан (ЦМ) тәуелді.
Материалдық қорлар шығындарының өзгеруіне, материалсыйымдылығының деңгейіне әсерін төмендегідей анықтайды:
∆ (10)
Мұндағы, ∆МЕxi, ∆МЗxi, - і фактор есебінен материалсыйымдылығының және материалдық шығындардың абсолютті өсімі.
Егер қандай да бір фактор материалдық шығындар мен өнім көлеміне қатар әсер ететін болса, ол төмендегі формуламен анықталады:
∆ (11)
Материалды қорларды пайдаланудың тиімділігі өнім көлеміне әсер етеді. Оны әртүрлі деңгейде анықтауға болады. Бірінші деңгейдегі факторлардың әсерін төмендегідей анықтайды:
немесе
(12)
Мұндағы, МЗ – материалдық қорлар шығындары; МО – материал қайтымдылығы. Егер материалқайтымдылығы қандай себептен өзгергені болса, өнім көлемінің өзгеруінде тез анықтауға болады, ол үшін материалдық шығындардың іс жүзіндегі сомасына і фактор есебіне материалқайтымдылығының өзгеруін көбейту керек
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Еңбек ресурстарын қалай талдайды?
2.Негізгі құралдарды тиімді пайдалану көрсеткіштері қандай?
3.Материалдық қорларды пайдалануды қалай талдайды?
9 тақырып: Өнімнің өзіндік құнын талдау
Дәріс сұрақтары
1.Өнімнің өзіндік құнын талдаудың ақпарат көздері, маңызы мен міндеттері. 2.Өнімнің өзіндік құнының құрамы.
3.Шығындарды калькуляция баптары бойынша өзіндік құнды талдау.
1.Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі міндеті бұл халықты жоғарғы сапалы өніммен қамтамассыз ету. Өнімді өндіру көлемінің өсу темпі және оның сапаның жоғарлануы, кәсіпорынның тиімділігі және пайдасы - шығын көлеміне әсер етеді.
Кәсіпорынның талдау жұмыстары өнімді өткізу көрсеткіштерін зерттеумен басталады. Оның негізгі міндеттері:
-
өндірістің өнімін өткізу динамикасы мен жоспарды орындау деңгейін бағалау.
-
Осы көрстекіштердің өзгеру көлемін анықталған факторларға әсері;
-
өнімді өткізу және ішкі шаруашылық резервтерді өткізу көлемін анықтау.
-
Өткізілген резервтердің мейрамға үйреншікті әзірлеу.
Өндірістік көлемінің негізгі көрсеткіші тауарлық және валдық өнім болып табылады.
Валдық өнім – бұл барлық өндірілген өнімнің орындалған жұмыстың құны және соның ішіне өндірістің дайын өнім кіреді.
Тауарлық өнім - өндірістің аяқталмаған қалдықтар мен ішкі шаруашылық айналымды қоспағанда.
Өндіріс көлемінің талдауы базистік және тізбектік өсу темпі мен өсімнен зерттеуі басталады.
Номенклатура – бұйымның атауы мен олардың кодтардың тізімі;
Ассортимент - өнімнің әр түрлеріне байланысты өткізу көлемінің тізімі және атауы;
Талдау процессі кезінде өндірістің тауарлық өніммен көлемінің өзгеруін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар оның өткізу көлемін де. Кәсіпорынның қаржылық нәтижесі сату көлемінен әсер етеді, және оның қаржылық жағдайымен төлем қабілеттілігінен.
Өнімді өткізу екі нұсқалы әдіспен талдануы мүмкіндік. Кәсіпорынға табыс тауарлық өнімді жөнелту кезінде анықталған болса, онда тауарлық өнімнің келесідей баланс түрлері болады:
2.Ырғақтылық көлем кестесі мен ассортиментіне сәйкес өнімнің біркелкі өткізу жоспарымен қарастырылған.
Ырғақтылыққа байланысты жоспарды орындалуды бағалау тура және жанама көрсеткіштер қолданылды. Тура көрсеткіштер – ырғақтылық коэффициенті, варияция коэффициенті,, әр бір айға және квартал бойынша өндірілген өнімнің үлес салмағы.
Жанама көрсеткіштер ырғақтылығы қосымша жұмыс үшін төлеу, ішкі шаруашылық субъектінің кесірінен төлеу , ақау кесірінен жоғалтулар және т.б.
Өндірістің зиянсыздығын талдау «шығындардың-көлемдердің-табыстардың» арақатынасын талдаудың қисынды жалғасы болып табылады.
Ұйым өзінің күнделікті нақты жағдайын талдау барысында, сол өндірістің зиянсыздығын талдауға басты орын береді. Демек, өндірістің зиянсыздығын талдау моделі біршама шектеулер мен болжамдар тұрғысында құрылуы мүмкін. Бірақ ол осындай жағдайларына қарамастан, шешім қабылдау барысында қолданатын ең күшті құрал болып табылады. Зиянсыздықты талдаудың мақсаты – белгілі бір деңгейде өндіріс көлемі (немесе оның өнімділігі) өзгерген жағдайда, қаржылық нәтижесі нендей өзгеріске ұшырайтынын анықтау болып табылады. Зиянсыздық нүктесіндегі деңгейін талдау ол барлық деңгейдегі басшыларға, болашақта дұрыс шешімді қабылдау үшін, шоғырланған түрдегі ақпараттарды береді. Талдаудың бұл түрі тәжірибеде үнемі қолданады, өйткені оның көмегімен әртүрлі балама бағдарламаға күрделі есептеулер жүргізбей-ақ тексеруге болады.
Сындарлы өндіру көлемінде графиктерді пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі – ол күтілетін табыстың деңгейін есептеп шығаруды межейді. Бүгінде бизнестің табыстылығын арттырудың бес әдістері бар:
-
Сату бағасын көтеру;
-
Айнымалы шығындарды төмендету;
-
Тұрақты шығындарды төмендету;
-
Сату көлемін арттыру;
-
Сатылатын өнімнің құрылымын жақсарту .
Графиктің экономикалық моделі айнымалы шығындардың жалпы шығындарға тигізетін әсерін тигізеді. Айнымалы шығындардың бұндай функциясы не үдемелі, не жағымсыз болып келуі мүмкін. Ал, бухгалтерлік моделі айнымалы шығындардың тұрақтылығын көрсетеді. Шығындар мен таза табыстың арасындағы тәуелдігін зерттеу мақсатында өндірістің зиянсыздық деңгейін білу үшін талдау жасайды. Осындай талдаудың арқасында, менеджерлер табыстылыққа қарай жетудің жолдарын іздестіреді және сол ізденістер ыңғайлы әдістерді табуға тырысады, сондай-ақ осылардың нәтижесінде тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдауға құштар болады.
Маржиналдық талдау маржиналдық табысты енгізуге және шығындарды тұрақтыға, өзгермеліге топтастыруға негізделген.
Мынаны есте ұстау керек «тұрақты» және «өзгермелі» ұғымдары өнім бірлігінің шығындарына емес, жиынтық шығынға қатысты. Өнім бірлігіне қолдануда кері сурет байқалады; өндіріс көлемі өзгергенде тұрақты шығын өзгеріп, өзгермелі шығын өзгеріссіз қалады.
Мұндай топтастыруда кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің құрылымы мыналарды ұсынады:
1.Сату көлемі.
2.Өзгермелі шығын.
3.Маржиналдық табыс
4.Тұрақты шығын
5.Операциялық пайда (сатудан түскен пайда).
Есеп беруде екі қаржылық көрсеткіш болады: маржиналдық табыс және пайда.
3. Өндірістің технологиялык және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және өндіріс шығындарын есептеудің бірнеше әдістері пайдаланылады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріске кеткен шығындарын есептеудің әдісі деп, кәсіпорынның шығынын бақылау үшін өнімнің нақты өзіндік кұнын есептеу және өндіріс шығындары туралы ақпараттарды есепте топтастыру, жинау бойынша әдістерінің жиынтығын атайды.
Өнімнің өзіндік құнының әдісіне әсер ететін негізгі факторлар ретінде мыналарды атауға болады:
- өндіріс типі;
- өндірістің күрделілігі;
- шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты;
- өндіріс циклының ұзақтылығы;
- аяқталмаған өндірістің қолда бары, құрамы және көлемі.
Өнеркәсіп салаларында өнімнің өзіндік құнына бұл факторлардың тигізетін әсері бірдей емес, сондықтан өнімнің өзіндік құньш калькуляциялаудың әртүрлі әдісін қолдануға тура келеді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесінде шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты басты роль атқарады. Әдетте, өнімдер жай жөне күрделі болып бөлінеді. Жай өнім — бұл жеке бөлшектерден, түйіндерден, детальдардан тұрмайды. Жай өнім болып: көмір, рудалар, мұнай, газ, цемент, тері, ет және т.б. саналады.
Бұл аталған өнімдердің өзіндік құнын есептеу аса күрделі әдістемелерді пайдалануды талап етпейді. Бұндай жай өндірістерде бір ғана өнім түрі калькуляцияланады.
Күрделі өнім деп жекелеген бөлшектерден, түйіндерден, детальдардан тұратын өнімдерді айтады.
Мысалы, машиналар, станоктар, құрал-жабдықтар, автобустар және т.б. Күрделі өндірісте негізгі өнімнен басқа, дайын өнім ретінде оның бөлшектері, түйіндері, детальдары да калькуляцияланады. Бұл соңғылары калькуляциялау әдістемесіне қосымша қиындықтар туғызады.
Калькуляциялау әдістемесін анықтауда өндіріс циклының ұзақтығы басты роль атқарады. Кейбір салаларда оның ұзақтылығы бірнеше сағат кұраса (көмір, кара металлургия, электростанция, т.б.), ал басқаларында бірнеше күнге созылуы мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |