Бүгінгі күнге орындалмай отырған ұсыныстар туралы



Дата17.06.2016
өлшемі33.1 Kb.
#142309
Ақсу ауданы әкімі Ә.Дүйсембаевтың және поселкелік, ауылдық округ әкімдерінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы 2012 жылдың ақпан - наурыз айларында аудан жұртшылығымен өткізілген есепті кездесулеріндегі түскен ұсыныстардың орындалуы жөнінде 2012 жылдың 1 шілдесіне

А Қ П А Р А Т
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 06 сәуіріндегі «Жергілікті атқарушы органдары басшыларының есепті кездесулерін өткізу туралы» №1546 Жарлығына сәйкес Ақсу ауданындағы поселкелік, ауылдық округ әкімдерінің 49 елді мекенінде, аудан әкімінің 18 округтерде және аудандық қорытынды есебі барлығы 19 кездесулер өткізілді. Кездесулердің жүйелік кестесі, аудан әкімінің есебі, азаматтардың ұсыныстары, сын-ескертпелеріне арналған арнайы жәшіктердің орналасу мекен-жайы белгіленген уақытта «Ақсу өңірі» газетінде жарияланған.

Аудан әкімі Ә.Дүйсембаевтың 2011 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есепті кездесулерінде тұрғындар тарапынан барлығы 12 ұсыныс түскен. Оның ішінде: білім, денсаулық, мәдениет ғимараттарын салу және жөндеу – 5, жолдарды жөндеу – 3, тұрғын үй мәселесі – 1, ауыз су мәселесі – 1, басқа да экономикалық сипаттағы ұсыныстар – 2.

Ұсыныстарды орындау мақсатында аудандық іс-шаралар жоспары жасалып, аудан әкімі аппараты, ауылдық, поселкелік округтері әкімдері аппараттары, тиісті аудандық қызметтер мен мекемелері бойынша жауапты қызметкерлер бекітіліп, ұсыныстардың орындалуы бақылауға алынды.

2012 жылдың 1 шілдесіне 4 ұсыныс өз шешімін тапты.

Атап айтсақ: Сырттанов ауылында ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жаңа ғимаратын салу, Ақсу – Ойтоған елді мекендер арасындағы автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, аудан орталығындағы Жансүгіров көшесіндегі бұзылып, бос тұрған төрт қабатты, 38 пәтерлі үйді күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу және Матай поселкесінде қоғамдық монша салу үшін жер телімін заңдастыру жұмыстары іске асуда.

Бүгінгі күнге орындалмай отырған ұсыныстар туралы: өртеніп кеткен Матай орта мектебінің ғимаратын жаңадан салу, Құраксу, Алажиде, Көшкентал орта мектептерінің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, Егінсу ауылында жаңа пошта байланыс торабын ашу ағымды жылдың 1-ші қыркүйегіне белгіленген болса, Жансүгіров поселкесіндегі Шонай батыр, Қапал ауылындағы Бейбітшілік көшелерінің көлік жөлына ағымды жөндеу, Энергетик елді мекенінің ауыз су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары 1 қарашаға дейін аяқтау жоспарланған. .
Поселкелік, ауылдық округ әкімдерінің 49 елді мекенінде өткізілді.

Бұл есепті кездесулерінде тұрғындар тарапынан барлығы 13 ұсыныс түскен. Оның ішінде: білім, денсаулық, мәдениет ғимараттарын салу және жөндеу – 5, жолдарды жөндеу – 3, басқа да экономикалық сипаттағы ұсыныстар – 5.

Ұсыныстарды орындау мақсатында аудандық іс-шаралар жоспары жасалып, аудан әкімі аппараты, ауылдық, поселкелік округтері әкімдері аппараттары, тиісті аудандық қызметтер мен мекемелері бойынша жауапты қызметкерлер бекітіліп, ұсыныстардың орындалуы бақылауға алынды.

2012 жылдың 1 шілдесіне 13 ұсыныстың 7-і іс жүзіне асты.

Атап айтсақ: Ақсу – Жаңалық ауылдар арасындағы көлік жолына шұңқырлы жөндеу, көктемгі егіс жұмыстарының басталуына байланысты Суықсай, Есеболатов ауыл тұрғындарының сұрауы орай бау-бақшаларын, ауылшаруашылық егістіктерді суғарудың жағдайын жақсарту бойынша осы ауылдарда құрылған су пайдаланушылар кооперативтермен бірлесе отырып, су жүретін каналдарына тазарту, тегістеу жұмыстары жүргізілді.

Құрақсу, Сырттанов ауылы тұрғындарының газет-журналдардың уақытында келуін қамтамасыз туралы сұраныстарына байланысты, қажетті жұмыстар жүргізіліп, қәзіргі уақытта тұрғындар жазылған газет-журналдарды уақытында алуда.

Жансүгіров поселкесінің тұрғындарының елді мекенде қаңғып, бос жүрген иттердің көбейгендігі туралы өтініштеріне орай, осындай иттерді ату жұмыстары жүргізілді.

Сырттанов ауылында ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жаңа ғимаратын салу жұмыстары басталып кетті.



Бүгінгі күнге орындалмай отырған ұсыныстар туралы: Көлтабан орталау мектебінің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, Е.Жайсанбаев, Қ.Терібаев атындағы орта мектептерінің, Ойтоған ауылындағы балабақша ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу ағымды жылдың 1-ші қыркүйегіне белгіленген болса, Жансүгіров поселкесіндегі Ақын Сара, Қапал ауылындағы Ғ.Орманов көшелерінің көлік жөлына ағымды жөндеу жұмыстары 1-ші қарашаға дейін аяқтау жоспарланған.

Аудан әкімдігі, поселкелік, ауылдық округ әкімі аппараттары және мекемелер тарапынан түскен ұсыныстарды орындау мақсатында келешекте де тиісті жұмыстар атқарылмақ.



Аппарат жетекшісінің

міндетін атқарушы Н.Үсенов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет