Модаль баяндауыштар
Көп жағдайда біз грамматикалық мағынаға байланысты, субьектінің айтылған пікірге қатынасын, пікірін, бағасын білдіретін формаларды ғана модальділік категория қатарына жатқызамыз.
1. Болжалдылық мағынасын білдіретін: алды-алған сияқты, кіші-кіші болу сияқты.
2. Істің предикативті сапасын субьектіге танылу сипатын білдіретін формалар: алды-алған екен.
3. Іс-әрекетті жасанды сипатта атайтын формалар.
4. Іс-әрекетті нұсқа ретінде сипаттайтын: алыпты-мыс.
Модальділік категория тілімізде тек баяндауыштық формалары арқылы ғана көрінінбейді. Сонымен қоса ол сөйлемде түрлі қыстырма сөздерді енгізу арқылы да жасала алады.Іс-әректті жасанды түрде етіп көрсетуге арналған баяндауыштар-модальдік топтың бір тобына жатады. Олардың өздерінің формалары, еркшеліктері және жасалу жолдары бар [109,645].
Жедел өткен шақ етістік+болды, алды болды -ған, -ген формалары есімше+болды ретінде құралған баяндауыштар.
Мысалы, Біз оны естіген болдық [124,56].
Жедел өткен шақ етістік+қылды -ған, -ген формалы есімше+қылды.
Мысалы, Ақбілекті есіктен көрді қылды [124,65].
Баяндауыштың болжауды білдіретін модальдік формасы мағынасы жоқ форманы негізге алып, түрлі көмекші компаненттері (шылау, көмекші етістік) үстеп жасалады: алған-алған сияқты, алған көрінеді [109,642].
Достарыңызбен бөлісу: |