Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл



бет56/88
Дата02.02.2022
өлшемі1.08 Mb.
#455055
түріДиссертация
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88
ҚАЗАҚ,ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ШЫҒАРМАЛАРДА АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Time, as they say, it is a great healer [101,137].

Онысы рас та ғой деймін: ең алдымен, оның кескін-кейпінде әкеме аздаған ұқсастықтар бар, сәресе мағолша қиғаштау біткен көзі, екіншіден, шапшаң мінезі.

Қыстырма сөздерге қарағанда модаль сөздер сөйлеушінің айтылғанға бағасын білдіру үшін қолданылатын нақты мағынаны қамтиды. Ағылшын тілінде модаль сөздерге perhaps, maybe possibly, probably және т.б.сөздер жатса, қазақ тіліндегі модаль сөздерге мүмкін, сияқты, сықылды, сынды және т.б. сөздер жатады.

Perhaps you will tire soon than he will.” [101,12].

Әрине, мұндай жұмыс екінің бірі, егіздің сыңары, жалпылама адамның қолынан келмес [124, 92].

Модаль сөз бен қыстырма сөздерді салыстыру барысында тыныс белгілеріненазар аударған жөн. Қыстырма сөздердің сөйлем ішінде үтірлермен айырылуы оның сөйлемдегі дербес мәртебесін дәлелдейді. Егер үтірлерді алып тастаса да, сөйлемнің мағынасы өзгермейді. Демек, кез келген қыстырма сөздің негізгі қызметі сөйлеуші арқылы берілетін сөйлемге жаңа, қосымша ақпарат беруі болып табылады [24].

Модаль сөзінің негізгі функциясы обьективті шындық пен айтылғанның арасындағы қатынасы туралы сөйлеушінің пікірін білдіру болып табылады.

Сөйлеудің шындыққа қатынасын орнату барысында қыстырма сөздерге тән емес, модаль сөздер обьективті шындықтың субьективті шығылысына тән. Модальділік функционалды-семантикалық категория, ал қыстырма сөз формальді-грамматикалық категория болғандықтан мақал-мәтелдерде, қанатты сөздердер құрамында модальділікті бері тәсілі ретінде қолданыла алады

[41,233].

Г.П.Немец (1990), Э.У.Илебаев (1997), Т.А. Клепикова (1998) сынды авторлардың ағылшын тіліндегі модальділіктің зерттеулері туралы диссертациялық жұмыстарына сүйене отырып қыстырма сөздерді мынандай топтар бойынша топтастыруға болады [41,98].

Ағылшын тілінде:


  1. Сенімділік, болжамдылық, ықтималдылықты және т.б. беретін сөйлемнің қыстырма мүшелері. (of course, most likely және т.б. )

  2. Фактілердің басқа фактілермен байланысын білдіретін байланыстырушы немесе қарамақарсылық мағынасын білдіретін қыстырма мүшелері. (on the contrary, besides, moreover, vice versa және т.б)

  3. Құбылысқа немесе фактіге қосымша ақпарат беретін және бағалағыш мағынасын білдіретін қыстырма мүшелері. (to tell the truth, by the way, frankly speaking, needless to say және т.б.)

Ағылшын тілінде қыстырма сөз дегеніміз сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысынбілдіретін құбылыс және ол берілген сөйлемді басқа сөйлеммен байланыстырады. Ағылшын тілінде бұл құбылыс (Parenthesis) деп аталады. Қыстырма сөз басқа сөйлемдермен грамматикалық тұрғыдан емес, ал семантикалық байланыста болады [24,58].

Ағылшын тілінде қыстырма сөздер осылар арқsлы беріле алады:



        1. Indeed, certainly, assuredly, decidedly, in fac, truly, aturally, surely, actually, perhaps, possibly, evidently, obviousy, maybe сияқты модаль сөздер арқылы;

        2. Байланыстыру қызметін атқаратын finally, thus, then, secondly, firstly, nevertheless, otherwise, therefore, anyway, consequently, still, yet, besides, moreover сияқты үстеулер арқылы;

        3. Шылаулы фразалар арқылы. Мысалы: in a word, in truth, in my opinion6 in short, by the by, on the one hand, on the contrary, at least және т.б.

        4. Инфинитивті және көсемшелі фразалар. Мысалы: to be sure, to tell the truth, to bigin with, generally speaking және т.б. [24,61].

Қазақ тіліндегі қыстырма сөздер мынадай төмендегідей негізгі мағыналарда қолданылады:

  1. Сөйлеушінің әр түрлі көңіл-күйін білдіреді: Шіркін, амал қанша, бағымызға (бақытымызға) қарай, соры қайнағанда, өкінішке орай.

  2. Айтылған ойға сенім, жорамал, күдік, болжау мәндерін қосады: сірә, әрине, мүмкін, рас, сөз жоқ, сөзсіз, өзіңе мәлім, шамасы, ұмытпасам, кім білсін, қалай, тегі т.б.

  3. Ойдың айтылу тәртібін, жүйе, ретін білдіру, топшылау, қорыту мәнінде жұмсалады: демек, қысқасы, жалпы алғанда, ақырында, міне, сонымен т.б.

  4. Айтылған ойға сөйлеушінің өзінің я басқа біреудің көзқарасын, кімнің пікірі екенін қоса білдіру үшінжұмсалады: меніңше, сізше, оның ойынша, оның айтуынша, айтуына қарағанда, айтуы бойынша, мен білсем т.б.

  5. Айтылған ойлардың өзара байланысын, жалғас ретін білдіреді: біріншіден, екіншіден, бір жағынан, екінші жағынан, сонымен, мысалы, мәселен [136].

Осылайша ағылшын және қазақ тілдеріндегі қыстырма мүшелер мен сөздер модальділікті білдірудің синтактикалық тәсіліне жатады. Өйткені олардың модальділік мағынасы тек қана сөйлем құрылымда, яғни басқаша айтқанда басқа мүшелердің аумағында ғана беріледі.

Осы аталған синтактикалық тәсілдерден басқа Н.Е.Петров осылардың қатарына қаратпа сөзді де жатқызады. Ол оны қарату, көңіл аудару, шақыру сияқты модальді мағынаны білдіреді деп түсіндіреді. Осымен бірге қаратпа сөздің қалай берілгендігіне назар аудару керек. Арнайы жұрнақтар мен одағай сөздер автордың айтылғанға қатынасын білдіруде белгілі қатынасты білдіруі мүмкін [34].

Ағылшын және қазақ тіліндегі модальділіктің синтактикалық берілу тәсілдерін зерттеу осы екі тілдің модальділікті білдірудің синтактикалық тәсілдерінің ерекшеліктері, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтауға мүмкіндік берді. Жалпы екі тілде де бірдей синтактикалық тәсіл ретінде қыстырма сөздері мен мүшелерін қарастыруға болады. Оларды синтактикалық тәсіл ретінде қарастыру оарды тек қана лексикалық аясында қолданумен түсіндіріледі. Өйткені өз бетінше олар модальді мағынаны білдірмейді. Арнайы ағылшын тіліне тән синтактикалық тәсілге құрмалас сөйлемдердегі шылаусыз байланысу жатса, қазақ тіліне қаратпа сөз жатады. Барлық синтактикалық тәсілдер модальділіктің субьективті жағын құрайды, өйткені айтылымның бағасы туралы автордың қалауы бойынша хабарлауды білдіреді.

Одағай деп адамның сезімін, көңіл-күйін, бұйрығын, шақыру мәнін сөйлемнен тыс тұрып білдіретін сөз табын атаймыз [136,264].

Одағай сөздердің құрамы, мағынасы және сөйлемге қатысы да басқа сөз таптарынан ерекше болып келеді. Оның басқа сөз таптарынан осындай ерекшеліктері бар:


    1. Одағай сөздердің мағынасы шындық өмірдегі затты, құбылысты, қимыл-әрекетті білдіруге қатысты емес. Осымен байланысты ол сөйлемдегі ойды білдіруге қатыспайды.

    2. Одағай-түрленбейтін сөз табы, одағайдың грамматикалық категориясы жоқ.

    3. Одағай сөйлем мүшелерімен байланысқа түспейді.

    4. Одағай сөйлем құрамына кірмейді, сөйлемнен оқшау тұрады.

    5. Одағай сөйлемнен тыс тұрып, сөйлемге қосымша реңк қосады.

    6. Одағай сөздкр-сөйлемде ерекше интонациямен айтылады. Алдымен, одағайлар сөйлемнен оқшауланып, өзінен кейін сәл үзіліспен айтылады [136,266].

Одағайлар өз ішінде морфемдік құрамы жағынан екіге бөлінеді. Олар: 1) негізгі одағайлар, 2) туынды одағайлар. Негізгі одағайлар бір ғана морфемадан тұраы. Мысалы: әй, па, туу, оһо, я, қап, пай, бәсе, пәле, беу, уау, а, кә, беу, уһ, а, паһ, ой және т.б.

Туынды одағайларға сөздердің бір-бірімен кірігуі, бірігуі арқылы одағай сөзге ауысқан сөздер жатады. Мәселен, ойпырмай, япырмай, апырай, ой-пірім-ай, я-пірім-ай, мәссаған, масқарай, бәрекелді деген сөздерден шыққан. Мысалы, Ура! Стоп! Бис! Деген одағайлар орыс тілінен келген.

Одағайдың іштей мағыналық ерекшелікке бай. Одағай мағыналық құрамы жағынан үш топқа бөлінеді:


      1. Көңіл-күй одағайлары.

      2. Бұйрық типтес одағайлар.

      3. Тұрмыс-салт одағайлары [136,265].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет