Библографиялық және ғылыми ақпарат.Ғылыми ақпарат түрі,ғалымды информациялық іздестіру қызмет обьектьсі көзіретінде библограиялық және ғылыми ақпарат. Оқудың зерттеу нәтижелерін бекіту құралы ретінде анлитикалық шолу


Библиографиялық ақпараттандыру – қызмет көрсетудің ең күрделілерінің бірі. Оның негізін оқырмандар сұранысына сәйкес ақпаратпен қамтамасыз ету құрайды



бет3/4
Дата06.10.2022
өлшемі114.9 Kb.
#462081
1   2   3   4
13апта

Библиографиялық ақпараттандыру – қызмет көрсетудің ең күрделілерінің бірі. Оның негізін оқырмандар сұранысына сәйкес ақпаратпен қамтамасыз ету құрайды.

Бұқаралық библиографиялық ақпараттандыру

Бұқаралық библиографиялық ақпараттандыру оқырмандар мен ұжымдарды жаңадан түскен әдебиеттер туралы мәліметтермен таныстыруға бағытталады.

Бұқаралық библиографиялық ақпараттандырудың кең таралған түріне кітапханаға жаңадан түскен әдебиеттер туралы мәліметтеремен ресімделген ақпараттық бюллетень шығару жатады.

Бюллетеньдерге қойылатын негізгі талаптардың бірі – жеделдік және ақпараттық интервалдың аз болуында (әдебиеттің кітапханаға келіп түскен уақытынан бастап кезекті бюллетеньге енгізілу мерзімі). Ең тиімді нұсқа – айсайын шығарылатын бюллетеньді бір жарым айдан кешіктірмеу.

Бюллетень шығаруға мүмкіндігі жоқ кішігірім кітапханаларда жаңадан түскен әдебиеттер тізімін жасап, ережеге сәйкес кітап беру үстелінің жанына іліп қойылады.

Оқырмандарды жаңадан түскен әдебиеттермен таныстырудың тиімді жолдарына мамандар күні, ақпараттандыру күндері, көрмелер жатады. Олардың артықшылығы оқырмандардың кітапханаға түскен әдебиеттермен тікелей таныса алуында. Бұл шаралардың қаншалықты қажеттілігін сауалнама жүргізу арқылы анықтауға болады.


Дәйексөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.
Дәйексөз, негізінен, баспасөз материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет