Биғаш селолық округінің әкімі Р.Наурызбаеваның тұрғындармен есептік кездесуіндегі баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ
Биғаш ауылдық округінің тұрғындарының саны 655 адамды құрайды. 42 адам бюджеттік салада, кәсіпкерлікпен 7 адам айналысады, жұмыспенсыз есебінде 3 адам, шаруа қожалығында – 29 адам, экономикалық белсенді емес халық саны: 301, оның ішінде 59-ы мектеп жасына дейінгі балалар,69 – оқушы, 43 – студент,112 – зейнеткер. 2014 жылы 2 бала туса, 5 адам қайтыс болды. Округте 1 азық-түлік және 2 киім-кешек сататын сауда орны жұмыс істейді.Жеке кәсіпкерлермен бағаны тұрақтандыру мақсатында түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады.Соның нәтижесінде бірінші кезектегі азық –түлік бағалары аудан бойынша тұрақты деуге болады.Жергілікті кәсіпкерлерде Тоқпанова Раушанның шағын дүкенінде күнкөріс деңгейі төмен отбасыларына арналған әлеуметтік көмек бұрышы бар.Тәуелсіздік күніне орай,Раушан өз қаражатына биылғы жылы 48 бөлке нан пісіретін шағын наубайхана ашты.Төлегенова Сара өз қаражатына ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлермен келісіп,сүт өнімдерін қабылдап,өткізетін шағын пункт,сауда нүктесін ашуды жоспарлап отыр. 2014 жылы жұмыспен қамту орталығында тіркелген адам саны 7 болса, 3 адам тұрақты және жалдамалы жұмысқа орналасты.Былтырғы жылда 5 адам ақылы жұмысқа тартылды.Олар көркейту,көгалдандыру жұмыстармен айналысып,ҰОС жеңісінің 70 жылдығына байланысты көптеген жұмыстар атқарылды.
Округке өз шаруашылығын дамыту мақсатында,шаруа қожалықтарынан 57млн 745 теңге мөлшерінде инвестиция құйылды.Олар «Мирон»ШҚ А.М.Лискеевич ауыл шаруашылыққа қажетті МТЗ 82 жаңа модульді тракторын,пресс машинасы және «Мерей»ШҚ Т.Джамбаев, «Тәуекел» ШҚ, Б. Сабитов, «Еркебулан»ШҚ О.Қамзаев трактор және шөп пресін, «Жаманғара» ШҚ О.Фазылов МТЗ-92 тракторын;«Мысыр»ШҚ Б.Амренов МТЗ 82 тракторы;ШҚ «Сәт»МТЗ 82 тракторы, «Ерке»ШҚ Т.Қырықбаев Егінбұлақ ауылынан МТЗ 82,асыл тұқымды малдар алынған, «Виктория»ШҚ В.Виничук, «Заря» А.Чинтемиров ауыл шаруашылығына қажетті техникалар және қондырғыларын сатып алды.
«Жұмыспен қамту -2020»бағдарламасы аясында биылғы жылға 1 траншпен 4 адам- 6,5 млн теңгеге несие алды,олар Егінбұлақ ауылынан Т.Қырықбаев, Б. Ермекбаева, Биғаш ауылы А.Алимбаев, А.Хабибулин ШҚ ашып, мал басын асылдандыруға және егін шаруашылығымен айналысатын азаматтар 2 траншпен 8 млн-ға сұраныс берілген. Биғаш селолық округі «Тобыл-несие» серіктестігіне 10млн 334мың 156тенге қарыз, олар ШҚ «Жаманғара» О.Фазылов және наубайхана ашқан Г.Нұрғалиева осы аталған қарыздар қайтарылмай,округке несие берілмейді.Кәсіпкерлікті дамыту картасы бойынша 5 адамның қажетті құжаттарын ұсынған ауыл тұрғындарының тізімі аудандық жұмыспен қамту орталығының бақылауында.
Бүгінгі күні округтегі тұрғындар мен шаруашылықтарды 2956 бас ірі қара,9834 бас қой-ешкі,563 бас жылқы,2200 бас құс бар. Округте 1 дәрігер- ММҚК-нан,тағы қосымша 2 ветеринар келісімшартпен жұмыс атқарады. Округтегі әкімшілік жер көлемі - 24813 га.Барлық жер көлемі экспликация бойынша 148969 гектар, оның ішінде шабындық – 6895 ,егістік-19470, жайылым-120832 гектар жер, бар. Округтен тыс аудан бойынша тіркеліп,жер телімін алған 29 ШҚ құжаттарын заңдастырып, егін және мал шаруашылығымен айналысады.Тіркелген 7 ШҚ егін егумен айналысады. Олар 2014 жылы 995 гектар жерге бидай егілді,оның ішінде 291 гектар арпа, 360 гектар күнбағыс. Жалпы егін шаруашылығымен айналысып жүрген 4 шаруа қожалығы – 1,416 мың теңге үкіметтен субсидия алды. 2013 жылы«Жаманқара» ШҚ – 790 гектар егістік,10000 га. жайылым,1000 гектар шабындық жер құжаттарын заңдастырған.
Күн тәртібінде тұрған мәселе–салық базасын нығайту болып табылады.Селолық округінде 2014 жылға салық жоспары 100 % пайызға орындалды яғни, Мүлік салығы 9687теңге ,Жер салығы- 46168 теңге, Көлік салығы -805061 теңге,барлығы 860916 теңгені құрайды. Бюджетке қосымша түсімдерін іздестіру жөніндегі берілген жоспар 797000:орындалғаны 589230 мың тенге,74 пайыз ғана орындалды,бұл мәселеде салық қызметкері нақты жұмыс жасауы керек.
Автоматталынған байланыс бөлімшесі 105 абонентке қызмет көрсетеді.Қарғалы – Комсомол,Егінбұлақ ауылдарында 3 сөйлесу пункті жұмыс істеп тұр.
Денсаулық қорғау саласы бойынша әр елді мекенде 3 фельдшерлік пункт тұрғындарға қымет көрсетуде. Көмір және жабдықтарменен қамтамасыз етілген. Керекті дәрі – дәрмекпен округ дәрігері М.Қ.Жатақова қамтамасыз етеді. Дәрігерлер тарапына арыз шағымдар болған жоқ.14 жасқа дейінгі балалар үшін профосмотр жасалынды.50-60 жас аралығындағы әйелдерден жедел жәрдем машинасымен Семей қаласына 15 адам тексерілуге апарылды.2 жыл қатарынан ауылға Өскемен қаласынан жылжымалы флюорография келіп,халыққа қызмет көрсетіп 140 адамды тексеруден өткізді.
Селолық округ бойынша 1 орта мектеп бар.Мұғалімдер ұжымы дені жастар, оқушы саны округ бойынша-51. Оның ішінде мектепалды даярлық тобында 11оқушы. «Балапан»бағдарламасымен шағын орталық тобында 16 бала қабылданып,жарты күндік жұмыс істейді.Мектепте барлығы 21 кабинеттің,оңтайландыруға байланысты 12 кабинеті жұмыс істеп тұр.Сметалық құжаты дайын,спорт залға қажетті қаражат шешілмей тұр.Қазіргі талапқа сай спорттық құралдар жоқ. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында қаладағы ауыл жастарының бастамасымен 15 маусым күні спорттық ойындар,көкпар,күрес,аламан бәйге өткізіліп, белгіленген жүлделер тапсырылды. Клуб үйлері ағымды жөндеуден өткізілді, электр желісі тартылған, 4клуб жұмыс істеп тұр.
Таза ауыз –су мәселесі былтырғы аудан әкімінің есебінде айтылып,нәтижесінде орталықтан 1 колонкалы су құбыры қосылды. 2015 жылғы баспасөзге жазылу жоспары 100 пайызға орындалды.
Биғаш селолық округі бойынша заң, әкімшілік – құқық бұзушылық 2013жылы 27 факті тіркелсе,2014 жылға 20 факті тіркелді,өздеріңіз көріп отырғандай 7 факті болса да азайған.
Селолық округтің қоғамдық ұйымдар ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Алимбаев ақсақалдар алқасының төрағасы Д.Джақсыбаев және әйеледер кеңесінің төрайымы М.Жатакова,әжелер атынан Г.Байсенгирова округ бойынша атқарылып жатқан шараларға қолдау көрсетіп тұрды.
Округтегі 2014-2018 жылға толғандыратын және орындалатын мәселелер:
-
Клубтар, әкімшілік ғимараттарының төбелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
-
Ұзақ уақыт пайдаланылмай тұрған ғимараттарға инвесторларды тарту, ауылды көркейтуге құрылыс материалдарын қажетіне қарай жарату;
-
Жер ауқымын кеңейтетін шаруа қожалықтарына жер беру, жерге деген жауапкершілікті күшейту, әкімшілікке қатысты мәселелерді дер кезінде шешу;
-
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына байланысты несие алу;
-
Биғаш ауылындағы көше жолдарын жөндеу,қосымша жарықтар орналастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |