Мазмұны ұзақ мерзімді жоспар 3



бет1/32
Дата19.12.2022
өлшемі2.03 Mb.
#467499
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»


ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ


АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Оқу жоспары
2019-2020 оқу жылы
4-сынып

Нұр-Сұлтан 2019




МАЗМҰНЫ



Ұзақ мерзімді жоспар 3
1-бөлім. Программалау 4
2-бөлім - Робототехника. Лабиринт және кегль-ринг 21
3-бөлім - Бейне жасау 39
4 бөлім – Презентациялар 45
5-бөлім - Болашақтың компьютерлері 56
Қысқа мерзімді жоспар 67

Ұзақ мерзімді жоспар





1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1 бөлім - Программалау

Айнымалылар


Кейіпкерлердің костюмін өзгерту
Өз ойынының сценарийі
Логикалық операторлары
Салыстыру операторлары
Өз ойыным

2 бөлім. Робототехника.
Лабиринт және кегль-ринг

Түс датчигі


Бағдаршам- робот
Ультрадыбыс датчигі
Лабиринттен шығу
Кегль-ринг

3 бөлім. Бейне құру

Видеожазба


Видеоны өңдеу

5 бөлім. Болашақтың компьютерлері

Интернетке деректер жіберу Пароль сенімділігі


Болашақтағы компьютерлер
«Болашақтағы компьютер» шағын жоба



4 бөлім. Презентациялар

Презентацияға арналған ақпарат


Презентанциядағы дыбыстар Презентанциядағы бейне
Презентанциядағы анимация



Ескерту:



Ұ = ұжымдық жұмыс
Т = топтық жұмыс
Ө = өзіндік жұмыс
Ж = жұппен жұмыс

Қ = қалыптастырушы бағалау
М = мұғалімнің түсіндіруі
К = көрсетілім
Э = эксперимент


Орта мерзімді жоспарлар



АКТ – Бастауыш мектеп, 4 сынып

1-бөлім. Программалау

Алдын ала меңгерілуге тиісті білімдер

Оқушылар дайын сценарий бойынша ойын құрастыра алады және Scratch программалау ортасында бірнеше сахналармен, кейіпкерлермен жұмыс атқара алады.

Мәнмәтін

Бұл бөлім «Менің Отаным - Қазақстан», «Адами құндылықтар» ортақ тақырыптарына жатады және оқушылардың бастапқы программалау қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді. Бұл бөлімде айнымалылар, логика негіздері, логикалық салыстыру және қайталау операторлары қарастырылады. Нәтижесінде оқушылар тоқсан бойы орындаған жұмыстарын біріктіріп, ойын жобасын құрастыра алады. Өз ойындарының сценарийін оқушылар мәтіндік редакторын қолдана отырып, кесте түрінде ұсынады. Ойын құрастыру кезең барлық тақырыптарды бекітуіне ықпал етеді.

Осы бөлімдегі тілдік мақсаттар
Оқушылар үшін академиялық тілге сәйкес тілдік мақсаттың мысалы төменде ұсынылған.

Пән бойынша оқу мақсаты



Оқытудың тілдік мақсаты



Пәндік лексика және терминология

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер

Оқушылар:
- айнымалыларды қолдана алады;
- кірістірілген қайталау операторын жүзеге асыра алады;
- мәтінде қарапайым кестелер жасай алады
- логикалық операторларды пайдалана алады;
- салыстыру операторларын пайдалана алады;
- өз сценарийі бойынша ойын жасай алады.

Оқушылар:
- өз сценарийін талқылау;
- ойынды құру алгоритмын және ойын сахнасын сипаттау;
- қолданылған спрайттарды, логикалық және салыстыру операторларды, олардың қызметтерін атап шығу.

кейіпкер, костюм, сахна, блоктар, оқиға, командалар, орындалу реті, айнымалылар, қайталау, цикл, егер, шешім, алгоритм, логика, салыстыру операторлар, логикалық операторлар, өрнектер.

Бұл ойында келесі айнымалылар қолданылады …
Менің спрайтымда … костюм бар.
Бұл спрайтта … циклы қолданылған.
Менің/біздің жобамның/жобамыздың мағынасы …
Мен/біз бұл мәселені … шештік.
Біз осы шешімге … себептен тоқтадық.
Мен скриптіні тестілеу барысында … жұмыс істеп тұрғанын, ал … жұмыс істемей тұрғанын анықтадым… Сондықтан мен келесі шешімге келдім …

Басқа да тілдік мақсаттар қою үшін, сонымен қатар, академиялық тілді оқыту және үйрену үшін қолданылатын оқытудың тілдік мақсаттарына қатысты қосымша нұсқаулықтар алу үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» мәтініне қараңыз.

Қысқаша шолу

Оқушылар тестіленген және өзі құрастырған ойынның нәтижесін нақты көрсететін шешімді ұсынуі тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет