Билет №1 «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты



бет1/29
Дата09.07.2023
өлшемі78.96 Kb.
#475596
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
3 емтихан жауаптары


Билет № 1
1. «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты.
Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламасы оқушыларды қазақ және әлем балалар әдебиетінің түрлі жанрдағы көркем шығармаларымен таныстыруға, олардың оқу дағдылары мен оқырмандық біліктілігін қалыптастыруға, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағытталады. 
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
«Әдебиеттік оқу» пәні:
1) көркем шығармалар арқылы оқушының бойында ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерінің үйлесімді дамуына;
2) халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдеби шығармаларды оқып-талдау арқылы қазақ тілінің бай эстетикалық мұрасымен танысуына;
3) әдеби шығармалар арқылы қазақ ұлтының мәдениетін, тарихын меңгеруіне;
4) сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамының қалыптасуына;
5) әдеби мәтіндердің жанрын, стилін, құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін ажырата білуіне;
6) отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысуына;
7) әдеби-теориялық білім негіздерінен бастапқы түсініктерді меңгеруіне;
8) әдеби туындыларды өз бетімен оқу арқылы тұрақты оқырмандық қызығушылығының қалыптасуына;
9) сын тұрғысынан ойлау дағдысының дамуына;
10) оқу сауаттылығы мен шығармашылық жазу тілінің қалыптасуына;
11) анықтамалықтармен, сөздіктермен, библиографиялық әдебиеттермен, басқа да ақпарат көздерімен жұмыс істей білуге дағдылануына ықпал етеді.

  1. Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесін зерттеу пәні, міндеттері, әдістері.

«Жаратылыстану» пәнін оқыту міндеттері:
- пәннің құрамындағы деректермен білімдер негізі оқушылардың табиғат туралы және кез келген денелер мен құбылыстар бойынша негізгі білім көздерін қалыптастырады.
- пәннің оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларына: сұрақтар беру, сол сабақтарға жауаптарын іздету, зерттеу жұмыстарын жасату, сол зерттеу жұмыстарын оқушыларға талдату мен жинақтау жоспарын жасауға бағыттау.
- төменгі сыныпта оқушылар пәнді игеру кезінде бұрынғы жүйе бойынша оқушылар жоспар құрып, оны атқаруға болжам жасауға, жүйелі негіздеуге , ғылыми тұрғыда білім алып, оны дамытуға үйренеді. Оқушылар жаратылыстану пәнін оқу кезінде олардың бойында, ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық және мәліметтерді жинау мен сақтауға, талдауға машықтанады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет