11-БИЛЕТ
1)«Жіті іш» себептері, клиникалық белгілері. Алғашқы көмек.
Жедел ауырсынуға бірнеше минуттан 7 күнге дейінгі уақытта дамыған іштің ауырсынуын жатқызамыз.
Іштің жедел ауырсынуының себептері
-Іш қуысы ағзаларының зақымдануы
-Париеталды іш астардың қабынуы
- Іш қуысы мүшелерінің деструкциялық немесе жіті қабынуы (жіті аппендицит, жіті холецистит, жіті панкреатит, панкреонекроз, тесілген жара, аппендикстің, ішектің перфорациясы, жамбас мүшелерінің бактериалық қабынуы, іш қуысының іріңдігі, дивертикулит, Крон ауруы, жаралы колит).
- Іш куысы мүшелерінің тарылуы (ішек түйілуі, копростаз, өт шаншымасы, обструкциялық панкреатит, бүйрек шаншымасы).
- Іш астардың тітіркенуі: эндогенді интоксикация және метаболизм бұзылысы (диабеттік, алкогольды кетоацидоз, уремия, бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі, порфирия).
-Іш қуысының жарақаты.
Жіктемесі
Жедел іш ауырсынуын пайда болу себебіне байланысты ажыратамыз
Хирургиялық – хирургиялық бөлімшеге жатқызуды қажет етеді.
Гинекологиялық – гинекологиялық бөлімшеге.
Урологиялық — урологиялық бөлімшеге.
Хирургиялық емес көп салалы ауруханаға.
Жұқпалы аурулар — жұқпалы аурулар
ауруханасына.
Жедел хирургиялық аурулар кезінде іштің жедел ауырсынуының орналасуы
Іштің жоғарғы оң жақ квадранты: жіті холецистит, өт шаншымасы, гепатит, панкреатит, бауырлық және көкет асты іріңдік, миокард инфаркті, пневмония, плеврит, перикардит, ішек түйілуі
Іштің жоғарғы сол жақ квадранты: панкреатит, көкбауырдың жыртылуы, көкбауырдың инфаркты, гастрит, миокард инфаркты, пневмония, плеврит, ішек түйілуі
Іштің төменгі оң жақ квадранты: аппендицит, ішек түйілуі, дивертикулит, тесілген жара, қысылған жарық, бауырлық шаншымасы, эктопиялық жүктілік, аналық без ауруы, эндометриоз, аналық без қосалқыларының ауруы
Іштің төменгі сол жақ квадранты: қолқа аневризмасының жыртылуы, қолқаның сылынуы, ішек түйілуі, дивертикулит, іш астар арты іріңдігі, бүйрек шаншымасы, эктопиялық жүктілік, аналық без ауруы, эндометриоз, аналық без қосалқыларының ауруы
Ауруханаға дейінгі кезеңде емдеу ЖМК негізгі міндеттері.
Шұғыл түрде госпитализациялау.
Әр түрлі этиологиялы жіті іш ауырсынуы бар науқастарда көк тамырға егу мүмкіндігін қамтамасыз ету, өмірге маңызды қызметтерді бір қалыпта ұстау және бақылау (жалпы реанимациялық қағидаларға байланысты).
Гиповолемия, гипотония белгілерінде: 0,9% NaCl еріт. 400 мл т/і.
Себебі нақты анықталған шаншыма тәрізді ауырсынуларда миотропты спазмолитиктерді енгізуге болады: дротаверин т/і, баяу, 40-80 мг (2%- 2,0 мл ерітіндісі).
Нитроглицерин таблеткасын тіл астына салуға (0,25 мг немесе 0.5 таблетка) немесе спрейді (400 мкг немесе 1 доза) қолдануға болады.
Құсу, локсу кезінде: метоклопрамид 10 мг (5% 2 мл еріт.) т/і (1-3 мин кейін әсер етеді) немесе б/е (10—15 мин кейін әсер етеді).
Достарыңызбен бөлісу: |