Билет билет билет



бет20/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Билеты МОӘТ-2

1-секция. “Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы математикалық білім беру мазмұнының сабақтастығын оқу- нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету жолдары".
2-секция. "Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы алгебра және анализ бастамалары курсының мазмұн сабақтастығы”.
3-секция. “Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы геометрия курсының мазмұн сабақтастығы”.
4-секция. “Қазақ тілінде бірыңғай математикалық терминологияны құрастыру мәселелері”. Жалпы пленарлық және секциялық мәжілістер барысында 72 баяндама тыңдалып талқыланды және тиісті ұсыныстар енгізілді: орта және жоғары мектепте математиканы оқытуда сабақтастықты жүзеге асыру және білім мазмұнын кіріктіру мақсатында білім берудің сәйкес деңгейлеріндегі типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізу; кіріктірілген оқу бағдарламалары негізінде орта мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған математика пәнінен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау үшін тәжірибелі мамандардан арнайы жұмыс тобын құру; орта және жоғары мектептегі математикадан кіріктірілген оқу бағдарламаларын оқыту үдерісіне енгізу мақсатында бірлескен кешенді іс-шаралар ұйымдастыру (арнайы курстар мен семинарлар өткізу, қашықтан оқыту және т.с.с.); мектептегі математиканы оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында білім беру ұйымдарында және мұғалімдердің іс-тәжірибесіндегі озық әдістемелер мен технологияларды жинақтау және сұрыптау; орта мектептегі математиканың жаңа мазмұнын анықтаудың тұжырымдамалық және ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу; орта мектептегі математиканың жаңа мазмұнына сай оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді қайта қарастыру, қажет жағдайда өңдеуден өткізу; мектеп пен жоғары оқу орындарында математиканы оқытуды ұйымдастыру үшін оқытудың тиімді әдістері мен технологияларын анықтау; шағын жинақты мектептер үшін математиканы окытудың оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құрал- дарын әзірлеу; мектептерді математика оқулықтарын сапалық тұрғыда жетілдіру үшін авторлық ұжымның тұрақтылығы мен өзара шығармашылық бірлестігін қалыптастыру; педагогикалық жоғары оқу орындарында 5В010900 "Математика” мамандығы бойынша оқитын студенттерді педагогикалық біліктілікке 1 курстан бастап бейімдеу мақсатында “Математиканы оқыту әдістемесі” кафедрасын ашу; жоғары оқу орындарындағы 5В010900-"Математика" мамандығы мен орта мектептің білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, типтік оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде өзара сабақтастықты логикалық негізде қарастыру; қазақ тіліндегі бірыңғай математикалық терминдер мен сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігін әзірлеу жұмыстарын қолға алу.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет