3)Қазақстанның дипломатиялық саясаты.Тамыз бүлігі.ТМД ны сұрайт еще
осдыан 70 жылбұрын 12 сәуркүні Қазақ КСР жоғарүвкеңесіпрезидентиумыныңжарлғымен Қазақ Ксрсыртқыістермәселелрібойныша халық комиссариаты яғни сыртқыістерминистрлігі құрылған болатынКеңесөкіметіқұрамындағыеліміздіңсыртқысаясиведомствосысұраныссоғысжылдарындаекіидеалогиялықжүйебәсекелестігініңнәтижесіндедүниегекелгенімәлім.Дегенмен Қазақстан 1891 ж тәуелсіздіккеқолжеткізгенгедейін бұл мемлекеттік орган пенформальдітүрдеболыпкелгенеді.Еліміздіңдипломатиялыққызметіндегітұлғалартуралы сөз қозғаьғандаелімізге 30 жылдардағы қазақтың тұңғыш дипломаты Нәзір Ьөреқұлов түседі.Халқымыздыңдаоатұлғаларытуралы том-том шығармаларжазуғаболады,алайдамақсатлипломатиялық дәстүр сабақтастығынайғақтау,өсіпкеле жатқан ұрпаққа өнеге көрсету ,тарихқатағзымету.Егемендіктіңарқасындаеліміздіңдербессыртқысаясаты ,дипломатиялыққызметі,ілемніңалпауытмемлекеттеріментерезесі тең қатынастарорнатылды,Бүгінде Қазақстан липломатиясыныңжекекәсібимерекесі әр жылдың 2 шілдесіндеаталыпөтеді.ЕлбасыныңСыртқыістерммнистрлігінеОтандықдипломатиялықэкономикалықбағытынкүшейтутуралытапсырмаьергенібелгілі.Оныорындауүшінжоғарыбіліктімамандар,материалдық-тезникалықжабдықтар,нақты жұмыс жоспарлары бар.2050 стратегиясынорындаумақсатында 2020 жылғаарналғансыртқысаясаттұжырымдамасықабылданды.Олсыртқысаясатведомствосыныңөзіндікжолкартасыстретегияныңкөздегенміндеттерінюүзегеасыратын орта мерзімдіжоспар.
11 билет
1)Түркі мәдениеті.Ортағасырға ғылым мен білімнің маңызы
Жусип Баласагун М Кашкари Аль Фараби
Орта ғасырдағы Орта Азия елдерінің көрнекті ғұлама ғалымдары: Әбу Райхан Бируни, әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Ұлықбек, әл-Фараби т.б.
Әл-Фараби(870–950ж.ш.)
Әлемгеәйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика,, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған.Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы”атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тілбілген.Өздігіненкөп оқып, көп ізденгенойшыл философия, логика, этика, метафизика, тілбілімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды.
Қожа Ахмет Ясауи
Халық арасында Әзірет(Хазірет) Сұлтан атымен танымал-ортаазиялық философ, ислам уағызшысы, сопылық ақын.
Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаһи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ - кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды.
Махмұд Қашқари
(араб. Махмұт ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед әл-Қашғари1029—1101)түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.
Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдат қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды.
Әбу Райхан Бируни
973 жылы Қият қаласының іргесіндегі ауылда дүниеге келді. Ол 150-ге жуық кітап жазған, оның 45-і астрономия мен математикаға арналған. Бируни еңбектерін араб тілінде жазды. Оның «Үндістан», «Масғүд каноны» т. б. еңбектері біркатар шетел тілдеріне аударылған. Бұл кітапта үнділердің астрономиялық және математикалық білімдері талданған, сонымен қатар сол кездегі Үндістанның табиғаты, халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі суреттелген. Бируни география саласында қыруар еңбек жазып қалдырды. Ол географиялық карта жасады. Бирунидің географиясы геологиямен, минералогиямен тығыз байланыста баяндалды.
Әл-Хорезми
Алгебра ғылымының негізін салушы. Математика саласындағы ең ірі еңбегі «Китаб ал-жабр ва мукабаа» деп аталады. Заманында бұл еңбегі жоғары бағаланып, оны «алгоритм атасы» деп атаған. Хорезмидің «Астрономия кестесі», «Күн сағаты туралы трактат» еңбектері жоғары бағаланған.
Әбу Әли ибн Сина
Ол - Фарабидің шәкірті болған. Аристотельдің еңбектерін өзі оқып түсінуге ұмтылған. Ол - «Дәрігерлік ғылым каноны» атты 5 кітаптан тұратын медициналық энциклопедияның, «Білім кітабы» деп аталатын философиялық энциклопедияның, араб және парсы тілдерінде жазылған терең ойлы өлеңдердің авторы. 1000 жылы Бұхара қаласынан Үргенішке келіп, Бирунимен кездесіп, ғылыми кітаптарының көбін осы қалада жазады. Ибн Сина өсімдіктердің өсу процесін бақылап, олардың емдік қасиеттерін анықтаған. Бала ауруларын зерттеп, оларды өзі шөптен жасаған дәрі-дәрмектермен емдеп отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |