Билет Түргеш қағанаты



бет1/71
Дата23.05.2024
өлшемі231.13 Kb.
#501745
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
билеттер каз тарихы (1) (копия)


  1. билет

1.Түргеш қағанаты
VI ғасырда Батыс Түрік қағанатының құрамында болды.Негізгі жер аумағы-Жетісу,орталығы-Суяб,кіші ордасы-Күнгіт.Түргештер Шу түргештері сары түргештер және Іле түргештері қара түргештер деп бөлінді.Қағанат 20 әкімшілік аймаққа бөлінді.Әр аймақ 7мың әскер шығаруға міндетті.Жалпы қағанат негізін салушы-Үшлік қағанаты.Үшлік қаған қайтыс болғаннан кейін,сары және қара түргештердің арасындағы тартысты Қапаған қаған(Шығыс Түрік қағаны) өз мүддесіне пайдалануға тырысты.Үшліктен кейін билікке Сұлу қаған 715-738 келді.Ол мемлекетті нығайтты.Оның кезінде билік қара түргештерге өтіп,астана Тараз қаласына ауыстырылды.Сұлу қаған тұсында түргештерге батыстан арабтар,шығыстан қытайлықтар,үшінші жағынан Шығыс Түрік қағанаты қауіп төндірді.Сұлық қаған 717ж Тан империясына барады.Қытайлық Тибет патшасының қызына үйленіп,Қытаймен қарым-қатынас жақсартады.Шығыс Түрік қағанатына барып,Білге қағанның қызына ұлын үйлендіріп құдандалық арқылы келісім жасап,арабтарға қарсы күрес бастайды.Соғыс ашқан араб қолбасшысы-Кутейба ибн Мүсілім.737ж Сұлу қаған қарлұқтармен бірлесе отырып,Тоқарыстан маңында арабтарға ойсырата соққы берді.738ж Сұлу қайтыс болды.Ол өлген соң Қытай Жетісуға басқыншылық саясатын қайта бастады.Сөйтіп олар Жетісуға басып кіріп,Суябты алды.740ж Таразды,748ж Суябты қиратты.Жетісуға Алтай,Тарбағатайдан қарлұқтар көшіп келе бастайды.751ж Тараз маңында,Атлах жерінде 5 күндік Араб-Қытай шайқасы өтеді.Түргеш,қарлұқтар арабтар жағына шығады.Сөйтіп Қытай жеңіліп,Жетісудан біржола кетті.Атлах шайқасының маңызы-Қытайлар Жетісудан қуылды,Орта Азияда ислам діні тез тарады VIII ғасырдан мұсылманданды.Атлах шайқасынан кейін қарлұқтар күшейіп,Жетісудағы негізгі әскери күшке айналды.Сөйтіп түргештер өзара алауыздықтан құлады.
2. 1822, 1824 жылғы жарлықтар, елді әкімшілік аумаққа бөлу

ХІХ ғ. 20—30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан əрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының жəне Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібірқырғыздарытуралы», 1824 ж. «Орынборқырғыздарытуралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар əрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір- біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды.1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта және Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір әскери губернаторы М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор әскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды.


«Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).
Әр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды және оларды сұлтандар жиналысында 3 жылғасайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, әр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды.Жаңа әкімшілік бөлініс қазақтардың дәстүрлі жер қатынасын күйретті де – рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де әсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына, омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді және егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды. Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір әкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей және Өскемен уездері Том губерниясына берілді.
1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш категорияға бөлінді:
қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағынбау);
арыз-шағымдар («қазақтардың әдет-ғұрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер);
облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.).
Сонымен қатар Жарғы салық жүйесін енгізді, ол бойынша әр қожалық өкіметке 100 бас малдан 1 бас мал салық төлеуге тиіс болды. Жарғыны қабылдаған қазақтар бірінші бес жылда салықтан босатылды. Қазақтарға керуендерді, почта жолдарын күзету, байланыс жолдарын қадағалау сияқты және т.б. міндеткерліктер жүктелді.
Жарғының арнайы бір параграфы аға сұлтандардың, болыс-басқарушы сұлтандардың және округтік приказ шенеуніктерінің мәртебесін және жылдық жалақысын белгіледі: аға сұлтандарға жылына 1200 сом, тілмаштарға – 800 сом, болыс сұлтандарына – 150 сом.Жарғы бойынша қазақтарға өз округтерінің ішінде және оның сыртында да тауарларын шығарып сатуға рұқсат етілді. Жарғының жеке баптары сауат ашу мәселесін қарастырды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет