3)ҚР Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) ұйымдастыру жөніндегі бастамасы.
ҚАЗАҚСТАН дипломатиясыныңіріжетістіктерініңбірі ҚР пр-тіНазарбаевтыңАзиядағыӨзараЫқпалдастық және СенімшараларыжөніндегіКеңестіжиюидеясыныңжнзегеасқаныболыптабылады.Аталмышидеяны Қазақстан басшысы 1992 ж қазанындаайтқанболатын.Бұлкезденбері Қазақстан АӨСШК мүшемемлекеттербасшыларыныңсаммитін 2002 және 2006 жжекі мәрте өькізіпүлгерді.Бұлбасқосулархалықаралықдеңгейдеүлкен бағаға иеболды.2006ж 17 маусымдаАлматыдаөткен АӨСШК 2 саммитіндеАзиядағыынтамқтастықюіргешешетіндігіжайындакелісімгеқолқойылды.Қазіргікезде АӨСШК не азиялық 20 мемлекетмүше,7мемлекет және 3 халықаралықұйымюақылаушыдәрежесінеие
24-билет
Үйсін мемлекеті. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті, шаруашылығы және археологиялық ескерткіштері.
Үйсін мәдениеті Жетісуда орналасқан.Үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері б.з.б 3ғ.,б.з.д 5ғ дейінгі аралықты қамтиды.Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген.Үйсіндер-Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі.Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.б 2ғ бастап кездеседі.Қытай жазбаларында үйсіндер «ат жақты,аққұбаша,сары шашты» болып бейнеленеді.Жетісу жеріндегі үйсін қорымдарынан алынған бас сүйектер антропологиялық жағынан-еуропеоидтер.
Үйсіндердің астанасы-Қызыл Аңғар.Деректер бойынша үйсіндер басында ғұндарға тәуелді болған,кейін күшейген соң тәуелсіздік алды.Үйсіндер шығысында ғұндармен,солтүстік-батыста қаңлылармен,батысында Дауаниямен көршілес болған.
Қоғамдық құрылысына келер болсақ,жазба деректер бойынша үйсіндер тайпалары мемлекеттік дәрежеде өмір сүрді.Үйсін мемлекеті шығыс,батыс және орталық болып 3-ке бөлінді.Халқы 630мың,әскері 188 800 жауынгер.Мемлекет билеушісі-гуньмо.Оған «бек» деп аталатын жеке тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылар бағынды.Үйсін қоғамында теңсіздік қалыптасты.Байларда 4-5 мың жылқы болды.Олар өз жылқыларына таңба салды.Жеке меншік жылжымалы мүлікке де таралған.Үлкен обаларға бай адамдарды жерледі.Жеке меншік мүлік теңсіздігінің болғанын жерленген заттардан білді.
Шаруашылығы мен тұрмысына келер болсақ,Үйсіндердің бір бөлігі көшпелі өмі сүрді,ал бір бөлігі егіншілікпен айналысты.Олар қой,жылқы,сиыр,қос өркешті түйе,ешкі өсірді.Дәнді дақылдардан арпа,тары өсірген.Суармалы және тәлімді егіншілікпен шұғылданды.Үйсіндерде егіншіліктің болғаны жайында дерек-дәлел ол-Ақтас қонысы.Үйсіндер темір,мыс,қорғасын,қалайы,алтынды балқытып,өндіре алды.
Үйсіндер мәдениеті-Ежелгі үйсін обаларының сыртқы құрылымы топырақ үйіндісі болып табылады.Үйсін обаларының ең үлкенінің диаметрі 20 метр,ал биіктігі 2метрге жуық болып келеді.Жетісу үйсіндері мәйітті шалқасынан жатқызып,басын батысқа қаратып қойған.Үйсіндер жаратушы күшке сеніп,құрбандықтар шалып отырған.Үйсіндердің зергерлік өнерінің тамаша туындысы-Қарғалы шатқалында табылды.Б.з.б II-Iғ. Жасалған,ұзындығы 35см-лік бұйым.Онда аң,құс,адам бейнесі салынған.Құстар-аспан,қанатты тұлпар-күн,айдаһар ортасында.
Достарыңызбен бөлісу: |