«Менеджмент, бизнес және білім колледжі» ЖШС
БЕКІТЕМІН
Колледж басшысы
____________ Б.Пшенова
«31» 08 2021 ж.
Оқу жұмыс бағдарламасы
Модуль/ пән бойынша: _________________ Қазіргі қазақ тілі _____________________________________
Семестр ___3-4__________________________________________________
Мамандығы___1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)____
Біліктілігі _____1304012 «Сандық ақпараттарды қайта өндеу маманы» ___________________
Білім беру нысаны________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __________ орта білім беру
Жалпы сағат саны __90__, кредиті _3______
Оқытушының аты-жөні, тегі, ___________ ___ Айтхожина-Сагатова Шнар Ауезхановна_
Түсіндірме жазба
Кәсіби қазақ тілі жүргізу бойынша оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығының негізінде 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығы 1304012 «Сандық ақпараттарды қайта өндеу маманы» біліктілігі бойынша оқитындар үшін құрастырылған.
«Кәсіби қазақ тілі» пәні жалпы кәсіптік пәндер цикліне жатады.
Жалпы тілдік дайындық, сондай-ақ дизайн пәндері бойынша қазақ тіліндегі базалық білімдерінің болуы бағдарламада көрсетілген материалды табысты меңгерудің шарты болып табылады. Бағдарлама мазмұны студенттердің ғылыми-кәсіби саладағы коммуникативтік қажеттіліктерімен, қазақ тілін кәсіби қызмет құралы ретінде оқытудың мақсат, міндеттерімен, кәсіби шығармашылық тілді жақсы меңгерген бәсекелестікке қабілетті маманға деген қоғамның сұранысымен анықталады.
Студенттердің қисынды ойлау мен шығармашылық дағдысын қалыптастыру студенттердің сөздік қорын дамыту, қазақ тілінде ой алмасу қабілеттерін дамыту.
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету(түрлері бойынша)» мамандығы бойынша бойынша кәсіби қазақ тілін оқыту курсы оқу пәні ретінде коммуникативтік-кәсіби бағытты ұстанады және мынадай сипаттарға ие:
пәнаралық (қазақ тіліндегі кәсіби сөйлесімде лингвистикалық біліммен қатар экономика, тарих ғылымдарының мәліметтері де қолданылуы мүмкін);
көпдеңгейлік (сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тілдік құралдары мен дағдыларын игеру қажеттілігі);
қызметінің алуан түрлілігі (оқыту мақсаты ретінде де, білімнің түрлі салалары бойынша мәлімет алу құралы ретінде де қолданыла алады);
тілді оқыту кәсіби дайындықтың құрамдас бөлігі ретінде кәсіпке оқытумен байланыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |