Біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы акционерлік қоғамының 10 – жылдық мерейтойына арналған



Дата23.02.2016
өлшемі37.5 Kb.
#3056
«Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және

біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамының

10 – жылдық мерейтойына арналған

«XXI ҒАСЫРДЫҢ БІЛІКТІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ

АДАМИ РЕСУРСТАРЫ:

дайындық сапасы, кәсіптік құзыреті, ең жаңа білім беру технологиялары, инновациялар, педагогикалық тәжірибе мен практика»

тақырыбындағы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ

жұмысына қатысуға шақырамыз
Республикалық конференцияға арналған мақалалар мен тезистер және конференция жинағына ұсынылған басылымдар 2015 жылғы 10 қазанға дейін қабылданады.

2-3 беттен аспайтын, талаптарға сәйкес рәсімделген мақала материалдарын «Ұжымдық комитетке» деген белгімен келесі электрондық мекен-жай бойынша жіберу қажет: kaztipo@mail.ru



Мақаланы рәсімдеу талаптары:


  1. Көлемі 2-3 беттен аспайтын баяндама және мақала мәтіндер тезисі MS Wordмәтіндік редакторында жазылуы тиіс. Кестелер, сызбалар және суреттер атауларымен Windows ортасында терілуі тиіс.

  2. Шрифт: Тimes New Roman, 11-ші кегль, А4 форматы, жалаң жоларалық интервал, Барлық бет ені – 2 см., абзацтық шегіну 1,25 см.

  3. Тегі, аты-жөні беттің ортасында қою шрифтімен көрсетіледі. Әрі қарай дефис белгісінен кейін – лауазымы, ғылыми атағы мен дәрежесі, бір тармақ төменде колледж, ЖОО немесе автор жұмыс атқаратын ұжымның атауы көрсетіледі.

Бір интервал төменде беттің ортасында – мақала атауы (барлығы бас әріппен, қою шрифт) көрсетіледі.

Бір тармақтан кейін негізгі мәтін беріледі (Қосымша 3).



  1. Мәтіннің төменгі жағында автор, атауы, қала, баспахана, жарық көрген жылы тәртібіне сәйкес құрастырылған қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

  2. Ақпарат көздерінің сілтемелері «шаршы пішінді жақшамен» ресімделеді.

  3. Қатысуға өтінімді (1-қосымша) және автор жайындағы мағлұматты (2-қосымша 2) толтыру қажет.

  4. Сонымен қатар электронды нұсқада қазақ және орыс тілдерінде мақала түйіндемесін (мақала аннотациясы) жіберу қажет. Шрифт: Тimes New Roman, 11кегль. Түйіндеме әр тілде 4 тармақтан аспауы тиіс.


Мақала мазмұнынына мақала авторлары жауапты
Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар жарияланбайды. Редакциялық коллегия жинақта мақалаларды жариялауды таңдау құқығын өзіне қалдырады.
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу құны бір қатысушыға 3920 теңгені құрайды. Бұл сома құрамына қатысушы сертификатын шығару және облыс орталықтарына, Алматы және Астана қалаларына («РҒӘО» АҚ филиалдары) жіберу, конференция жинағына мақалаларды (жариялау) енгізу шығындары, жарияланған мақаланың шығу мәліметтері көрсетілген электрондық сканын беру кіреді.

Конференция жинақ құны (2 том) бөлек төленеді және 7 500 т. + 12% НДС – 900 тг. = 8 400 тг.құрайды.
Жинақ мөлшері шектеулі. Басылым тек алдын-ала тапсырыс негізінде жасалады. Тапсырыс 2015 жылғы 16 қазанға дейін қабылданады.
Төлемді өткізу үшін есеп нысанын (4-қосымша) толтыру және кез келген банк арқылы төлеу қажет.

Екі тодағы конференция жинағын алу үшін есеп нысанын (5-қосымша)толтыру және кез келген банк арқылы төлеу қажет.



Конференция ұжымдық комитетінің мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы

01000, Астана қ., Гете көшесі,15

Телефон: 8-7172 – 24-97-66, 24-97-62, 8-7172-466-877.



E-mail: kaztipo@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет