Білім алу үдерісі кезеңінде алынған кәсіби құзыреттілікті жалпылау



Дата26.09.2023
өлшемі18.53 Kb.
#478650
эссе айсулу


Білім алу үдерісі кезеңінде алынған кәсіби құзыреттілікті жалпылау
Мен Пайзрахманова Айсұлу Әділханқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 1 курс студентімін. 23.01 – 31.03.2023 аралығында , яғни оқу жылының екінші жартысында оқу практикасын М.Дүйсенов атындағы № 15 мектеп-лицейінде өткіздім. Практика басында маған 6 «А» сыныбы бекітілді.Мектептегі сынып жетекшім Өмірзақова Мөлдір Болатқызы болып бекітілді. Төменде 23.01-31.03 аралығында жүзеге асқан оқу практикам жайлы, сонымен қатар білім алу үдерісі кезінде жинақтаған тәжірибем бойынша сөз қозғамақпын.
Алғашқы күннен бастап-ақ, яғни қаңтардың 23-ші күнінен бастап сыныппен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым.Бастапқы күндері мектептегі педагогикалық ерекшеліктерімен,білімді реформалау жағдайындағы мектеп жұмысының негізгі бағыттарымен, мектеп ұжымымен және сынып ұжымымен таныстым.Сонымен қатар мектептің тәрбие процессімен таныстым. Практика уақытында сынып жетекшім Мөлдір Болатқызы әрдайым білмеген жерімді түсіндіріп, бағыт бағдар беріп отырды.Кейінгі апталарда сынып жетекшімен бірге сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарын өткізу туралы кеңес өткіздік. Осы орайда өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым.
6 «А» сыныбының оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым.
Сынып жетекшіміз Мөлдір Болатқызы - мектептегі іс-тәжірибе жетекшім ретінде маған көп көмегі тиді. Ағылшын сабақтарын қызығушылықпен, бар ынтаммен тыңдадым. Сабақ жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне көңіл аудардым. Ұстаз – өз ойын тиянақты жеткізу керек деп ұғындым. Ағылшын пәнінің қызықты әрі керек пән екенін оқушылардың көздерін жеткізуге тырыстым және мамандығым бойынша жұмыс атқаруға асықтым, осы уақыт аралығында болашақ мұғалім ретінде біршама тәжірибе жинақтадым.
Іс-тәжірибе кезінде 6 «А» сыныбының сабақтарына қатысып, тәрбие сағаттарын жүргіздім. Практика бойы оқушылармен бірге сабақтарға қатысу барысында олармен жақынырақ таныса түстім. Олармен үзіліс кезінде әңгімелесіп, жақын таныса түсуге тырыстым және оларға өзім де үйренісе бастадым. Пратика кезінде ағылшын сабағы 6 «А» сыныбында аптасына 3 сабақ қатысатынмын. Оқушылармен қарым-қатынасты нығайту үшін көп жұмыс жасадым. соның ішінде 3 тәрбие сағатын өткіздім. Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болдым. Сабақ беру барысында, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, уақытымды үнемді пайдаланып, қойылған мақсатыма жете білдім. Әр сабағыма аса жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындалып, тапсырмаларды оқушылардың деңгейлеріне қарай дайындадым. Жалпы өзіме бекітілген осы 6 «А» сыныбымен жұмыс істеу барысында менде қиыншылық болған жоқ. Бұл сынып оқушыларының ағылшын пәніне деген қызығушылықтары жоғары, бір-біріне көмектеседі. Маған осы іс-тәжірибе барысында бұл сыныппен жұмыс жасаған қатты ұнады.Себебі сынып өз ұйымшылдықтары мен татулықтары, мейірімділік секілді құндылықтарымен ерекшеленді. Сонымен қатар менің бір байқағаным, сынып өз сынып жетекшілерін екінші анасындай көреді. Сынып жетекшіге бар сырын айтып, көмек сұраудан жасқанбайды. Сол кезде меніңде оқушыларға осындай ашық,жарқын болуым керектігі маңызды екенін түсіндім. Себебі сенің оқушың саған кез келген уақытта сене алуы керек, сені қорғаныш ретінде көре білуі керек. Сонда ғана сен нағыз ұстаз бола аласың. Бұндай ұстаздардың шәкірттері қоршаған ортаға ашық, өз ойын ашық жеткізе алатындардың бірі болары сөзсіз. Сондықтанда мен Мөлдір Болатқызының шәкірттері жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар боларына сенімім мол. Және де осы уақыт аралығында 6«А» сыныбында сынып жетекшінің көмекшілік қызметін атқардым. Көмекшілік қызмет атқару барысында сыныппен жоспар бойынша және жоспардан тыс тәрбие жұмыстар өткізе отырып, оқушылармен жақсы тіл табыса, сыныппен тығыз қарым-қатынаста бола білдім. Сабақ жоспарын, іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында пән мұғалімдерінен ақыл-кеңес алып, өзіме қажетті тәжірибе жинақтадым.
Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбіп оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепшілік, сынып аралық іс – шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі.Әрбір оқушының сыныпта өз орны қалыптасқаны қуантты. Бұл арқылы әрбір оқушы өзінің маңызды тұлға екенін түсіне алады.Сынып бақылаулар кезінде бір-біріне көмектесуден, білмеген,түсінбеген теорияларды түсіндіруден қашпайды, бәрі бірлесіп әрекет етеді. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан. Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған.
Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі..
Болашақ мұғалім ретіне осы тәжірибемнен түйгенім көп. Мұғалім-оқушы үшін идеал. Кейбір оқушылар өз мұғаліміне қарап болашақта мұғалім болуды армандайды. Міне бұл мұғалімнің өмірлік миссиясы деп білемін. Мұғалім барлық қырынан идеалға ұмтылуы керек. Өз сабақ беретін пәнімен шектелмей, қоршаған орта, тұлғалық даму жайында хабардар болуы абзал. Мұғалімнің білімі, ішкі жан дүниесімен қоса сыртқы келбеті де мұғалімнің өз ісіне мығым екенін дәлелдейді.Мүғалім қызметінде өз кәсіби құзіреттілігін жетілдіре отырып жетістікке жетудің алғы шарттары: сырт кескін-келбеті; пәндерді сабақтан тыс ақпараттар-мен қамтамасыз ету; мінез-қүлқы, пайым-дау мүмкіндіктері, оқу процесінде қарым-қатынас мәдениетін сақтай білуі; әзіл-қалжыңға мән бере білуі; оқушылардың жет-кен жетістіктерін мақүлдай, қолдай білуі; шыдамдылық және төзімділік; басқалардың пікірін сыйлай білу; еркіндік, икемділік; кез - келген жағдаятты оңтайлы бағытта шешуге арналған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алу, балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.
Қорытындылай келе, мұғалімнің мойнына артылған жүк үлкен екенін түсіндім. Себебі болашақ ұлттың тағдыры, олардың сауатты болуы тікелей мұғалімдер қауымына байланысты. 3 ай тәжірибе барасында мұғалім болудык қыры мен сырын үйренуге талпындым. Бұл тәжірибе менің таңдаған мамандығыма байланысты таңдауымды тағы бір рет дұрыс екенін дәлелдегендей. Мен осы тәжірибе барысында өзімнің мұғалім болғым келетінін түсіндім.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет