Білім беру бағдарламасы- компьютерлік анимация



бет46/107
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451310
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   107
Компьютерлік анимация УМКД

Библиотека элементтері

Символдар Library панелінде орналасады және жүйеленеді. Библиотека неғұрлым жақсы ұйымдастырылса, символ жұмысы соғұрлым жеңілдей түседі. Library панелін ашу үшін Window→Library (Терезе→Библиотека) командасын орындау керек немесе F11 пернесін басу керек. Символ экземплярымен жылдам жұмыс істеу үшін библиотека әрқашан ашық тұруы керек. Оны жұмыс кезінде ашық тұратын басқа да панельдермен байланыстырып қоюға болады. Library панелі алдын-ала көру терезесі мен импортталатын элементтер және символдар орналасқан тізімнен тұрады. Библиотекадағы символдардың қалай жүйеленгенін көру үшін Wide Library View (Библиотека түрін кеңейту) батырмасын беру керек.

Бірінші бағанада үнсіз келісім бойынша алфавит бойынша реттелген сортталған) символдар аттары (пиктограммалар типтерімен) беріледі. Библиотекадағы символдардың сортталу ретін (типін) өзгерту үшін кез келген бір бағананың тақырып қатарында шерту керек. Символдарды аты, типі, пайдалану саны, байланыстары немесе өзгеру даталары бойынша сорттауға болады.

Use Count (пайдалану саны) бағанында символдың фильмде неше рет пайдаланғаны көрсетіледі. Үнсіз келісім бойынша Use Count бағанының мазмұны жаңарып отырмайды, бірақ ағымдағы пайдалану санын білу үшін Keep Use Counts Updates (пайдалану санын жаңарту) бөлімін таңдау керек.

Библиотека мазмұнын папкаларға жіктеп орнатуға болады. Жаңа папка құру үшін New Folder пиктограммасын шерту жеткілікті.
6 Дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет