Сценарийге комментарий қосу
Күрделі программаларда не болып жатқанын түсіну үшін програмамны форматтау керек. Сонымен қатар программа элементтері неғұрлым түсті болуы үшін оларға комментарийлер қосу керек. Бірқатарлы комментарийлер жұп кері слэшпен ерекшеленеді. Мысалы:
// енгізу: базалық сан, қайтару: базалық сан 1-ге артқан
Комментарийлер кодтан кейін орналаса алады:
BaseScore+=1; // baseScore негізгі уақыт шкаласының 1 кадрын жариялайды.
Комментарийлер бірнеше қатарлардан тұруы мүмкін:
/* базалық санға 1-ді қосу
Michael Hurwicz – January 2002 – www.maximpulse.com
baseScore бүтін сан */ немесе
// базалық санға 1-ді қосу
// Michael Hurwicz
// baseScore бүтін сан
Әрекеттер терезесінде комментарийлер түспен ерекшеленеді. Комментарийлердің бейнелену түсін беру үшін Edit→Preferences командасын орындап, пайда болған Preferences сұқбаттық терезесінің ActionScript Editor қыстырмасына өтіп, Syntax Coloring опциясының Comments түстік палитра батырмасын тышқанмен шертіп, қажетті түсті таңдау жеткілікті. Дәл осы жолмен код түсін, кілттік сөздер, идентификаторлар және қатардың түсін беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |