Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет28/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

ХХ ғасырдың аяғы — ХХІ ғасырдың басындағы зерттеулер өздігінен дамитын 
күрделі жүйелердің ерекшеліктерін қарастыруға бағытталған, сол себепті жалпы даму 
заңдылықтары ортақ және өзара байланыста болып есептелетін биосфера, қоғам және 
адам ғылыми ізденістердің негізгі нысанына айналып отырғаны белгілі. 
Кез келген ғылым саласының жай-күйі оның алдына қоғам қойып отырған 
міндеттермен, ғылымның өткені мен қазіргі деңгейімен, сондай-ақ онымен байланысты 
басқа ғылым салаларының жай-күйімен анықталады. Жалпы қандай да бір ғылым дамуы 
оның өз ішінде саралану және өзге ғылым салаларымен ұштасу, тоғысу үдерісімен, 
үрдісімен байланысты. Сол себепті қазіргі заманғы лингвистика да жалпы ғылым 
дамуынан қалыс қалып отырған жоқ, яғни оны полипарадигмалы және интегративті тіл 
білімі деп танимыз. 
Қазіргі заманғы лингвистика деп аталатын кезеңді нақтылауда ғылыми айналымда 
бірізділік жоқ. Кейбір еңбектерде ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басы 
делінсе, жекелеген ғалымдар бұл кезеңнің басы ретінде ХХ ғасырдың 70 жылдарын 
атайды. 
Көп парадигмалылық лингвистикалық теориялардың бірнеше парадигма шеңберінде 
дамитынын көрсетеді, яғни тіл білімі үшін ең негізгі парадигма деп антропоөзектілік, 
функционалдылық және когнитивтік парадигмаларды атаймыз. Жаңа ғылыми парадигма 
пайда болған кезде бұрынғы мектептер біртіндеп жойылса да, ол ғылымның бұрыннан 


шешілмей келе жатқан немесе көмескі, тасада қалып жатқан мәселелерін шеше отырып, 
орнығады. 
Интегративтілік ғылым дамуындағы өткен мен қазіргіні түрлі пәндер мен әдіс-
тәсілдердің бірлігі арқылы зерттеуден көрінеді. 
Қазіргі лингвистикалық парадигмаға қатысты зерттеуші Е.С. Кубрякова 4 қағиданы 
атап көрсетеді: экспансионизм, антропоцентризм, функционализм және экспланаторлық 
[1]. Бұл қағидаттардың әрқайсысы ғылыми зерттеулерде түрліше байқалады. 
Экспансионизм тіл білімінің басқа ғылым салалары деректерін пайдалануынан, 
сондай-ақ бірнеше ғылым саласының тоғысып, ірі бір ғылым түріне айналуынан көрінеді. 
Бұл термин мәтін лингвистикасына қатысты алғаш рет 1987 жылы Берлинде өткен 
Халықаралық лингвистикалық конгресте қолданылған еді. Содан бері бұл термин 
лингвистика ілімдерінің өзге ғылымдарға үстемдік етуі (басып кіруі) деген мәнде 
қолданылып келеді. Осыған байланысты лингвогносеология, социолингвистика, 
лингвоперсонология, 
психолингвистика, 
нейролингвистика, 
лингвопраксеология, 
лингвомәдениеттану, этнолингвистика, лингвопалеонтология сияқты ғылымдар пайда 
болды. 
Физикаға қатысты синергетика заңдылығы қазір барлық ғылым саласымен 
байланыстырыла жұмсалады, тікелей тіл біліміне қатысты айтатын болсақ, қазақ 
терминологиясының дамуындағы пуризм және неопуризм құбылысын еске алсақ та 
жеткілікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет