Әдебиеттер: 5, 7
Практикалық сабақ 2. Компьютерлік лингвистика қолданбалы тіл білімінің жаңа
бағыты.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге тіл білімінің жаңа бағыты компьютерлік лингвистика
туралы түсінік беру.
Негізгі сұрақтар:
1. Компьютерлік лингвистиканың теориялық және практикалық негізі.
2. Компьютерлік лингвистиканың категориялық аппараты.
3. Компьютердегі лингвистикалық бағдарламалар.
4. Корпустық лингвистика.
Глоссарий:
«Компьютерлік лингвистика» термині (computational linguistics), негізінен, тіл
қызметін модельдеуге қатысты пайдаланылатын компьютерлік бағдарламалар мен тілдік
деректерді өңдеу, сол үшін қажетті компьютерлік технологияны жинақтау және
компьютердің араласуына қатысты басқа да тіл зерттеу жұмыстарымен байланысты
қолданылады. Кең мағынада алғанда, тіл білімі аясына қатысты теориялық және
практикалық мәселелердің шешімін табуға байланысты компьютердің араласу
жағдайларының бәрін бірдей компьютерлік лингвистика саласына жатқызуға болады.
Корпустық лингвистика 1963 ж. АҚШ-та өмірге келген Браун корпусынан (The
Brown Standard Corpus of American English) бастама алады. Бұл корпустың көлемі 1 млн.
сөз қолданыстан тұрады және оның құрамында әрбіреуі 2 мың сөзқолданысқа тең 500
мәтін бар. Ғалымдар У.Н.Фрэнсис пен Г.Кучер бұл корпусты құрастыру үшін мынадай
принциптер мен критерийлерді ұстаным еткен болатын:
1. Мәтін иесі ретінде американдық авторлар мен ағылшын тілінің американдық нұсқасын
қолданатын авторлар шығармаларын алу;
2. Мәтіндерді синхрондау (мезгілдік үйлестіру) үшін АҚШ-та 1961 жылы алғаш рет
баспадан шыққан еңбектерді алу;
3. Жанрлардың арақатынасын таңдау жұмыстары үшін ерекше ықтималдықтар рәсімін
қолдану: барлығы 15 жанр, 9 – «ақпараттық» проза, 6 – көркем проза; әрбір жанрдан
6-дан 80-ге дейін элементар таңдама мәтін алу;
4. Мәтіндерді таңдауға қойылатын талаптарды айқындау мен тұжырымдау: әр мәтіннің
көлемі статистикалық тұрғыда, оның стильдік ерекшеліктерін ақиқат дәрежеде
бейнелеуін ескеру.
5. Жанрлардың құрамы мен арақатынасы, стильдік ерекшеліктері мен қатынастық
салмағы барабарлық деңгейде көрініс табуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |