Пәннің сипаттамасы Бұл пән Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Еліміздің көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 Стратегиясы», «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдаулары, сонымен қатар барлық білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінің тәрбиелік компонентін күшейту бойынша кешенді типтік жоспарды жүзеге асыру аясында әзірленді. Жоғарыда аталған нормативтік құжаттарда қазақстандық қоғамның негізгі даму басымдықтарын анықтайтын білім беру саясатының негізгі бағыты болып, педагогикалық кадрларды дайындау жүйесін жетілдіру және ұлттық білім беру жүйесініңрухани-адамгершілік негіздерінің мәнінкүшейту болып табылады.Болашақ мамандардың бойында ізгілікті дүниетанымды, өзін және қоршаған ортаны бағалай білу қабілетін, олардың өзін-өзі тануы мен тұлғалық және кәсіби өзін-өзі дамытуына педагогикалық қолдау көрсету жөнінде теориялық білім мен практикалық іскерліктер жүйесін қалыптастыруды қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |