Білім беру бағдарламасы бойынша оқу практикасын өту бойынша есебі андакова Жанель



бет1/8
Дата21.09.2023
өлшемі3.01 Mb.
#478189
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
ТҚИҰ 22-05 Жанель



«Халықаралық туризм және меймандостық университеті»

Білім алушының бағыт


«6В11101 -Туризм және қонайжай индустриясын ұйымдастыру
білім беру бағдарламасы бойынша
оқу практикасын өту бойынша
ЕСЕБІ
Андакова Жанель
(аты-жөні)
Өту орны Халықаралық туризм және меймандостық университеті
(кәсіпорын атауы)

Практика жетекшісі: Туркеева Эльмира Мырзахановна


Түркістан 2023 ж.
Мазмұны






Кіріспе..........................................................................................................

3

1

ЖОО мен ББ қысқаша сипаттамасы







    1. Құрылу тарихы, миссиясы, құрылымы……………………………..

    1. ББ сипаттамасы………………………………………………………..

4

2

Туризм саласындағы қызметтерге сипаттама







2.1 Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайдағы және оған қатысты жасалып жатқан іс шаралар жайлы ақпарат……………………………
2.2 Экскурсия жүргізу әдістері………………………………………….
2.3 Қонақ үйлер мен мейрамханалардың құрылымы…………………..

5

7
8


3

Жеке тапсырма............................................................................................







3.1 «Ивент индустриясын ұйымдастыру» тақырыбында қол жетімді оқу басылымдарының библиографиялық және 10 қазақстандық және шет елдік мерзімді электронды басылымдардың тізімі………………..
3.2 Түркістан қаласында орналасқан туристік объектілерге сипаттама
3.3 Түркістан қаласының туристік инфроқұрылым обьекиілеріне SWOT талдау жасау………………………………………………………

10

21


26




Қорытынды………………………………………………………………..

34




Әдебиеттер тізімі…………………………………………………………

35

Кіріспе

Туризм қазіргі кезде қарқынды дамуда. Әсіресе туризм қоршаған ортаны, оның тарихын, көңіл бөлерлік мәдени мұрасын танудың бірден бір қолжетерлік мүмкіндігі болып саналады. Туризм қызмет көрсетудің бір түрі болып саналады және экономиканың тез дамитын саласына жатады. Қазіргі кездегі ғылыми әдебиеттерде «туризм» және «қонақжайлылық» терминдеріне көптеген анықтамалар берілген. Қонақжайлылық - дәлірек берілген түсінік, себебі тек туристердің ғана емес, жалпы тұтынушылардың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Атап көрсететін тағы бір жайт, туризм және қонақжайлылық түсінігін бөлек қарастыруға болмайды, себебі олар өзара байланысқан терминдер. Туристер қойылған саяхат мақсаттарына тәуелді, әртүрлі тілектері және қажеттіліктері бар потенциалды тұтынушылар болып саналады. «Қонақжайлылық» түсінігі барлық сөздіктерде қонақтарды сыпайы күту, қонақтарға жарқындылық, жылылық қатынасы ретінде талқыланады.
Қонақжайлылық - алға басу мен уақыттың арқасында тұтынушыларға (туристтерге) барлық жақсылықты жасайтын миллиондаған мамандар жұмыс істейтін қуатты индустрияға айналған өркениеттің бір түсінігі болып табылады. Қонақжайлылық индустриясы адамзат қызметінің әртүрлі орындарын қарастырады- туризм, демалы, ойын-сауық, қонақ үй және мейрамхана бизнесі, қоғамдық тамақтану, саяхат қызметі, көрмелерді және әртүрлі ғылыми конференцияларды ұйымдастыру. Сонымен, қонақжайлылық- туристердің кез-келген сұранысын және тілектерін қанағаттандыратын жұмысшылар қызметінің кешенді ортасы.

1.ЖОО мен ББ қысқаша сипаттамасы


1.1 Құрылу тарихы, миссиясы, құрылымы

Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Ақмола облысындағы көшпелі кеңес барысында Н. Назарбаев отандық туристік саланы дамытудың маңыздылығын атап өтіп, елімізде туризм саласындағы алғашқы бейінді университетті құру туралы хаттамалық тапсырма берді.Өз кезегінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Ұлытау-2019" халықаралық туристік форумы кезінде туризм саласында білікті кадрлар даярлау және Қазақстанда туризм университетін құру қажеттігі туралы мәлімдеді.


Қарапайым фактіні ескере отырып, іс жүзінде бәрін оңай игеруге және есте сақтауға болады, Университет студенттерге қонақ үй-мейрамхана өнерін игеру бойынша көшпелі шеберлік сабақтарын тұрақты негізде ұйымдастырады. Бұл тұрғыда университетте серіктестіктердің кең желісі жолға қойылған – бұл Rixos Turkistan қонақ үйі, "Едем", "Silk Way" қонақ үй-мейрамхана кешені, "Орталық Қазақстан Туризм, Қонақ үй, мейрамхана және қолөнер ассоци қауымдастығы", "Қазақ туристік қауымдастығы", "ҚР туроператорлар қауымдастығы", " қазақ қонақ үйлер қауымдастығы және мейрамханалар " және тағы басқалар.
Университет өзінің шетелдік серіктестерімен үнемі байланыс орнатады әне дамытады, олардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі уақытта университет басшылығы Түркия, Франция, Польша, Словакия, Тайланд, Малайзия және басқа да жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімдерге ие.
Университеттің ЮНЕСКО (Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі мамандандырылған мекемесі) және БҰҰ UNWTO (Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Туристік Ұйымы) сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы қызыл жіппен өтеді. Университет аффилиирленген мүше болғандықтан, UNWTO кітапханасы және барометр сияқты ресурстар бізге қол жетімді болды.
1.2 ББ сипаттамасы
Берілетін академиялық дәреже: «6В11101 – Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры.
«6В11101 – Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру» білім беру бағдарламасын бітірген түлектер әртүрлі меншік нысандарында: мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерде, жеке компанияларда; республикалық, халықаралық туроператорлық және турагенттік компанияларда; орналастыру және тамақтану саласының кәсіпорындарында; мәдени-демалыс қызметінің объектілерінде; санаторлық-курорттық және сауықтыру мекемелерінде; республикалық және халықаралық көрме орталықтарында; балалар-жасөспірімдер және жастардың белсенді туризмінің орталықтарында жұмыс істей алады.

2.Туризм саласындағы қызметтерге сипаттама


2.1 Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайдағы және оған қатысты жасалып жатқан іс шаралар жайлы ақпарат іздеу.

Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда [1].


Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:

  • Кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;

  • Туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;

  • Сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;

  • Аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;

  • Алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы;

  • Халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын бизнестің дамуы;

  • Қызмет көрсету секторының өсуі;

  • Әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.

Қазақстанда 500-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің дамыған аймақтары Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды. Қазақстаннан туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Полыпа және Турция [1]
Осы орайда туризмді дамытудағы мемлекеттік қолдаудың маңызы зор екенін түсінеміз. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, туризмді дамыту үшін жеке инвесторларды тарту, құқықтық базаны қалыптастыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ыңғайлы жағдай жасау мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналуы керек. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы бойынша біраз жұмыстардың да атқарылып жатқаны ақиқат. Отандық туризмнің әлемдік аренадағы үлесін арттыру мақсатында «Kazakhstan Travel and Tourism Council» орталығы да құрылды. Орталықтың басты мақсаты – туризмді дамытуға арналған заманауи технологияларды енгізу, яғни аз инвестицияны пайдаланып, жоғары нәтиже көрсету [3].
Алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет
1. Туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жандандыру;
2. Туристтік қызметті ретке келтіру жүйесін жетілдіру;
3. Туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық жəне
экономикалық негіздерін одан əрі дамыту;
4. Демпингке қарсы жəне мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын
қабылдау арқылы туристтік рынокты қорғау;
5. Туристтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. Тартымды туристтік нысан ретінде Қазақстанның
қалыптастыру;
7. Туризм саласындағы ғылыми зерттеулерді тереңдету;
8. Туризм саласындағы қызмет көрсетудің статистикалық беделін есебінің
əдіснамасын халықаралық стандартқа сəйкестендіру;
9. Туристтік нысандарды қайта жаңғырту мен салу үшін отандық жəне
шетелдік инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру;
10. Туристтік қызметті стандарттау, сертификаттау мен лицензиялау негізінде туристтерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
11. Туризм саласындағы мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттырып, жүйесін дамыту;
12. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
13. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
14. Туризм саласындағы теріс əлеуметтік келеңсіз үрдістерден арылу. Туризмді дамытудың негізгі бағыттары.
Мақсаттары мен міндеттерге сəйкес туристтік саланы дамытудың
мынадай негізгі бағыттары белгіленеді:
1. Туристтік қызметті мемлекеттік ретке келтіру.
2. Туризм инфрақұрылымын дамыту.
3. Маркетингтің стратегиясын жасап шығару.
4. Қазақстанның туристтік беделін қалыптастыру.
5. Туристтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
6. Мамандарды даярлау жəне ғылыми қамтамасыз ету [2].
«Қазақстан туристік саланың үлесін 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 8 пайызына дейін жеткізуді көздеп отыр. Біз Орталық Азия елдері мен күллі түркі әлемі үшін қасиетті саналатын Түркістан қаласын белсенді дамытып жатырмыз. Тек 2020 жылдың өзінде қаланың инфрақұрылымына, Түркістанның туризмі мен логистикасына құйылған ішкі инвестиция шамамен 1 млрд долларды құрады. Түркістан Қазақстанның ТОП-10 туристік бағытына кірді»,- деді Мемлекет басшысы [3].

2.2 Экскурсия жүргізу әдістерін қарастырып шығу


Экскурсияны өткізу әдістемесі объектілерді көрсетудің ең жақсы тәсілдерін, олар мен объектілермен байланысты оқиғалар туралы әңгімелерді анықтау міндеттерін шешеді. Экскурсияны өткізу әдістемесі көрсету мен әңгіме арасында байланыс пен өзара іс-қимылды талап етеді. Әр экскурсияга көрсету мен әңгіменің төрт арақатынасы тән, олар тақырып, объектілердің орналасуы, экскурсиялық топтың құрамы еияқты факторларға байланысты:


- әңгіме көрсетілім алдында жүргізіледі (экскурсоводтың басшылығымен объектіні бақылау жүргізіледі);
- көрсету мен әңгіме бір мезгілде өтеді (экскурсовод баяндайтын объектілерді бақылау жүргізіледі);
- әңгімеден кейін көрсетілім жүреді(тарихи оқиғалар сипатталады, қаланың сипаттамасы беріледі);
- көрсету мен әңгіме болмайды (нысандарды өз бетінше бақылау жэне алған білімді меңгеру жүреді).
Көрсету әдістемесі тәрбие және мәдени жұмыстың басқа формаларында қолданылатын әңгімеге қарағанда әдістеменің неғұрлым күрделі бөлігін көрсетеді. Экскурсиялық көрсетілім үлкен мағыналы жүктемені алып, экскурсияның құбылыс ретінде болуын анықтайды. Көрсету тәсілдері бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді, өз бетінше тексеру кезінде байқалмайтын ерекшеліктерді анықтайды, ескерткішті ойға бөліп көрсетуге, жетпейтін бөліктерді пайымдауға, бұрынғы оқиғалар мен бұрынғы объектілерді, қоршаған жерлерді ұсынуға мүмкіндік береді.
Экскурсияны өткізу әдістемесі экскурсанттарға экскурсияның мазмұның оңай меңгеруге көмектеседі және екі бөлікке бөлінеді: көрсету әдістемесі және әңгіме әдістемесі. Экскурсиялық әдістеме аталған бөліктердің жиынтығы ретінде экскурсиялар турлеріне (қалалық, қала сыртындағы, өндірістік, мұражайлық) және әр тақырыпка қатысты өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер экскурсияның алдына қойылған міндеттермен, сондай-ақ мақсатты орнатумен (мысалы, ересектердің мэдени ой-өрісін кеңейту немесе /жасөспірімдердің кәсіби бағдарлануы) анықталады. Ерекшеліктер экскурсия түрімен, оның тақырыбымен, топ құрамымен анықталады. Қарапайым көпшілік аудиторияға және кәсіби оқу жүйесінің таңдаушыларына арналған экскурсияларды өткізу әдістемесінде айырмашылықтар бар, экскурсияның жаяу жүргіншілері, автобус жэне т. б. ерекшеліктері бар. Көрсету және әңгіме экскурсияның ісі ізгі элементтері, экскурсовод қызметінің түрлері болып табылады. Ал көрсету әдістемесі мен әңгіме әдістемесі-экскурсиялық V) әдістеменің екі негізгі бөлімі. Көрсету әдістемесі-көлемі мен күрделілігі бойынша экскурсиялық әдістеменің бөлігі. Әңгіме әдістемесі-әдістеменің бірінші бөлігіне қатысты бағынышты сипатқа ис аз бөлігі. Көрсету әдістемесі күрделі, себебі ол өзіндік ерекшелігі бар және әңгіме әдістемесіне қарағанда тәрбие және мәдени- (қаралық жүмыстың басқа бір де бір түрі қолданылмайды. Сондықтан басқа әдістемелерден әдістемелік тәсілдерді алу мүмкін емес. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келесі қорытындылар жасауға болады:
- кең мағынада экскурсияларды өткізу әдістемесі өз мақсаттары (бойынша әр түрлі экскурсиялар тақырыптарын зерттеу барысында тапсырмалар мен талаптар, көрсету тәсілдері мен әңгіме жүйесі болып табылады.;
- нақты экскурсияны өткізу әдістемесі объектілерді көрсету бойынша экскурсоводтың іс-қимыл бағдарламасы, оларды эскурсанттардың бақылауын ұйымдастыру, көрсету мен әңгіменің белгілі бір әдістемелік тәсілдерін пайдалану болып табылады.;
- экскурсиялар жүргізу әдістемесі бір жағынан, ғылыми пәнге жақын, ал екінші жағынан-ол осы пәннің талаптарын практикада жүзеге асыруды білдіреді [4].
Экскурсияны дайындау экскурсияның жаңа тақырыбын әзірлеуді және экскурсоводты ол үшін жаңа тақырыпқа дайындауды қамтиды. Экскурсия әдістемесінде жалпы және жеке әдістерді бөліп көрсетуге болады. Жалпы әдіс-бұл кез-келген экскурсияда қолданылатын көрсету және әңгімелеу әдістері жүйесі, ал жеке адамдар олардың жіктелуіне байланысты экскурсия әдістерін біріктіреді.
Экскурсияны дайындау кезеңдері
1. Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау.
2. Тақырыпты таңдау.
3. Мұражайлардың экспозициялары мен қорларымен танысу.
4. Экскурсиялық нысандарды іріктеу және зерттеу.
5. Экскурсия маршрутын құру.
6. Экскурсия мәтінін дайындау.
7. "Экскурсовод портфелін" жинақтау.
8. Әдістемелік әзірлеме жасау.
9. Сынақ экскурсиясын өткізу және оны бекіту [5].

2.3 Қонақ үйлер мен мейрамханалардың құрылымын қарастыру.


Қонақ үйлер мен мейрамханалар бөлімшелер және жеке қызметкерлер арасында басқару мақсаттарын және талаптарын реттеумен сипатталатын күрделі ұйымдастырушылық құрылымынан тұрады.Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы ретінде біз басқарушы және басқарылатын жүйелер арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және қатаң бір-біріне бағынатын басқарушы буындардын бірлесуін түсінеміз.Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы,ұйымның жеке жүйелерінің өзара байланысынан қалыптасады.Мұндай құрылымның жасалуы ең алдымен қонақ үйдің жеке бөлімшелері арасында өкілдіктер мен жауапкершіліктерді үлестіруге бағытталған.Қонақ үйді басқару құрылымында келесі элементтер ерекшеленеді:буындар(бөлімдер),басқарудың және байланыстың деңгейлері (сатылары)-горизантальды және вертикалды.


Басқарудың буындарына құрылымдық бөлімшелер ,сонымен бірге сәйкес басқару функцияларын немесе олардың бір бөлігін орындайтын жеке мамандар кіреді(мысалы,бірнеше құрылымдық бөлімшелердің іс әрекетінің координациясын және реттелуін іске асыратын менеджерлер).
Басқару деңгейі ретінде қонақүйді басқару жүйесінде нақты бір сатыға ие басқару буындарының бірлесуін айтамыз.Басқару сатылары вертикальды сипатта және бір біріне бағынады:жоғары сатыдағы менеджерлер шешім қабылдайды,ол шешімдер нақтыланады және төменгі буындарға жеткізіледі [6].
Кез келген ұйымның, соның ішінде мейрамхананың миссиясы кәсіпорынның ұзақ кезеңдегі негізгі әлеуметтік маңызды, функционалдық мақсаты болып табылады. Негізінен бұл миссияны топ-менеджерлер немесе мейрамхананың иесі әзірлейді. Ұйымның миссиясы сыртқы ортаның субъектілеріне мейрамхананың не екенін, ол неге ұмтылатынын, өз қызметінде нені пайдаланатынын, сонымен қатар бүкіл мекеменің философиясы қандай болатынын көрсететін жалпы суретті ұсынады.
Сонымен қатар, мейрамхананың миссиясын анықтау кезінде мыналарды да ескерген жөн:

  • мейрамхананың негізгі міндетін, өнім өндіру бөлігінде, сонымен қатар өндірісте қолданылатын негізгі технологияларды тұжырымдау;

  • мейрамхананың тұтынушылары кім болады, компания қонақтардың қандай қажеттіліктерін сәтті қанағаттандыра алады;

  • ұйым мәдениеті;

  • компанияның қоршаған ортаға қатысты ұстанымы.

Мейрамхананы басқару құрылымы
Мейрамханадағы барлық қызметкерлер бірнеше топқа бөлінуі керек. Мейрамхананы басқару құрылымы функцияға байланысты осы біріктірілген топтарды қамтиды:

  • көп жағдайда бас директор болып табылатын мейрамхананың иесі;

  • қажет болған жағдайда бухгалтер және оның көмекшісі;

  • мейрамхана менеджері немесе бас директордың орынбасары;

  • мейрамхана менеджері немесе әкімшісі;

  • асхана қызметкерлері;

  • қызмет көрсететін қызметкерлер;

  • техникалық персонал;

  • қойма және күзет қызметкерлері, бірақ шағын мекемелерде мейрамхана құрылымы бұл топсыз өмір сүре алады.

Барлық осы қызметкерлер топтары бір тізбектің буындары болып табылады. Көбінесе қызметкерлердің бір санаты дұрыс жұмыс істемесе, мейрамхананың бүкіл құрылымы домино принципі бойынша ыдырап, мекеменің күйреуін одан әрі қоздырады. Бұл ретте әрбір қызметкер оның нұсқауларын орындау үшін бастығымен қатар өзінің тікелей міндеттерін нақты түсінуі және білуі керек.
Мейрамхана менеджментінің ұйымдық құрылымы туралы айтатын болсақ, мұндағы негізгі тұлға бүкіл ұжым бағынатын меншік иесі болып табылады. Егер мекеменің иесі пайда табуға мүдделі болса, онда ол көбінесе мейрамхананың көптеген мәселелерін өз мойнына алады, мекеме тұжырымдамасын таңдау, қызметкерлерді жұмысқа алу, жеткізушілерді таңдау, жарнаманы ұйымдастыру және қонақтарды тарту жауапкершілігін алады [8].

3.1 «Ивент индустриясын ұйымдастыру» тақырыбында қол жетімді оқу басылымдарының библиографиялық тізімі.


Кесте 3.1 «Ивент индустриясын ұйымдастыру» тақырыбында оқу басылымдарының библиографиялық тізімі [7].









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет