Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет115/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Бизнес-инкубатор – инновациялық процесті ұйымдастырудың кешенді əдісі негізінде 
жаңа кəсіпорындар, жұмыс орындарын құру жəне аймақтың экономикалық дамуы үшін 
құрылған инновациялық инфрақұрылым субъектісі.
Бит (bit) – берілген немесе сақталған ақпараттың ең кіші бірлігі,
«binary digit» (екілік разряд) терминінің аббревиатурасы болып табылады. Ол əрдайым 0 
немесе 1 сандарының комбинациясымен бейнеленеді.
Блог – негізгі мазмұны күнделік немесе үнемі жаңартылған оқиғалар журналы болып 
табылатын веб-күнделік. Блог беттеріндегі жазбаларды бір немесе бірнеше авторлар 
орналастыруы мүмкін; соны мен қатар олар тақырып жəне/немесе басқа критерийлер 
бойынша жіктеліп кері хронологиялық тəртіппен реттеледі.
Браузер (Browser) – желіде деректерді интерактивті іздеу, көру, қарау жəне өңдеу үшін 
графикалық интерфейсті қамтамасыз ететін бағдарламалық жасақтама.
Бұлттық есептеулер (англ. Cloud Computing) – пайдаланушыға интернет немесе басқа 
желілер арқылы бөлінген компьютерлік ресурстарды пайдалану мүмкіндігін беру сервисі.


127 
Білім (пəндік аймақ туралы) – пəндік аймақ туралы жаңа ақпарат алу үшін оған 
қолданылуы мүмкін пайдалы ақпарат пен процедуралардың тұтас жиынтығы.
Білім базасы объектілердің қасиеттері, процестердің заңдылықтары жəне жаңа 
шешімдер қабылдау үшін берілген жағдайларда деректерді пайдалану ережелерінен 
тұратын белгілі бір пəндік сала туралы ақпараттың формальды жүйесі.
Веб-бет – WWW-де орналасқан жəне URL арқылы анықталған гиперсілтемелері бар 
дара құжат.
Веб-сервер – басқа WWW компьютерлеріне құжаттарды ұсыну кезінде тиісті 
сұратуларды жіберетін компьютерде орнатылған бағдарлама.
Векторлы бейне – бұл математикалық сипаттаманы қолдана отырып жасалған 
қарапайым объектілердің бейнесі.
Гипермəтін (Hypertext) – сілтемелер бойынша көшу мүмкіндігі бар интерактивті орта 
типін сипаттайтын ұғым. Сөздерге, сөз тіркестеріне немесе суреттерге ендірілген 
сілтемелер (URL форматының адресі) қолданушыға (меңзерді орнатып мауыстың сол жақ 
батырмасын басу) мəтінді немесе сызбаны жəне олармен байланысты ақпарат пен 
мультимедиалық материалдарды тез арада таңдау мүмкіндігін береді.
Гипермедиа (Hypermedia) – тораптардағы сілтемелер арқылы қосылған ақпаратты 
дискретті ұсыну əдісі. Деректер мəтін, графика, дыбыс жазбалары, бейне жазбалар
анимациялар, фотосуреттер немесе орындалатын құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін. 
Гипермедиа – гипермəтінді жүйелердің жинағы.
Гиперсілтеме (Hyperlink) – құжаттың өзінде, басқа құжаттарда, соның ішінде əртүрлі 
компьютерлерде орналастырылған ақпараттың түрлі компоненттері арасында байланыс 
үшін қолданылатын құжат элементі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет