Сыныбы: 6 «ә»
Тақырыбы : Көкөністерден жасалған тағамдар
Мақсаты :
1.Білімділік: Оқушының білімі мен дүниетанымын кеңейтуге және шеберлік пен іскерлікке үйрете отырып, көкөністерді тағамның әр түрінде қолдана білу жолдарына түсінік беру.
2. Дамытушылық : Тағам әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға аспаздық қасиеттерін және логикалық ойлау, есте сақтау дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелігі: Қыз баланы ас мәзірін дайындауда жинақы, таза, тиянақты, жылдам істеуге тәрбиелеп, аспаздық өнерге баулу.
Пәнаралық байланыс : математика, физика, химия, биология
Көрнекіліктер : Рецептер жинағы, плакаттар, буклеттер, көкөністер /муляж/
Сабақтың әдісі : Сарамандық жұмыс
Сабақтың түрі : Топтық жұмыс, сайыс түрінде
Құрал-жабдықтар : Электролита-2, пышақтар, тақтайшалар жиынтығы-3, ыдыс-аяқтар/ табақ, қасық, тәрелке т.б/
Азық-түліктер : Картоп, сәбіз, тәтті бұрыш, қызанақ, пияз, қияр, өсімдік майы, қара бұрыш, тұз, сары май.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі :
-
Оқушыны түгендеу
-
Кезекшілер міндеті (арнайы киімді тарату, тақта, бор дайындау)
-
Санитарлы-гигиеналық талаптарды орындау (арнайы киімді кию, қолдарын жуу, ыдыс-аяқ тазалығын қадағалау)
-
Топқа бөліну (журналдағы тізім бойынша 3 топқа бөлу, әр топтың жұмыс орнын бекіту)
-
Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау(электроплитаны қолдану, құралдарды пайдалану, ас әзірлеу барысындағы)
ІІ. Өткен тапсырманы қайталау:/ әр топқа сұрақ қою/
-
Көкөніс тағамдарын даярлауда орындалатын талаптар
(Ұзақ уақыт салқын суда қалдырмау, азғана суда пісіру, пісіру уақытын сақтау)
-
Каротиноид /к/, антоциан /а/ пигменттері және олардың қасиеттері
(«К» пигменті - сары, қызыл түсті көкөністерде/сәбіз, асқабақ, қызанақ/ болады және олар жоғары температураға тұрақты болғандықтан, пісірген кезде өз түстерін жоғалтпайды.
«А» пигменті /қызылшада/ –тек қышқыл ортада сақталғандықтан пісіргенде сіркесу қосады)
-
Тұзсыз пісіретін көкөністер (бұршақ тұзды суда дұрыс піспейді, сәбіз бен қызылшаның дәмі нашарлайды)
ІІ.Жаңа сабақ:
-
Әр топ өздерінің топ басшысын дайындап,топ атын қояды, тапсырма алады
-
Тапсырмаға сәйкес жұмыс орыны белгіленеді
-
Әр жұмыс орынынында қауіпсіздік ережелерін сақтау
-
Нұсқау картасы бойынша топтық жұмыс
І топ : «Фаршталған қызанақ»
Қажетті азық-түліктер: қызанақ – 8 , піскен картоп, сәбіз - 2 , пияз, қара бұрыш, майонез- 4 ас қасық, тұз.
Дайындалу барысы :
-
Жуылған қызанақтың жоғарғы жағынан «қақпақ» тәрізді кеседі
-
Кесілген қызанақтың ішін қасықпен «кесе» тәрізді ояды
-
Картоп, сәбіз, пиязды ұсақтап, текшелеп турайды
-
Туралған көкөністерді тұздап,бұрыштап, майонезбен араластырады
-
Дайын болған массаны қызанақ «кесенің» ішіне салып, «қақпағын» жабады
-
Тағамды әсемдеу, ұсыну
ІІ топ : « Картоп езбесі»
Қажетті азық- түліктер: картоп- 5-6 , қызанақ езбесі, аскөк, сары май, тұз
Дайындалу барысы :
-
Картоптың қабығын тазалау, жуу, текшелеп турау
-
Қайнаған тұзды суда пісіру
-
Сүзіп алып езу, сүт, май салып араластыру
-
Тәрелкеге әдемілеп салу /кондитерлік шприцпен/
-
Қызанақ езбесімен аскөкті араластырып езбенің жанына құю
-
Тағамды әсемдеу, ұсыну
ІІІ. Топ: Тәтті бұрыштан «Фейерверк» салаты
Қажетті азық-түліктер : Тәтті бұрыш /қызыл, жасыл, сары/- 5, піскен картоп, қызанақ, қияр- 4, пияз- 3, қара бұрыш, тұз, өсімдік майы-100 гр
Дайындалу барысы :
-
Көкөністерді жуу, кептіру
-
Тәтті бұрыштың ортасынан бөліп, дәндерінен тазалау
-
Картопты қабығынан тазалау
-
Картоп, қызанақ, пиязды ұсақтап турау,
-
Туралған тағамдарға тұз, бұрыш сеуіп, өсімдік майымен араластыру
-
Аралсқан массаны жарты тәтті бұрыштарға бөліп салу
-
Тағамды әсемдеу, ұсыну
ІІІ.Жаңа сабақты бекіту:
Көкөніс тағамдардың сапасына қойылатын талаптар:
-
Пісірілген картоп өз түсін, қалпын сақтап, жұмсақ болуы керек
-
Езілген көкөністердің массасы біркелкі, түйіршіксіз, табиғи иіс болады
-
Фаршталған көкөністер жұмсақ, қалпын сақтаған, езілмеген болуы қажет
-
Тағамдар дәмді, суйкімді, үнемді, пайдалы болуы қажет
ІҮ. Қорытынды:
-
Не үйрендік? Не білдік? Не білгіміз келеді?
-
Жұмыс орнын жинау
Ү.Үй тапсырмасы:
-
§ 4. Көкөністерден жасалған тағамдар (123-125 бет)
-
Әр топ дайындаған тағамдардың рецептерімен алмасу, үйде дайындау
ҮІ. Бағалау:
-
Оқушылардың жұмысын бағалау
-
Оқушы күнделігіне баға қою
№ 8 жалпы орта білім беретін мектеп
/Технология пәнінен 6 «ә» сыныбында өткен ашық сабақ/
Пән мұғалімі : Калдыбаева Алмажан Тлеубаевна
Шалқар 2010
І топ : «Фаршталған қызанақ»
Қажетті азық-түліктер: қызанақ – 8 , піскен картоп, сәбіз - 2 , пияз, қара бұрыш, майонез- 4 ас қасық, тұз.
Дайындалу барысы :
1.Жуылған қызанақтың жоғарғы жағынан «қақпақ» тәрізді кеседі
2.Кесілген қызанақтың ішін қасықпен «кесе» тәрізді ояды
3.Картоп, сәбіз, пиязды ұсақтап, текшелеп турайды
4. Туралған көкөністерді тұздап,бұрыштап, майонезбен араластырады
-
Дайын болған массаны қызанақ «кесенің» ішіне салып, «қақпағын» жабады
-
Тағамды әсемдеу, ұсыну
ІІ топ : « Картоп езбесі»
Қажетті азық- түліктер: картоп- 5-6 , қызанақ езбесі, аскөк, сары май, тұз
Дайындалу барысы :
-
Картоптың қабығын тазалау, жуу, текшелеп турау
-
Қайнаған тұзды суда пісіру
-
Сүзіп алып езу, сүт, май салып араластыру
-
Тәрелкеге әдемілеп салу /кондитерлік шприцпен/
-
Қызанақ езбесімен аскөкті араластырып езбенің жанына құю
-
Тағамды әсемдеу, ұсыну
ІІІ. Топ: Тәтті бұрыштан «Фейерверк» салаты
Қажетті азық-түліктер : Тәтті бұрыш /қызыл, жасыл, сары/- 5, піскен картоп, қызанақ, қияр- 4, пияз- 3, қара бұрыш, тұз, өсімдік майы-100 гр
Дайындалу барысы :
-
Көкөністерді жуу, кептіру
-
Тәтті бұрыштың ортасынан бөліп, дәндерінен тазалау
-
Картопты қабығынан тазалау
-
Картоп, қызанақ, пиязды ұсақтап турау,
-
Туралған тағамдарға тұз, бұрыш сеуіп, өсімдік майымен араластыру
-
Аралсқан массаны жарты тәтті бұрыштарға бөліп салу
-
Тағамды әсемдеу, ұсыну
Көкөніс тағамдарын даярлауда орындалатын талаптар
Тұзсыз пісіретін көкөністерді атаңыз және неліктен
Каротиноид /к/, антоциан /а/ пигменттері және олардың қасиеттері
Достарыңызбен бөлісу: |