Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет72/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

ЛитералдарПрограмма əр түрлі операциялар орындата алатын қарапайым мəліметтер 
литералдар деп аталады. Литералдар өзгертілмейді. Бүтін типті литералдар ондық (10), он 
алтылық (16) жəне сегіздік (8) жүйелерде берілуі мүмкін. Ондық жүйедегі бүтін типті 
литералдар таңбамен немесе таңбасыз жазылатын ондық цифрлар тізбегінен тұрады, 
мысалы, 15, 123, -156, +3567. Он алтылық жүйедегі сандар 0–9 цифрларынан жəне а, b, с, d, 
e, f əріптерінен тұрады. Он алтылық сандар оның алдында 0x символын қосып жазу арқылы 
жазылады, мысалы, 0x25, 0xa1, 0xff. Сегіздік жүйеде тек 0–7 цифрлары жазылады жəне олар 
нөлден басталады, мысалы, 03, 0543, 011. Литералдарды жазудың математикадағы нақты 
сандарды жазудан айырмашылығы, оның бүтін жəне бөлшек бөлігін бөліп тұратын үтірдің 
орнына нүкте қойылады, 140 мысалы, 123.34, -22.56. Сонымен қатар, нақты сандарды жазуда 
экспоненциалдық форманы қолдануға болады, мысалы, 0,000000273 санын мынадай түрде 
2.73x10 -7 жазуға болады, ал оны JavaScript тілінде былай 2.73е-7жазады. Бұл жазуда көбейту 
белгісі мен 10 саны е символымен алмастырылады. Нақты литералдарды жазуда, кем 
дегенде, бір сан жəне ондық нүкте немесе экспонента (е немесе Е) символы болуы керек. 
JavaScript тілінде бүтін жəне нақты мəндерден басқа логикалық мəндер де кездесуі мүмкін. 
Мұнда тек екі түрлі логикалық мəн болады: ақиқат жəне жалған. Біріншісі – true, екіншісі – 
false литералы түрінде жазылады. JavaScript тілінің кейбір нұсқаларында true ретінде бір, ал 
false ретінде нөл қолданылуы мүмкін. Сөз тіркестерінен тұратын тіркестік литерал апостроф 
(‗) немесе тырнақша (―) белгілеріне алынып жазылады, мысалы, "нəтиже" немесе 'нəтиже'. 
Бос қатарды көрсететін тіркестік литерал " " немесе ' ' арқылы белгіленеді. 4.3 Айнымалылар 
Айнымалылар ақпараттарды сақтау үшін қолданылады. Айнымалылар сценарийлерде 
идентификаторлардың көмегі арқылы көрсетіледі. Идентификатор латын əріптерінен, 
цифрлардан, астын сызу белгісінен тұрады жəне ол міндетті түрде латын əрпінен немесе 
астын сызу белгісінен басталуы керек, мысалы, _my_test, test_l. Айнымалының типі 
сценарийде сақталған ақпараттың типіне байланысты болып, сол мəліметтің типі өзгерсе, 
айнымалының типі де өзгереді. Айнымалы var операторы арқылы анықталуы тиіс, мысалы: 
var test1 Мұнда test1 айнымалысының типі əлі анықталмаған, ол айнымалыға белгілі бір мəн 
меншіктеген кезде ғана айқындалады. var операторын айнымалыны инициализациялағанда 
да қолдануға болады, мысалы var test2=276 Мұнда test2 айнымалысының типі анықталды 
жəне ол 276 мəніне тең болды. Меншіктеу операторынан кейін айнымалының мəні өзгереді. 
Меншіктеу операторы программаның кез келген жерінде тұра береді жəне ол айнымалының 


82 
тек мəнін ғана емес, типін де өзгерте алады. Меншіктеу операторы мынадай түрде беріледі: 
а=b мұндағы а – біз бір мəн бергіміз келетін айнымалы, b – айнымалының жаңа мəнін 
анықтайтын өрнек. Сценарийде мынадай айнымалылар жазылған болсын делік: var n=3725 
var x=2.75 var p=true var s="Программа орындалды" n жəне х айнымалыларының типі number, 
р айнымалысының типі – логикалық, s айнымалысының типі string. JavaScript тілінде барлық 
141 стандартты жəне тұтынушының өзі анықтайтын функциялар үшін function типі 
анықталған. JavaScript объектілері үшін object типі бар. Оbject типті айнымалылар 
объектілерді сақтайтындықтан, оларды жай объектілер деп атай береді. Сценарийлердегі 
 бөлігінде жəне  бөлігінде де сипатталған айнымалылар екеуінде де бірдей 
жұмыс істей береді, бұларды осы құжаттағы кез келген сценарий пайдалана алады. Мұндай 
айнымалылар глобальді (ауқымды) деп аталады, ал функция ішінде анықталған 
айнымалылар локальді , яғни жергілікті болып саналады. 
Өрнектер Өрнектер операциялар (амалдар) таңбаларымен біріктірілген литералдардан, 
айнымалылардан жəне жақшалардан тұрады. Өрнектерді есептеу нəтижесінде сан (бүтін не 
нақты), сөз тіркесі немесе логикалық типте болатын бір ғана мəн шығады. Өрнектерде 
қолданылатын айнымалылар оған дейін инициалданған болуы керек. Өрнектерді есептеу 
кезінде анықталмаған немесе инициалданбаған айнымалылар кездессе қате шығады. 
JavaScript тілінде анықталмаған мəнді белгілеу үшін null литералы қолданылады. Егер 
айнымалы null мəнін меншіктесе, ол инициалданған болып саналады. Өрнек операндтардан 
(мəндер мен айнымалылардан) жəне операциялар таңбаларынан (+, -, *, /) тұрады. Мысалы, 
а*b формуласында а жəне b операндтар, * таңбасы – көбейту операциясы. Операциялар 
унарлық (бірорындық) немесе бинарлық (екіорындық) болып екіге бөлінеді. Өрнек +А 
түрінде жазылса, ондағы + – унарлық операцияны белгілейді, ал егер ол А + В түрінде 
берілсе, ондағы + – бинарлық операцияның орындалатынын көрсетеді. +А өрнегін есептеу А 
операндының мəнін есептеп, оған + операциясын қолдану дегенді білдіреді. Ал А+В өрнегін 
есептеу төмендегі əрекеттерден тұрады: 1. А жəне В мəндері есептеледі. 2. Операция 1-ші 
қадамда табылған операндтар мəндеріне қолданылады. Есептелген мəннің типіне қарай 
өрнек арифметикалық, логикалық жəне тіркестік типтердің біріне жатқызылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет