Білім беру бағдарламасы
Мамандығы: "06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер" (түрлері бойынша)
Біліктіліктері: 3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы
Авторлар- әзірлеушілер:
Ашимова Тамара Муратовна -арнайы пән оқытушысы, Тараз қаласы
Куралова Сауле Сарсенбековна- арнайы пән оқытушысы, Тараз қаласы
Сарапшы:
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Пайдаланылған таңбалар мен қысқартулар
3. Білім беру бағдарламасының паспорты
4. Маманның құзіреттіліктер тізбесі
5. Маманның құзіреттілітер мен оқыту нәтижелерінің тізбесі
6. Модульдер бойынша жұмыс оқу бағдарламалары
7. Кредиттік – модульдік оқытудың оқу процесінің кестесі
8. Бюджет бойынша жиынтық көрсеткіші
9. Оқу процесінің жұмыс оқу жоспары
Кіріспе
Білім беру бағдарламасы «06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» (түрлері бойынша) мамандығының «3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы біліктілігі» бойынша орта буын мамандарын дайындауға арналған.
Осы білім беру бағдарламасы "06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер" (түрлері бойынша) мамандығы бойынша оқытудың мазмұнын айқындайтын Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы нормативтік құжаттарына , қаулыларына сәйкес әзірленді:
"Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 23 шiлдедегі № 362 бұйрығы.
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралыҚР БҒМ 06.04.2020 жылғы №130 бұйрығы
Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралыҚР БҒМ 31.10.2017 ж. №553 бұйрығы жаңа редакцияда-ҚР БҒМ 16.09.2019 № 409 бұйрығы
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралыҚР БҒМ 18.03.2008 жылғы №125 бұйрығы. жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.05.31 № 248 бұйрығы.
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының кәсіби стандарты
World Skills стандарттары
Бағдарлама білім беруді басқарудың демократиялық сипатының қағидаттарын іске асыруға, оқу орындарының академиялық еркіндігі мен өкілеттіліктерінің шекараларын кеңейтуге арналған, бұл техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қоғамның, еңбек нарығы экономикасының өзгермелі қажеттіліктеріне бейімдеуді қамтамасыз етеді. Бағдарламаның икемділігі тұлғаның, өндірістің және қоғамның қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Модульдік құзыреттілік тәсіл негізгі білім беру нәтижелері түрінде оқу орындарының білім алушыларын оқыту мен құзыреттілігін бағалауды әзірлеуге, оқытудың сараланған тәсілін ескеруге мүмкіндік береді.
Осы ББ негізінде білім беру ұйымы жұмыс оқу – жоспарлау құжаттамасы үшін тиісті әдістемелік ұсынымдарды пайдалана отырып, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Компьютерге әр түрлі мәліметтерді енгізуді, оларды өңдеуді және сақтауды жүзеге асыру. Компьютерлік техниканы пайдаланумен айналысады, компьютерді жұмыс жағдайында ұстайды, ақауларды іздейді, істен шыққан элементтерді жөндейтін маман даярлау.
Білім беру бағдарламасының міндеті: «06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» (түрлері бойынша) мамандығының «3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы біліктілігі» бойынша орта буын мамандарын дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |