Коды
|
Қалыптастырылатын құзыреттілік
|
Коды
|
Оқыту нәтижесі
(негізгі құзыреттер бірлігі)
|
Оқыту критерийлері
|
Оқыту нәтижелерін қалыптастыратын пәндердің атауы
|
БҚ 01
|
Физикалық қасиеттерін дамыту және жетілдіру
|
ОН 1.1.
|
Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салты
|
Салауатты өмір салты негіздері мен мәдениетін ұғынады;
Бұлшықетке жүктеме түскен кездегі тыныс ал, қанайналым және энергиямен қамтамасыз ету жүйелері қызметінің физиологиялық негіздерін сипаттайды;
Жалпы дене дайындығы бойынша жаттығулар кешенін орындайды. Күнделікті өмірде салауатты өмір салты мәдениетін сақтайды;
|
Дене тәрбиесі
|
ОН 1.2.
|
Дене қасиеттері мен психофизиологиялық қабілеттерді жетілдіру.
|
Дене тәрбиесі жүктемесінің негіздерін және оны реттеу тәсілдерін сипаттайды;
Командалық спорт ойын қағидаларын сақтайды;
Жаттығуларды орындау техникасын меңгереді;
Үйренген ойын тәсілдері мен жеке тактикалық міндеттерді оқу ойынында қолданады;
Бағдарламада көзделген бақылау нормативтері мен тестерін орындайды;
Дене тәрбиесі жаттығулары мен айналысу кезінде жарақаттардың туындау себептерін, жарақаттанудың алдын алу тәсілдерін түсінеді;
Жарақаттар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді
|
БҚ 02
|
Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияны қолдану
|
ОН 2.1.
|
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгеру
|
- Кәсіби бағытталған ақпараттық жүйелерде мәліметтерді жинау, орналастыру, сақтау, жинақтау, түрлендіру және беру технологияларын қолданады;
- Кәсіби қызмет саласында негізгі бағдарламалық өнімдер мен қолданбалы пакеттерді қолданады.;
- Компьютерлік және телекоммуникациялық құралдарды қолданады;
- Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі әдістері мен тәсілдерін қолданады;
|
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
|
ОН 2.2.
|
Ақпараттық-анықтамалық және интерактивті веб-порталдардың қызметтерін пайдалану
|
БҚ 03
|
Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану
|
ОН 3.1.
|
Экономикалық теория саласындағы негізгі мәселелерді меңгеру
|
- Нарықтық экономиканың заңдылықтары мен принциптерін экономикалық терминдер тұрғысынан ашады;
|
Экономика негіздері
Кәсіпкерлік қызмет негіздері
Іскерлік қарым-қатынас этикасы
|
ОН 3.2.
|
Кәсіпорында болып жатқан экономикалық процестерді талдау және бағалау
|
- Өндіріс және тұтыну экономикасының негіздерін меңгерген;
- Мемлекеттің салық саясатын сипаттайды;
- Инфляция көздерін және оның салдарын түсінеді;
- Жалпы ішкі өнімді және жалпы ұлттық өнімді есептеудің негізгі әдістерін қолданады;
|
ОН 3.3.
|
Әлемдік экономиканың даму үрдістерін, мемлекеттің «жасыл» экономикаға көшуінің негізгі міндеттерін түсіну
|
- Әлемдік экономиканың даму үдерісін сипаттайды;
- Жасыл экономиканы дамыту;
- тұжырымдамасының мәнін, оның қажеттілігін ашып, талдайды;
|
ОН 3.4.
|
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүргізудің ғылыми және заңнамалық негіздерін меңгеру
|
- Кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандарын және кәсіпкерлік ортаны сипаттайды;
- Бизнес-жоспарды жасайды;
- Жеке кәсіпкерді (заңды тұлғаны) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу тәртібін сипаттайды, бизнесті бастау үшін құжаттар пакетін дайындайды;
- Жеке кәсіпкерді (заңды тұлғаны) тіркеу кезінде салық режимін таңдайды және негіздейді;
- Кәсіпкерлік қызметте электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу дағдысын меңгерген;
|
|
|
ОН 3.5.
|
Іскерлік қарым-қатынас этикасын сақтау
|
- Іскерлік қарым-қатынастың түрлі технологияларын қолданады;
- Жанжал жағдайларын талдайды және іс-әрекетті таңдауда ұтымды шешім табады;
- Кәсіптік этика нормаларын, компанияның этикалық кодекстерін, бизнесті жүргізудің жалпы қабылданған ережелерін сақтайды.
|
КҚ 01
|
Еңбек заңдылығын және компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету жұмысы кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын сақтау
|
|
ОН 1.1. Негізгі және перифериялық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау және пайдалану бойынша нормативтік құжаттарды қолдану
|
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін ажырата алады;
- Қазақстандағы еңбекті қорғау жөніндегі заңды зерделейді;
- Ұжымдық және еңбек шарттарын, шарт жасау мен бұзудың талаптары мен тәртіптерін ұстанады;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты мен демалыс уақытын үлестіріп бөледі;
- Тандалған мамандықта бағдарланады;
|
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Еңбекті қорғау және өндірістік техника қауіпсіздігін сақтау
|
|
ОН 1.2. Жеке қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтай отырып, белгіленген құрылғыны жөндеу
|
- Өндірістің практикаға бағытталуы туралы түсінігі бар;
- Ақпараттық қызмет көрсету кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқару жүйесінің талаптарын сақтайды.;
- Ақпараттық қызмет көрсету кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек жағдайын ұйымдастыруға қатысады.
|
КҚ 02
|
Электроника және электротехника заңдарын, микропроцессорлық техника бойынша білімдерін қолдану
|
ОН 2.1.
|
Өз құзыреті шеңберінде аналогтық және цифрлық құрылғыларды қолдану
|
- Электрондық және цифрлық аппаратураға берілетін конструкторлық және пайдалану құжаттарының номенклатурасын біледі;
|
Сызу;
Микропроцессорлық техника негіздері;
Электр-техникасы электроника негіздерімен;
Микропроцессорлық техника
|
ОН 2.2.
|
Нақты қолдану облысына арналған элементтік базаны қолданып, электрондық құрылғыларға арналған қарапайым электрондық сұлбаларды құру
|
Негізгі электрондық компоненттер мен модульдердің маркалануын ажыратады;
- Электрондық сұлбалардың негізгі функционалдық түйіндерінің типтік сұлбатехникалық шешімдерін оқи алады;
- Электрондық аппаратураға арналған бекітілген техникалық құжаттаманы алу үшін ақпараттық жүйелерді (нұсқаларды қадағалау, құжат айналым жүйелері) немесе архивтерді пайдаланады;
|
ОН 2.3.
|
Электрондық техниканың әртүрлі түрлерінің құрылғыларын, блоктарын және аспаптарын жинауды, құрастыруды және бөлшектеуді орындау
|
- Электрлік ток қасиеттерін қолданады;
- Электрлік өрістегі өткізгіштердің және диэлектриктердің қасиеттері туралы білімдерді меңгерген;
- Электрлік сыйымдылық сипаттамаларын қолданады;
- Электрлік тізбектің қасиеттерін түсіндіреді, электрлік тізбектің жұмысының режимдерін сипаттайды;
- Электрлік тізбектің параметрлерін сипаттайды;
- Ом заның қолданады;
- Электрлік тізбектің қуатын анықтайды;
- Кирхгофтың заңдарын қолданады;
- Конденсаторларды жалғау дағдыларын меңгерген;
- Магниттік өріс, оның сипаттамалары туралы білімдерге ие;
- Электр-магниттік индукция, өздік индукция құбылыстарын қолданады;
- Өлшеулердің негізгі құралдарының (амперметр, омметр, вольтметр) тағайындалуын және пайдалану ережесін біледі;
- Электрондық сұлбалардың, электрондық компоненттер мен модульдердің тізбектерінің электрлік параметрлерін өлшеу әдістерін қолданады;
- Баспа тақшаларындағы түйіндердің негізгі түрлерін (өтпелі саңылаулар, баспа өткізгіштері, орнату орындары, баспа тақшаларының стектері) ажыратады;
- Электрондық сұлбалар, электрондық компоненттер және модульдердің электрлік параметрлерін өлшеу үшін өлшеу құралдарын пайдаланады;
- Контактілердің электрондық компоненттер мен модульдердің полярлығын, нөмірлерін анықтайды;
- Баспа тақшасында немесе жинақтамада электрондық сұлбаның тізбегін, электрондық компонентті немесе модульді іздеп табады;
- Электрондық сұлбаның тізбектерін, электрондық компоненттер мен модульдерді оқшаулайды;
|
ОН 2.4.
|
Электрондық техниканың әртүрлі түрлерінің құрылғыларын, блоктарын және аспаптарын жинау, құрастыру және бөлшектеу
|
- Электрондық техниканы құрастыру және пайдалану бойынша әзірлеушінің нұсқамасын түсінеді;
- Электрондық техниканың алуан түрлерінің құрылғыларын, блоктарын және аспаптарын жинау, құрастыру және бөлшектеу үшін технологияны, техникалық жарақталуды пайдаланады;
- Жинау, құрастыру және бөлшектеу жұмыстарын жүргізу үшін электрондық техниканың әр түрлерінің аспаптарын пайдаланады;
- Электрондық техниканың әр түрлерін жинау, құрастыру және бөлшектеуді жүргізу үшін бақылау-өлшеу аспаптарын қолданады;
- Жабдықтарды құрастыру бойынша жұмыстарды орындауға қажетті құрал-сайманды, аспаптарды қолданады және олардың жарамдылығын тексереді.
|
КҚ 03
|
Аппараттық-бағдарламалық кешеннің қызметін қамтамасыз ету
|
ОН 3.1.
|
Дербес компьютердің құрылғыларымен жұмыс істеу
|
- Дербес компьютердің ішкі және сыртқы құрылғыларының және ақпарат тасығыштарының типтерінің сипаттамаларын пайдаланады;
- Порттардың функцияларын түсінеді;
- Құрылғылардың драйверлерін орнатады;
- Дербес компьютердің шеткері құрылғыларын және компьютерлік оргтехниканы жұмысқа дайындайды, икемдейді және қызмет көрсетеді;
- Дербес компьютердің ішкі және сыртқы құрылғыларын басқарады;
|
Компьютерлік техниканың операциялық жүйелері және қолданбалы бағдарламалар пакеті
Компьютерлік техниканың аппараттық қамтамасыз етуі
Есептеу техникасының техникалық қызмет көрсетуі және жөндеуі
Есептеу техникасының баптауы және жаңғыртуы
|
ОН 3.2.
|
Операциялық жүйелерді және түрлі бағдарламаларды орнату
|
- Бағдарламалық қамтамасыз ету және операциялық жүйелердің құрамы мен құрылымы туралы көріністерге ие;
- Операциялық жүйелердің түрлерін ажыратады.
- Операциялық жүйені орнатудың параметрлерін тандайды;
- Windows пен басқа операциялық жүйелерді, офистік және қолданбалы бағдарламаларды орнатады және икемдейді;
- Бағдарламалардың жіктелуін ажыратады;
- Қызметтік бағдарламаларды, қабықшаларды, аспаптық бағдарламаларды пайдаланады;
- Есептік жазбаларды қолданады, қолданушылардың жұмыс ортасының параметрлерін түсінеді;
- Утилит бағдарламаларының тағайындалуын түсінеді;
- Вирустардың және антивирустық бағдарламаларын түрлерін ажырата алады;
- Антивирустық бағдарламаларды орнатады және іске қосуды орындайды;
- Архиваторлардың түрлерін және олардың ерекшеліктерін ажыратады;
- Архивтеуді орындайды
- Құрылғылардың драйверлерін ажыратады және орнатады;
- Офистік және қолданбалы бағдарламаларды орнатады және баптайды;
|
ОН 3.4.
|
Компьютерлік және перифериялық құрылғылардың жұмысын бақылауды, диагностикалауды және қалпына келтіруді жүзеге асыру
|
- Еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын сақтайды;
- Пайдалану мақсатына сәйкес компьютерлік құрылғының жинақталуын қолданады;
- Компьютерлік жүйелердің тұрғызылуының схематехникасын, компьютерлік техниканың жұмыс жасау қағидаларын түсінеді;
- Компьютерлік техниканы диагностикалау және жөндеу қағидаларын қолданады;
- Орындалатын жұмыстың мәселелері бойынша әдістемелік және нормативтік материалдарды қолданады;
- Есептеу процесін іске асырумен, машина жұмысын бақылауды жүргізумен байланысқан дайындық амалдарын орындайды;
- Кешен құрылғаларының жүйелік, диагностикалық хабарламаларын қадағалау арқылы кешен модульдерінің қызмет етуін қадағалайды;
- Компьютерлік кешеннің шеткері құрылғыларының түйіндерінің жұмысқа қабілетін анықтайды және оларды уақытылы алмастырады;
- Инженердің жетекшілігімен электрондық техниканың алуан түрлерінің аспаптары мен блоктарын, құрылғыларын құрастыру/бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындайды.
|
КҚ 04
|
WEB технологиясын қолданып жоғары деңгейлі тілдерде бағдарламалау
|
ОН 4.1.
|
Бағдарламалық қамтамасыз етудің бағдарламалық кодын құрастыруда тапсырмаларды формалдау мен алгоритмдеудің әдістерін және тәсілдерін пайдалану
|
- Интерфейсті жобалау үшін бағдарламалық құралдарды қолданады;
- Скрипттік бағдарламалау тілдерінде кодтайды;
- Тандалған бағдарламалау ортасын және деректер базаларын басқару жүйелерінің құралдарын пайдаланады;
- Бағдарламалық қамтамасыз етудің модульдері мен компоненттерін жинау әдістері мен құралдарын қолданады; бағдарламалық қамтамасыз етуді жазу, деректердің миграциясы мен түрлендірілуі, бағдарламалық интерфейстерді құру үшін процедураларды құрастырады;
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырудың шаблондарын (паттерндерін) пайдаланады;
- Бағдарламалық қамтамасыз етудің кітапханаларын пайдаланады;
|
Web-бағдарламалау және Интернет технологиялар
Өндірістік оқыту (Web-бағдарламалау және Интернет технологиялар)
|
ОН 4.2.
|
Web технологияларды қолданып сайт құрастыру
|
- Қазіргі заманғы web-ресурстардың құрылысы мен функциалануы туралы меңгерген;
- Қолданушы интерфейсін тұрғызудың қазіргі заманғы қағидаларын қолданады;
- Қолданушылық интерфейстердің эргономикасын тестілеудің заманауи әдістері туралы меңгерген;
- Қолданушылардың жасын және денсаулық мүмкіндіктерінің шектелуін есепке алып, түрлі санаттарына байланысты графикалық интерфейстердің дизайнына қойылатын негізгі талаптар; ақпаратты мәтіндік, графикалық, дыбыстық, бейне және басқа да мультимедиа форматтарында ұсыну туралы білімдерді меңгерген;
-Желілік хаттамалар және web-технологиялардың негіздері туралы біледі;
- Қазіргі заманғы интерпретацияланатын бағдарламалау тілдерін, HTML және CSS қолданады;
- Тандалған бағдарламалау ортасының және деректер базасын басқару жүйесінің ерекшеліктерін ажырата алады;
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырудың әдіснамасы және объектілі-бағытталған бағдарламалаудың әдіснамасы туралы көріністерге ие;
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырудың шаблондарын (паттерндерін) қолданады;
- Бағдарламалаудың серверлік тілдерінде (PHP, Ruby, Python) кодтайды;
- Тандалған бағдарламалау ортасын және деректер базасын басқару жүйесінің құралдарын пайдаланады;
- Бағдарламалалық модульдер мен компоненттерді бағдарламалық өнімге жинау процедурасын орындайды;
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырудың шаблондарын (паттерндерін) пайдаланады
|
ОН 4.3.
|
Жүйелік қателерді анықтау, қателерді өңдеу, бағдарламаның жеке модульдерін жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
|
- Бағдарламалық қамтамасыз еудің кітапханаларын пайдаланады;
- Ақпараттық жүйелердің типтік архитектуралары, деректер базасының модельдері туралы біледі;
- HTML, web-серверлерді басқарудың базалық білімдерін меңгерген;
- Процесстер мен кодтарды жобалаудың әдістерін қолданады;
- Бағдарламалаудың серверлік тілдерін (PHP, Ruby, Python) пайда-ланады;
- Web-серверлермен жұмыс жасайды;
- Деректер базасына SQL–тілінің сұраныстарын қолданады;
- Желілік хаттамаларды және web-технологияларды қолданады;
- Web-серверлердің жұмысын түсінеді;
- Қазіргі заманғы деректер базасын басқару жүйелерінің қызмет етуін түсінеді;
- Web-ресурстардың бағдарламалық-техникалық архитектурасының компоненттерін, олармен өзара әрекеттесудің қолданыстағы интерфейстері мен қосымшаларын пайдаланады;
- Бағдарламалық модульдер мен компоненттерді жинау және интеграциялаудың әдістері мен құралдарын меңгерген.
|
КҚ 05
|
Желілік жабдықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
|
ОН 5.1.
|
Жергілікті есептеу желісін монтаждау
|
- Жергілікті компьютерлік желілер, олардың тағайындалуы және қолданылу облыстары туралы жалпы мәліметтерді меңгерген;
- Жергілікті желілердің топологиясын, физикалық құрылымын, компьютерлердің желіге жалғану тәсілдерін, интерфейстердің, кабельдердің, коннекторлардың түрлері біледі;
- Компьютерлік желілердің кабельдік жүйелерінің құрастырылуы мен диагностикасы үшін пайдаланылатын құрал-саймандарды қолданады;
- Жергілікті желілердің аппараттық ресурстарының құрамын түсінеді;
- Белсенді және енжар желілік жабдық түрлерін ажыратады;
- Желінің логикалық ұйымдастырылуын біледі;
|
Компьютерлік желілер
Компьютерлік желілер бойынша өндірістік оқыту
|
ОН 5.2.
|
Жергілікті есептеу желілеріне қызмет көрсету және пайдалану
|
- Жергілікті компьютерлік желілердегі деректерді жіберу хаттамаларын ажыратады ;
- Жергілікті желіге қатынасу, мониторингтеу және жергілікті желіні басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланады;
- Есептік жазбаларды басқарады, қолданушылардың жұмыс ортасының параметрлерін икемдейді;
- Желілік адаптерді орнатады ;
- Желілік параметрлерді икемдейді;
- Қарапайым желігі төсейді
- Windows-қа сымсыз желілік тақшаны орнатады және икемдейді;
- Желінің жергілікті ресурстарына қатынасуды құрады және басқарады;
|
ОН 5.3.
|
Ұйымның желілік жабдықтарын орнату және конфигурациялау
|
- Желіні басқарудың құралдарын орнатудың арнайы процедураларын қолданады;
- Желілік құрылғыларды басқарудың арнайы құралдарының параметрлерін икемдейді;
- Аппараттық құралдардың қызмет етуін түсінеді;
- Басқару хаттамаларын және маршруттау хаттамаларының типтерін біледі;
- Желілік трафикті басқару үшін OSI/ISO моделін және ISO моделін қолданады;
- Басқарылатын желілік құрылғыларды және әкімішіленетін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату бойынша нұсқамаларды пайдаланады;
- Басқарылатын инфокоммуникациялық жүйедегі профилактикалық жұмыстарды жүргізуге арналған регламенттерді қолданады.
|
ТП
|
Таңдау пәні
|
ОН1.1
|
Мобилді қосымшалар әзірлеу
|
|
|
ОН1.2
|
Графикалық дизайндар жасау
|