Күнтізбелік-тақырыптық жоспар



бет1/15
Дата02.05.2024
өлшемі90.32 Kb.
#500292
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
5-11 кл КТП жаңа


Бекітемін: Келісемін: Ә/б отырысында


«№1 мектеп – гимназия» КММ Оқу ісінің орынбасары: қаралды:
директоры: Г.Ж.Аманжолова
М.Д.Оңғаров Хаттама №1
________________ _________________ _______________
«__»_______2022ж «__»_______2022ж «__»_______2022ж


КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТЕР
Сыныптар: 5а,ә,б , 7 а,б , 8 а,ә,б , 10 а,б ,11 а,ә


Мұғалім: Байгелді Гүлнұр Төлегенқызы
5 сынып барлығы__18 сағат, екі апталық саны__ 0,5 сағат
7 сынып барлығы __18 сағат, екі апталық саны ___0,5 сағат
8 сынып барлығы __18 сағат, екі апталық саны ___0,5 сағат
10 сынып барлығы__36 сағат, апталық саны__ 1сағат
11сынып барлығы __36 сағат, апталық саны ___ 1 сағат


Сағат саны: 8
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы « » № бұйрығына
68-қосымша


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттер» оқу
курсы бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


1. Жалпы ережелер
1. «Жаһандық құзыреттер» курсының оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Жаһандық құзыреттер» курсы білім алушылардың құндылық бағдарларын, коммуникативтік дағдыларын, әдептілік нормалары мен мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді.
3. Курстың мақсаты: бәсекеге қабілетті, мінез-құлық мәдениетінің стандартына сәйкес келетін және жаһандық құзыреттерге ие тұлғаны қалыптастыру.
4.Курстың міндеттері:
1) 1) білім алушылардың азаматтық ұстанымын және өз елінің мүддесіне қызмет етуге дайындығын қалыптастыру;
2) білім алушылардың жеке қасиеттерін дамыту: адалдық, әдептілік, ізгі ниет, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік;
3) білім алушыларда медиа сауаттылық және қаржылық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру;
4) салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;
5) экологиялық мәдениетті дамыту;
6) қоғам өміріндегі діннің рөлі туралы түсінік қалыптастыру.
5. «Жаһандық құзыреттер» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
6-сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
7-сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
8-сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
9-сыныпта-аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет