Бекітемін
Педагогикалық кеңес
отырыстың № 1 хаттамасы
2023 жылғы 29 тамыздағы
__________
01.09.2023 ж
С.Рахимов атындағы жалпы білім беретін мектеп
2023-2024 оқу жылына
Жалпы орта білім беру деңгейінің 1-11-сыныптарына арналған
«Өмір қауіпсіздік негіздері»
жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы
«Өмір қауіпсіздік негіздері» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны да өзгерді және 1998 жылғы оқу жоспарынан ерекшеленді. Білім берудің жаңартылған мазмұнын бөлімдерінің материалдары оқушыларға ғылыми зерттеулер мен іздеу жұмыстарына мүмкіндігінше тәуелсіздік беру, әртүрлі эксперименттер жүргізу және шығармашылық идеяларын көрсету сияқты етіп ұсынылады. Әр бөлімнен кейін өздігінен өз жұмыстарының таныстырылым дайындау жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Білім алушы барлық түрлерін өз бетінше функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған, күнделікті өмірде алған білімін, білігі мен дағдыларын қолдана алады. Практикалық жұмысты орындау кезінде әрбір бөлімінде қызметтің бұл түрі үлгі ретінде берілген. Мұғалім қолда бар материалдарды, құрал-жабдықтарды негізге ала отырып, білім алушыларды бірдей дамыту үшін үлгілік өнімді іске асыру негізінде ұсынуға құқылы.
«Қауіпсіздік және төтенше жағдайда қорғау» бірінші бөлімі «Қауіпсіздік және адамды қорғау» бөліміне ауыстырылды. Практикалық жұмыстарды өткізу және жаңа тақырыпты зерделеу кезінде жаңартылған мазмұнның әрбір бөлімінде көзделген.
«Медициналық білім негіздері және балалар денсаулығын қорғау» екінші бөлімі «Денсаулық негіздері және салауатты өмір салты» және «Медициналық білім негіздері» бөлімдеріне ауыстырылды. 5-сыныптан «Табиғи сипаттағы қауіп», «Техногендік сипаттағы қауіп», «Экстремалды жағдай және қауіпсіздік», «Азаматтық қорғаныс» осы бөлімдер енгізілді.
10-сыныпта өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-шаралармен таныстырады.
11-сыныпта технологиялық дайындыққа арналған бөлім жол қозғалысы ережесін және автокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізуді зерделеу қарастырылады.
1-тарау. Жалпы ережелер
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында жүзеге асырылады:
- 1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат көлемінде бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді;
- 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады;
-10-11-сыныптарда «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.
Жалпы орта білім беру мектептерінің 10-сыныптарында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу бағдарламасына енгізілген «ӨҚН» бөлімі (12 сағат) оқытылады.
Жалпы орта білім беру мектептерінің 11-сыныптарында «Технологиялық дайындық» бөлімі (34 сағат) оқытылады, онда автокөлік құралдарының қозғалысы мен қауіпсіз жүру ережелерін зерделеу қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |