6.2 Түрлі айғақтар мен дәлелдерді қажет кезде ұтымды қолдана алады.
Пререквизиттер
|
Қазақ тілінің А2 деңгейі
|
Постреквизиттер
|
Қазақ тілінің В-2-1 деңгейі
|
Әдебиет және ресурстар
|
Негізгі әдебиет:
Ш.А. Рамазанова. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 221 б.
Қосымша әдебиет
1. Салқынбай А., Егізбаева Н., Жұмағұлова А., Иманқұлова С., Рысбай Б. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
Онлайн ресурстар: kaz-tili.kz, til.gov.kz., qazaqtili.el.kz, sozdik.kz, tilalemi.kz. emle.kz. terminkom.kz. atau.kz, qujat.kz.
|
Университеттік моральдық-этикалық құндылықтар шеңберіндегі курстың академиялық саясаты
|
Академиялық тәртіп ережесі:
Әр сабаққа міндетті түрде қатысу керек, сабаққа кешігу 0 балға тең; тапсырмаларды (семинар, СӨЖ, үй тапсырмаларын және аралық бақылау, қорытынды емтихан уақытында тапсыру. Уақытында тапсырылмаған жұмыстар қабылданбайды.
Академиялық құндылықтар:
Барлық тапсырмаларды өз бетінше, адал орындау. Плагиатқа және адал істелмеген жұмысқа жол берілмейді. СӨЖ, аралық бақылау, қорытынды емтихан тапсырған кезде біреуге сыбырлауға, біреуден көшіруге, басқа бір студент үшін емтихан тапсыруға болмайды. Төзімділік танытыңыз, өзге біреудің пікірін құрметтеңіз. Келіспейтін пікіріңізді дұрыстап жеткізе біліңіз.
Курстың қандай бір ақпаратын жалған таратқан, Интранетке дұрыс кірмеген, шпаргалка қолданған студентке «F» бағасы қойылады.
Ескерту: Өздік жұмысты орындау (СӨЖ), оларды тапсыру және қорғау, сонымен қатар өтілген материал бойынша қосымша ақпарат алу, оқытылып жатқан курс жөніндегі басқа да сұрақтар бойынша офис-сағаты кезеңінде оқытушыдан көмек сұрауға болады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |