Білім беру бағдарламасы Пәннің коды Пәннің атауы Студенттің өзіндікжұмысы (БӨЖ)


Бекітілген боялған клеткалардың препараттары



бет8/18
Дата20.05.2022
өлшемі43.63 Kb.
#458042
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқау

Бекітілген боялған клеткалардың препараттары. Бекітілген немесе фиксирленген препараттар микроорганизмдердің бірқатар морфологиялық ерекшеліктерін зерттеуде, клеткаларды санауда және дақыл тазалығын тексеруде қолданылады.
Майсызданған заттық шыныға тамшы су тамызып, тұзақпен зерттеу материалын енгізеді. Алынған суспензияны біркелкі, жұқа жұғынды алу үшін тұзақ арқылы жаяды. Жұғындыны бөлме температурасында ауада кептіреді. Егер жұғындының кебуі жай болса, онда жұғындыны от жалынының үстінде жылы ауада ұстайды.
Препараттарды бірнеше мақсатпен бекітеді: микроорганизмдердің тіршілігін тоқтату; клеткалардың шыныға жабысуын қамтамасыз ету; жұғындыны бояуға сезімтал ету, себебі тіршілігін жойған клеткалар тірі клеткаға қарағанда жақсы боялады. Бекітудің кең тараған әдісі жылумен өңдеу болып табылады. Ол үшін препаратты жұғындыны жоғары қаратып, оттың жалынының ең ыстық бөлігінен бірнеше рет өткізеді.
Микроорганизм клеткаларын бояу үшін, көбінесе фуксин, геницианды көгілдір, метиленді көк бояулары пайдаланылады. Жұғынды.а бояуды тамызып, 1-3 минут ұстайды. Бояу аяқталғаннан кейін препараттарды ағып жатқан су түссізденгенше шаяды. Одан кейін препаратты кептіріп, микроскоп арқылы бақылайды.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ
1. Биологиялық микроскоп құрылысымен және онымен жұмыс істеу жолдарымен танысу.
2. «Жаншылған тамшы» және фиксирленген боялған препараттар дайындау.

4

ЗС4. Микроорганизмдердің әртүрлілігі
Жұмыстың мақсаты - бактерияларды., актиномицеттер және саңырауқұлақтардың морфологиясымен танысу.
Зертханалық жұмыстың міндеті- бактериялар, актиномицеттер және саңырауқұлақтармен жұмыс істеу жолдарын игеру.
Бактериялар морфологиясы.
Бактериялар - бір клеткалы организмдер, пішіндері бойынша 3 негізгі топқа бөлінеді: дөңгелек, таяқша тәрізді және иілген таяқшалар.
Дөңгелек бактериялар немесе коктар орналасуына байланысты микрококтар, диплококтар, стрептококтар, тетракоктар, сарциналар және стафилококтар болып бөлінеді. Таяқша тәрізді микроорганизмдер клеткалар мөлшері, олардың орналасуы және спора түзу қабілеттіліктері бойынша ажыратылады. Олар бөлек клеткалар немесе тізбек түрінде орналасуы мүмкін. Спора түзетін таяқшалар бациллалар деп аталады. Иректелген бір клеткалы бактериялар клетканың формасы және ирек санына байланысты 3 топқа бөлінеді: вибриондар, спириллалар, спирохеталар. Негізгі пішіндерімен қатар табиғатта микроорганизмдердің басқа да формалары кездеседі. Клеткалардың пішінін «жаншылған тамшы» препаратымен, ал майда бактерия клеткаларының пішіндерін бекітілген боялған препараттарымен анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет