Білім беру ұйымының атауы
|
«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей интернаты» КММ
|
Үйірме
|
Дебат
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Гайнуллинова Бакытгул Нурланкызы
|
Күні:
|
09.02.2023
|
Сынып: 9
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Тақырыбы:
|
Спикерлердің міндеттері
|
Мақсаты:
|
Оқушылар пікірталас барысында міндеттері мен ролдеріне сай сөйлеуге үйреніп, көпшілік алдында өздерін ұстау дағдыларын дамытады.
|
Оқыту әдісі:
|
Шағын жаттығу пікірталас өткізу. Оқушылардың топтық жұмыстары, тәжірибелі пікірсайысшы ойыншылардан кеңес сұрау
|
Пәнаралық байланыс:
|
Тарих, құқықтану, әдебиет
|
Құрал-жабдықтар
|
Интерактивті тақта, ғаламтор, мектеп кітапханасындағы бұқаралық ақпарат құралдары, постерлер, маркерлер.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Өткен білімді еске түсіру
|
Миға шабуыл
Пікірсайыстағы ойыншының әрқайсысының міндеттерін нақты пысықтап, еске түсіру: Үкіметтің Премьер-Министрі, Орынбасары, Оппозиция лидері және спикерінің функционалдық міндеттері
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
|
Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
|
Интерактивті тақта
постерлер маркерлер
|
Жаңа білім
|
1. Спикерлерді рөлдеріне сәйкес сөйлетуге жаттықтыру.
2. Спикерлердің сөздерін, көпшілік алдында өздерін ұстау дағдыларын талдау, бағалау, кемшіліктерін дұрыстауын қадағалау.
3. Спикерлердің сөздерін уақытында аяқтауға дағдыландыру.
Мұғалім әр ойыншының сөз сөйлеуінің шектеулі уақытының бар екендігін интерактивті тақтадағы жазбалар арқылы естеріне салады. Үкіметтің Премьер-Министрі - 7 минут, Премьер-Министрдің орынбасары және Оппозиция лидері мен спикері 8 минуттан сөйлейді. Ойынның конструктивті бөлімі аяқталғаннан кейін сараптама бөлімі басталады. Үкіметтің Премьер-Министрі 5 минут (алғашқы минута ребатл), ал Оппозиция лидері 4 минут таза сараптама жасауы қажет.
Бүгінгі шағын пікірталасымыздың тақырыбы:
«Бұл палата жұмыс орындарындағы адамдарды алмастыратын технологиялардың үздіксіз дамуына қарсы (мысалы, өзін-өзі басқаратын көліктер, автоматтандырылған зауыттар, жасанды интелекттің көмекші жүйелері)».
Алдыңғы сабақтарда бұл тақырыптың жақтаушы топтың да, даттаушы топтың да кейстерін құрған болатынбыз. Енді, қазір әр спикер бөлінген уақытқа сай сөйлеп шығуы қажет.
|
Дескриптор:
Спикерлер рөлдеріне сәйкес сөйлеуге жаттығады
Үкіметтің Премьер-Министрі сөйлейді
Премьер-Министрдің орынбасары сөйлейді
Оппозиция лидері сөйлейді
Оппозиция спикері сөйлейді
Спикер шығып бірінші өзін таныстырады
Тақырыптың өзектілігін айтады
Дефиниция келтіріп, аргумент, факт және статистика қолданып кейсын таныстырады
Ойын барысында қарсылық келтіреді
Сараптама жасайды
|
Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
|
Интерактивті тақта, Ғаламтор желісі
Мектеп кітапханасындағы бұқаралық ақпарат құралдары
|
Бекіту
|
Сабақты қорытындылау
Ойыншыларға спикерлік балл қою
Төреші, яғни мұғалім оқушылардың құрған кейсіне сараптама жасайды
Қате тұстарын анықтап жөндейді
Қосымша статистикамен кейсті толықтырады
Үйге тапсырма
Тақырыптың сандық, статистикалық мәліметтерін жинақтау
|
Тақырыпты қорытындылау
|
«Ең үздік спикер»
|
|