Білім беру парадигмасының мәні және педагогикалық өркениет кезеңдері


Дәстүрлі-консервативтік (білімдік) парадигма үш постулаты бөлінеді



бет4/6
Дата30.09.2023
өлшемі396.52 Kb.
#479295
1   2   3   4   5   6
Білім беру парадигмасының мәні және педагогикалық.pptx

Дәстүрлі-консервативтік (білімдік) парадигма үш постулаты бөлінеді:

Технократтық парадигма

  • Бұл парадигма жағдайында оқу-тәрбиелік процесстің нәтижесі «иә-жоқ», «біледі- білмейді», тәрбиелі-тәрбиесіз», «игерген-игермеген» деген жүйеде бағалануы мүмкін. Мұнда дайындық, білімділік, тәрбиелік деңгейіне салыстыратын эталон, идеал, норматив болады.
  • Қарастырылып отырған парадигмадағы философиялық-педагогикалық сезіну деңгейіндегі «ғылым мен білімге махаббат» негізгі орын алады. Ал балаға деген махаббат артық саналып, этикаға сәйкес сыйластық пен танымдылық оның орнын басады деп саналған. Бұл парадигмаға сәйкес оқушы мен ұстаздың еркіндіктері қабылданған стандарттар мен нормативтер шегінде ғана болады. Айтарлықтай теңдік болмайды, себебі барлық уақытша сол параметрлер (жоғарыда айтылған) бйынша барлығы бір-бірімен салыстырылады.
  • Ғылыми-технократтық парадигма алғашында ізденіс мүмкіндіктерінің еңдігіне деген сенімділік логикасына сәйкес құрылған болатын.
  • Осыдан әлемдік педагогикалық мәдениеттегі түрлі сынаулар, білім беру стандарттары туындады. Технократтық логика шеңберіндегі өзара қарым-қатынасты реттеу нормалары сыртқы заңдар аясында жатыр, қатысушыны бағалауға қатысты позицияға жауапкершілік жүгін оқытушыдан белгілі бір дейгейде алып, ал оқушыдан білімнің сапасына деген жауапкершілік алып жасатады.
  • Алайда бұл парадигма индивидтің мүмкіндіктеріне сенімсіздік негізінде құрылғанымен, адамзат оған көптеген өнімді педагогикалық технологиялары және жұмыстың қызықты түрлері үшін міндетті. Оған трафаратпен жазу, бағдарламалау, компьютерлік ойындар тағы да басқалары, яғни күрделі педагогикалық процесті реттеуге, бағалауға, кері байланысты орнатуға көмектесетіндер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет