Оның ерекшелігі – автордың пікірлеріне саналы
түрде баға беру, айтылар ойға тереңірек үңілу, сол арқылы ғылыми-практикалық
тұжырымға жол ашу”. [2.34.]
Мәтін арқылы орындалатын жұмыстар сөйлесім әрекетінің барлық түрін қолдануға
мүмкіндік берді. Қазақша сөйлеу тілін жан-жақты дамыту үшін жүргізілетін коммуникативтік
тапсырмалар
мәтіналды жұмыс, мәтінмен жұмыс, мәтінсоңы жұмыс деп берілгені тиімді.
Осы жұмыстардың аясында барлық әдістер: қатысымдық, интерактивті, креативті, танымдық,
сұрақ-жауап, т.б. толық іске асады.
Мәтіналды жұмыс аясында ұйымдастыру кезеңнің міндетіне сай, білімалушының моти-
вациясын туғызуға бағытталған, ұсынылып отырған лексикалық тақырыпты коммуникативтік
тұрғыдан меңгертуге тиімді, тілүйренушінің деңгейіне қарай сөйлеуге жетелейтін тапсыр-
малар (мәтін мазмұны бойынша иллюстрациялаған фондық суреттер немесе фотосуреттермен
жұмыс, тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрау, сызба толтыру, диалогті толықтыру, мәтін-
нің тақырыбын талқылау және т.б. тапсырмалар мен грамматикалық материалдар) беріледі.
Мәтінмен жұмыс аясында лексика – грамматикалық минимумды меңгеруге бағытталған
мәтіндік тапсырмалар жүйесі ұсынылады. Мұнда мәтін мазмұны бойынша сұрақ-жауап
тапсырмалары (бірнеше жауаптың ішінен дұрысын таңдау, «иә»/«жоқ», «дұрыс»/«дұрыс
емес», еркін жауапты қажет ететін сұрақтар); мазмұнды түсінген-түсінбегенін тексеретін
тапсырмалар (кім, не, қайда, қашан, не үшін және т.б. сұрақтар арқылы мәтінді түсін-
ген/түсінбегенін тексеру, кілт сөздерді анықтау/таңдау, мәтін типін анықтау); сәйкестікті
анықтауға арналған тапсырмалар (суреттер мен сөйлемдерді, ауызша және жазбаша
мәтіндерді, қысқа мәтін мен диалогті, сөз тіркестері мен сөйлем сыңарларын сәйкестендіру,
суреттерді мәтін мазмұнымен үйлестіріп, орналастыру); нұсқауларды орындау (сурет салу,
сызу, сызбадан бағытты анықтау, сызбаны не суретті толықтыру, суреттің не сызбаның бөлігін
қосу, суреттегі (сызбадағы) бөлектерді белгілеу, естіген/оқыған ақпаратты сызбаға жазу, бланк
толтыру, тірек сөздердің көмегімен жазбаны толықтыру) жұмыстары; мәтінді оқу
Достарыңызбен бөлісу: |