9
(жағдаяттық тапсырма, рөлдік ойын тапсырмалары, ойын тапсырмалары, ойталқы, пікірталас
ұйымдастыру) ұтымдылығымен ерекшеленеді.
Тілдесімдік тапсырмаларды орындау арқылы білімалушы тілдік қатынас барысында әр
түрлі ситуациялардан шығудың жолын іздестіріп, өз пікірін айтуға, көзқарасын дәйектеуге –
креативтік ойтанымға үйренеді. Аталған жұмыс түрлері мәселені бірлесіп талқылау, шешім
ұсыну, проблемалар мен міндеттерді айқындау,
өзара және өзін-өзі бағалау, мәтін мазмұ-
нының аясынан шығып, өз білімін өмірлік дағдыларға ұластыру
сияқты коммуникативтік
мақсаттардың жүзеге асуына жол ашады. Мәтінсоңы тапсырмаларынан кейін тілүйренуші
білімді бекітуге арналған жарнама, хабарландыру,
танымдық, ізденімдік сипаттағы
жұмыстарға негізделген жаңа жазбаша мәтін түрлерін дайындайды. Жазбаша сөйлеуге үйрету
мен жазба жұмыстарын орындату «мәтін – үлгі – жаттығу – шығармашылық жұмыс – кері
байланыс (бағалау) – қатемен жұмыс» тізбегімен жұмыс істеу арқылы іске асады.
Мұғалім бір сабақтың бойында оқулықта берілген бірнеше әдістерді ұтымды пайдалану
арқылы тақырыпты терең меңгертеді. Мәтіналды жұмыс,
мәтінмен жұмыс, мәтінсоңы
жұмыстар аясында ұсынылған тапсырмалар қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан жан-жақты
игертіп, оқушыны ойын дұрыс, түсінікті, сауатты сөйлеуге үйретеді.
Қазақ тілін оқыту барысында орталық нысана етіп алынатын
Достарыңызбен бөлісу: