М.Х. Дулати атындағы тараз өңірлік университеті
__________________Білім берудегі менеджмент_______________________кафедрасы
/кафедра атауы/
Тест тапсырмасы
_________________________________Педагогика_______________________________________пәнінен
___1______курс______Барлық педагогикалық білім беру бағдарламалары үшін ______________________________________
/шифр және атауы / код және атауы/
____________________мамандығы / білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін
Пән: Педагогика
Кредит саны: 5
Тест саны: 300
Мамандықтар: Барлық педагогикалық білім беру бағдарламалары үшін
Тест авторлары: п.ғ.д., профессор К.Д.Бузаубакова
аға оқытушы С.Ж. Бупетаева
Кафедра: Педагогика
Адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының және т.б. жиынтығы – бұл:
білім
мәдениет
өнер
тәрбие
интеллект
Жеке тұлғаның өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту, өзін-өзі тану және өздігінен білім алуды тиімді қамтамасыз ететін әлеуметтік құндылықтың белсенділігін қалыптастыру – бұл білім берудің ... .
мақсаты
міндеті
формасы
әдісі
мазмұны
Ранжирлеу әдісі– бұл:
зерттеу объектілері немесе құбылыстары нақтыланған бір белгісінің мөлшерінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналастыру
зерттеушінің объектісінің белгілі бір қасиеттерін айқындап, есептеу
педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау
заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу
мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау
Қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс – бұл ... технологиясының кезеңдері.
сын тұрғысынан ойлау
модульдік оқыту
жобалау
ынтымақтастық
қашықтан
«Білім беру» ұғымын құндылық, жүйе, процесс, нәтиже аспектілерінде қарастырған білім беру философиясының белгілі маманы:
Б.С.Гершунский
В.А.Сластенин
П.И.Пидкасистый
И.Г.Пестолоцци
Я.А.Коменский
Білім беру мақсаттарын шешудегі белгілі стандарт, қалыптасқан көзқарас – бұл:
педагогикалық парадигма
педагогикалық процесс
нәтиже
құндылық
білім беру
Американдық физик, философ Т.Кун бойынша, «қарастырылып отырған кезеңнің нақты ғылыми зерттеулерін (білімін) анықтайтын алғышарттардың (қағидалардың) жиынтығы» – бұл:
парадигма
процесс
нәтиже
құндылық
білім беру
Ш.Амонашвили білім берудің ... парадигмасын ұсынды.
ізгілікті
жаңашыл
жеке тұлғаға бағытталған
нәтижеге бағытталған
бағдарлы
Парадигманы когнетивтік (интеллектуалды даму) және тұлғалық (эмоционалды және әлеуметтік даму) парадигмалары ретінде ажыратып көрсеткен ғалым:
Е.А.Ямбург
Ш.Амонашвили
Б.С.Гершунский
П.И.Пидкасистый
Е.Якиманская
Қазақстан Республикасында Ғылым мен білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарын атаңыз:
білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру
білім берудің мазмұны мен материалдық-техникалық базасын жаңарту
білім берудің әдістемелік мазмұнын жаңарту
білім сапасын бағалаудың критериалдыжүйесін құру
білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру
Оқушылардың жеке қабілетін дамытуға, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді:
ақпараттық коммуникативтік технология (АКТ)
инновациялық технология
ізгілендіру технологиясы
тұлғалық-бағдарлық оқыту
қашықтан оқыту
Білім беру жүйесінің базалық бөлігі және білім алушылар тұлғасының зияткерлік әлеуетін функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі:
жалпы орта білім беру
12 жылдық білім беру
жоғары білім беру
орта білімнен кейінгі білім беру
арнайы білім беру
Адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы – бұл:
функционалдық сауаттылық
педагогикалық парадигма
процесс
нәтиже
білім
Оқушылардың танымдық, шығармашылық, теориялық, тәжірибелік іскерлігін басқару жүйесі, ойлау процесі заңдылықтары білімді меңгеру жағдайына, танымдық қабілеттің дамуына негізделген оқыту түрі:
проблемалық оқыту
қашықтан оқыту
модульдік оқыту
саралап оқыту
оқытудың жобалау технологиясы
Оқушылар саны аз және оқу сабақтарын ұйымдастыру түрлері ерекше болып келетін жалпы білім беретін мектеп:
ШКМ-шағын комплектілі мектептер
колледж
институт
Академия
инклюзивті мектептер
Оқушылардың оқу процесінде алған білімдерінің берік әрі тиянақты болуы принципі:
оқытудағы білімнің беріктігі
мақсаттылық
түсініктілік
педагогикалық процестің бағыттылығы
білім, іскерлік, дағдыны меңгеру беріктілігі
Баланың мүмкіншілігінің шектеулі болғанына қарамастан мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы орта білім беретін мектептерде толықтай білім алуын қамтамасыз ету – бұл:
инклюзивті білім беру
жалпы орта білім беру
12 жылдық білім беру
жоғары білім беру
орта білімнен кейінгі білім беру
Инклюзивті білім берудегі оған қатысатын әрбір адамның бойында қалыптасатын құндылықтар:
теңдік
еркіндік
батылдық
қабілеттілік
төзімділік
Оқу-тәрбие процесінде оқушыларды достыққа үйрете отырып, белсенділік пен шығармашылықтарының артуына себебін тигізеді:
ойын сабақтары
жарыс сабақтары
ой қорыту сабақтары
қоғамдық білім байқауы
сынақ сабағы
«Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» деп өсиет қалдырған педагог:
Я.А.Коменский
И.Г.Пестолоцци
В.Ратке
Ы.Алтынсарин
К.Д.Ушинский
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар кешенін көрсетіңіз:
жалпы адамзаттық, кәсіби-педагогикалық касиеттері, арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары
мінез-құлқы, мәдениеті, жалпы адамзаттық, кәсіби-педагогикалық касиеттері
арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы
мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны
адамның инттелектуалдық, эмоционалдық, физикалық дамуы
Білім беру деңгейлері бойынша педагог қызметінің біліктілік сипаттамасы:
жас маман, тәжірибелі мұғалім, шығармашыл мұғалім, жаңашыл мұғалім, зерттеуші мұғалім, креативті мұғалім
үздік маман, тәжірибелі маман, озат тәжірибелі маман, жаңашыл маман, зерттеуші мұғалім, креативті маман
атақты мұғалім
беделді мұғалім
танымал мұғалім, ізденуші, зерттеуші, креативті мұғалім
Педагогикалық еңбек өтілі 1-3 жыл болатын, еңбек жолын жаңадан бастаған жас мұғалім – бұл:
жас маман
тәжірибелі маман
шығармашыл мұғалім
жаңашыл мұғалім
креативті мұғалім
Педагогикалық еңбек өтілі 3-5 жыл болатын, өзіндік тәжірибесі бар тәжірибелі мұғалім:
тәжірибелі маман
жас маман
шығармашыл мұғалім
жаңашыл мұғалім
креативті мұғалім
Педагогикалық процесті ұйымдастыру мен басқаруда жоғары нәтижеге жеткен алдыңғы қатарлы мұғалім – бұл:
озат тәжірибелі мұғалім
жас маман
шығармашыл
жаңашыл мұғалім
креативті мұғалім
Өз пәнінің әдістемесін жетік меңгерген, алдыңғы қатарлы озат тәжірибелерді шебер әрі шығармашылықпен қолдана алатын шебер мұғалім – бұл:
шығармашыл мұғалім
жас маман
креативті мұғалім
жаңашыл мұғалім
озат тәжірибелі мұғалім
Шебер ретінде өз іс-тәжірибесін жаңа әдістермен, жаңа технологиялармен байытып отыратын шығармашыл мұғалім – бұл:
жаңашыл мұғалім
жас маман
креативті мұғалім
шығармашыл мұғалім
озат тәжірибелі мұғалім
Өзінің авторлық технологиясын ұсынатын жаңашыл мұғалім – бұл:
ізденуші мұғалім
жас маман
креативті мұғалім
шығармашыл мұғалім
озат тәжірибелі мұғалім
Өзі ұсынған авторлық технологиясының басқа мектепте, аудан (қала), облыс, республика көлемінде қалай өтуіне байланысты зерттеу жүргізетін, зерттеу жұмысына диагностикалық мониторинг жүргізе алатын мұғалім – бұл:
зерттеуші мұғалім
жас маман
креативті мұғалім
шығармашыл мұғалім
озат тәжірибелі мұғалім
Өзінің авторлық технологиясын ғылыми тұрғыдан негіздей алған, іс-тәжірибесі республика көлемінде танылған, насихатталған ұдайы ізденістегі жаңашыл, шебер мұғалім – бұл:
креативті мұғалім
зерттеуші мұғалім
шығармашыл мұғалім
озат тәжірибелі мұғалім
жас маман
Педагогикалық кәсіптің жалпы сипаты және жеке мамандығына қатысты В.А.Сластенин ұсынған мұғалім профессиограммасы талаптары:
мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы, мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығына қойылатын талаптар
педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы, арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы
болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық дағдылар жүйесі
адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқару
жеке тұлға рухани әлемінің негізін қалыптастыру
Адам белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруін және оған сәйкес қабілеттер мен кәсіби маңызды қасиеттер болуын қамтамасыз ету үшін қоғамға қажетті іс-әрекеттің тарихи пайда болу формасы:
кәсіп
мамандық
мұғалім
тәрбиеші
стандарт
Өскелең ұрпақтың интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы, халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі – бұл:
мұғалім
кәсіп
мамандық
стандарт
тәрбиеші
Г.И.Шукина бойынша оқытудың әдістері:
ақпараттық-дамыту; эвристикалық (іздену); білім, білік, дағдыны жетілдіру мен бекіту әдістері
оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және іске асыру әдістері, өзін-өзі бағалау әдістері
оқу-танымдық іс-әрекетінің ынталандыру әдістері
оқу-танымдық бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері
түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс, репродуктивтік әдіс
Педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіріп отыратын, рухани жағынан дамыған, шығармашыл креативті тұлға – бұл:
білікті педагог
кәсіп иесі
мамандық иесі
тәрбиеші
жас маман
Адам жанының инженері, мінез-құлық сәулетшісі, ауру шипагері, ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы, ой мен сезім дирижері, адамның алғашқы әділ қазысы, жас өркенді мәпелеуші бағбаны – бұл:
мұғалім
дәрігер
психолог
әлеуметтанушы
отбасы
« ...Ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздық қадірін кетіреді ...» сөз жолдарының авторы:
әл- Фараби
Демокрит
Аристотель
Сократ
Ж.Баласағұни
К.Д.Ушинский « ... сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істердің бірі» деп атап көрсетті:
мұғалім мамандығы
психолог мамандығы
тәрбиеші
әлеуметтанушы
тарихшы
Диагностикалық болжау; нәтижелік; тиімділік; жоспарлау; біртұтастық; басқарушылық; түзетушілік; оңтайлылық; қайталанушылық – бұл ... сапалық қасиеттері:
педагогикалық технологияның
сын тұрғысынан ойлау технологиясының
оқытудың микротоптық жүйесінің
Дальтон жоспарының
мұғалім мамандығының
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Бұл адамтану, күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу» деп атап көрсеткен мамандық:
мұғалімдік мамандық
психолог
әлеуметтанушы
тарихшы мамандығы
тәрбиеші
Орыс алфавитіне негіздеп, қазақ алфавитін шығарушы, мектеп жұмысын сабақ уақытымен ғана шектеп қойған жоқ, сабақтан тыс сағатты енгізген қазақтан шыққан тұңғыш көрнекті ағартушы-педагог:
Ы.Алтынсарин
М.Жұмабаев
А.Байтұрсынов
Ш.Уалиханов
С.Торайғыров
Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин бойынша оқыту әдістері жіктемесін көрсетіңіз:
сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, практикалық әдіс
|