Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 469 бұйрығына 93- қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 533-қосымша
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5-9 сыныптары үшін «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасы
1 -тарау. Жалпы ережелер
1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5-9 сыныптары үшін «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. «Танымдық әрекеттерін түзету» курсының мақсаты - ақыл-ой кемістіктері бар білім алушылардың танымдық саласы мен потенциалдық мүмкіндіктерін дамыту, Бағдарламаны табысты меңгерулеріне жағдайлар жасау.
3. Пәннің міндеттері:
1) танымдық қызметінің дамуы мен білімдік қажеттіліктерінің ерекшеліктерін анықтау;
2) білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жалпы даму деңгейін көтеру және мүмкіндіктерін жүзеге асыру;
3) танымдық уәждемесін қалыптастыру, сенсорлық-перцептивтік, мнемикалық және зерделік процестерін ынталандыру;
4) білім алушының танымдық белсенділігі мен дербестігін көтеру;
5) айналасындағы болмыстың толықтай және бүтіндей картинасы жайлы білім алушының түсінігін дамыту;
6) қажетті тіл икемділігін қалыптастыру арқылы ақпаратты түсіну, сақтау және өңдеу, адамдармен ақпарат алмасу процесін дамыту;
7) білімдерін, қабілеті мен дағдыларын тиісті жағдайда қолдану икемділігін дамыту;
8) оқу сабақтарға қызығушылығын, жаңа білімдер алуға ынталандыру;
9) білім алушылармен және үлкен адамдармен қатынас жасау қабілетін дамыту.
2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
4. «Танымдық әрекеттерін түзету» пәні көрнекі, қолжетімді вербалды материалдар арқылы білім алушылардың айналасындағы әлемді саралай қабылдауын, уақыттық-кеңістіктік бейімделуін, меңгерген логикалық операцияларды (салыстыру, сараптау, синтездеу, қорыту, топтастыру, аналогияларын, заңдылықтарын, себептік-сипаттық байланыстарын табу) қолдануларын қалыптастыруға бағытталады.
5. Оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың танымдық және эмоционалдық-тұлғалық даму салаларының кемшіліктерін еңсеруге бағытталаған арнайы педагогикалық тәсілдерін қолдануды қарастырады.
6. Түзеу жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері арнайы педагогиканың принциптеріне негізделеді, олардың жүзеге асырылуы жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.
7. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың түзеу-дамытушылық бағытының принципі оқыту қызметінің арнайы әдістері мен тәсілдері арқылы жүзеге асып, ойлау процестерінің енжарлығы, ойлаудың қорыту және абстакциялық функцияларының әлсіздігі, тілдік дамудың тежелуі ескеріледі.
8. Білім алушылармен жұмыста еліктеу қабілетіне, көрнекі-әрекеттік ойлауының сақталған мүмкіндіктеріне сүйенеді. Танымдық әрекеттерін түзету сабақтарында психикалық функцияларын (қабылдауы, жады, сөйлеу тілі, ойлауы) дамытуға жағдайлар жасалады. Бастаған жұмысын соңына дейін жеткізу, қиындықтарды жеңу, ұқыптылық және дербестік сияқты қабілеттерін жетілдіруге көңіл бөлінеді.
9. Оқытудың әлеуметтік-бейімдеушілік бағытының принципі тұлғаның әлеуметтік бейімделмеушілігін азайту немесе жеңу, білім алушыға әлеуметтік өмірде жүріс-тұрыс нормаларын және қарапайым гигиеналық, қатынастық, тұрмыстық, күрделі әлеуметтік дағдыларын меңгерту бойынша арнайы жұмыс жүргізуді қарастырады.
10. Ойлауының, тілінің және қатынасының даму принципі білім алу құралы ретінде жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың тілінде, ойлау қабілетінде, қатынасында өзіне тән проблемалары болады, оқытылуы мен әлеуметтендірілуі табысты болуы үшін олардың орны педагогикалық құралдармен толтырылады.
11. Әрекеттік тәсіл принципі жоғары психикалық функцияларының сенсомоторлық негізін дамытуға (қабылдауы, тілі, ойлауы), білім алушының өмірлік тәжірибесінің жеткіліксіздігінің орнын толтыруға бағытталған заттық-практикалық іс-әрекет қолдану арқылы іске асырылады.
12. Сараланған және жекелік тәсіл принципі. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды ұжымдық оқыту жағдайындағы олардың түрлі типологиялық ерекшеліктеріне байланысты келеді, олар оқу материалын меңгеру барысында көрініс алады және алатын білімнің сапасына әсер етеді.
13. «Танымдық әрекеттерін түзету» бағдарламасы түзеу жұмысының үлгілік мазмұнын анықтайды. Бір сыныпта оқитын білім алушылардың оқу қиындықтары мен ақыл-ой деңгейінің түрлі сипатын ескере отырып, бағдарламаның мазмұны балалардың жастары (сыныптары) бойынша қатал регламенттелмейді.
14. Мұғалім түзеу жұмысының мазмұнын білім алушының психикалық даму деңгейін зерделеу нәтижесі бойынша белгілейді.
15. «Танымдық әрекеттерін түзету» пәні келесі нәтижелерге бағытталған:
1) перцептивтік іс-әрекет тәсілдерін қолдану қабілетін қалыптастыру;
2) ойлау тәсілдерін қолдану қабілетін қалыптастыру (салыстыру, объекттерді топтастыру және іріктеу, кеңістікте бейімделу үшін шартты бейнелердің түрлерін колдану);
3) ғимарат ішінде бейімделу қабілетін қалыптастыру, өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру және өз іс-әрекетін жоспарлау;
4) талдамалы және бүтіндей қабылдау түйсігін, жаттығулар кезінде түйсіктің константтығын, апперцепциясын және антиципациясын және де осылардың негізінде перцептивтік іс-әрекеті қабілетін дамыту (контурлық, сұлбалық бейнелерді, белгілері өзгертілген заттарды тану қабілеті);
5) әр-түрлі іс-әрекет барысында қалыптасқан қабілеттерін қолдануға үйрету;
6) Бағдарламаны меңгеру табыстылығын қамтамасыз ету.
16. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістікерін бағалау процедурасына қойылатын талаптар, осы категориядағы білім алушыларды мектепте оқытудың гуманизациясы (ізгілендіру), табиғи сәйкестілігі идеяларынан туындаған. Оқу жоспарының түзеу компонентіндегі пәндер бойынша оқытылатын білім алушылардың жетістіктерін белгілеу үшін балдық бағалау қолданылмайды. Әр білім алушының жетістіктері өткізілген түзеу жұмысының мақсатымен салыстыру арқылы суреттеледі.
17. Оқытудың деңгейлік мақсатымен белгіленген дағдыларының қалыптасуы бойынша берілген тапсырмалар - бағалау құралдары болып табылады.
18. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктері ішкі бағалау құралдары арқылы жүзеге асырылады және оқу бағарламасын меңгеру нәтижелерін мұғалім сабақтағы оқу процесі барысында бағалай отырып, жүйелі түрде бақылаушылық бағалаушылық істерін жүзеге асырып отырады.
19. Ағымдық бақылау - білім алушының сабақ кезіндегі жұмысын бақылау, практикалық және өзіндік жұмыстарын, ұжымдық жұмыстарын саралау арқылы жүзеге асырылады. Бақылаудың бұл түрі оқытудың мазмұны мен әдістерін дәлдеу мақсатында жүргізіледі. Және де мұндай бақылаудың білім алушыға қарасты ынталандырушылық және тәрбиелік сипаты болады.
20. Қорытынды бақылау тоқсан, жыл аяғында жүргізіледі де, педагог оқытылатын сыныптың жыл бойғы даму динамикасын сараптайды, білім алушылар жетістіктерінің жиынтық картасына түсіріп отырады.
21. Педагогтың бағалау процедуралары арқылы алған ақпараты, оқу барысында пайда болған қиындықтарға дер кезінде және адекватты тұрғыда жауап табуына және білім алушыға қажетті жеке көмектің мазмұны мен тәсілдерін негізді түрде анықтайды.
22. Сипаттамалық бағалау дамудың нақты деңгейін, білім алушымен жүргізетін кейінгі қадамдарды белгілеп, білім алушыларда өзін-өзі адекватты бағалауды қалыптастырады. Білім алушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстыруға жол берілмей, өздерінің жетістіктерін бұрынғы жетістіктерімен салыстырылады.
23. Танымдық әрекеттерін түзету оқу және түзеу пәндерімен біріктіру арқылы жүзеге асырылады: «Айналадағы әлем», «Жаратылыстану», «География», «Қазақстан тарихы», «Қоғам және заң», «Тәртіп мәдениеті», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзеу», «Түзеу ырғағы», «Белсенді-қозғалыстық сипаттағы жекелік және топтық сабақтар».
24. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін кабиенттер, санитарлық-гигиеналық нормалар ескеріле отырып, тиісті дидактикалық және ойын жабдықтарымен жарақтандырылады.
25. Сынып жиһаздары жұмыстың түрлері мен формаларын (жеке, топтық) өткізу үшін оңай жылжымалы болуы қарастырылады. Кітап сөрелері мен білім алушылардың жұмыстарын көрсететін стендтер, көрнекі құралдар үшін орындар қарастырылады.
26. Түзеу курсын жүзеге асыру үшін арнайы материалдық-техникалық жабдықталады, оның ішіне компьютерлік даму ойындары, дидактикалық ойындар, альбомдар мен кітаптар, түрлі фактурадағы материалдар үлгілері, сенсорлық панелдер, муляждар, паннолар кіреді.
3-тарау. «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
27. «Танымдық әрекеттерін түзету» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағатты;
2) 6-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағатты;
3) 7-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағатты;
4) 8-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағатты;
5) 9-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағатты құрайды.
28. Бағдарламаның мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған: бөлімдер, әр сыныпта күтілген нәтижелері түрінде мақсатын қарастыратын, бөлімдерді қамтиды.
29. Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімге білім алушының танымдық қызметін дамыту бойынша жұмысын жүйелі жоспарлауға, жетістіктерін бағалауға, оқудың келесі кезеңі жөнінде оларға ақпарат беруіне мүмкіндік береді.
30. Пәннің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) 1-бөлім «Сенсорлық процестері мен кеңістіктік бейімделуін дамыту»;
2) 2-бөлім «Қимыл-қозғалыс саласын дамыту»;
3) 3-бөлім «Зерде аясын дамыту».
31. «Сенсорлық процестері мен кеңістіктік бейімделуін дамыту» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) есту қабілетін дамыту;
2) көру қабілетін дамыту;
3) кеңістікте бейімделуін дамыту;
4) уақыттық бейімделуін дамыту;
5) тактильдік-қозғалыстық түйсігін дамыту;
6) дәм және иіс сезімін дамыту.
32. «Қимыл-қозғалыс саласын дамыту» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) ұсақ моторикасын дамыту;
2) мимика мен пантомимиканы дамыту.
33. «Зерде аясын дамыту» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) жадын дамыту (есту, көру, логикалық, қозғалыстық);
2) зейінін дамыту (есту, көру);
3) тіл мен ойлау қабілетін дамыту (қатынасын , көрнекілік-әрекеттік, көрнекілік-бейнелік және сөздік-логикалық);
4) қиялын дамыту.
4-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
34. Бағдарламада оқу мақсаттары кодтама арқылы беріледі. Кодта бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшелер, төртінші сан – оқыту мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 6.2.1.4 кодтамасында:
«6» – сынып, «2.1» – бөлімше, «4» – оқыту мақсатының нөмірленуі.
35. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
1) «Сенсорлық процестері мен кеңістіктік бейімделуін дамыту»:
1-кесте
Бөлімше
|
Оқыту мақсаттары:
|
5-сынып
|
6-сынып
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
1.1 Есту қабілетін дамыту
|
5.1.1.1 сыбырлап айтқан сөздерді ажырату (сөздер, сөйлемдер)
5.1.1.2 жануарлар дауысын ажырату
5.1.1.3 табиғат дыбыстарын ажырату
5.1.1.4 әлеуметтік маңызды тұрмыстық, қалалық дыбыстар ды ажырату
5.1.1.5 тілдік емес дыбыстар сипатын тыңдап ажырату (саны, күші, биіктігі, ұзақтығы)
5.1.1.6 қарапайым және күрделі ырғақтар
ды ажырату, келтіру
5.1.1.7 ақпаратты көруден тактильдік модальдыққа ауыстыру («Ғажайып қап»)
5.1.1.8 ақпаратты естуден көру модальдыққа ауыстыру (картиналарды таңдау)
|
6.1.1.1 сыбырлап айтқан сөздерді ажырату (сөздер, сөйлемдер), сыбырлап жауап беру
6.1.1.2 тілдік дыбыстар сипатын тыңдап ажырату (саны, күші, биіктігі, ұзақтығы, ырғағы)
6.1.1.3 тілдік емес және тілдік дыбыстар сипатын тыңдап ажырату (саны, күші, биіктігі, ұзақтығы)
6.1.1.4 күрделі ырғақтар
ды ажырату, келтіру
6.1.1.5 ақпаратты естуден тактильдік модальдыққа ауыстыру («Ғажайып қап»)
6.1.1.6 ақпаратты тактильдіктен көру модальдыққа ауыстыру («Ғажайып қап»)
|
7.1.1.1 тыңдау арқылы балалар, ерлер және әйелдер дауысын ажырату
7.1.1.2 тыңдау арқылы сөйлеу мен әнді ажырату
|
8.1.1.1 музыкалық аспаптардың дыбысын ажырату
|
9.1.1.1 таныс әндерді әуен үзіндісі арқылы тану
|
1.2 Көру қабілетін дамыту
|
5.1.2.1
4-6 бөліктен заттық суреттер құрастыру
5.1.2.2 заттар мен бейнелерін салыстыру, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу
5.1.2.3 геометриялық формаларды ажырату, бөлшекерін, белгілерін анықтау
5.1.2.4 симметрия өсін сақтай отырып бейненің суретін салып бітіру
5.1.2.5 ұзындықты мм, см, дм, м. арқылы өлшеу
5.1.2.6 заттарды, тірі объектілерді, пейзаждарды суреттеп, белгілерін ажырату (5-9 сынып)
5.1.2.7 жасырын объекттер мен бейнелерді бөлшегі, элементі бойынша тану
5.1.2.8 үлгі бойынша
есеп таяқшаларымен, сөздік нұсқаумен құрастыру
5.1.2.9 бөлшектер
ден фигуралар құрастыру
5.1.2.10 қолды берілген траектория бойынша қимылдату
|
6.1.2.1
6-8 бөліктен заттық суреттер құрастыру
6.1.2.2 әріптің жеткіліксіз элементін жазып бітіру
6.1.2.3 түс реңдерін ажырату
6.1.2.4 күрделі көлемді, жалпақ формаларды ажырату
6.1.2.5 контурлық бейнелердегі әріптерді, сандарды, заттарды тану
6.1.2.6 заттар мен суреттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу
6.1.2.7 кеңістіктегі күйді ажырата білу: тік, көлденең, қиғаш
6.1.2.8 симметрия өсін сақтай отырып бейненің суретін салып бітіру
6.1.2.9 үлгі бойынша есеп таяқшаларымен, сөздік нұсқауы мен құрау
6.1.2.10 түрлі қаріппен жазылған әріптер қатарынан берілген әріпті тану
|
7.1.2.1 геометриялық көлемді және жалпақ формаларды ажырату (ромб-параллелограмм)
7.1.2.2 айналадағы болмыстан адамдардың, жануарлардың, объекттердің айырмашылығын, ұқсастығын табу
7.1.2.3 бастырылған бейнелерден әріптерді, сандарды, заттарды тану
7.1.2.4 симметрия өсін сақтай отырып бейненің суретін салып бітіру
7.1.2.5 берілген ортада геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табу
7.1.2.6 бөліктен күрделі фигуралар құрастыру 7.1.2.7 әріптің жеткіліксіз элементтерін жазып бітіру
|
8.1.2.1 көлемнің бірнеше параметрлері бойынша заттарды топтастыру:ұзындығы, ені (сериация)
8.1.2.2 бастырылған немесе шатастырылған бейнелерді тану
8.1.2.3 күрделі фигураларды көшіру
8.1.2.4 үлгі бойынша күрделі оюларды салу
|
9.1.2.1 бастырылған немесе шатастырылған бейнелер
ді ажырату және белдеулеу
9.1.2.2 бастырылған, сызылған немесе шатастырылған бейнелер
ді ажырату
9.1.2.3 күрделі ою-өрнектерді жадына сақтап салу
|
1.3 Кеңістікте бейімделуді дамыту
|
5.1.3.1 картиналардағы персонаждар қай қолымен әрекет жасағанын, қай жағында тұрғанын белгілеу
5.1.3.2 өз денесінің сызбасын бейімдеу (жоғарырақ, оған қарағанда…, арасында)
5.1.3.3 объекттердің өзара орналасуын ажырату
5.1.3.4 кеңістіктік қатынастарды суреттеу
5.1.3.5 Сеген тақталары, Коос текшелері, Пьерон-Рузер әдістемесі бойынша тапсырмалар орындау
5.1.3.6 үлгі, түпкі ой бойынша құрастыру 5.1.3.7 кіші жабық кеңістікте бейімделу: сыныпта, ұйықтайтын бөлмеде, дәретханада, шешінетін бөлмеде, оқу кабинеттерінде
5.1.3.8 үлкен кеңістікте бейімделу: асхана ғимаратында, мәжіліс, спорт, тренажерлық залдарында, этаж қабаттары мен коридорларда
5.1.3.9 мектеп аумағында бейімделу: аумақ төңірегінде, балалар және спорт алаңдарынада
5.1.3.10 өз денесінің сызбасында, адамдар мен объекттерде оң және сол жағын ажырату
|
6.1.3.1 өз денесінің сызбасын бейімдеу (жақынырақ, оған қарағанда …)
6.1.3.2 белгіленген бағытта үлгі бойынша сызықтар жүргізу
6.1.3.3 жалпақ геометриялық фигураларды бөлшектерге бөлу
6.1.3.4 қимылдарды айнадағыдай қайталап жасау
6.1.3.5 үлгі, сызба бойынша құрастыру 6.1.3.6 бейнелерді көшіру
6.1.3.7 ерекше жағдайда болған объекттерді тану, объекттерге қарасты өзгерген кеңістіктік жағдайда орналасқан 6.1.3.8 қоғамдық орындарда бейімделу: дүкен, дәріхана, пошта, емхана
6.1.3.9 сөйлеу тілінде заттардың, графика
лық элементтердің кеңістіктік қатынасын көрсететін сөздерді қолдану
6.1.3.10 ауызша нұсқау бойынша кеңістіктік қатынастарын келтіру
|
7.1.3.1 конструкцияның сызбасын құру
7.1.3.2 берілген объекттердің суретін құмда, суда, ауада салу
7.1.3.3 кеңістіктік диктанттар орындау
7.1.3.4 бейнелерді көшіру (артынша)
7.1.3.5 бөлме ішінде көзін жұмып бейімделу
7.1.3.6 макетпен бейімделу
7.1.3.7 мектеп маңайындағы көшелерде бейімделу: көшелердің орналасуын
қиылыстарын белгілеу және саралау (көше қиылыстары)
7.1.3.8 сөйлеу тілінде заттардың, графикалық элементтердің кеңістіктік қатынасын көрсететін сөздерді қолдану
7.1.3.9 көршісіне қарасты өз орнын белгілеу
(сол жақ- оң жақ- арты-алды)
7.1.3.9 күн жүйесі бойынша бейімделу: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс
7.1.3.10 мектеп маңайындағы көшелерде бейімделу
|
8.1.3.1 сызба бойыншалабиринтпен жүру, суретін салу
8.1.3.2 ауызша нұсқау бойынша құрастыру
8.1.3.3 екі қолымен бір мезгілде сурет салу
8.1.3.4 үлгі бойынша күрделі кострукция құрастыру
8.1.3.5 бөлменің планын, сызбаларын құру
8.1.3.6 пазлдардан картиналар құрастыру
8.1.3.7 метрикалық ұғымдарын (зат қаншалықты алыс орналасқан)
8.1.3.8 домино, тримино, тетрамино, пентаминодан фигуралар құрастыру
8.1.3.9 текше, тікбұрыш, параллелепипедтің жазбасын сызу
8.1.3.10 географиялық картамен бейімделу
8.1.3.11 координаттық ұғымдарын көрсету (қайда, қай жағынан)
8.1.3.10 топологиялық ұғымдарын көрсету (зат қайда тұр)
8.1.3.11 сөйлеу тілінде заттардың, графикалық элементтердің кеңістіктік қатынасын көрсететін сөздерді қолдану
|
9.1.3.1 қозғалыстық диктант диктант (2 қадам алға, солға бұрыл ….)
9.1.3.2 пазлдармен сюжеттік картиналар құрастыру 9.1.3.3 ауызша нұсқау, сызба, чертеж бойынша құрастыру
9.1.3.4 күрделі бейнелерді екі қолымен кезек көшіру, штрихтеу
9.1.3.5 объекттер арасында
ғы ұқсастық пен айырмашылықты олардың кеңістіктегі орналасу белгілері бойынша анықтау
9.1.3.6 сөйлеу тілінде заттардың, графикалық элементтердің кеңістіктік қатынасын көрсететін сөздерді қолдану 9.1.3.7 координаттық ұғымдарын көрсету (қайда, қай жағынан)
9.1.3.8 метрикалық ұғымдарын көрсету (зат қаншалықты алыс орналасқан)
|
1.4 Уақытта бейімделуді дамыту
|
5.1.4.1 оқиғалардың басын, аяғын, ұзақтығын табатын есептер шығару (күнделікті өмір мысалы
мен )
5.1.4.2 өз күн тәртібін жасау
5.1.4.3 күндік жоспар құру
5.1.4.4 сағатпен уақытты анықтау
|
6.1.4.1 уақыт өлшемдерін іс-әрекет түрлерінде қолдану 6.1.4.2 оқиғалар реттілігін анықтау (бұрын, кейін)
6.1.4.3 апта, ай ішіндегі оқиғалар күнтізбесін құру
6.1.4.4 оқиғаларды басынан аяғына қарай суреттеу
6.1.4.5 өз күн тәртібін құру
6.1.4.6 өз туылған күнін күнтізбеден табу
|
7.1.4.1 әр-түрлі сағатпен уақытты анықтау
7.1.4.2 сағатпен уақыт интервалының ұзақтығын анықтау
7.1.4.3 уақыт реттілігін түсіну
7.1.4.4 өз өміріндегі оқиғалардың реттілігін анықтау (кейін, одан бұрын)
7.1.4.5 координаттық уақыт ұғымын құрастыру (өткен шақ– осы шақ – алдыңғы шақ)
7.1.4.6 жақындарының, достарының туылған күндерін күнтізбеден табу
|
8.1.4.1 бір жүзжылдықтың, мыңжылдықтың лентасын бейнелеу (Қазақстан тарихының материалымен)
8.1.4.2 оқиғалар күнделігін жүргізу (жекелік, сыныптық, мектептік)
8.1.4.3 оқиғаларды басынан аяғына қарай, аяғынан басына қарай суреттеу
8.1.4.4 өз өміріндегі оқиғалар
хронологиясын құру
8.1.4.5 жақындарының, достарының туылған күндерін күнтізбеден табу
8.1.4.6 уақыт реттілігін түсіну
|
9.1.4.1 уақыт интервалының ұзақтығын анықтау
9.1.4.2 жақындарының, достарының туылған күндерін, мерекелерді, оқу жылының немесе жоспарланған саяхаттың басталуын күнтізбеден табу
9.1.4.3 оқиғаларды кері қарай суреттеу
9.1.4.4 мерекелерді, оқу жылының басталуын күнтізбеден табу
|
1.5 Тактильдік-қозғалыстық қабылдауын дамыту
|
5.1.5.1 сипау арқылы таныс заттарды табу
5.1.5.2 заттардың салмағын ажырату
5.1.5.3 жанасуды шектеу
5.1.5.4 қоршаған ортадағы заттар мен объекттердің температурасын ажырату
5.1.5.4 сипау арқылы материалдың бетін, фактурасын анықтау
|
6.1.5.1 температуралық байланыстарды суреттеу 6.1.5.2 қолда немесе арқада «жазылған» әріптер мен сандарды қайта жазу, қайталау (екі жағындағы)
6.1.5.3 үлгі бойынша сипау арқылы бет фактурасы түрлі заттар мен материалдарды үлгі бойынша тану (ойлы-қырлы, тікенекті жұмсақ)
6.1.5.4 жанасуды шектелуін проекциялау
|
7.1.5.1 қолда немесе арқада «жазылған» әріптер мен сандарды қайта жазу, қайталау (екі жағындағы)
7.1.5.2 екі жердегі жанасуды шектеу
7.1.5.3 сипау арқылы бет фактурасы түрлі заттар мен материалдарды ауызша нұсқау бойынша табу
7.1.5.4 сипау арқылы заттың формасын тану
|
8.1.5.1 бет фактурасы түрлі заттар мен материал
дарды ажырату
8.1.5.2 сипау арқылы әріптер мен сандарды тану
|
9.1.5.1 түрлі материал
дармен жанасу кезіндегі сезімдерін суреттеу
|
1.6 Дәм және иіс түйсігін дамыту
|
5.1.6.1 тағамдық өнімдер мен тағамды дәмі арқылы тану
5.1.6.2 түрлі иістерді тану
5.1.6.3 иістерге баға беру (жағымды-жағымсыз)
5.1.6.4 иістерді тану және атау (гүлдің, косметиканың)
|
6.1.6.1 тағам құрамын дәміне қарай тану 6.1.6.2 тағамдық өнімдер мен тағамдар дәмін суреттеу (дәмді, хош иісті, тойымды)
6.1.6.3 иістерге баға беру (жағымды-жағымсыз, сүйікті)
|
7.1.6.1 иістерді тану және атау (ағаш, тері металл)
7.1.6.2 иістерді тану және атау (гүлдің, косметиканың)
|
|
|
2) «Қимыл-қозғалыс саласын дамыту»:
2- кесте
Бөлімше
|
Оқыту мақсаттары
|
5-сынып
|
6-сынып
|
7-сынып
|
8-сынып
|
2.1 Ұсақ моторикасын дамыту
|
5.2.1.1 жұдырығын, саусақтарын уқалау
5.2.1.2 саусақ гимнастикасының жаттығуларын жасау
5.2.1.3 қол позаларын келтіру
5.2.1.4 қандай да бір нақты затпен жасалған әрекеттерді келтіру
5.2.1.5 геометриялық фигураларды, бейнелерді штрихтеу
5.2.1.6 бейнелерді бояулармен, қарындашпен, бормен бояу
5.2.1.7 моншақтарды жіпке тізу/тарату
5.2.1.8 пластилинмен мүсін жасау 5.2.1.9 ылғалды, кебу құмда, суда, ауадасаусақтармен сурет салу
5.2.1.10 майда заттарды әр-түрлі ұстау арқылы сұрыптау 5.2.1.11 үлгі бойынша мозаика құрастыру
5.2.1.12 қағаз фигуралар жасау (оригами)
5.2.1.13 айту бойынша торларды белдеулеу
5.2.1.14 трафареттерді белдеулеу, бояу
5.2.1.15 жарманы, бұршақтарды, сүйектерді іріктеу
5.2.1.6 ленталарды бұрау, түймелерді ілу
5.2.1.7 бейнелердің сұлбасын оң және сол қолымен белдеулеу
5.2.1.8 қақпақтарды бұрап ашу/жабу, қарындаштарды ауыстырып қою
5.2.1.9 екі қолын тиімді пайдалану
|
6.2.1.1 өз жұдырығын, саусақтарын уқалау
6.2.1.2 саусақ гимнастикасының жаттығуларын жасау
6.2.1.3 қол позаларын келтіру
6.2.1.4 қандай да бір нақты затпен жасалған әрекеттерді келтіру
6.2.1.5 геометриялық фигураларды, бейнелерді штрихтеу
6.2.1.6 бейнелерді бояулармен, қарындашпен, бормен бояу
6.2.1.7 ұсақ моншақтарды жіпке тізу 6.2.1.8 құмда, суда, ауадасаусақтармен сурет салу
6.2.1.9 майда заттарды әр-түрлі ұстау арқылы сұрыптау 6.2.1.10 үлгі, түпкі ой, сызба, сурет бойынша мозаика құрастыру
6.2.1.11 сүйектерді іріктеу, қақпақтарды бұрап ашу/жабу, қарындаштарды ауыстырып қою
6.2.1.12 ленталарды бұрау, түймелерді ілу
6.2.1.13 бейнелердің сұлбасын оң және сол қолымен белдеулеу,
қарындаштыпарақтан алмай
6.2.1.14 көлеңке театрын ойнау
6.2.1.15 екі қолын тиімді пайдалану
6.2.1.16 вальдорф формаларын салу
|
7.2.1.1 өз алақандарын, саусақтарын уқалау
7.2.1.2 құмда, суда, ауадасаусақтармен сурет салу
7.2.1.3 екі қолмен сурет салу (екі қол да оңнан солға қарай салады)
7.2.1.4 саусақтармен фигураларды, әріптерді, сандарды келтіру
7.2.1.5 бейнелердің сұлбасын оң және сол қолымен белдеулеу, қарындаштыпарақтан алмай
7.2.1.6 құмда, суда, ауада саусақтармен сурет салу
|
8.2.1.1 өз алақандарын, саусақтарын уқалау
8.2.1.2 екі қолмен сурет салу (оң қол солдан оңға, солқол оңнан солға)
|
2.2 Мимика мен пантомимиканы дамыту
|
5.2.2.1 көз қозғалту жаттығуларын жасау
5.2.2.2 ым-ишараларды қимылдарды келтіру
5.2.2.3 пантомимика арқылы түрлі жануарларды, персонаждарды, іс-әрекеттерді келтіру
5.2.2.4 пантомимика арқылы түрлі жануарларды келтіру
|
6.2.2.1 көз қозғалту жаттығуларын жасау
6.2.2.2 айналасындағылардың ым-шараларын, қимылдарын, мимикасын, дауысын, сөзін келтіру
6.2.2.3 пантомимика арқылы түрлі жануарларды, персонаждарды, іс-әрекеттерді келтіру
|
7.2.2.1 көз қозғалту жаттығуларын жасау
7.2.2.2 пантомимика арқылы түрлі персонаждарды, іс-әрекеттерді, фильм кейіпкерлерін және сюжеттерін келтіру
7.2.2.3 бүкіл денесімен фигураларды, әріптедір, сандарды келтіру
|
8.2.2.1 бүкіл денесімен фигураларды, әріптедір, сандарды келтіру
|
3) «Зерделік саласын дамыту»:
3-кесте
Бөлімше
|
Оқыту мақсаттары
|
5-сынып
|
6-сынып
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
3.1 Жадын дамыту
|
5.3.1.1 материалды есте сақтау тәсілдерінқолдану: топтастыру, тірек пункттерін ерекшелеу
5.3.1.2 геометриялық өрнектерді, бейнелер
ді артынша келтіру
5.3.1.4 сөздер қатарын артынша келтіру
(5-8)
5.3.1.5 тақпақтарды жатқа айту
5.3.1.6 заттардың орналасқан орындарын есте сақтау (қатарға қосу)
5.3.1.7 тақтадан көшіру
5.3.1.8 үлгі бойынша сурет салу, мүсіндеу, 5.3.1.9 ауызша нұсқауларды орындау
5.3.1.10 позаларды, ишараларды келтіру
5.3.1.11 заттардың орналасуынан өзгерістерді табу
|
6.3.1.1 материалды есте сақтау тәсілдерінқолдану: топтастыру, жоспар, пиктограммалар, картиналар
6.3.1.2 сөйлемдерді артынша келтіру
6.3.1.3 тақпақтарды жатқа айту
6.3.1.4 геометриялық өрнекті, суреті артынша келтіру
6.3.1.5 суреттегі заттардың орналасқан орындарын есте сақтау
(9-дың ішінде)
6.3.1.6 сөздер қатарын артынша келтіру (10-ға дейін),
6.3.1.7 сурет салу, мүсіндеу, тақтадан көшіру,
үлгі бойынша құрастыру
6.3.1.8 сюжеттік картинаны сұрақтар бойынша артынша суреттеу
6.3.1.9 ауызша нұсқаулар топтамасын орындау
6.3.1.10 заттардың орналасуынан өзгерістерді табу
|
7.3.1.1 материалды есте сақтау тәсілдерінқолдану: топтастыру, жоспар, пиктограммалар, картиналар
7.3.1.2 мәтінді артынша келтіру
7.3.1.3 тақпақтарды жатқа айту
7.3.1.4 сөздер қатарын келтіру 7.3.1.5 геометриялық өрнекті, суретті, конструкцияны артынша келтіру
|
Достарыңызбен бөлісу: |