Тақырыбы: Аритмиялар.
1. Аритмия:
а) жүректің ырғақты соғысының бұзылыстары
б) жүрек бұлшық етінің қабынуы
в) жүрек қан айналымының өзгеруі
г) жүректің ритмдік соғуы
е) жүрек тамыр жүйесінің ағзалар мен тіндерді тиісті қан мөлшерімен қамтамасыз ете алмауы
2. Аритмиялық өзгерістерге жатпайды:
а) синустық тахикардия
б) жүрекшелік экстрасистолия
в) пароксизмдік тахикардия
г) нейроциркуляторлы дистония
е) атриовентрикулярлы блокада
3. Аритмиялық өзгерістердің аспаптық диагностикалық тексеру әдісі:
а) электрокардиография
б) ультрадыбыспен тексеру
в) велоэргометрия
г) рентгендік тексерулер
е) сканерлеу
4. Экстрасистолияның клиникалық белгісі:
а) кенеттен жүрек тұсының қатты соғуы
б) жүрек тұсының ауырсынуы
в) ентігу, бас айналуы
г) төс астының ауырсынуы
е) оң қабырға астының ауырсынуы
5. Кезектен тыс жүректің соғуы:
а) пароксизмдік тахикардия
б) экстрасистолия
в) синустық брадикардия
г) синустық тахикардия
е) қарынша жыбыры
6. Экстрасистолияның электрокардиограммадағы белгісі:
а) Р – тісі жоқ, Т– тісі теріс
б) RR – арақашықтығы 0,8 сек төмен
в) QRS – деформациялық өзгерген
г) RR арақашықтығы қысқа, артындағы толық компесаторлық пауза
е) РQ (RR) аралығының 0,2 с артық ұзаруы
7. Синустық брадикардияда жүректің соғу жиілігі:
а) 60- тан төмен
б) 80 рет жоғары
в) 120 рет мин
г) 220 рет мин
е) 320 рет мин
8. Синустық брадикардияға әкелетін жағдайлар:
а) улану (жүрек гликозидтерімен, саңырауқұлақпен)
б) механикалық тітіркену (катетер енгізу немесе жарақаттар)
в) кезбе нервісі тонусының төмендеуі
г) гипертониялық криз
е) жүрекшелік миокардтың зақымдануы
9. Синустық тахикардияны емдеуде қолданатын дәрілер тобы:
а) β - адреноблокаторлар
б) сульфаниламидтер
в) бронхолитиктер
г) кең спекторлы антибиотиктер
е) холинолитиктер
10. Синустық тахикардиядағы электрокардиограммада болатын өзгеріс:
а) Т-Р (RR) – аралығы қысқарады
б) Р – тісі болмайды
в) Т- тісі теріс
г) QRS – деформациялық өзгеріске ұшырайды
е) ST - сегментінің төмендеуі
11. Синустық брадикардияның клиникалық белгісі:
а) жүрек тұсынан салмақ сезінуі
б) дем алудың жилеуі
в) ентігу
г) бас айналу, көздің қарауытуы
е) жүрек шаншып кеткендей болады
12. Синустық брадикардияны емдеу принципінде қолданылатын дәрі:
а) 0,1%-1 мл атропин сульфаты
б) 1% нитроглицерин ерітіндісінің 1-2 тамшысы
в) обзидан 20 мг
г) 1%-1мл морфий гидрохлорид
е) клонидин гидрохлориді 0,15
13. Синустық бракардияның электрокардиограммадағы белгісі:
а) Т-Р (RR) – арақашықтығы 1,0 секундтан артық ұзарады
б) QRS – комплексі деформациялық өзгеріске ұшыраған
в) SТ – аралығы изосызықтан жоғарлайды
г) Р – тісі екі өрекештенеді
е) Т- тісі теріс
14. Экстрасистолия:
а) жүректің бұлшық етінің некроздануы
б) жүректің кезектен тыс қозуы
в) жүрек қанайналымының өзгеруі
г) жүректің сол қарыншасының гипертрофиясы
е) импульс өткізілуінің баяулауы
15. Жүректің кезектен тыс жиырылуы:
а) пароксизмдік тахикардия
б) экстрасистолия
в) синустық брадикардия
г) синустық тахикардия
е) қарынша жыбыры
16. Пароксизмдік тахикардия:
а) кенеттен басталып, кенеттен аяқталды, жүрек ритмі- 180 - 250 рет минутына
б) жүректің кезектен тыс соғуы
в) жүректің ритмді соғуы, минутына 60-тан төмен
г) жүректің ритмді соғуы, 100-160 рет минутына
е) импульстардың жүрекшелерден қарыншаларға өтуінің баяулауы
17. Кенеттен басталып, кенеттен аяқталатын, жүректің 180- 250 рет минутына соғуы аритмияның қандай түрі:
а) пароксизмальды тахикардия
б) экстрасистолия
в) синустық брадикардия
г) синустық тахикардия
е) қарынша жыбыры
18. Пароксизммальды тахикардияны емдеу принциптеріне жатады:
а) верапамил, новокаинамид, строфантин, аймалин
б) эфедрин 0,15; эуфиллин 0,15
в) диазепам,элениум, андаксин
г) гепарин 5000 халықаралық бірлік
е) 0,1%-1 мл атропин сульфат ерітіндісі
19. Қарыншалардың фибрилляциясы:
а) жүректің ритмі минутына 200- 300 рет
б) жүректің ритмі минутына 60- 80 рет
в) жүректің ритмі минутына 100- 160 рет
г) жүректің ритмі минутына 180- 250 рет
е) жүректің ритмі минутына 90- 130 рет
20. Жүрек фибрилляциясындағы жедел көмек көрсету тактикасы:
а) төстің жүрек тұсына жұдырықпен 1- 2 рет қатты ұрып жіберу, 0,1%-1 мл адреналин ерітіндісін енгізу
в) каротидтік массаж
б) нейролептоанальгезия
г) құсу рефлексін туғызу, бетті салқын сумен жуу
е) 1%-1мл морфий енгізу
Достарыңызбен бөлісу: |