Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет35/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

БАСҚА ТАБИҒАТТЫ ГОРМОНДАР


Адреналинге сапалық реакциялар
Құрал-жабдықтар, реактивтер. Сынауықтарымен зертханалық штатив; адреналин ерітіндісі (ампуланың ішіндегіні 100 мл суда ерітеді); 1%-дық калий йодиді; 10%-дық сірке (немесе ортофосфор) қышқылы; 3%-дық темір (III) хлориді; 10%-дық аммоний гидроксиді; нитритті-молибденді реактив (5 г натрий нитриті мен 5 г натрий молибдатын 50 мл дистилденген суда ерітеді); тұз қышқылы (конц. және 5%-дық); 10%-дық натрий гидроксиді; 1%-дық сульфанил қышқылы; 5%-дық натрий нитриті; 10%-дық натрий карбонаты; 0,05%-дық пирокатехин.
Темірдің (III) хлоридімен реакция
0,5 мл адреналиннің ерітіндісіне 2 мл су мен 1 тамшы 3%-дық темір (III) хлоридінің ерітіндісін қосады. Сынауықтың ішіндегілер гидроксил топтары бойынша темір фенолятының түзілуі салдарынан бірден изумрудты- жасыл түске боялады. 1 тамшы 10%-дық аммоний гидроксидінің ерітіндісін қосқанда, түс шие-қызылға, кейін қоңыр түске ауысады.


Диазореакция
Сынауыққа 1 мл 1%-дық сульфанил қышқылының ерітіндісін, 1 мл 5%-дық натрий нитритінің ерітіндісін, 2 мл адреналин ерітіндісін және 1 мл 10%-дық натрий карбонатының ерітіндісін енгізеді. Адреналиннің диазореактивпен әрекеттесуінен қызыл түске боялған өнімдер түзіледі.


Адреналин молекуласында пирокатехин ядросының бар екенін дәлелдеу
Бір сынауыққа 2 мл адреналин ерітіндісін, екіншісіне – соншама 0,05%-дық пирокатехин ерітіндісін құяды. Кейін екі сынауыққа да бірнеше тамшы темір (III) хлоридінің ерітіндісін қосады. Екі сынауықта да изумрудты-жасыл түс пайда болады.


Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Гормондардың номенклатурасы мен жіктелуі.


2.Стероидтық гормондар, олардың құрылысы мен қызметі.
3.Пептидтік гормондар мен олардың физиологиялық рөлі.
4.Басқа гормондар мен олардың физиологиялық рөлі.
5. Медицина мен ауыл шаруашылығында гормондардың қолданылуы.
Өздік жұмыс үшін тапсырмалар

  • Зат алмасуды пептидтік, стероидтық және бөгде гормондармен реттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет