Биология кафедрасы


Қос секрециялы бездердің қызметі мен жас



бет8/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.59 Mb.
#133662
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Қос секрециялы бездердің қызметі мен жас ерекшеліктері

Тимус (айырлы без). Тимус немесе айырлы безді кейде айырша без деп те атайды. Ол 2 бөліктен тұратын (оң және сол жақ бөліктер) бірі-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы байланысқан кеуде қуысында орналасқан без. Жаңа туған баланың бездерінің салмағы 23 г, 15 жаста 37 г болады. Одан әрі қарай без клеткалары солып азаяды: 45 жаста 35-16 г, 50-55 жаста 12-13 г, қартайғанда не бары 6 г болып қалады.

Бала туғанда айырлы без жақсы жетіліп түрады. Оның ұлпасы дифференцияланып, әр бөлігіндегі милы және қыртысты қабаттары айқын көрінеді. Бала туғанда бездердің 62-63% қыртыс қабатында, 37-38% милы қабатында орналасады. Айырлы без екі қызмет атқарады: ішкі секрециялық без ретінде тимоидин (тимсекрецин) гормонын өндіреді жөне организмнің иммунитетіне маңызы күшті Т-лимфоциттер дамып жетіледі. Жаңа туған баланың тимусындағы лимфоциттердің мөлшері қыртысты қабатта 62,6 %, милы қабаттта 42,4 %. Бала туғаннан кейін оның молшері азайып, 3 жаста қайта кобейеді де 3 жасқа толғанда 43,4 % болады.

Тимустағы эндокриндік без клеткаларының мөлшері 36-37% шамасында болады. 4 жастан бастап без клеткаларының арасында май клеткалары пайда бола бастайды. 20 жастан әрі қарай бездің орнын май және дәнекер ұлпалары басады. 12 жастағы баланың тимусының 35,4% ғана без болып, жас өспірімдік мерзімнен бастап біртіндеп азаяды.

Тимус безінің организмдегі маңызы әлі де болса толық зерттелмеген. Дегенмен соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша оның гормоны денедегі кальций тұздарын сүйектің құрамында сақтап, оның өсуіне әсерін тигізу арқылы баланың бойының өсуін реттейді және ерте жыныстық жетілуді тежейді. Бүған қоса, бүйрек үсті бездерімен бірге С витаминінің қоры ретіңде де қызмет атқарады. Бұл витаминнің мөлшері бойынша айырлы без екінші орында, бірінші орында — бүйрек үсті бездері. Мүнда В2 және Д витаминдері өте көп жөне біраз мөлшерде цинк болады. Тимус нуклеин қышқылдарының алмасуына қатысады деген болжамдар да аз емес. Тимустың қызметіне байланысты бездің гипертрофиясы кезінде байқалатын тимус-лимфатикалық статус деп аталатын ауру бар. Тимус безінің ісініп өскендігінен нәрестенің өлгендігі туралы ақпаратты XIX ғасырға дейін ең алгаш Пиит есімді дәрігер ғана жазған. Ал 1830 ж Корр айырлы бездің гипертрофиясына байланысты балалардың өлімі, оның себептері, белгілері туралы толық жазған. Тимус туралы нақтылы еңбектер соңғы жылдары пайда бола бастады. Дәрігерлердің бақылауына қарағанда тимустың аурулары организмде қан айналысы бұзылғанда қабынудың ауыр асқынған түрлеріне, туа пайда болған даму кемшіліктеріне, ісіктерге байланысты пайда болады. Кей кезде бүл бездің ауруы басқа ішкі секрециялық бездердің ауруына (Аддисон, эндемиялық зоб) байланысты байқалып жүр.

Тимус-лимфатикалық статус ретінде бала организмінің туа болған ерекшелігі. Ондай баланың тимусы мен лимфа ұлпалары ұлғайып, жүрегі жетілмеген кішкентай, беті ісік, терісі жүқа, шашы өте жұмсақ болады. Мұндай баланың туғаннан кейінгі тыныс алысы ауыр болады, кейде дем ала алмай шетінеп кетуі де мүмкін. Егер без онша үлкен болмаса, біраз өмір сүруі мүмкін. Ауру баланың бұлшық еттері нашар, бостау, кеуде қуысының үстіңгі жағы жіңішке болады, реакциясы баяу, сіңір рефлекстері нашар, тез шаршайды. Ондай балада тыныс мүшелерінің ауруы жиі байқалады, қанында лимфоциттері көбейіп, нейтрофилдері азаяды, жиі ентігіп қалады, кей баланың сыртқы жыныс мүшелері нашар дамиды.

Жалпы алғанда тимустың аурулары өте аз кездеседі. Бүл бездің ауруларының негізгі белгілері: шектен тыс семіздік, әлсіздік, ауруға төзімсіздік, без ұлпасының ұлғаюы, сүйектің жұқаруы, сүйек сынығының нашар бітуі.

Ұйқы (қарын асты) безінің гормондарының бала организміне әсері. Ұйқы (қарын асты) безі немесе Лангерганс аралшалары көмірсутегінің алмасуын реттейтін гормондарды өндіреді. Аралшаларда төрт түрлі клеткалар болады: альфа, бета, гамма және дельта. Соңғы жылдары мұнда Е жене X деп белгілеген клеткалар табылды. Бұлардың соңғы төртеуі (гамма, дельта, Е, X) альфа және бета клеткаларының дамуындағы түрлі кезеңдерде пайда болатын клеткалар деген болжамдар бар. Альфа және бета клеткалары и н с у л и н және глюкагон гормондарын өндіреді. Қарын асты безі өзінің атына сәйкес қарынның астыңғы жағында шарпы майымен аралас төселіп жатыр. Аралшалардың пішіні көбінесе дөңгелектеу болады, саны мен мөлшері адамның жасына қарай және физиологиялық жағдайына қарай өзгеріп тұрады. Альфа клеткалары дөңгелектеу немесе бұрышты болып келеді де, бета клеткалары дөңгелек призма тәрізді болады. Альфа клеткалардың саны бета клеткалардан гөрі 4 еседей артық. Тек жаңа туған сәбилерде 2 есе аз. Олардың альфа клеткаларының саны ересек адамдардікіне қарағанда 4 есе көп болады да, алғашқы 1 жылдың ішінде тез азаяды. 4-5 жаста азаюы бәсендеген мен жалпы саны әлі де болса ересек адамдікінен көбірек болып, 12 жаста теңеседі. 25 жастан әрі қарай аралшалардың саны біртіндеп кеми береді. Альфа клеткаларда глюкагон гормоны, бета клеткаларда инсулин гормоны өнеді.

И н с у л и н организм үшін аса маңызды гормондардың бірі. Онсыз тіршілік болмайды. Себебі инсулин жануарлар крахмалы гликогеннің синтезіне және гликолизге жағдай тудырып, көмірсутегінің алмасуына қатысады. Энергиясы көп фосфаттардың пайда болуына әсер етеді, олардың ыдырауына және кетондардың (улы заттар) пайда болуына кедергі жасайды. Бұл гормон майдың алмасуына қатысады, амин қышқылдарының, белоктардың пайда болуына ықпалын тигізіп, май, көмірсутегі, белоктың алмасуына қатысады - олардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Инсулин фосфордың алмасуын күшейтіп, калийдің клеткаға ауысуына, сөйтіп оның сарысудағы мөлшерін азайтып, организмдегі суды бір қалыпта ұстайды.

Глюкагон гормонын гипергликемиялық фактор деп те атайды. Ол қандағы қанттың мөлшерін көбейту үшін бауырдағы гликогенолизге қатысады. Сөйтіп организмді тамақ арасында клеткаларға қажетті қантпен қамтамасыз етеді. Мүның қызметінің маңызы әсіресе орталық жүйке жүйесінің қызметі үшін күшті: нейрондарға қажетті глюкозамен қамтамасыз етеді.

Инсулин мен глюкагон бір-бірімен байланысты қызмет атқарады: ас ішкеннен кейін организмдегі, әсіресе қандағы қанттың мөлшері көбейіп кетеді. Бұл кезде инсулин артық қантты гликогенге айналдырады, ал ас арасында қандағы қанттың мөлшері азайғанда бауырдағы гликогеңді глюкагон гормоны ыдыратып глюкозаға айналдырады. Пайда болған глюкоза ет пен нерв клеткаларының қызметіне қажетті энергия қоры ретінде пайдаланылады.

Ұрық пен жаңа туған баланың ұйқы безіндегі гормон өндіруші клеткалар жақсы дамыған. Жаңа туған нәрестенің ұйқы безінің әрбір грамынан 10 Е (халықаралық өлшем белгісі), ересек адамнан 2 Е инсулин бөліп алуға болады. 1 жастағы нәрестенің безінде 36 Е, 20 жаста 180 Е инсулин болады. Ұрық пен емшектегі сәбидің аралшаларының жайылған бөліктері қайтадан қалпына келеді, яғни регенерациялық қабілеті байқалады. 4 жастан әрі қарай бұл қасиет жойылады.

Лангерганс аралшаларының қызмет кемшілігіне байланысты жиі кездесетін ауру - қантты диабет. Бұл аурумен ауырған науқастың шөлі қанбайды, несебінің құрамында қант пайда болады, ал ауырмаған қалыпты жағдайда несептің құрамында қант болмайды. Науқастың қанындағы қанттың мөлшері 200-500 мг/% дейін көбейіп, тәулігіне несеп арқылы 100-150 г глюкоза денеден шайылады. Мұнымен қатар майдың алмасуы бұзылып, қанның құрамыңда холестерин мен кетондар көбейеді. Көп науқастардың шығарған демінде ацетоннның иісі сезіледі. Қан айналысының бұзылуына байланысты мұндай науқастарда тері аурулары, қызыл иек ауруы жиі кездеседі, гангрена оңай дамиды.

Баладағы қантты диабет ауруының пайда болғанын ең алғаш 1696 жылы Мортон жариялаған. Жер жүзінде бұл аурумен ауыратын науқастардың саны өте коп, жылдан жылға ұлғайып келе жатыр. Бұған тәтті тағамдарды көп пайдаланудың әсері бар деген мәліметтер кездеседі. Бұл аурудан өлгендердің саны да көп. Көпшілік зерттеулердің нәтижесіне қарағанда қантты диабет ауруы 6-8 жас және 11-13 жас арасында көбірек. Дегенмен бұл ауру жас мөлшерімен тұрақты шектелмейді. 1 жасар балалардың арасында да кездесетіні мәлім. Қазіргі кезде барлық аурудың 5%-дан артығы 10 жасқа дейінгі балалар. Оның 10-47 % тұқым қуалайды. Дәрігерлік бақылауларга қарағанда қантты диабет ауруымен ауырған әйелдер дені сау бала туады. Тіпті 5-6 айлық жүкті кезінде денсаулығы жөнделіп кеткені де мәлім. Мүндай анадан туған баланың инсулярлық аппараты ерте тозып, кейіннен қантты диабет ауруына шалдығады. Балаларда бүл ауру жедел басталып, тез асқынады. Ал ересек адамда біртіндеп дамиды. Ауырған балалардың гигиеналық тәртіпті сақтауының маңызы үлкен. Мұндай балалар дені сау балалармен бірдей еңбек еткені жөн. Оларға дене еңбегі тіпті қажет, сондықтан спортпен айналысу пайдалы. Шамасына қарай спортпен шұғылданатын науқастың дәрілерін азайтуға мүмкіндік пайда болып, қатты асқынудан сақтайды. Тек қана есінен танатын жағдайда ғана төсек тартып жатуына болады. Қазіргі кезде қант диабеті ауруының өзінен де, оның себебінен дамыған басқа мүшелердің ауруын емдеу қиынырақ болып отыр. Әсіресе жүрек, бүйрек, көз ауруларының көбеюі айтарлықтай орын алып, науқастың мезгілінен бұрын өлуіне себеп болып отыр. Дегенмен қантты диабет ауруымен ауырған адамдар ұзақ өмір сүре алады. Ол үшін ас ішерде инсулин гормонын немесе аурудың жеңіл жаңа басталған түрінде сол іспетті қызмет атқаратын дәрі-дәрмектерді қабылдау қажет.Қантты диабетпен ауырған баланың өсуі көбінесе нашар болады.Глюкагон гормонының жетіспеуіне байланысты 10 жасқа дейінгі балаларда талма ауруы байқалады. 10 жастан аса ауру өзінен өзі жоғалады, себебі глюкагонның орнын бүйрек үсті безінің милы қабатыңдағы адреналин гормоны басады.

3.Жыныс бездері және жыныстық жетілу. Жыныс бездері қос секрециялы бездерге жатады. Сыртқы секрециялық без ретінде оларда жыныс клеткалары - әйелде аналық клетка және ерлерде аталық клеткалар - сперматозоидтар өніп дамиды. Ішкі секрециялық без ретінде ерлер мен әйелдердің жыныс гормондары түзіледі. Жыныс гормондары қан арқылы денеге тарап, баланың өсуіне, дамуына әсер етеді және жыныс мүшелерінің дамып жетілуін, жыныстық белгілердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Жыныс гормондарының негізгі қызметтері - тұқым өрбіту болғандықтан жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері жоғары болады. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі мезгілді асексуальды немесе жыныстық нейтральдық мерзім, яғни инфантильдік (исп. Инфант - бала) шақ деп есептейді. Негізінде, 8-10 жасқа дейін балаларда қосымша жыныс белгілері болмайды. Олардың өсуі мен дамуында жыныстық айырмашылық жоқ.

Ересек ер адамның жыныс безінің салмағы 20-30 г, 8-10 жасқа дейін 0,17 —0,18 г. Ересек әйелдің аналық безінің салмағы 5-8 г, жаңа туған қыз балада 0,2 г, 5- жаста 1 г, 8-10 жаста 1,5 г.

Е р л е р д і ң жыныс бездері - қос мүше. Олардың сырты тығыз дәнекер ұлпалардан тұратын капсуламен қапталған, мүны белоктық қабық деп атайды. Ерлердің жыныс безі немесе аталық безінің артқы жағындағы белоктық қабық қалындап г а й м о р денесіне айналады. Гаймор денесінен бездің ішкі жағына қарай радиальды түрде дәнекер ұлпадан тұратын құрылым безді бірнеше бөлікке бөледі. Мұндай әрбір без бөліктерінде арасы дәнекер ұлпаға толған шәуһет каналшалары болады. Шәуһет каналшалары үзын иірім жөне қысқа тік бөлшектерден тұрады. Иірім каналшада спарматогенез, яғни аталық жыныс клеткасының дамуы өтеді. Сондықтан оның қабырғасында әртүрлі даму кезеңіндегі аталық ұрық клеткалар — сперматозоидтар және оған қоса Сертоли клеткалары орналасқан. Сертоли клеткалары үрық клеткаларын қоректендіреді, аталық ұрық клеткалары дамыған сайын каналшаның саңлауына қарай қозғала отырып, жетілген сперматозоидтар азғантай сұйықпен қоса каналшаның саңлауына жетеді. Ұрық каналшаларының арасында нәзік дәнекер ұлпадан тұратын бөлшектерінде Лейдингтің интерстициялық клеткаларының топтары бар. Осы клеткаларда аталық жыныс гормондары өнеді. Иірім шәуһет каналшалары кішкентай нәрестелерде ұрықтық күйінде қалып, 7-8 жаста ғана қалыптасады.

9 жаста ірі сперматоцидті клеткалар каналшалардың ішінде екі қатар орналасады, ал каналшалардың арасында сперматидті клеткалар орын алады. Каналшалардың құрылысы 14 жаста ғана өзгереді де, каналшалардың арасында алғаш рет пресперматидтер мен сперматидтер пайда бола бастайды. 16-17 жаста жігіттердің каналшаларының арасында сперматоидтар, ал сперматид клеткаларыңда алғашқы тестостерондар өне бастайды.

Ерлердің жыныс бездерінде қосымша қуық түбі безі (простата) мен шәуһет көпіршіктерінің маңызы үлкен. Ересек азаматтың қуық түбі безі жыныстық жетілу мерзімі жақындағанда дами бастайды да, шамамен 17 жаста толық жетіледі. Оның ұзындығы ер азаматта 2,5-4 см, ені 2,5-5 см, қалыңдығы 1,7-2,3 см салмағы 17-28 г шамасында өзгеріп отырады.

Аталық жыныс бездерінде аталық гормондар тобына жататын тестостерон гормоны өнеді. Тестостеронның алмасуы негізінде андростерон және басқа жыныс гормондары түзіледі. Жалпы алғанда аталық гормондар андрогендер тобына жатады. Олар өзінің физиологиялық қызметін атқарғаннан кейін біразы ыдырап, ал қалғаны бауырдың ішінде глюкурон және күкірт қышқылдарымен қосылып өт пен несептің құрамында организмнен сыртқа шығады.

Андрогендер тобындағы гормондар бауырда, бүйректе және бұлшық еттерде белоктың түзілуіне әсер етеді, жоғарғы жүйке әрекетіне ықпалы зор, жоғары жүйке арқылы жыныс қылықтарының қалыптасуына және тежелудің тепе-теңдігіне әсер етеді.

Тестостерон гормоны ер адамның қосымша жыныс белгілерінің пайда болуына, ер балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің өсіп жетілуіне, әр адамға лайық сақал-мүрттың, денедегі түктердің, көмейдің дыбыс жарғақтарының өсуіне әсер етеді. Гипофиздің фоллукулстимулдаушы гормонымен бірге тестостерон жыныс бездерінің дамуына әсер етеді. Зат алмасуына қатысып, белоктың синтезделуін реттейді. Сөйтіп денеде калий, фосфор және кальцийдің сақталуына әсер етеді. Осы қызметіне байланысты бүйрек үсті бездерінің андрогендерімен бірге жыныстық жетілу кезінде ер балалардың бұлшық еттерінің күшті дамып, жас өспірімдердің тез өсуіне әсер етеді. Ер балалардың жыныс бездерінің гипер- және гипофункциясына байланысты бірнеше аурулар кездеседі.

Андростеронның гормондық белсенділігі шамалы, тіпті болмайды деуге де болады. Бірақ ол ыдырағанда андростерон - 3,17-дион тестостеронның құрамына кіретін андрогендік гормондардың бір бөлігі болып қалады.

Жыныс бездерінің гормонактивті ісіктері балаларда аз кездеседі. Дегенмен Мәскеу облысының урологиялық ғылыми зерттеу институтынң мәліметіне қарағанда бұл ауру 0,4-1,2 % шамасында байқалады. Оның ішінде балалардың жыныс бездерінің ісіктері мүлдем аз болса да, көбінесе 6 жастағы ер балаларда кездесіп тұрады. Ондай баланың аталық безі үлкейеді, ісік бір жақты болуы да мүмкін, бала тез өсе бастайды, көп мөлшердегі тестостерон эпифиз безінің гормонын тежеп, өсу тоқталады, баланың денесінде қосымша жыныс белгілері пайда болады, оның бойында ересек ер адамның дене сымбаты қалыптасады. Балалардың интерстициялық ісіктері операция жасап сылып алып тастағаннан кейін жазылады. Олардың психикасы өзгереді, тез ашуланады, төбелесқор, айтқанынан қайтпайтын қайратты болатыны тестостеронның жүйке жүйесіне әсерін көрсетеді.

Тестикулярлық гипофункцияның негізінде жас өспірімдер мен ересек ерлерде етектік байқалады. Ондай жастар жыныстық жетілмейді немесе өте нашар жетіледі, қосымша жыныс белгілері пайда болмайды, дауысы жіңішке болады, қатаймайды, сыртқы жыныс мүшесі өспейді, беті ісіктеу болып, денесін май қаптайды, әйелдер пішінді семіру (май клеткалары қоңына, қынына, кеудесіне жиналады) байқалады, дене пропорциясы дұрыс болмайды, яғни аяқ-қолдары ұзын, тұла бойы қысқа болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда бүл ауруды көбінесе анықтау қиын. Ол тек 10-12 жаста жыныстық жетілу кешіккенде ғана білінеді. Жыныс бездерінің гормондары жыныстық жетілуге дейін бала организмі үшін маңызды болғандықтан жыныс бездерінің гипофункциясының аурулары жыныстық жетілуге дейін белгісіз болады. Тек қана мезгілінен бұрын ғана пайда болған жыныстық жетілу, яғни гиперфункциясы ғана байқалады. Ондай гиперфункция тек қана ісікке байланысты туады.

Жыныстық жетілу, жыныстық тәрбие

Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі.

Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады. Бұл кезде алғашқы жыныстық белгілер пайда болады. 4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқынырақ. Бұл кезден бастап аталық жыныс безінің өсу қарқыны 1 жасқа дейін біркелкі, 1 жастан бастап жыныстық жетілу басталғанша өте баяу дамиды, оның мөлшері де айтарлықтай ұлғаймайды. Ал аналық жыныс безінің өсу қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айында және 1 жасқа дейін күшті болады, сонан соң 7-9 жасқа дейін өсуін күрт баяулатады. Осыған байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11, қыз балаларда 7-9 жасқа дейін созылады. Аталған мерзімдерге дейін ер балалар мен қыз балалардың өсуі мен дамуы бірдей болады. Олар бір-бірінен алғашқы жыныстық белгілер мен әр жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшеліктер бойынша ғана ерекшеленеді.

Бұл кезеңде ер балаларда жыныс безінің ұрық жасайтын түтіктері жіңішке, әлсіз және оның өзі де әлі жіктеле қоймаған эмбриондық эпителий клеткаларының бір қабатынан ғана тұрады. Қыз балаларда аналық жыныс безі эмбриондық кезеңде фолликулалардан тұрады. Олардың өсуі өте баяу. Қабықтанған фолликулалардың саны өте аз, ал Грааф көпіршігі мүлде болмайды. Бұл мезгілде ер және қыз балалардың несебінде андрогендік және эстрогендік гормондар біршамада және аз болады. Бүл гормондар жыныс безінде түзілмей, тек бүйрек үсті безінің қыртыс қабатында өнеді.

Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Осы уақыттан бастап ер балалардың жыныс мүшесі өсе бастайды. Жыныс бездері жетіледі. 12 жастан аса көмекші жыныс белгілері: көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 13-14 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, сондықтан баланың сымбаты өзгереді, әр адамға тән қасаға түктері пайда болады. 15 жастан аса қолтығында түктер өседі, сақал-мұрты шыға бастайды, сперматогенез басталады, ұйықтап жатқанда шәуһет бөліне бастайды. 18 жастан аса жігіттің жыныстық жетілуі аяқталады. Ер бала біртіндеп ержетіп, жігіт, одан әрі ересек адам болады. Қыз балалардың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталып, 8 жастан-ақ әйел пішіндес қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды. Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда емшегі өседі. 13-15 жастан бастап бойы жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. 16-18 жаста бойжеткеңдер толық жыныстық жетіледі. Бұл өзгерістер қыз баланың организміндегі жыныстық өзгерістердің пайда болуына байланысты.Жыныстық жетілу мерзімі жалпы алғанда балалар мен жастардың тұқым қуалайтын қасиеттеріне, жейтін тамағына, тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне, тұратын жерінің ауа райына, ұлттық ерекшеліктеріне т.б. сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. Балаларды жыныстық тәрбиелеу. Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі бұл кезеңнің көптеген қиындықтарына тағы да біреуін қосады — бұл жыныстық тәрбие мәселесі. Балалар мен жастарды ж ы н ы с т ы қ тәрбиелеудің маңызы зор. Мүңдай тәрбие ерте басталғаны жөн. Дұрыс жыныстық тәрбие алған жастардың дендері сау, еңбек қабілеті жоғары, жасына лайық, болашақта дүрыс жақсы отбасын құратын болады. Жыныстық тәрбие бірнеше бағытта жүреді:

1. Ер бала мен қыз баланың арасындағы жыныс мүшелерінің айырмашылығын дұрыс, мезгілінде түсіндіру мектеп жасына дейін басталады. Шешеге, апа-қарындастарына, сіңлілері мен інілеріне деген көзқарасты қалыптастыру қажет. Оларға сыйлауды, қүрметтеуді үйрету отбасындағы әке-шешенің бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болуынан басталады. Ер балаларға жұмыстың ауырын, қыз балаларға жеңілін жүктеудің негізін кішкентай балаларға дұрыс түсіндірсе ғана олардың арақатынастары дұрыс қалыптасады, үйлесімді бағытталады. Өйтпесе теріс түсініп, олардың арасында қайшылықтар туып, жалпы жыныстық көзқарастар теріс қалыптасады. Мұнымен қатар, жыныс мүшелерін күтуді, әсіресе кішкентай қыздарға үйрету қажет. Біртіндеп жыныстық жетілу басталғанға дейін жас өспірімдердің жыныстық жетілу белгілерін дұрыс түсіндіре бастаған жөн. Оларда жыныстық қарым-қатынас туралы алғашқы түсінік дұрыс болғанда ғана болашақ отбасы да бақытты, жақсы, үлгілі жанұя болады. Кішкентай балаларда жыныс мүшелерінің кір болуына байланысты қышыма пайда болып, бұл кейіннен 14-15 жастан бастап организмге (жыныстық қатынассыз қолмен нәпсіні қандыру) айналуы мүмкін. Оның алдын алып, болдырмау үшін денесі таза, жыныс мүшесіне қол тигізбей, ішкиімдері кеңірек болып, жыныс мүшесін қыспайтын киім киюін қадағалау керек. Балаларға жыныстық қызықтыру тудыратын фильмдерді, әңгіме кітаптарды көрсетпеу керек. Балалармен бағытталған жыныстық қарым-қатынас туралы түсініктеме ертерек басталғаны жөн. Баланың бос уақытын текке кетірмей, пайдалы спортқа, еңбекке баулу керек. Тәрбиенің мұндай түрлері балалар бақшасында, отбасында, мектепте жүргізіледі.

2. Бастауыш сыныптарда қыздардың жыныстық жетілуі басталады. Осыған орай қыздардың ер балаларға деген ерекше ынтасы байқалады. Оның үстіне олардың денесінің өсуі күшейіп, өздерімен құрдас ер балалардан ерекшелене бастайды. Соңдықтан бастауыш мектептердегі жыныстық тәрбиенің маңызы өте зор. Қыздарға болашақта көрінетін етеккірдің себептерін, оған байланысты дене тазалығының маңызын алдын ала түсіндіріп, олардың психикасын дайындап, гигиеналық дағдыларын қалыптастыруға ат салысу керек. Бастауыш сынып мұғалімдері қыздардың аналарымен байланыса отырып, жыныстық тәрбиені ұйымдастыруы қажет. Осы бастан-ақ ер балалар мен қыздарға жыныстық айырмашылықтар, жыныс мүшелерінің құрылысы, жыныстық жетілу туралы алғашқы қажетті ұғымдар беріп, бағытты тәрбиені жүргізу керек. Балалардың "сырттан" алатын теріс бұзық ұғымдарының алдын алуы қажет. Мұны жыныс ерекшеліктерінің және оның гигиенасының маңызын түсіндіру арқылы іске асыруға болады. Қыз балалардың етеккірі келгенде, бұл -ата-ана үшін, бойжеткеннің өзі үшін - қуанышты жағдай деп қабылдап, етеккірі келген қыз балаға оның маңызын, болашақ ана бола алатынын, соған байланысты ер балалармен жыныстық қарым-қатынастар туралы ашық сөйлесіп, анасы дұрыс түсінік беруінің маңызы зор. Қыз бала өзінің болашақ ана екенін қорқынышты емес, болашақ отбасы үшін, ел үшін, халық үшін маңызды қуанышты жағдай ретінде түсінуі тиіс. Етеккір қыз үшін ауыртпалық емес, мақтаныш ететін жағдайлардың бірі ретінде болуы маңызды.

3. Жалпы алғанда жас өспірімдерге ретсіз жыныстық қарым-қатынастың жағымсыз жақтарын түсіндіру маңызды. Ерте және ретсіз жыныстық қарым-қатынас адамды ерте қартайтады, түрлі жыныстық аурулар жұқтыруы мүмкін. СПИД, мерез, сөз іспетті жұқпалы аурулардың тек жыныстық қарым-қатынастан туатынын, олардың зардабын түсіндірудің маңызы зор. Жоғары сынып оқушыларына жыныстық қарым-қатынас туралы арнайы әңгімелерді ер жене қыз балалармен жеке-жеке топтастырып өткізу тәрбиеші-мүғалімнің міндеті. Мұндай әңгімелерді арнайы мамандармен кездестіру арқылы өткізсе, жастардың ұғымы дұрыс қалыптасады, ал маман емес адамдар өз ойын айту арқылы дұрыс түсінік бермеуі мүмкін. Сондықтан тәрбиеші мезгіл-мезгіл мамандарды сыныпқа шақырып, жастардың тәрбиесіне қатыстыруы тиіс. Маман адамдар жастардың психикасын, аурудың даму барысын, белгілерін, зардаптарын жақсы білгендіктен дұрыс түсіндіріп айта алады.

Сонымен, қорыта келгенде, балалар мен жастарға жыныстық тәрбие беру ата-анасы мен мұғалімдердің ғана міндеті емес, бүл ел, халық үшін маңызды жалпы міндет.

Өкінішке орай, мүғалімдер мен ата-аналардың көбі жыныстық тәрбие мәселелерінен "аулақ жүруге" тырысады. Балалар мен жас өспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық дамуы жайындағы "сыпайы" сауалдарына жауапты ересек жолдастары мен достарынан алады, 20% әке-шешесінен, ал 9% ғана мүғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар. Олай болса, жыныстық тәрбиелеуде мектеп пен ата-аналардың олардың бір-біріне сілтеп, уақытында тәрбие бермеуі жыныстық дамудың физиологиясы және ер азамат пен әйелдің қарым-қатынасы жайында теріс түсініктер туып, жағымсыз әдеттерге дағдылануына себеп болады. Кейіннен жас жүбайлардың көбінің отбасындағы өмірдің кемшіліктері олардың бала кезінен дұрыс бағытталған жыныстық тәрбие алмауынан болуы мүмкін деген болжамдар да таңғаларлық жағдай емес. Сонымен бірге, жыныстық тәрбие мүғалімдер мен тәрбиешілерден, ата-аналардан сыпайылықты, парасаттылықты талап ететін қиын тақырып, өйткені арнайы білімді, педагогикалық және ата-аналық әдептілікті қажет етеді.

Бақылау сұрақтары


  1. Ішкі секрециялық бездерге қандай бездер жатады, олардың сыртқы секрециялық бездерден айырмашылығы неде?

  1. Гормон деген не, оның қасиеттері бар ма?

3. Нейросекрет деп нені айтады, гормондардан айырмашылығы қандай?

  1. Гипо- және гиперсекреция деген сөздердің мағынасы не?

  2. Гипофиз безінің қүрылысы, қызметі қаңдай?

  3. Аденогипофизде қандай гормондар өндіріледі және олардың бала организміне әсері қандай?

7. Гипофиздің осу гормонының гипер- және гипосекрециясына байланысты баланың өсуінің
кемшіліктері.

  1. Эпифиз безі және оның қызметі.

  2. Қалқанша безінің гипо- және гиперсекрециясы.




  1. Эндемиялы зоб ауруы және оның алдын алу шаралары.

  2. Қалқансерік бездерінің бала организміне әсері қандай?

  3. Баланың айырлы безі, оның ішкі және сыртқы секрециялық қызметтерінің маңызы.

  4. Баланың бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының өсіп дамуы, оның гормондары, балағаәөсері.

14.Бүйрек үсті бездерінің милы қабатының гормондары және олардың бала организміне әсері.

15.Бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперсекрециясындағы бала организмінің жағдайы.

16.Баланың ұйқы безінің гормондары. Балалардың қантты диабет ауруы, оның себептері.

17. Аталық бездің дамуы мен қызметі, гормондарының бала организміне әсері.

18.Аналық жыныс безінің дамуы мен қызметі, гормондарының әсері.

19. Ер балалар мен қыз балалардың жыныстық жетілу мерзімі және белгілері.




  1. Балалар мен жас өспірімдерді жыныстық тәрбиелеуде мүғалімдер, тәрбиешілер мен ата-аналардың рөлі.

  2. Стресс деген не, оның қандай кезендері бар?




  1. Сыртқы ортаның әсерлерінің өзгерісіне организм қалай бейімделеді, бейімделу негіздері қандай?

  2. Бала организмінің бейімделу ерекшелігі қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет