ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.22/03-2013
|
ПОӘК «Биологиялық экология» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
№3 басылым
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Биологиялық экология» пәнінен 5В060800
«Экология » мамандығына арналған
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
ГЛОССАРИЙ
АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР – тірі ағзаның дамуы мен таралуына әсер ететін бейорганикалық орта факторларының жиыны (температура, жарық, қысым, ылғал т.б.);
АВТОТРОФТАР – Күн энергиясын пайдаланып бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейтін ағзалар, қоректік тізбекте продуценттер болып табылады, оларға фотосинтез процесі өтетін барлық жасыл өсімдіктер және хемосинтездік бактериялар жатады;
АМЕНСАЛИЗМ – антибиоз формасы, мұнда бір территорияда өмір сүретіндердің біреуі екіншісінің өмір сүруіне зиян келтіреді, ал өзіне зардап шегушіден еш қандай пайда да зиян да болмайды, мысалы, жарық сүйгіш өсімдіктер шыршаның түбінде өсіп, жарықтың жетпеуінен зардап шегеді, алайда өздері шыршаға ешқандай әсер етпейді;
АНТИБИОЗ – биотикалық өзара байланыстың бір түрі, мұнда өзара әсер етуші екі популяция бір біріне кері әсерін тигізеді;
АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР – адам әрекетінен туындаған факторлар, олар қоршаған ортаға оң немесе теріс әсерін тигізулері мүмкін;
АЭРОЗОЛЬ – құрамында қатты немесе сұйық жүзгін бөлшектері бар газ тәрізді орта, аэрозольдерге түтін, тұман жатады;
БИОТА – білгілі бір ірі және оқшауланған территорияда өмір сүретін тірі ағзалардың тарихи қалыптасқан кешені;
БИОЦЕНОЗ (биоталық бірлестік) – бір бірімен байланысқан және бірге тіршілік етуші түрлердің кешені;
БИОГЕОЦЕНОЗ – жер бетінің белгілі бір аймағын (биотопты) алып жатқан өзара байланысқан ағзалар (биоценоздар) және абиотикалық ортадан құралған табиғи жүйе;
БИОТОП – біртекті абиотикалық жағдайлары бар және биоценоз орналасқан кеңістік;
ГЕТЕРОТРОФТАР – қорек ретінде тек дайын органикалық заттарды пайдаланатын ағзаларды айтады;
ГОМЕОСТАЗ – күрделі бейімделу реакцияларының арқасында іске асатын табиғи жүйенің тепе-теңдік күйі;
ЛАСТАНУ – табиғи ортаға химиялық, физикалық ақпараттық және биологиялық агенттердің түсуі және олардың мөлшерінің өсуін айтады;
ҚОРЫҚ – табиғат эталондарын сақтау мақсатында адамның өндірістік және туристік әрекетінен шығарылған, жануарлар мен өсімдіктер әлемі қорғауға алынған, табиғи күйі өзгермеген немесе аздап қана өзгерген табиғат кешендері;
БИОСФЕРАЛЫҚ ҚОРЫҚ – адам әсерімен өзгермеген табиғи территориялы кешендерді, халықаралық маңызы бар қорықтарды айтады;
ТОПЫРАҚТЫҢ СОРТАҢДАНУЫ – топырақ құрамында еритін тұзадрың мөлшерінің артуын айтады, көбінесе беттік және грунттық сулар әсерінен (біріншілік сортаңдану) болады немесе суаруды рационалды емес (екіншілік сортаңдану) жүргізуден пайда болады ;
ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫН-ШАШЫНДАР – қышқылдық деңгейі әдеттегі мөлшерден жоғары болатын барлық метеорологиялық жауын-шашын түрлерін, яғни тұман, қарды айтады;
КОНСУМЕНТ – органикалық заттармен қоректенетін ағзалар. Оларды біріншілік- шөппен қоректенушілер, екіншілік- жыртқыштар және үшіншілік- жыртқыштармен қоректенетін жыртқыштар деп жіктейді. Консументтер гетеротрофтарға жатады;
КОНЦЕПЦИЯ – түсінудің белгілі бір түрі, кей бір құбылыстар түсініктемесі;
МЕТАБОЛИЗМ – ағзадағы зат алмасу процесі;
МОНИТОРИНГ – өткенді, қазіргі уақытты және болашақты болжауға арналған қоршаған орта туралы ақпарат беретін белгілі бір кеңістікте және уақытта ұзақ уақытты бақылаулардың ретті жүйесі;
МУТУАЛИЗМ – симбиоз түрі, мұнда екі түрдің біреуінің қатысуы міндетті болатын, және екі түр бір бірінсіз өмір сүре алмайтын мүраралық қарым-қатынас түрі;
ҰЛТТЫҚ САЯБАҚ – табиғатты қорғау адамдардың демалуымен бірге іске асырылатын үлкен территорияларды айтады, Ұлттық саябақтардың өзінің әкімшілік басқармасы бар және жерді пайдалану ерекшеліктері болады;
НЕЙТРАЛИЗМ – бірге бір территорияда өмір сүретін түрлердің бір біріне әсері болмайтын биотикалық түраралық қатынас түрі;
НООСФЕРА – сана сферасы, сферада өркениеттің пайда болуымен байланысты, мұнда адамның саналы іс-әрекеті биосфера дамуының анықтаушы факторы болып табылады;
ОЗОН ТЕСІКТЕРІ – озоносферадағы озон мөлшерінің азайған (50%) елеулі кеңістіктері, табиғи және антропогендік әсерден болады деген жорамалдар бар;
ОЗОН ЭКРАНЫ (ОЗОНОСФЕРА) – озонның жоғары концентрациясы бар және күннің ультракүлгін сәулесін өткізбейтін қасиеті бар атмосфера қабаты, шамамен 20-25 км биіктікте орналасқан;
ШӨЛЕЙТТЕНУ – өздігінен қайта жаңараалмайтын, құнарлы беткі қабатынан айрылған жерді айтады. Табиғи және антропогендік себептерден іске асуы мүмкін.
ПАРАЗИТИЗМ – антибиоз формасы, бір түрдің өкілдері келесі бүр өкілдерінің ұлпаларын қорек ретінде, ал денелерін мекен ету ортасы ретінде пайдаланатын ағзаларды айтады;
ЖЫЛУЛЫҚ ЭФФЕКТ – атмосферада көмірқышқыл және басқада жылулық құбылыс тудыратын газдардың жиналу нәтижесінде планетадағы климаттың біртіндеп жылынуын айтады, бұл газдар жиыны көшетханадағы жабын сияқты космостан жылуды жер бетіне өткізіп ал жер бетінен космосқа инфрақызыл жылулық сәулеленуге кедергі келтіретін қасиеттері бар;
ПЕСТИЦИД – өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық қосылыс;
ШЕКТЕУЛІ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МӨЛШЕР (ПДК) – экологиялық норматив – адам денсаулығына және оның ұрпағына белгілі бір уақыт аралығында нұқсан келтірмейтін зиянды заттың максималды концентрациясы;
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР – адамның сапалы өмір сүруін жоғарылататын, материалдық байлық жасауға болатын және тұтынуға пайдаланылатын табиғи объектілер;
ПОПУЛЯЦИЯ – белгілі бір территорияны мекендейтін және ұзақ уақыт бойы көбею арқылы тіршілігін сақтап қала алатын бір түр дараларының жиынын айтады;
ТАБИҒИ ОРТА – қоршаған ортаның бір бөлігі табиғаттың құраушысы;
ПРОДУЦЕНТТЕР – автотрофтар, бейорганикалық заттардан органикалық заттарды жасаушылар, өнім өндірушілер;
ПРОТОКООПЕРАЦИЯ – симбиоз формасы, екі түрдің бірге селбесіп өмір сүруі екі жаққа да пайдалы, бірақ міндетті емес;
РЕДУЦЕНТТЕР (ДЕСТРУКТОРЛАР) – органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзаларды айтады, оларға грибоктар мен микроағзалар жатады;
СМОГ – ауаның аэрозольді қабатын, түтінді, тұманды ластануы кезінде пайдаланылатын термин, бұл кезде атмосфераға шаң, өнеркәсіптік түтін мен газдар қоспасы және басқа да ластаушы заттар түседі;
АҒЫНДЫ СУЛАР – өнеркәсіпте, тұрмыста, ауылшаруашылығында пайдаланылатын және әр түрлі зиянды заттар қоспасына тұратын суларды айтады;
СИМБИОЗ – биотикалық қарым-қатынас түріне жатады, бір бірімен байланысқан түрдің екеуінеде немесе біреуіне осы қарым-қатынас пайда әкеледі;
СУКЦЕССИЯ – белгілі бір территорияда табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен немесе өзара байланысынан биоценоздардың біртіндеп алмасуын айтады;
ТОЛЕРАНТТЫҚ – ағза әсер ететін қоршаған орта факторларының оптимумнан ауытқуына төзімділігін айтады;
ШЕКТЕУШІ ФАКТОР – кез келген экологиялық фактордың сандық және сапалық көрсеткіштері кез келген бір ағзалардың дамуын шектейді;
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР – ағзаға әсерін тигізетін ортаның кез келген қасиеті несесе компонентін айтады;
ФОТОСИНТЕЗ – жасыл өсімдіктерде Күн жарығының әсерінен және пигменттердің көмегімен жүретін химиялық процес, мұнда көмір қышқыл газынан және судан глюкоза пайда болады және ауаға оттегі бөлінеді;
ФРЕОНДАР – (хладондар)жоғарыұшқыш, жердің беткі бөлігінде химиялық инертті болатын, өнеркәсіпте суытқышагенттер ретінде (тоңазытқыштарда, рефрижераторларда, кондиционерлерде) кеңінен пайдаланылатын заттар;
ЖЫРТҚЫШТЫҚ – антибиоз түрі, мұнда бір түрдің өкілдері басқа бір түр өкілдерімен қоректенеді;
ЭКОЛОГИЯ – тірі ағзалардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым;
ЭКОЖҮЙЕ – тірі ағзалармен және олардың мекен ететін ортасымен түзілген табиғи кешен, мұнда биотикалық және абиотикалық компонеттер өзара зат және энергия алмасумен байланысқан.
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ
Дәріс №1
Тақырып -1
КІРІСПЕ. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.
Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.
Жоспар:
1.Биологиялық экологияның қалыптасу тарихы және қазіргі кездегі күйі.
2. Экологиялық зерттеулердің мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері.
"Экология" гректің оіkos - үй (тұрақ, түрғылыкты жер, баспана) ,1оgоs - ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме-дәл мағынасы экология - "өз үйіңдегі" организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни "организмдер мен қоршаган орта арасындағы жиынтықты" немесе олардың бір-бірімен байланысыньң синаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды. Қоршаған ортаны танып-білуге деген кұштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастық қоғамының өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емессні белгілі. Оларды адамдар жсс, бірлесіп, қауымдасып күрескеңце ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздсріне азык етуіне болатындығына көздсрі жетті. Осылай қай аңды қай кезде, қандай жерде, қандай қару қолданғанда қолдарына түсіре алатындығын сезіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде таныс, тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан т. б. жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мұндай деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа да мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологияның элементтері сонымен қатар келе жатқан халықтардың этикалық шығармаларында да кездеседі. Қазір елімізде халық шаруашылығының әр салаларының тез дамуы нәтижесінде табиғатқа орны толмас зиян келіп отырғанда, жас-тарды экологиялық жағынан тәрбиелеудің зор маңызы бар. Себебі, табиғатты ластаудың шегі бар деп айтуға болмайды. Ауа да, су да мол мөлшерде ластануда. Ал олар бұдан былай да осы дәрежеде ластана беретін болса, болашақ ұрпақтардың өмір сүруіне үлкен нұқсан келетіні сөзсіэ. Сондықтан да, табиғатты корғау жастардың тек міндеті ғана емес, абыройлы борышы. Табиғат қорғау жөніндеп білімдерін жетілдіру кәсіптік-техннкалық оқу орындарында үшін басты міндеттің бірі. Себебі бұл оқу орнының түлектері ауыл шаруашылығын құрылыстарда, жаңа кен байлықтарын игеруде т. б. экологиялык ортаны өзгертуге байланысты жұмыстармен шұғылданатын болады. Осындай халық шаруашылығын дамытуға керекті жұмыстарды жүргізе отырып, экологиялық жағдайды сақтауды ұмытпаулары керек. Тек осы жағдайда ғана еліміз-дің табиғатын және табиғат байлығын сақтап қала аламыз. Бұл жерде тағы бір айта кететін жәй: табиғат корғау мәселесін тар көлемде бір республика, немесе ел тұрғысынан қарауға болмайды. Егерде бір елдің (судың, ауаның т. б.) экологиялык жагдайы өзгерсе, оның зиянды әсері баска елдерге де жететін болады, оларға көптеген шығын келтіреді. Дәлірек айтканда табиғат байлығының бір елде, немесе бір континентте зардап шегуі, барлық жер жүзіне әсер етеді. Сол себепті табиғат қорғау мәселесі комплексті каралып, әрбір мекемеде, мектепте, орта және жоғары оқу орнында калыптасуы тиіс. Тәрбие мен білім беру жүйесінің, мәдениет пен өнердің барлық мекемелерінің, кәсіподак т. б. коғамдык ұйымдардың қызметі табиғат қоргау жұмысына бейімделгені жөн.
Экология – ағзалардың тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін биологиялық ғылымның бір бөлімі (биоэкология).
Ең алғаш бұл терминді 1866 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель ұсынған (ойкос – үй, тұрақ, мекен; логос – білім, ғылым; яғни өзімнің тұратын мекенімді, жерімді зерттеп танимын деген мағынаны білдіреді).
Кез келген ғылым сияқты экология да зерттелетін процестердің жүру заңдылықтарын айқындап, оларды шағын логикалық және тәжірибе жүзінде тексеріп ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады.
Экологияның басты зерттейтіні – экологиялық жүйелер. Экологиялық жүйе – қоректік байланыстар мен энергияны алу тәсілдерінің негізінде бір тұтастықты құрайтын тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардың қауымдастығы. Бұл терминді ең алғаш 1935 жылы ағылшын ғалымы Э.Тэнсли енгізген.
Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сәйкес аутэкология, дэмэкология және синэкология сияқты тараулар бөлінеді. Бұл тараулар жалпы экологияны құрайды.
Аутэкология – жеке ағзаның тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі.
Аутэкологияның (грек. autos- өзім) мақсатты – даралардың тіршілік етуінің шегін және физико-химиялық факторлардың ағза олардың мағынасының барлық көлемінен таңдап алатын шектеулерін нақтылау болып табылады. Орта факторларының әсеріне ағзалардың реакциясын зерттеу осы шектеулерді ғана емес, берілген түрлерге тән физиологиялық, сондай-ақ морфологиялық өзгерістерді шығаруға мүмкіндік береді.
Демэкология (популяциялар экологиясы) – бір тектес даралардың табиғи топтамаларын, яғни популяциялардың зерттейтін экология бөлімі (популяциялар, ішкі популяциялық топтар мен олардың өзара қатынасы қалыптасатын жағдайларды, популяция санының динамикасын, дене құрылысын).
Синэкология (бірлестіктер экологиясы) - өсімдіктердің, жануарлардың, микро-ағзалардың қауымдастықтарын және олардың мекен ету ортасымен қатынасын зерттейтін экология бөлімі.
-
Биосфера немесе түраралық деңгейін бағалау әдісімен теориясын жасау;
-
популяциялық экология, биоталық бірлестіктер экологиясы, табиғаттағы биотүрлілікті сақтау сияқты проблемаларды зерттеу, биотаның сыртқы ортаға әсер етуін реттейді;
-
табиғат және антропогендік факторлар әсерінен биосферада болатын өзгерістерді болжау және зерттеу, осы өзгерістердің салдарын бағалау;
-
табиғат ресурстарының күйі мен динамикасын бағалау және оларды пайдаланудың экологиялық салдары;
-
қоршаған орта сапасын басқару әдістерін жасау және жетілдіру;
-
адамдарда биосфералық ойлау және экологиялық сананы қалыптастыру, экологиялық этика мен мораль нормаларын жасау;
-
экономикалық, әлеуметтік және т.б. қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін және тұрақты дамуын қамтитын шешімдерді оптимизациялау.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ
Дәріс №2
Тақырып -1
КІРІСПЕ. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.
Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.
Жоспар:
1. Экологияның ғылым ретінде даму тарихы
2. Экология – кең ауқымды, өзіне көптеген шешілмеген мәселелерді қамтитын мағыналы түсінік
Экологияның ғылым ретінде даму тарихы
«Тірі ағзаны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортаға қатынасы» жөніндегі білімнің қажеттілігі. Аристотельдің еңбектерінде көрініс алған. Содан бері экологиялық білімнің дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Олар:
Бірінші кезең: ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейінгі кезең. Экологияның пайда болуы және ғылым ретінде қалыптасуы. Тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы жөніндегі мәліметтердің жиналуы мен сипатталады.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда экологиялық мәліметтер биологиялық сипаттамалардың недәуір бөлімін қамтиды. Осы кезде Ламарк және Мальтус адамзатты адамның қоршаған ортаға тигізетін кері әсері туралы ескерткен.
Екініші кезең: ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан ХХ ғасырдың 50-ші жылдарына дейінгі аралықты қамтиды. Экологияның жеке ғылым ретінде бөлініп дамуы. Бұл кезеңнің басында орыстың Н.А.Северцев, В.В.Докучаев сияқты атақты ғалымдарының еңбектері жарық көрумен сипатталады. ХХ ғасырдың бас кезінде В.И.Вернадскийдің биосфера туралы фундаментальды ілімінің негізі қаланады.
Үшінші кезең: ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан қазіргі кезге дейін. Экологияның кешенді ғылымға айналу кезеңі. Бұл кешенге география, химия, физика, геология, мәдениеттану теориясы және қоршаған ортаны қорғау сияқты ғылымдар кіреді. Адам басқа тіршілік иелерімен салыстырғанда, сыртқы ортамен өзі жасаған мәдениет арқылы қарым-қатынасқа түседі, яғни адамзат тұтасымен даму барысында мәдени орта қалыптастырады, және ұрпағына еңбек пен рухани тәжірибесін мұра ретінде қалтырып отырады.
Адам баласы үшін экологиялық білім бұрынғы ойшылдар және ата-бабаларымыз аңсаған адамға лайық орта жасау, адамның табиғатпен үйлесімді одағын құру үшін қажет.
Экология – кең ауқымды, өзіне көптеген шешілмеген мәселелерді қамтитын мағыналы түсінік. Құқықтық мемлекетте БҰҰ-да жарияланған адамдардың негізгі табиғи, конституциялық құқықтары бұзылмауы керек, яғни табиғатпен үйлесімділікте және таза қоршаған ортада өмір сүру құқы.
Қазіргі заманда негізгі ғаламдық экологиялық мәселелерге мыналар жатады:
-
климаттың өзгеруі;
-
тұщы судың тапшылығы және оның ластануы;
-
озон қабатының тозуы;
-
жылулық эффект;
-
қышқыл жауын-шашындар;
-
биологиялық алуантүрліліктің азаюы.
Осы мәселелердің кешені еліміздің және планетамыздың экологиясына өз нұқсанын келтіреді. Қазақстанның экологиялық мәселелері келесі:
-
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану және ластау;
-
Арал мен Каспий теңіздерінің, Балхаш көлінің мәселелері;
-
Ауаның ластануы;
-
Қазба байлықтарды рационалды емес пайдалану;
-
Жер ресурстарының мәселері;
-
Семей ядролық сынақ полигоны мен Байқоңыр космодромының әрекеттерінің салдары;
-
Флора мен фаунаның тозуы.
Халық аралық тәжірибеге сүйене отырып еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы және қоршаған ортаны қорғауға арналған әрекет етудің Ұлттық жоспары бағытталған. Экологиялық приориттерді сақтамай Қазақстанның алға басуы, және дамуы мүмкін емес.
Экология – ағзалардың тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін биологиялық ғылымның бір бөлімі.
Ең алғаш бұл терминді 1866 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель ұсынған (ойкос – үй, тұрақ, мекен; логос – білім, ғылым; яғни өзімнің тұратын мекенімді, жерімді зерттеп танимын деген мағынаны білдіреді).
Кез келген ғылым сияқты экология да зерттелетін процестердің жүру заңдылықтарын айқындап, оларды шағын логикалық және тәжірибе жүзінде тексеріп ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады.
Экологияның басты зерттейтіні – экологиялық жүйелер. Экологиялық жүйе – қоректік байланыстар мен энергияны алу тәсілдерінің негізінде бір тұтастықты құрайтын тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардың қауымдастығы. Бұл терминді ең алғаш 1935 жылы ағылшын ғалымы Э.Тэнсли енгізген.
Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сәйкес аутэкология, дэмэкология және синэкология сияқты тараулар бөлінеді. Бұл тараулар жалпы экологияны құрайды.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану Қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты корғау жэне оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпы-халықтық міндет болып табылады.
2. Экологиялық құкық — бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін коғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты коғамдық катынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. «Экология» — бүл біздің жалпы жэне жалғыз үйіміз — «Жер» туралы ғылым.
Алғашқы рет бүл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель үсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда қолданылды. Ол өзінің әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ілім ретінде колданылады. Табиғат — санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:
1.Жердегі өмірге кажетті биологиялық жағдайды камтамасыз ететін экологиялық қызмет;
2.Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалық қызмет;
З.Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін қызмет түрлері.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
Қосымша әдебиеттер:
-
Степановских А.С., Общая экология. М., 2001
-
Акимова Т.А., Кузьмин А.П., Хаскин В.В., Экология., М., 2001
-
Карташев А.Г., Введение в экологию., Томск., 1998.
-
Розанов С.И. Общая экология. С-Петербург., 2001
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
-
Экология дегеніміз не? Экология нені оқытады?
-
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде?
-
Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар?
-
Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз.
-
ХІХ ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдарды атаңыздар.
-
Қазіргі заман экологиясының негізгі мәселелерін түйіндеп айтыңыздар.
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ
Дәріс сабақ №3
Тақырып-2
ОРГАНИЗМ ЖӘНЕ ОРТА ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ДЕҢГЕЙІ
Жоспар:
-
Табиғи орта туралы ұғым. Экологиялық факторлар.( абиотикалық және биотикалық, антропогендік)
-
Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлігі
-
Гомеостаз және экожүйенің тұрақтылығы.
Табиғи орта туралы ұғым. Экологиялық факторлар.( абиотикалық және биотикалық, антропогендік)
ТАБИҒИ ОРТА – қоршаған ортаның бір бөлігі табиғаттың құраушысы;
Ортаның ағзаға әсер ететін жеке қасиеттері немесе элементтері экологиялық факторлар деп аталады. Орта факторлары сан алуан түрлі болып келеді. Олар тірі заттар үшін қажетті немесе керісінше зиянды болуы мүмкін.
Экологиялық факторлардың жіктелуі:
Экологиялық табиғи және антропогенді экологиялық факторлар болып екіге бөлінеді. Табиғи факторлардың өзі биотикалық және абиотикалық деп жіктеледі.Тіршіліктің төртінші ерекше ортасы тірі ағзалардың өзі болды, олардың әрқайсысы оған қоныстанған паразиттер мен симбиондар үшін тұтас дүниені білдіреді. Адаптация – ағзалардың қоршаған орта өзгерістеріне бейімделуі. Бейімделуге қабілеттілік – тіршіліктің негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады, өйткені ол оның тіршілік етуінің мүмкіндітін қамтамасыз етеді. Абиотикалық факторлар бұл өлі табиғаттың тірі ағзаларға тікелей немесе жанама түрде әсер ететін барлық қаситеттері: оларға химиялық, физикалық және эдафикалық факторлар жатады.
Химиялық факторларға қоршаған ортаның химиялық құрамы жатады, мысалы, ауаның, судың құрамындағы оттегі мөлшері, жауын-шашындардың қышқылдығы, автокөлік және зауыт-фабрикалардың түтіндерінің құрамы т.б.
Физикалық факторларға қоршаған ортаның физикалық күйі немесе құбылыстарды жатқызуға болады, мысалы, температура, қысым, радиациялық фон т.б.
Эдафикалық факторларға топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерінің жиынын айтады.
Биотикалық фактор – бір ағзалардың басқа бір ағзаларға тигізетін әсері. Ол түраралық және түрішілік болып екіге жіктеледі.
Түрішілік әрекеттер – бір түрдің ағзаларының арасында жер үшін, қорек үшін, теорритория үшін туындайтын күрестен пайда болады, мұнда тек бәсекелестік орын алады.
Түраралық әрекеттер – түрішілікке қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Оларға нейтрализм, бәсекелестік, мутуализм, паразитизм, жыртқыштық, протокооперация жатады.
Антропогендік фактор – адам әсерінен туындайтын қоршаған ортаға тиетін әсер. Ортаның экологиялық факторлары тірі ағзаларға түрліше әсер етеді, яғни физиологиялық және биохимиялық қызметтердің бейімделу өзгерістерін тудыратын тітіркенушілер сияқты; берілген жағдайларда тіршілік ету мүмкін еместігімен себептелген шектеушілер сияқты; ағзалардың анатомиялық және морфологиялық өзгерістерін тудыратын модификаторлар сияқты; ортаның басқа факторларының өзгерісі туралы мәлімет беретін белгілер сияқты әсер ете алады.
Өзінің тарихи-эволюциялық даму жолында ағзалар периодты және периодсыз факторларға бейімделген.
Ағзалардың қоршаған орта факторларының әсеріне бейімдеушілік дәрежесіне байланысты экологиялық факторлардың жіктелінуі
Ең алдымен тірі ағзаларда периодты факторларға бейімделуі пайда болады. Мысалы, Жер шарының тікелей өз осінен және Күнді айналуы немесе Ай фазаларының ауысуы.
1840 жылы Ю. Либих (1803 - 1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтың минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады.
Минимуммен қатар максимумның да шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы В. Шелфорд болды. Шелфордтың толеранттық заңы:
Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық шамасын (латын тілінен аударғанда толерантиа – шыдау, төзім) яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |