«Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет1/4
Дата11.09.2023
өлшемі0.59 Mb.
#477167
  1   2   3   4
МӨЖ


Ф.7.11-19



Есимова А.М.




«Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы» пәнінен
7М05123 -Биотехнология мамандық бойынша өзіндік жұмысын және оқытушымен бірге магистранттардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған
әдістемелік нұсқау

Шымкент, 2022 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ


“Биотехнология” кафедрасы


«Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы» пәнінен 7М05123 -Биотехнология мамандық бойынша өзіндік жұмысын және оқытушымен бірге магистранттардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған
әдістемелік нұсқау

Шымкент, 2022ж.


ӘОЖ 633.34.631.165
ББК 28.592


«Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы» пәнінен 7М05123 -Биотехнология мамандық бойынша өзіндік жұмысын және оқытушымен бірге магистранттардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқауы. Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2020 – 31 б.


«Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы» пәнінен 7М05123 -Биотехнология мамандық бойынша магистранттарға арналған әдістемелік нұсқау.
Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы микроорганизмдердің мүмкіндіктерімен танысып биомассаны бөліп алу, микроорганизмдерді пайдаланып биосинтез және биотрансформация өнімдерін алу, олардың технологиялық үрдістерін құрастыру, өндірістің технологияларын қолданып биотехнология салаларының құрылысымен танысу, сапасы жоғары өнім алуға арналған технологияларды, үрдістерді тереңірек зерттеп меңгеру қарастырылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес МӨЖ ұйымдастыруға арналған мазмұны курстың бағдарламасын қамтиды.
Әдістемелік нұсқауда «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы» пәні бойынша магистранттардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру және оқытушымен бірге магистранттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру, реффераттар, эссе, баяндама, коллоквиум тақырыптары, бақылау сұрақтар келтірілген.
Пікір берушілер:
х.ғ.д.,профессор Надиров К.С.
АИУ б.ғ.к., доцент Ескараев Н.М.
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2020


Мазмұны

Кіріспе
1 Пәнді оқыту мақсаты


2 Оқытушымен бірге магистранттардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған жеке тапсырманың мазмұны мен құрылысы
3 Магистранттардың өздігінен дайындалатын лекциялық сабақтарының тақырыптары бақылау жұмыстың мазмұны
4 Тест
Пәнді әдістемелік нұсқаумен қамтамасыз ету


Кіріспе
Жеке және топ бойынша магистранттардың өзіндік жұмысы танымдық қызметтің әр түрлі түрлерін түсіндіреді, ол аудиториялық сабақта және аутиториядан тыс уақытта жүзеге асырылады.
Аудиториядан тыс (магистранттардың өзіндік жұмысы ) МӨЖ- бұл әдістемелік нұсқаудың көмегімен магистрантер өзі ұйымдастыратын және жоспарлайтын оқу қызыметінің негізгі түрі. Оған дәріс сабақтарға, лабораториялық сабақтарға ағымда дайындау, курстық жобалар мен жұмысты дайындау, мемлекетік емтиханға дайындық жасау, дипломдық жұмыстарды, жобаны дайындау және т. б.
Берілген әдістемелік нұсқау семестр бойынша магистранттардың өзі жасауы және үй тапсырмасының бақылауының жйынтығы. Тапсырманың күрделілігі әртүрлі, оқытушы маман дайындау деңгейінде бастапқы мәлімет деңгейіне байланысты дифференцирленген ұсыныс жасайды,үлгерімі дұрыс болу үшін қосымша тақырыпты оқып материалды тереңірек меңгерген жөн.
Биологиялық технологияның адам баласына қажетті әртүрлі сфераларына арналған қажет өнімдерді алуды басқарылады. Бұлар технологиялар әртүрлі биологиялық агенттің және жүйенің – микроорганизмнің, вирустың, өсімдіктің және жануардың клеткасын және ұлпасын, сондай-ақ клетка сыртындағы затты және клетка компонентін каталитикалық потенциалын қолдану негізде базаланады.
Қазіргі кезде биотехнологияны игеру және өңдеу дүние жүзінің барлық елдерде іс жүзіндегі қызметінде биотехнологияны меңгеру маңызды болады. Биотехнологияның жетістігінің басып озуы дамыған елдердің экономикалық саясатының орталық мақсатының бірі болып табылады. Биотехнологияның лидері болып ауыл шаруашылығына, фармацевтикаға, тамақ және химия өндірісіне арналған бүгінде биотехнологияның көп жылдық тәжрибесін жиналған АҚШ, Жапония саналады.
Бүгінде биотехнология дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай емес. Оған қосымша бұл терминің біздің словарда пайда болуының маңызы зор. Ол биотехнологиялық материалдарды қолдануды көрсетеді және жақын арада көптеген өндіріс салаларында және адам баласының қоғамының өзіне өзгерістер енгізеді.
МӨЖ бойынша тапсырма магистранттардың заңдылықтарды ізденуде, анализдеуде, шығармашылық жұмысқа қабілеттілігі дамуда.
МӨЖ ұйымдастыру бойынша баяндама тақырыбы және реферат, оның мазмұна сол пәнің мазмұнына сәйкес болады. МӨЖ ұйымдастыруда, есептің формасын, жұмыстың көлемін бағалауда критерия жасау және оның мерзімін бекітуде. МӨЖ жұмыстары және мақсаттары магистранттердің оқулық мүмкіндіктеріне сай келеді.Жұмыстың мақсаты МӨЖ және МОӨЖ магистранттердің оқу мүмкіншіліктеріне сәйкес келеді. Тақырыптарың мақсаты рефераттар оқу жоспарына сәйкес тізбектеле орналасқан.


1 Пәнді оқыту мақсаты


Пәннің мақсатымагистранттарға биотехнология саласында биомассаны алу және өңдеуде қолданылатын микробиологиялық синтез процесстердің жүру жылдамдығын және биомассаның мол мөлшерде жиналуын, биообъектілерді өсіру қасиетін және биологиялық ерекшеліктерін таныстыру. Биотехнологиялық өндіріс тірі объекті негізінде биоөнімдердің кең спектрін өндіретін немесе əртүрлі биохимиялық процесстердің биоиндустриясы екенін таныстыру. Зертханалық сабақтарда магистранттарға биообъектілермен танысып, биомассаны алуда олардың морфологиялық жəне физиологиялық қасиеттерін зерттейді.
Пәннің міндеті - биоөндіріс технологиясының принциптерімен магистранттарды таныстыру; микробиологиялық процестерінің принциптері мен ерекшеліктері; бастапқы культурадан дайын өнім алу, тазарту; өндірістік микроорганизмдердің сапасы жоғары биомассасын алу сонымен қатар жаңа өнім өндіруге қабілетті немесе жаңа қасиетке ие модифицирленген аумақты тиімді технологиямен алуды таныстыру.
Басқа пәндермен байланысы «Биотехнологиядағы заманауи әдістер».
Пәннің оқу нәтижелері:
- өсімдіктерді қорғау және бактериалды препараттар, азықтық ақуыз, азықтық ашытқы биомассасын өндірісте өндіру тəсілдерін меңгере алады;
-биотехнологиялық процестің ерекшелігіне, оларды іске асыратын ғылыми принциптерімен дайын өнімді алу үшін қажет әдістерді және бағалау дәрежесін іріктеуді меңгере алады;
- микробиологиялық синтез нəтижесінде алынатын өнім мен биомассаның жинау процестерінің технологиясын меңгере алады;
- продуценттердің өсуін бақылап, практикада биомасса алу жөніндегі білімдерін қолданады.
Пәнді оқытуда жүзеге асыруда қолданылатын оқыту әдістері мен технологиялары: ақпараттық-коммуникациялық технология, кейс әдісі.
Пәнді оқытуда теориялық және практикалық жаңалығының оптимальды сәйкестенуін бекіту үшін кейс-әдісін қолдану керек.Ол оқытушының және магистрантің шығармашылық әрекеті мен инициативасы өзіндік жұмысының дамуымен педагогикалық жетекшілік етуінің тиімді сәйкестенуіне мүмкіндік жасайды. Одан басқа да, кейстер зерттеу қабілетін аналитикалық шолу жасауын дамытады, анализ жасауды өңдейді, стратегияны жоспарлауды басқару шешімдерін қолданады.
Кейс- бұл оқулық материалдар, онда іс жүзіндегі проблемалар формаланған, жеке немесе коллективті түрде оны шешуді іздену ұсынылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет