"Kaspi Bank" АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас



бет1/4
Дата05.07.2016
өлшемі0.72 Mb.
#180725
  1   2   3   4


“Kaspi Bank” АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелері (2-нұсқа)
Осы “Kaspi Bank” АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелері (2-нұсқа), бұдан әрі Ережелер деп аталады, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 388-бабында көзделген тәртіппен шарттарды жасасу мақсатында әзірленді.

Осы Ережелерге сәйкес Клиентке банктік қызмет көрсетумен, Клиенттің Банктен банк заемын алуымен, төлем карточкасын берумен және оған қызмет көрсетумен, сондай-ақ Клиенттің ағымдағы және жинақ шоттарын ашу, жүргізу және жабу бойынша және Клиентке басқалай банктік қызмет көрсетумен байланысты Клиент пен Банктің арасындағы қарым-қатынастары реттеледі.




  1. Жалпы ережелер

    1. Осы Ережелердің мақсаты үшін пайдаланылатын терминдердің, анықтамалар мен қысқартулардың Ережелердің 3-тарауында анықталғандай мағынасы бар.

    2. Ережелердің 3-тарауында көрсетілген терминдер, анықтамалар мен қысқартулар осы Ережелерді іске асырумен байланысты Клиент пен Банк арасында қатынастар туындауымен байланысты ресімделетін Өтініштерге, Клиенттің оферталарын акцепттеген кезде жасалатын шарттарға қолданылады. Өтініштер мен осы Ережелерде пайдаланылатын басқа да терминдер мен анықтамалардың Төлем жүйелерінің ережелері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған мағыналары бар.




  1. Банк заемы шарты

    1. Банк заемы шарттарының талаптарына сәйкес Банк Клиенттің Өтінішіне сай Клиентке жаңартылмайтын кредит желісін беруге және Заем алушыға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен, заем Операцияларын жасау арқылы, тұтынушылық мақсатқа, қолма-қол жасалмайтын түрде қарызға ақша беруге міндеттенеді. Сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтің ақысын төлеу үшін ССК-нің пайдасына қолма-қол жасалмайтын аударым арқылы, жүргізілген кредит лимитінің есебінен карт-шот бойынша заем Операциясын жүргізген жағдайда және/немесе Банктен бұрын алынған заемды қайта құрылымдағанда, Кредит мақсатына сай пайдаланылған болып саналады. Банктің белгілеген кредит лимитімен кредит желісін ашу Клиенттің банк заемы шартын жасасу туралы офертасының акцепті болып табылады, бұл туралы Клиентке Банктің уәкілетті өкілі қол қойған және Банктің мөрімен бекітілген Банктің хабарламасы Сауалнамада көрсетілген мекенжайға жолданады немесе хабарлама Клиенттің жеке өзіне қол қою арқылы немесе қашықтан байланысу арналары арқылы беріледі.

    2. Әрбір нақты уақыт кезеңінде Кредиттің жалпы сомасы Банктің белгілеген кредит лимитінен асып кетпеуі тиіс. Кредит желісінің ең көп сомасы – бес миллион теңге.

    3. Кредит валютасы – теңге.

    4. Сыйақы мөлшерлемесі бекітілген, жылдық пайызбен, Клиенттің Өтінішінде көрсетілген мөлшерде, шартты жасасқан күнгі мөлшерде көрсетіледі, шартта сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органның банктің заем шартын жасасқан күні белгілеген тәртібіне сәйкес шынайы жылдық тиімді салыстырма есептеуінде Сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері болады.

    5. Берешек қолма-қол жасалатын немесе қолма-қол жасалмайтын тәсілмен, Клиенттің қалауы бойынша Оңтайлы төлемді төлеу арқылы бір ай ішінде бір рет төлеуі арқылы өтеледі.

    6. Кредитті өтеу тәртібі осы Ережелерде және Клиенттің Өтінішінде, Кредит пен Сыйақыны өтеу мерзімділігі – бір айдан тұратын Есептесу кезеңінде анықталады.

    7. Берешек (ол болған кезде), соның ішінде шоттарда ақша жеткізіліксіз болғанда мына кезекпен өтеледі:

      1. Бірінші кезекте – ұстау жүргізілген күнгі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Клиенттен ұсталатын салықтар;

      2. Екінші кезекте – Банктің шығасылары және/немесе шығыстары, атап айтқанда:

- банк-корреспонденттердің Клиенттің Операциялар жасағаны үшін ұстайтын комиссиялары;

- Клиенттің Операцияларды даулауымен байланысты Банктің шеккен шығыстары (мұндай шығыстар Банктің қызметтік тексеру жүргізгенінен кейін Клиентке жүктелген жағдайда);

- Клиенттің Берешегін өтеуіне бағытталған және Клиенттің Ережелерде көзделген шарттар бойынша басқа да міндеттемелерін орындауымен байланысты Банктің шығындары;

- Банктің басқа да күтпеген шығыстары, егер мұндай шығыстар Ережелерде көзделген шарттар аясында Клиенттің әрекетімен (әрекетсіздігімен) байланысты болғанда;



      1. Үшінші кезекте – есептелген айыппұл сомасы;

      2. Төртінші кезекте – Банк осы Ережелерде көзделген шарттарға сәйкес қызмет көрсеткен кезде Клиенттен ұсталатын комиссиялар мен өзге де төлемдер;

      3. Бесінші кезекте – Сыйақы;

      4. Алтыншы кезекте – негізгі қарыз, бұл кезде негізгі қарыздың мерзімі өткізілген бөлігі, сосын Овердрафт сомасы, сосын негізгі қарыз сомасы.

    1. Уақтылы Кредитті өтемегені және Сыйақыны төлемегені үшін Банк төлем жасаудың мерзімін өткізген әр күнге мерзімі өткізілген төлем сомасының 0,5%, егер заңнамада тікелей өзгеше көзделмесе, бірақ заңнамада белгіленген шекті сомадан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге құқылы.

    2. Кредит, егер Банк пен Клиент және/немесе кепіл беруші арасында жасалған жеке келісімнің талаптарында өзгеше көзделмесе, қамсыздандырусыз беріледі.

    3. Заем алушы банктің заем шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде, Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте және тәртіппен мына шараларды қолдануға құқылы:

      1. Заем алушыдан төлем жасаудың мерзімін өткізген әр күнге, егер заңнамада тікелей өзгеше көзделмесе, мерзімі өткізілген негізгі қарыз бен сыйақы сомасының 0,5%, бірақ заңнамада белгіленген шекті сомадан астам емес мөлшерде өсімпұл төлеуін талап етуге;

      2. Берешекті сот тәртібімен өндіріп алуға;

      3. Клиенттің банктік шоттарынан, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тысқары жердегі екінші деңгейдегі банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы басқа шоттарынан акцептсіз тәртіппен және/немесе тікелей дебеттеу арқылы ақшаны алып қоюға. Бұл кезде Клиент мұндай есептен шығарумен байланысты Банктің шеккен барлық шығындарын өтейді;

      4. Мерзімінен бұрын, Азаматтық кодекстің 728-бабында көзделген шектеулерді ескере отырып, соның ішінде Заем алушыға жазбаша хабарлама жолдау арқылы Заем алушының сомасын толық көлемде, есептелген Сыйқымен, комиссиялармен, айып санкцияларымен және Заем алушыдан шарт бойынша өндіріп алуға тиесілі басқа да сомамен бірге өндіріп алуға қоюға;

      5. Заем алушы Сауалнамада көрсетілген деректемелерінің және банк заемы шартының 2.15-тармағында көрсетілген мәліметтердің өзгеруі туралы тиісті оқиғалар болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарламаған жағдайда – Заем алушыдан бес мың теңге көлемінде айыппұл өндіріп алуға;

      6. Кредитті мақсатына сай пайдаланбаған жағдайда, соның ішінде Кредит сомасын қолма-қол ақшамен алғаны үшін – Клиенттің Өтінішінде белгіленген мөлшерде;

      7. Кредит желісі аясында заем Операцияларын жасауды тоқтатуға немесе уақытша тоқтатуға;

      8. Осы Ережелерге сәйкес өз қалауы бойынша Заем алушының Берешекті өтеу кезектілігін өзгертуге;

      9. Кредит лимитінің мөлшерін азайтуға;

      10. Клиентке жазбаша хабарлап, банк заемы шарты мен осы Ережелерде көзделген басқа да шарттарды біржақты тәртіппен бұзуға. Банктің осыған орай шеккен барлық шығыстары мен шығындарын Клиент Банкке өтейді. Клиент Банктен банк заемы шартын бұзу туралы хабарлама алғаннан кейін келесі күні, егер Банк басқа мерзімді анықтамаса, шарт бұзылған болып саналады;

      11. Карточканы тосқауылдауға (барлық қосымша карточкаларды қосқанда), сондай-ақ Клиенттен оны қайтарып беруін талап етуге;

      12. Осы Ережелерде көзделген жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға;

      13. Банктік құпияны құрайтын ақпаратты және Клиенттің кез келген үшінші тұлғаларға, соның ішінде Клиенттің Жұмыс берушісіне хабарлаған басқа да мәліметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы, Берешек сомасын өндіріп алу жұмыстарын жүргізу мақсатында ашуға;

      14. Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережелерде көзделген кез келген басқа шараларды қолдануға;

    4. Ережелердің 2.10-тармағында аталған шараларды Банк банк заемы шарты бойынша кез келген өзге міндеттемелерін орындамаған кезде немесе олардың орын алуының нақты қаупі төнген кезде, Заем алушыда Кредит бойынша кезекті төлемді өтеу үшін қаражаты болмаған кезде және олардың түсуінің болашағы болмағанда, Өтініш берген кезде немесе заем Операцияларын жасағанда Заем алушының шынайы емес мәліметтерді беру фактісі анықталғанда, егер Клиент сот процесіне тартылса және/немесе оның шотына тыйым салынғанда немесе одан өндіріп алынғанда (немесе мұның нақты қаупі болғанда), Клиентті психоневрологиялық диспансерлерге, психиатриялық клиникаларға, есірткіге немесе алкогольге тәуелді болуынан емдеу үшін клиникаларға жатқызылғаны туралы ақпаратты алған кезде, сондай-ақ, Банктің пікірінше, Заем алушының төлем қабілеттігіне және оның шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындау мүмкіндігіне жағымсыз әсер етуі мүмкін басқа жағдайларда қолдануға құқылы. Аталған жағдайларда, соның ішінде Берешекті мерзімінен өтеу талабын қойған жағдайларда, сондай-ақ басқа жағдайларда Банк сондай-ақ берілген Кредит бойынша Сыйақы мен Банкке тиесілі басқа төлемдер, соның ішінде комиссиялар мен айып санкциялары (тұрақсыздық айыбы мен өзгесі), және/немесе олардың ары қарай есептелуі түріндегі кірістерді мойындауды тоқтата алады.

    5. Банк заемы шарты бойынша өз міндеттемелерін бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережелерге сәйкес жауапкершілік атқарады.

    6. Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысты тұлға болып табылатын Клиентке кредит лимитін берген жағдайда, Банктің ішкі нормативтік құжаттарының қағидаларын ескере отырып, берілген кредит лимитін қамсыздандыру үшін жеткілікті сомаға міндеттемелердің орындалуын қамсыздандыруды беру туралы тиісті шарттың талаптарына сай, банктің заем шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамсыздандыруды берген күннен ерте емес мерзімде кредит лимиті қолжетімді болады.

    7. Заем алушы Кредитті нақты пайдаланған мерзімге Сыйақы төлеп, Кредитті толық көлемде мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.

    8. Клиент үш жұмыс күні ішінде Сауалнамада көрсетілген өз деректерінің өзгерісі туралы, әсіресе тегінің, атының, әкесінің атының, мекенжайының, жеке басын куәландыратын құжаттардың, СТН, ЖСН, ӘЖК, үйінің телефон нөмірінің, Телефон нөмірінің, жұмыс орнының телефонының, жұмыс орнының (кіріс алу көзінің) өзгерісі, жеке кәсіпкер мәртебесін алуы туралы, сондай-ақ Клиенттің Кредитті қайтару және Сыйақы төлеу және/немесе Клиентті сәйкестендіруге әсер етуі мүмкін кез келген жағдайлар туралы Банкке жазбаша хабарлауға міндетті. Мұндай хабарламаны Клиент жеке өзі Банкте болған сәтте жазбаша жазуға міндетті.

    9. Банк Клиенттің банк заемы шартын жасасу туралы офертасын акцепттегеннен кейін және Карточканы іске қосқаннан кейін Кредит лимиті Клиентке қолжетімді болады.

    10. Клиенттің банк заемы шартын жасасу туралы офертасының акцептісі жағдайында Банктің беретін кредит лимитінің мөлшерін Банк Клиенттің Өтініш пен Сауалнамада берген ақпаратының, сондай-ақ Клиенттің кредит скорингінің нәтижесі бойынша, кредит бюросының деректер базасындағы ақпаратты қосқанда, басқа да қолда бар мәліметтердің негізінде өз бетінше анықтайды. Кредит лимиті оны өтегенге дейінгі мерзімге беріледі. Кредит лимитін өтегеннен кейін немесе оның қолданылу мерзімінде Банк Клиентке жаңа кредит лимитін немесе қосымша кредит лимитін беруге құқылы. Карточканы іске қосу немесе Клиенттің кредит лимитін пайдалануы Банктің белгілеген кредит лимитінің мөлшерімен келісімі болып табылады.

    11. Кредит желісінің ең көп сомасы Кредит лимитінің Ең көп мөлшері болып табылады.

    12. Кредит желісінің мерзімі банк заемы шартын жасасқан күннен бастап жиырма жылды құрайды.

    13. Банк Клиенттің банк заемы шартын жасасу туралы офертасын акцепттеген кезде, Банк Клиентке мына жағдайлардың жиынтығына негізделіп есептелген Оңтайлы төлем мөлшерін хабарлайды:

      1. Банк Клиенттің банк заемы шартын жасасу туралы офертасын акцепттеген күні Карточка іске қосылады;

      2. Карточканы іске қосқан күні Клиент Кредитті берілген кредит желісінің толық мөлшерінде алады;

      3. Кредит оның мақсатты міндетіне сай пайдаланатылатын болады.

Аталған жағдайлардың қандай да біреуі орындалмаған жағдайда, Банк Клиенттің банк заемы шартын жасасу туралы офертасын акцепттеген кезде, хабарланған Оңтайлы төлем мөлшері Банк пен Клиент арасындағы қатынастарға қолданылмайды. Бұл жағдайда Клиент Есептесу кезеңі үшін есептелген сыйақы мен комиссияларды ескере отырып, жасалған Операциялар сомасын негізге ала отырып, Берешекті (ол болған кезде) өтеуге міндетті.

    1. Жаңа кредит лимиті Банктің қалауы бойынша беріледі және бұрын берілген кредит лимитінің мөлшерінен аз болуы мүмкін және Клиентке ол берілген күні қолжетімді болады. Қайта берілген кредит лимитінің мөлшері бұрынғыдан өзгеше болған жағдайда, Клиент қашықтан байланысу арналары арқылы немесе Клиентке тиісті жазбаша хабарламаны жолдау немесе жеке өзіне табыстау арқылы хабардар етіледі.

    2. Клиенттің Банк алдындағы берешегі мыналардың нәтижесінде туындайды:

      1. Клиент заем Операциясын жасағанда;

      2. Банк сыйақы есептегенде;

      3. Банк Клиенттің төлеуге тиіс төлемдері мен комиссияларын есептегенде;

      4. Ережелерде көзделген шарттарды орындаумен байланысты Берешектің туындауына әкеп соқтырған басқа да жағдайларда.

    3. Банк заемы шартына сәйкес Клиент Оңтайлы төлемді төлеу арқылы Берешекті уақтылы өтеуге міндетті. Банк кез келген үшінші тұлғаның банк заемы шарты бойынша міндеттемелерді орындауын қабылдауға құқылы.

    4. Егер осы Ережелерде Клиенттің кейбір төлемдерді, комиссиялар мен басқа да төлемдерді төлеуі көзделмесе, Клиент осы Ережелерге сәйкес Берешекті ішінара немесе толық өтейді.

    5. Заемға қызмет көрсетілетін шоттағы ақшаны Банк осы Ережелерде көзделген жағдайлардан басқа кезде толық көлемде Кредитті мерзімінен бұрын өтеу есебінен есептен шығарады.

    6. Банктің шотына ақша түскен күн банк заемы шарты бойынша төлем жасалған күн болып саналады. Егер Банктің шотына ақша Астана уақытымен сағат 19.00 дейін түссе, мұндай төлемді Клиент ағымдағы күні жасаған болып саналады.

    7. Банк кредиттік бюроға Клиент туралы мәліметті беруге және кредиттік бюроның Банкке Клиент туралы кредиттік есебін, сондай-ақ Тараптардың өз міндеттемелерін орындауымен байланысты ақпаратты беруге Клиенттің келісімін алды.

    8. Клиент қайтыс болған жағдайда, Клиенттің Берешегі оның мұрагерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өтеді.

    9. Банк кез келген үшінші тұлғаға өзінің Шарт бойынша талап ету құқығын толығымен немесе ішінара беруге құқылы. Бұл кезде Банк мұндай үшінші тұлғаларға, сондай-ақ оның агенттері мен оның уәкілеттік берген өзге де тұлғаларына мұндай құқығын беруді жасауға қажетті банк заемы шартының және осы Ережелерде көзделген басқа да шарттардың талаптары туралы ақпаратты ашуға, сондай-ақ мұндай тұлғаларға тиісті құжаттарды, соның ішінде Өтінішті беруге құқылы.

    10. Банк заемы шартына сәйкес Клиент мына комиссияларды Клиенттің Өтінішінде көзделген мөлшерде төлейді:

      1. Қаржылық сүйемелдегені үшін комиссия, ол Есептесу кезеңінің соңғы күні ұсталады, оның реттік нөмірі Карточканы іске қосқан айдан бастап үшке еселі. Егер комиссия есептеген күні Берешек болмаса, комиссия ұсталмайды;

      2. Банк кассасында қолма-қол ақшаны карт-шотқа салғаны үшін комиссия, ол Банк кассасына қолма-қол ақшаны салу операциясының шотта көрсетілген күні ұсталады;

      3. Іске қосқан күннен бастап бір жыл ішінде карт-шот бойынша кез келген Операция жасалған кезде, мұндай Операция карт-шотта көрсетілген Есептесу кезеңінің соңғы күні бірінші жылы Карточкаға қызмет көрсеткені үшін комиссия. Егер Клиент бірде-бір Операция жасамаса, бірінші жылы комиссия ұсталмайды;

      4. Карточкаға бірінші жылдан соң, Іске қосылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қызмет көрсеткені үшін комиссия, Клиенттің Операция жасағанына, Карточканы қайта шығарғанына, Берешектің болуына қарамастан, Іске қосылған күннен бастап бірінші жылы Карточкаға қызмет көрсеткені үшін комиссия есептен шығарылған Есептесу кезеңінің соңғы күніне сәйкес келетін күні жыл сайын.

    11. Кейбір Тарифтік жоспарлардың аясында Өтініште Кредитке қызмет көрсетумен байланысты басқа да комиссиялар көзделген жағдайда, мұндай комиссиялар Клиенттің Өтінішінде көзделген тәртіппен және мөлшерде ұсталады.

    12. Кредитке қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар тек Тараптардың келісімімен, осы Ережелерде көзделген тәртіппен және жағдайларда комиссия мөлшерлерін азайту (соның ішінде уақытша) жағдайларын қоспағанда, өзгертілуі тиіс.

    13. Осы Ережелерде көзделген тәртіппен Карточканың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға болады. Карточканың қолданылу мерзімінің өтуі банк заемы шартының қолданысын тоқтатпайды.

    14. Банк өз қалауы бойынша, соның ішінде Клиенттің қалауы бойынша міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамсыздандыруды кепіл түрінде берген жағдайларда, Клиент банктің заем шартына және Банкпен жасалған басқа да шарттарға сәйкес міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде, кредит лимитінің мөлшерін ұлғайтуға, жаңа кредит лимитін беруге немесе кредит желісінің Ең көп сомасы шегінде қосымша кредит лимитін беруге құқылы. Бұл кезде жаңа кредит лимитінің немесе қосымша кредит лимитінің талаптары бұрынғы кредит лимитінің талаптарынан өзгеше болуы мүмкін.

    15. Кредит лимитінің мөлшерін үлғайту немесе қосымша кредит лимитін беру туралы Клиентке хабарлау жазбаша хабарлама жолдау арқылы немесе Клиенттің Телефон нөміріне SMS-хабар жолдау арқылы немесе басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы жүзеге асырылады. Бұл кезде қайта берілген кредит лимиті оны Банк берген күннен бастап Клиентке қолжетімді болады.

    16. Банк біржақты тәртіппен, соның ішінде Банктің анықтаған уақыт кезеңіне банк заемы шарттарының талаптарын Клиент үшін талаптарын жақсарту жағына қарай өзгертуге. Атап айтқанда, Клиент үшін банк заемы талаптарының жақсаруы мыналар:

      1. Сыйақы мөлшерлемесінің көлемін азайту;

      2. Берешекті өтеу бойынша төлем жасаудың мерзімін ұзарту;

      3. Банк заемы шарты бойынша көзделген комиссиялар мен басқа да комиссиялардың мөлшерлемесінің көлемін азайту;

      4. Кредит лимитінің мөлшерін ұлғайту;

      5. Операцияларды Артықшылықты блокқа қосу;

      6. Банк заемы шарты бойынша Жеке талаптарды беру;

      7. Грэйс-кезең, жеңілдік кезеңін, промо-кезең беру;

      8. Ережелердің 2.7.-тармағында анықталған Берешекті өтеу кезектілігін өзгерту, ол төмендегі кезектіліктің жоғарыда тұрған кезекке дейін Берешекті басымдықпен өтеуді көздейді;

      9. Ережелердің 2.7.-тармағында анықталған Берешекті өтеу кезектілігін өзгерту, ол Кредиттің басқа Операциялары бойынша Берешекті өтегенге дейін Артықшылықты блокқа қосылған Операциялар бойынша Берешекті басымдықпен өтеуді көздейді;

      10. Жаңа немесе қосымша кредит лимитін беру;

      11. Банктің Берешекті капиталдандыруы.




  1. Банктік қызмет көрсетудің жалпы талаптары

    1. Осы Ережелердің мақсаты үшін пайдаланылатын терминдердің, анықтамалар мен қысқартулардың мынадай мағынасы бар:

      1. Call Center – клиенттердің қоңырауларын қабылдайтын әрі өңдейтін, Банк қызметі мен өнімдері туралы хабарлайтын, Карталарды іске қосатын, оларға Тосқауыл қоятын және Клиентке ағымдағы қызмет көрсету үшін Банктің айқындайтын тағы басқа қызметтерді жүзеге асыратын Банктің бөлімшесі;

      2. Авторландыру – төлем карточкасын пайдаланып төлем жасауға Банктің рұқсаты. Авторландыруды алу рәсімі Халықаралық төлем жүйесінің ішкі ережелеріне және/немесе Төлем жүйесінің қатысушыларының арасында жасалған шарттарға және/немесе Клиентпен жасалған шартқа сәйкес белгіленеді. Авторландыру автоматтандырылған режимде электрондық құрылғыларды пайдалану арқылы (бұдан әрі – «автоматтандырылған режим») немесе телефон байланысын пайдалану арқылы дауыс шығаратын режимде (бұдан әрі – «дауыс шығаратын авторландыру») жүзеге асырылады;

      3. Карточканы іске қосу – Банк Карточканы шығарған кезде Ұстаушының Банктің Төлем лимитінен немесе Банк ұсынатын кез келген тәсілмен қандай да бір басқа талаптардан тыс Авторландыруды беруден бас тартуын көздейтін Карточканы пайдаланып шығыс операцияларын жүргізуге белгіленген техникалық шектеуді жою рәсімі;

      4. Сауалнама – Клиент қол қойып, Банкке Өтінішпен бірге берген, Ұстаушы туралы деректері бар құжат;

      5. Банк – “Кaspi Bank” акционерлік қоғамы;

      6. Банктік қызмет көрсету – Банктік қызмет көрсету шарттарына сәйкес Банктің көрсететін ақылы банктік қызметі;

      7. Карточкаға тосқауыл қою – Карточканы пайдаланып және/немесе Операцияларды жасау арқылы төлем жасауға толық немесе уақытша тыйым салу;

      8. Валюталық шот – Банктің осы Ережелерге сәйкес кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мақсатқа Клиентке ашатын, Клиенттің Өтінішінде көрсетілген бір шетел валютасындағы Клиенттің ағымдағы банктік шоты;

      9. Валюталық жинақ шоты – Банктің осы Ережелерге сәйкес Клиентке ашатын, Клиенттің Өтінішінде көрсетілген бір шетел валютасындағы Клиенттің банктік жинақ шоты;

      10. Қайтарылатын төлем – Банкке жазбаша шағым және т.с.с. беру арқылы Клиенттің Карточканы пайдаланып жүргізген шығыс операциясына наразылығын білдіруі және Банктің Клиенттің шағымын дәлелді деп мойындауы салдарынан заемға қызмет көрсету шотына аударылған ақша;

      11. Сыйақы – кредит лимитінің есебінен алынған ақшаны пайдаланғаны үшін Банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшері есебінен заем сомасына пайыздық көрсеткішпен айқындалған ақы;

      12. Грэйс-кезең – Сыйақы немесе Кредит берумен байланысты комиссиялар, немесе Банктің Тарифтері мен басқа да шарттарда көзделген өзге комиссиялар осы Ережелерге сәйкес есептелмейтін және ұсталмайтын, немесе кейбір қызмет ақысын төлеуге жеңілдік берілетін, немесе негізгі қарыз бойынша немесе Сыйақы бойынша мерзімі ұзартылатын, немесе осы Ережелерде көзделген шарттардың талаптарын басқалай жеке уақытша жақсартулар берілетін уақыт кезеңі. Грэйс-кезең бір немесе бірнеше адамдарға, Банктің анықтайтын уақыт аралығында бір немесе бірнеше Операцияға қатысты қолданылуы мүмкін. Грэйс-кезең беру талаптарын Банк тиісті ақпаратты www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурста жариялау арқылы және/немесе SMS-хабар және/немесе жазбаша хабарлама жолдау арқылы хабарлайды;

      13. Қосымша карточка – Клиенттің нұсқауы бойынша, соның ішінде Call Center-ге хабарласу арқылы, интернет-банкингтің көмегімен, банкомат арқылы және Банктің көздеген өзге де тәсілдерімен шығарылған екінші және кейінгі карточкалар;

      14. Кредит лимитінің қолжетімді қалдығы – Клиенттің кредит лимитінің пайдаланбаған бөлігінің мөлшері, ол кредит лимитінің мөлшері мен негізгі қарыз бен Овердрафт мөлшерінің арасындағы айырмаға тең;

      15. Берешек – негізгі қарыз сомасын, Овердрафт сомасын, есептелген, бірақ төленбеген Сыйақыны, комиссияларды, айыппұлды, өсімпұлды, тұрақсыздық айыбын, Бас ережелердің аясында Клиентпен жасалған шарттарда көзделген өзге де төлемдерді қосқанда, Клиенттің төлеуге тиіс ақшасы;

      16. Заем алушы – Кредит берілген Клиент;

      17. Өтініш – Тарифтік жоспардың атауы мен шарттары және Клиенттің осы Ережелерде көзделген шарттарды жасасу туралы оферта түрінде ұсынысы жазылған, Банктің белгілеген нысаны бойынша жасалған құжат;

      18. Капиталдандыру – Банктің қалауы бойынша, Банктің негізгі қарызды шегергендегі мөлшерде Клиенттің өтініші бойынша, соның ішінде төлем мерзімін ұзартқан кезде берілетін, Есептесу кезеңі аяқталған күні есептелген Берешек мөлшерінде кредит лимитінің есебінен Клиентке ақша беруі;

      19. Клиент – Банкке Өтінішпен келген жеке тұлға;

      20. Кіру коды – Клиент Call Center-ге телефон арқылы қоңырау соғып, қашықтан байланысу арналары бойынша Банкке қашықтан хабарласқан кезде, сондай-ақ осы Ережелерде көзделген өзге жағдайларда Клиентті сәйкестендіру мақсатында айтылатын Клиенттің ақпаратына кірудің цифрлық және/немесе әріптік коды;

      21. Кредит – Заем алушының барлық заем Операциялары бойынша мерзімділік, төлемділік және қайтарымдылық талаптарымен берілетін кредит желісінің есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарлар, жұмыстар мен қызмет сатып алуға алған ақшасы;

      22. Кредит желісі – Клиентке кредит алу уақытын өзі анықтауға және заем Операцияларын жасауға, бірақ Банктің ішкі кредит саясаты ережесінде және осы Ережелерде кредит желісінің Ең көп сомасы шегінде, кредит лимитінің жаңартылатын немесе жаңартылмайтын негізінде, Банктің белгілейтін сомасы мен уақыты шегінде мүмкіндік беретін талаптарда Клиентке кредит беруге арналған Банктің міндеттемесі;

      23. Кредит лимиті – Заем алушының біржолғы пайдалануында болатын кредит желісінің Ең көп мөлшері аясында Банктің анықтайтын әрбір нақты уақыт кезеңінде заем Операциялары бойынша негізгі қарыз сомасының шекті мөлшері;

      24. ДСЖК – цифрлық немесе әріптік-цифрлық код және/немесе ЖСН-коды түріндегі Клиентті динамикалық сәйкестендіру жүйесінің коды, ол қашықтан байланысу арналары арқылы Клиентті сәйкестендіру үшін пайдаланылады;

      25. Жеңілдік кезеңі – Банк анықтайтын Берешекті өтеудің жеңілдікті тәртібінің қолданылатын кезеңі. Банк жеңілдік кезеңін беру талаптарын тиісті ақпаратты Банктің www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурсында жариялау арқылы хабарлайды;

      26. Кредит желісінің ең көп сомасы – кредит желісі аясындағы кредит лимитінің шекті мөлшері, ол банк заемы шарты бойынша берілуі мүмкін;

      27. Ең ұзақ қаржыландыру кезеңі – тек Банк белгілеген мөлшердегі Ең аз төлемді төлеу арқылы Берешек өтелуі тиіс қатарынан келетін күнтізбелік айлардың саны бойынша анықталатын уақыт кезеңі;

      28. Ең аз төлем – төлем жасау арқылы Берешекті өтеу әдісі, төлем мөлшері кредит лимитінің немесе Берешек сомасының пайызынан немесе Банк белгілеген өзге тәртіппен құралады, Берешек болған кезде Ең ұзақ қаржыландыру мерзімінде Банктің анықтайтын кредит желісінің мерзімі шегінде Клиенттің Берешекті өтеуі үшін төлем жасауы міндетті болады;

      29. Мультивалюталық қызмет көрсету – банктің қызмет кешені, ол Клиенттің Шоттары бойынша қашықтан байланысу арналары арқылы аударыммен, валюта айырбастаумен байланысты Операцияларды жүргізу мүмкіндігін және Банктің анықтаған және Банктің www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында жарияланған талаптарда басқа да әрекеттерді көздейді;

      30. Телефон нөмірі – Клиенттің Сауалнамада хабарлаған Клиенттің ұялы немесе үйінің телефонының нөмірі;

      31. Қамсыздандыру жарнасы – Артықшылықты блокқа қосылған заем Операциялары бойынша Клиенттің банктің заем шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамсыздандыру ретінде кепілге беретін ақшасы;

      32. Овердрафт (немесе Лимиттен үстеме берешек) – Төлем лимиті мөлшерінен үстеме Операцияларды жүргізумен байланысты Клиенттің төлеуге тиіс ақшасы;

      33. Операция – Шоттарда көрінуі тиіс кез келген операция (транзакция), соның ішінде заем Операцияларын (кредит лимитінің есебінен шығыс Операциялары) қосқанда, шығыс Операциялары, Карточканы пайдаланып жасалған (тауар ақысын төлеу және қолма-қол ақша алу), қолма-қол жасалатын немесе қолма-қол жасалмайтын тәртіппен Шоттарға ақша салу; Қайтарылған төлемдер; Банктің Берешекті өтеуге ақшаны есептен шығаруы; есептелген төлемдерді Шоттардан есептен шығару, Өтінішке және осы Ережелерге сәйкес комиссиялар мен Сыйақылар; Клиенттің Шоттарында көрсетілуі тиіс басқа да Операциялар;

      34. Оңтайлы төлем – бір айдан тұратын Есептесу кезеңінің соңғы күні Берешекті толық өтеу үшін Клиенттің банк заемы шарты бойынша Банкке төлеуге тиіс міндетті төлем мөлшері;

      35. Негізгі қарыз – заем Операциялары бойынша жасалған, Клиенттің қайтармаған (өтемеген) сомасы, сондай-ақ капиталдандырылған сыйақы мен өзге де төлемдер сомасы түріндегі Клиенттің Берешегінің бір бөлігі;

      36. Жаднама – Ережелер мен Тарифтік жоспардың кейбір қағидалары келтірілген, шарттың бөлігі болып табылмайтын, Карточканы пайдалану және Берешекті өтеу жөнінде қысқаша нұсқаулық, соның ішінде талаптар мен тарифтер жөнінде түсіндірмелер берілген, сондай-ақ Артықшылықты блок болған кезде – төлем жасаудың болжамды кестесі бар құжат(тар);

      37. Жеке талаптар – осы Ережелер аясында Банктің қызмет көрсетуінің жеке жақсартулары, олар грэйс-кезең және/немесе жеңілдік кезеңін және/немесе промо-кезең беруінен және/немесе Операцияларды Артықшылықты блокқа қосуынан және/немесе Банктің анықтаған, осы Ережелер аясында шарт жасасқан сәтте анықталған талаптарды жақсартуға бағытталған басқа да қызмет көрсету параметрлерін беруден, атап айтқанда, кредит желісінің Ең көп сомасын ұлғайтудан, Кредиттің және/немесе кредит желісінің мерзімін ұлғайтудан көрінеді;

      38. Артықшылықты блок – заем Операцияларының блогы, оны Клиент Банктің анықтаған артықшылықтары мен Банктің анықтаған және бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Банктің www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында жарияланған банк заемы немесе банктің қызмет көрсету шартының қосымша талаптары (шектеулері) қолданылатын, Банк анықтаған Операциялар тобынан жасалған немесе жасалатын Операциялардың қатарынан таңдап алады;

      39. ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі, Ұстаушыға берілетін және Ұстаушыны сәйкестендіруге арналған құпия код;

      40. Клиенттің таңдауы бойынша төлем – мөлшерін Клиент өз бетінше анықтайтын және Банктің белгілеген Ең аз төлем мөлшеріне тең бола алмайтын немесе одан кем бола алмайтын төлемді жасау арқылы, осы Ережелерде өзгеше көзделмесе, Берешекті өтеу әдісі;

      41. Төлем карточкасы немесе Карточка – электрондық терминалдар немесе мұндай карточканы ұстаушыға төлем жасауға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және Банктің айқындаған және соның талаптарында басқа да операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараты бар өзге де құрылғылар арқылы Клиенттің Шотындағы ақшасына қолжеткізу құралы;

      42. Төлем жүйесі – төлем карточкаларын пайдалану технологиясының негізінде өзара қатынастар құратын және белгілі бір ережелер мен талаптармен өзара біріктірілген есептесуге қатысушылар мен олардың есептесу агенттерінің жүйесі. Осы Ережелер аясында мыналар Төлем жүйесі болып табылады:

- MasterCard WorldWide халықаралық төлем жүйесі;

- Visa International халықаралық төлем жүйесі.



      1. Төлем лимиті – Ұстаушы Карточканы пайдаланып шығыс Операцияларын жасауға құқығы бар ақша сомасы. Оған теңгедегі Шоттардағы ақшаның оң қалдығы мен шоттарда әлі көрсетілмеген Операциялар сомасын шегеріп тастағанда кредит лимитінің Қолжетімді қалдықтары кіреді;

      2. Оң қалдық – мерзімі өткізілген Берешегі болмаған кезде Клиенттің карт-шоттағы меншікті ақшасы;

      3. Промо-кезең – банктің қызмет көрсету және/немесе сервис-пакет шарттарының қолданылу мерзіміне қарамастан, банктік қызмет көрсетудің кейбір қызметтері және/немесе сервис-пакеттері тегін негізде ұсынылатын уақыт кезеңі;

      4. ССК – сауда және сервис кәсіпорны, заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болып табылатын, тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсеткені үшін қолма-қол жасалмайтын ақыны қабылдайтын азаматтық құқық қатынастарының кез келген субъектісі;

      5. Карточканы тосқауылдан шығару – Банктің Карточканы пайдаланып Операцияларды жүргізуге бұрын белгіленген шектеулердің күшін жоюы;

      6. Есептесу кезеңі – Карточканы іске қосқан күннен басталатын, Карточканы пайдаланатын бір айға тең уақыт кезеңі. Алдыңғы Есептесу кезеңі аяқталған күн әрбір кейінгі Есептесу кезеңінің басталған күні болып табылады;

      7. Ұсынылған төлем – кредит лимитінің не Берешек сомасының пайызында көрсетілетін төлемді жасау арқылы Берешекті өтеу әдісі, Берешек болған кезде бір жылдан аспайтын мерзімде немесе кредит желісінің мерзімінде Банктің анықтайтын басқа мерзімінде тең үлестермен Берешек сомасын өтеу үшін оны төлеу міндетті;

      8. Жинақ шот – осы Ережелерге сәйкес Банктің Клиентке салымды салуы үшін ашатын теңгедегі банктік шоты;

      9. Сервис-пакет – Банктің қалауы бойынша, сервис-пакет қызметін ұсыну шарттарын жасасу туралы офертаны акцепттеген жағдайда Банктің көрсететін қосымша тегін банктік қызметтерінің пакеті;

      10. Карточканың қолданылу мерзімі – Операциялар жасау үшін Карточканы пайдалануға жол берілетін уақыт кезеңі. Карточка оның оң жағындағы цифрлық пішімде көрсетілген жылдың айының соңғы күнін қоса алғанға дейін жарамды болады;

      11. Шот – осы Ережелерге сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттар үшін ашылатын заемға қызмет көрсету шоты және/немесе банктік қызмет көрсету шоты және/немесе жинақ шоты және/немесе Валюталық шоттар (іске қосылған жағдайда) және/немесе Валюталық жинақ шоттары (іске қосылған жағдайда);

      12. Банктік қызмет көрсетілетін шот – Клиентке банктік қызмет көрсету үшін пайдаланылатын ағымдағы банктік шот;

      13. Заемға қызмет көрсетілетін шот немесе карт-шот – Карточка бойынша кіруге рұқсат берілетін заем бойынша төлемдерге қызмет көрсету үшін Банктің ашатын ағымдағы банктік шоты;

      14. Шот-көшірме – сервис-пакет қызметін көрсету шарты аясында Есептесу кезеңінде Шотта көрсетілген Операциялар туралы ақпаратты, сондай-ақ осы Ережелерде көзделген басқа да ақпаратты Клиенттің назарына жеткізу мақсатында Банктің әзірлейтін және Клиентке жолдайтын ақпараттық үзінді көшірмесі;

      15. Тарифтік жоспар – осы Ережелерге сәйкес Клиентпен жасалатын шарттар бойынша банктің кейбір тарифтері мен кейбір қызмет ұсыну талаптары кіретін, Өтініште келтірілген кредит лимитін беру талаптарының типтік түрінің шартты атауы;

      16. Банк тарифтері – Банктің уәкілетті органы бекіткен, оның қызметімен байланысты, Банктің қызмет ақысын төлейтін күнгі қолданыстағы Банк қызметі үшін комиссиялар мен ақыларының мөлшерлемелері;

      17. Қашықтан байланысу арналары – Банктің анықтайтын талаптарында және тәртібімен пайдаланылатын, Интернет киоскіні қосқанда, электрондық пошта (e-mail), пошталық байланыс, интернет-банкинг, ұялы банкинг, SMS-хабар, телефон, факс, банкомат, төлем терминалдары, POS-терминалдар, электрондық терминалдар арқылы Клиент пен Банк арасында ақпаратты беру құралдары;

      18. Электрондық банктік қызмет – банктік шот(тар)ындағы ақша сомасы туралы, банктік шот(тар)ы бойынша, төлем жасаумен және ақша аударумен, банктік шот(тар)ын ашумен немесе жабумен және/немесе телекоммуникация желілері бойынша, спутник байланысы немесе басқа да байланыс түрлері арқылы жүргізілген операциялар туралы ақпарат алу үшін Клиенттің өзінің банктік шот(тар)ына кіруге рұқсат алуымен байланысты қызметтер. Электрондық банктік қызметтер ақпараттық-банктік және транзакциялық-банктік қызметтер болып бөлінеді;

      19. Электрондық терминал – электрондық-механикалық құрылғы, ол қолма-қол ақша беру (қабылдау), төлем жасау және ақша аудару бойынша операцияларды, шетел валютасын айырбастау операцияларын және басқа да банктік операцияларды, соның ішінде төлем карточкаларын пайдаланып операциялар жүргізуге, сондай-ақ тиісті оперциялардың өткізілгенін растайтын құжаттарды жасауға арналған;

    1. Клиентке қызмет көрсету осы Ережелердің Клиенттің Өтінішінде көрсетілген осы Ережелерде көзделген шарттарды жасасу туралы Клиенттің офертасын Банктің акцептеуіне қатысты бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.

    2. Осы Ережелер тек мұндай талап Өтініштің мәтінінде тікелей көзделгенде және Клиенттің тиісті офертасын Банк акцептеген жағдайда ғана Банк пен Клиенттің арасындағы қатынастарға қолданылады.

    3. Банктің Өтінішті қабылдауы Өтініште келтірілген оферталарды акцепттеу болып табылмайды. Банк Өтініште келтірілген Клиенттің оферталарын акцепттеген сәтке дейін осы Ережелерде көзделген қызметті көрсетуге және міндеттемелерді атқаруға міндетті емес. Клиенттің Өтінішінде келтірілген Клиенттің оферталарының акцептісі болып осы Ережелердің тиісті шарттарында көрсетілген Банктің іс-әрекеттері мойындалады.

    4. Банк Клиенттің оферталарын акцепттеген жағдайда осы Ережелер, оның қосымшаларын қосқанда, Клиенттің Өтініші, сондай-ақ Банктің Клиентке жолдайтын құжаттары немесе Банктің Клиенттің оферталарын акцепттеу бойынша іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабына сәйкес ресімделген болып табылады, атап айтқанда, Банк пен Клиент арасындағы қатынастарды реттейтін мына шарттардың біреуі немесе бірнешеуі түрінде, сәйкесінше жазбаша түрде жасалған болып табылады: заемға қызмет көрсету шоты шарты/банк заемы шарты/банктік қызмет көрсету шоты шарты/жинақ шот пен салым шарты/банктік қызмет көрсету шарты/сервис-пакет шарты. Банк банк заемы шартын және заемға қызмет көрсету шоты шартын жасасу туралы оферталарды акцепттеген жағдайда, кредит лимиті бар төлем карточкасын беру туралы шарт осы шарттардың жиынтығы болып табылады.

    5. Клиент Банктің қызметінің ақысын операцияларды жүргізген кезде, Банк Тарифтеріне сай қолма-қол жасалмайтын тәртіппен, қолма-қол ақшамен, Банктің Клиенттің шоттарына тікелей дебеттеу арқылы және/немесе операцияларды жүргізген кезде Банктің Клиенттің шотынан, немесе Клиенттің Банктегі немесе басқа банктердегі кез келген басқа шотынан акцептсіз тәртіппен алып қоюы арқылы төлейді.

    6. Осы Ережелерде көзделген шарттар Банктің Клиентің бір және/немесе бірнеше офертасын осы Ережелерде көзделген тәсілдермен, егер шарттардың талаптарынан тікелей өзгеше шықпаса, акцепттеген күннен бастап жасалған, толық немесе бөлігімен күшінен енген болып саналады.

    7. Банк Клиентке қызметтің осы Ережелерде және оның қосымшаларында келтірілгеннен басқа жаңа түрлерін көрсетуге көздеуге құқылы, мұндай жаңа қызметтерді көрсету талаптарын осы Ережелерге қосымшалар түрінде жариялайды. Клиент Өтініш жолдағаннан кейін Банктің жаңа қызмет түрлерін көрсете бастаған жағдайда, мұндай қызмет түрлері Клиентке оның жазбаша, ауызша немесе басқаша келісімі бойынша Банктің мұндай жаңа қызмет түрін көрсету үшін белгілейтін тәсілімен көрсетілген тәртіп бойынша көрсетіледі.

    8. Клиентке қызмет көрсету сапасын бақылау үшін, Клиент Call Center-ге, Банктің авторландыру қызметіне немесе Банктің басқа да бөлімшелеріне хабарласқан кезде, Банк онымен телефон арқылы жүргізілген келіссөздерін жазып алуға, сондай-ақ жазбаны мұндай хабарласу фактісін растау үшін пайдалануға құқылы.

    9. Қашықтан байланысу арналарын пайдалануымен Клиент қажетті құпиялылық режимін қамтамасыз еткенін, барлық қажетті, соның ішінде зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалардан қорғану үшін техникалық және бағдарламалық ресурстары бар екенін растайды.

    10. Хат жазысу, Операциялар жүргізу және мәмілелер жасасу және осы Ережелерге сәйкес басқа да іс-әрекеттерді жасау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе Банктің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда электрондық цифрлық қолтаңба пайдаланылуы мүмкін.

    11. Жеке талаптарды Банк өз қалауы бойынша анықтайды және олар Банктің анықтаған уақыт кезеңінде қолданылады, бірақ осы Ережелерге сәйкес шартты жасасқан сәттен анықталған талаптармен салыстырғанда Клиенттің жағдайын нашарлататын талаптарды көздей алмайды. Ережелермен салыстырғанда Кредит желісінің Ең көп сомасының неғұрлым жоғары мөлшерін, Кредиттің және/немесе кредит желісінің неғұрлым ұзақ мерзімін, банктік қызмет көрсету қызметінің неғұрлым жоғары құнын көздейтін жеке талаптар немесе шарттардың талаптарының осы Ережелерде көзделмеген басқалай өзгерісін Банк Клиенттің Өтінішінде тиісті оферта болған жағдайда ғана беруі мүмкін.

    12. Банктің акцепттеген Клиенттің оферталарының талаптарын Клиенттің өзгертуіне жол берілмейді.

    13. Клиенттің осы Ережелерде көзделген шарттар бойынша өз құқықтары мен міндеттерін Банктің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

    14. Ережелерге сәйкес Банктің Клиентке жолдайтын жазбаша хабарламалары, Клиенттің оферталарын акцепттеу тәсілдерін қосқанда, Шот-көшірмеде жазылуы мүмкін немесе Банк оларды жеке құжат түрінде немесе қашықтан байланысу арналарының көмегімен, соның ішінде Клиентке SMS-хабар жолдау арқылы жолдауы мүмкін. Әр түрлі оферталарды Банк бір хабарламада акцепттей алады.

    15. Осы Ережелерде көзделген шартты жасау туралы Клиенттің офертасын акцепттеген жағдайда, Клиентке акцепт туралы хабарды жолдаған күн мен Өтініштің тіркеу нөмірі банк заемы шартының жасалған күні және, сәйкесінше, банктің заем шартының нөмірі болып табылады.




  1. Банктік қызмет көрсету шарты

    1. Банктік қызмет көрсету шартына сәйкес Банк Клиентке осы шартта көзделген банктік қызметті көрсетеді, ал Клиент көрсетілген қызмет ақысын төлеуге міндетті. Шарт жиырма жыл мерзімге жасалады. Клиент банктік қызмет көрсету шарты бойынша көрсетілген қызметтің ақысын Шот-көшірмеде көрсетілген мөлшерде, банктік қызмет көрсету шарты бойынша төленетін ақы түрінде төлейді. Пошта арқылы Клиентке тиісті жазбаша хабарламаның жолдануы немесе Клиенттің өзіне берілуі немесе Телефон нөмірі бойынша SMS-хабардың жолдануы немесе қашықтан байланысу арналары арқылы хабарламаның жолдануы банктік қызмет көрсету шартын жасасқаны туралы Клиенттің офертасын акцепттеуі болып табылады.

    2. Банк Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген жағдайда, банктік қызмет көрсету шарты мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде күшіне енеді:

      1. Берешек болған кезде Клиент Оңтайлы төлемді төлемейді;

      2. Клиенттің Шоттарында Оң қалдықтың туындауы.

    3. Банктік қызмет көрсету шартына сәйкес Банк Клиентке мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:

      1. Жеке қаржы менеджерінің қызметі;

      2. Электрондық банктік қызмет;

      3. Оңтайлы төлемді төлеу мерзімін кейінге қалдыру қызметі;

      4. Клиенттің жинақ шотын ашу және жүргізу;

      5. Мультивалюталық қызмет көрсету қызметі;

      6. Ережелерде көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де қызмет түрлері.

    4. Жеке қаржы менеджерінің қызмет көрсетуінің аясында Шоттар бойынша Операцияларды жүзеге асыруға, сыйақы мөлшерлемелеріне, Банктің стандартты қызмет түрлеріне байланысты сұрақтар және өзге де сұрақтар, соның ішінде осы Ережелерде көзделген шарттарды орындауға байланысты сұрақтар бойынша Банктің Call Center телефонына тәулік бойы қоңырау соғу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Егер грэйс-кезеңнің талаптарында өзгеше көзделмесе, жеке қаржы менеджері қызметінің ақысы абоненттік төлем түрінде төленеді, ол айына отыз мың теңгені құрайды.

    5. Клиентке электрондық банктік қызмет көрсетудің аясында қашықтан байланысу арналарын, SMS-сервис қызметін және қосылуына қарай өзге де электрондық банктік қызмет түрлерін пайдалану үшін, атап айтқанда, Кіру кодтары және ДСЖК беріледі. Электрондық банктік қызметтің құны электрондық банктік қызметтің әр түрі бойынша Банктің тарифтерімен жеке белгіленеді.

    6. Электрондық банктік қызмет Телефон нөмірінен Call Center-ге Кіру кодын хабарлау арқылы немесе өзге де тәсілдермен іске қосылады және www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурста жарияланған, Банк белгілейтін қызмет көрсету талаптарына сәйкес көрсетіледі.

    7. Клиент шарттың талаптарын, соның ішінде Кіру коды, ДСЖК туралы ақпаратты ашпауға, сондай-ақ тұратын мекенжайының, ұялы телефоны нөмірінің, Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттарының өзгергені, Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттарының жоғалғаны туралы барлық жағдайлар туралы міндетті түрде Банкке дереу хабарлауға міндеттенеді.

    8. Клиенттің Кіру кодын, ДСЖК-ны хабарлауы арқылы Банк Call Сenter-дің көмегімен Клиентке хабарлаған құжаттары және өзге де ақпараты үшінші тұлғаларға қолжетімді болған жағдайда, ықтимал шығындар, шығыстар үшін, сондай-ақ өзге де жағымсыз салдар үшін Банк жауап бермейді.

    9. Банк құпиясын құрайтын ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу, оның рұқсатсыз өзгертілуі, рұқсатсыз төлем жасалғаны немесе ақша аударымы анықталған кезде және Банк электрондық банктік қызметті көрсеткен кезде туындайтын өзге де рұқсат етілмеген әрекеттер анықталған кезде, Банк олар анықталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей осындай әрекеттерге жол берілген Клиентке бұл туралы қашықтан байланысу арналары арқылы хабарлайды. Рұқсат етілмеген әрекеттер орын алған жағдайда, Банк дереу олардың салдарын жою үшін барлық қажетті шараларды қолданады.

    10. Банктік қызмет көрсету шартының қолданылу кезеңінде Оңтайлы төлемді төлеу мерзімін кейінге қалдыру қызметін көрсетудің аясында Клиент Оңтайлы төлемді төлеу міндеттемесін орындамаған жағдайда, Банк Клиентке Оңтайлы төлемді төлеу мерзімін бір айға кейінге қалдырады, бұл кезде Клиент Ең аз төлемді төлеуге міндетті болады. Егер грэйс-кезеңнің талаптарында өзгеше көзделген болмаса, Оңтайлы төлемді төлеу мерзімін кейінге қалдыру қызметін көрсету құны мерзімін кейінгі қалдырған әр жағдай үшін отыз мың теңгені құрайды.

    11. Банк Ең ұзақ қаржыландыру мерзімінен асырмай өз қалауынша Оңтайлы төлемді төлеу мерзімін кейінге қалдыра алады. Бұл кезде Клиент Берешекті өз таңдауы бойынша мынадай тәсілдермен өтеуге құқылы:


      1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет